"Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк білім алуын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 516 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 573 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 26 маусымда № 18903 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк білім алуын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 516 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9753 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 6 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк білім алуын ұйымдастыру қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8827 болып тіркелген) Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес мектептер облыстар және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары ҚАЖ органдарының ұсынымы бойынша, облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының білім беру басқармаларымен келісу бойынша жергілікті атқарушы органдардың шешімімен құрылады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мектепке қабылдау бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімі жоқ сотталғандар арасынан жүзеге асырылады және білімі туралы құжаттардың негізінде техникалық және кәсіптік білім алуы үшін ұйымдастырылады. Білімі туралы құжаттары болмаған жағдайда мектеп директоры сотталған оқыған білім беру ұйымы қарамағына жататын облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының білім беру басқармаларына сұрау салу жолдайды.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк бiлiм алуын ұйымдастыру тәртібі";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Мектептердің қызметін қаржымен қамтамасыз ету".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі Е. Тургумбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Білім және ғылым министрлігі

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 18 августа 2014 года № 516 "Об утверждении Правил организации получения начального, основного среднего, общего среднего, технического и профессионального образования осужденных к лишению свободы"

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 24 июня 2019 года № 573. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 июня 2019 года № 18903

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 18 августа 2014 года № 516 "Об утверждении Правил организации получения начального, основного среднего, общего среднего, технического и профессионального образования осужденных к лишению свободы" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 9753, опубликован 6 октября 2014 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения:

      в Правилах организации получения начального, основного среднего, общего среднего, технического и профессионального образования осужденных к лишению свободы, утвержденных указанным приказом:

      заголовок главы 1 изложить в следующей редакции:

      "Глава 1. Общие положения";

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Школы создаются решением местных исполнительных органов по представлению органов УИС областей и городов Нур-Султан, Алматы, Шымкент по согласованию с управлениями образования областей, городов Нур-Султан, Алматы, Шымкент в соответствии с типовыми правилами деятельности по видам общеобразовательных организаций (начального, основного среднего и общего среднего образования), утвержденными приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 сентября 2013 года № 375 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 8827).;

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Прием в школу осуществляется из числа осужденных, не имеющих начального, основного среднего и общего среднего образования и организуется для получения технического и профессионального образования на основании документов об образовании. При отсутствии документов об образовании директор школы направляет запросы в управления образования областей и городов Нур-Султан, Алматы, Шымкент в ведении которых находится организация образования, в которой обучался осужденный.";

      заголовок главы 2 изложить в следующей редакции:

      "Глава 2. Порядок организации получения начального, основного среднего, общего среднего, технического и профессионального образования осужденными к лишению свободы";

      заголовок главы 3 изложить в следующей редакции:

      "Глава 3. Финансовое обеспечение деятельности школ".

      2. Комитету уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан после его официального опубликования;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства внутренних дел Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр внутренних дел
Республики Казахстан
Е. Тургумбаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство образования и науки
Республики Казахстан