"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Жол-көлік оқиғаларына жедел ден қою және онда зардап шеккен адамдарға уақытылы кешенді көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 819, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 688 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 919 бірлескен бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14387 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 қарашада Нормативтік-құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген жол-көлік оқиғаларына жедел ден қою және онда зардап шеккен адамдарға уақтылы кешенді көмек көрсету қағидаларында:
3-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"11) "Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі – ҰШМҮО) – халыққа санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсету жөніндегі медициналық ұйымдардың қызметіне басшылық етуді және оларды үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. 101, 102, 103 қызметтеріне және авариялар және апаттар кезіндегі шұғыл шақырту жүйесіне сигнал түскен кезде осы қызметтердің (бөлімдердің) жедел кезекшілері БДКҚ-ға ақпарат береді. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес БДКҚ ақпаратты ЖКО болған жауапкершілік аймағындағы ТМҚП кезекші диспетчеріне, ҚМП ұйымының жақын жерде орналасқан бөлімшелеріне немесе ҰШМҮО диспетчерлік қызметіне, "Қазақавтожол" ЖШС құлақтандыру схемасы бойынша (бұдан әрі – Схема), сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес диспетчердің іс-қимылдары алгоритміне сәйкес айқындалады.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. ҚМП, ТМҚП, ҰШМҮО бөлімшелері мен медициналық ұйымдар арасында қызметтің сабақтастығы тікелей және кері байланыс қағидатын көздейді және:
1) барлық деңгейдегі ЖКО кезінде шұғыл көрсеткіштер бойынша жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету;
2) зардап шеккендерге жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсететін медициналық ұйымдарда медициналық көмек көрсету үшін эвакуациялау арқылы жүзеге асырылады.";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. ТМҚП жауапты ауданынан тыс аймақта, облыстық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының учаскелерінде ЖКО-да зардап шеккендерге медициналық көмекті ҚМП аумақтық ұйымдарының (станциялар, кіші станциялар, бөлімшелер) ҚМП бригадалары, ҰШМҮО мобильді бригадалары көрсетеді.";
1-қосымша осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Авариялар мен апаттар кезінде 112, 101, 102, 103 қызметтеріне және шұғыл шақыру жүйесіне сигнал келіп түскен кезде осы қызметтердің (бөлімдердің) жедел кезекшілері жол-көлік оқиғалары (бұдан әрі – ЖКО) кезінде шұғыл ден қою қызметтерін хабардар ету схемасы бойынша ақпаратты жауапкершілігі аймағында ЖКО болған трассалық медициналық-құтқару пунктінің (бұдан әрі – ТМҚП) кезекші диспетчеріне, жедел медициналық көмек (бұдан әрі – ЖМК) ұйымының жақын маңдағы бөлімшесіне немесе "Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның диспетчерлік қызметіне береді.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. ТМҚП және (немесе) ЖМК шұғыл ден қою бригадасы өздігінше немесе жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуші уәкілетті органның патрульдік полициясы қызметкерлерінің ілесіп жүруімен ЖКО орнына дереу шығады.";
4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) ТМҚП және (немесе) ЖМК бригадасының стационардың қабылдау бөлімшесі болу уақыты мен іс-қимыл тәртібі "Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15473 болып тіркелген) бекітілген, Жедел медициналық көмек көрсету қағидаларының 22, 23 және 24-тармақтарымен регламенттелген.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Егер ТМҚП және (немесе) ЖМК бригадасы шақыруға бара жатқан кезде немесе зардап шеккендерді эвакуациялау барысында жолда басқа ЖКО немесе төтенше жағдайды кездестірсе, ол туралы ТМҚП және (немесе) ЖМК фельдшер-диспетчеріне дереу хабарлап ("жолда тоқтау" туралы хабарлама), барлық зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетеді. Фельдшер-диспетчер жаңа ЖКО туралы ақпаратты жақын маңдағы медициналық ұйымға беріп, жедел медициналық көмек қызметінің бригадасын шақырады және (немесе) "Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның диспетчерлік қызметін санитариялық авиацияны қолдану қажеттілігі туралы хабардар етеді.
Жарақат ауырлығының дәрежесіне байланысты ТМҚП бригадасының шақыруын ЖМК бригадасына беру туралы, бұл ретте диспетчердің тегін, уақыты мен күнін көрсете отырып, № 907 бұйрықпен бекітілген 110/е нысанына сәйкес шақыру картасында белгі жасап, ТМҚП бригадасының шақыру орнына баруы немесе тоқтатылған эвакуацияны жалғастыру туралы мәселе шешіледі.";
7-қосымша осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;
3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін осы тармақтың 1), 2), және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, Қазақстан Республикасы Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму вице-министрлеріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы |
Ішкі істер министрі |
Жол-көлік оқиғалары кезінде шұғыл ден қою қызметтерінің құлақтандыру схемасы
Трассалық медициналық-құтқару пункттерінің шұғыл ден қою бригадасының жұмыс тәртібі
1. Трассалық медициналық-құтқару пункттерінің (бұдан әрі -ТМҚП) қызметі "Төтенше жағдайлар, төтенше жағдай режимі енгізілген кезде медициналық көмек ұсыну қағидаларын, оның түрлері мен көлемін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 маусымдағы № 608 қаулысына, "Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 450 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15473 болып тіркелген), Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен, сондай-ақ осы Жол-көлік оқиғаларына жедел ден қою және онда зардап шеккен адамдарға уақытылы кешенді көмек көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.
2. ТМҚП кезекші қызметіне жол-көлік оқиғасы (бұдан әрі –ЖКО) жағдайы туралы сигнал келіп түскен кезде ТМҚП фельдшер-диспетчері осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес ЖКО туралы ақпаратты қабылдаған кезде ТМҚП және (немесе) жедел медициналық көмек диспетчерінің іс-қимыл алгоритміне сәйкес іс-шараларды жүзеге асырады.
3. ЖКО жағдайы туралы ТМҚП фельдшер-диспетчері қаланың, ауданның ішкі істер бөлімінің кезекші бөліміне хабарлайды және ЖКО жағдайын нысан бойынша осы ТМҚП шұғыл ден қою бригадасы жұмысының тәртібіне 1-қосымшаға сәйкес ЖКО-ны тіркеу журналына тіркейді.
ТМҚП фельдшер-диспетчері "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелді) 058/2е нысаны бойынша (бұдан әрі - № 907 бұйрығы) "АМО" ММ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының кезекші диспетчеріне ЖКО туралы шұғыл мәлімдеме ұсынады.
4. ТМҚП және (немесе) ЖМК шұғыл ден қою бригадасы өздігінше немесе жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның патрульдік полициясы қызметкерлерінің ілесіп жүруімен ЖКО орнына дереу шығады.
5. ТМҚП бригадасы ЖКО келуі бойынша медициналық-құтқару іс-шараларын (зақымдау факторын тоқтату, өртті сөндіру және зардап шеккендерді автомобильден алып шығу) жүзеге асырады. ТМҚП және (немесе) жедел медициналық көмек бригадаларының ЖКО орнындағы іс-қимыл алгоритмге сәйкес осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
Зардап шеккендердің саны көп ЖКО кезінде ТМҚП және (немесе) жедел медициналық көмек бригадаларының іс-қимыл алгоритмге сәйкес осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
ТМҚП бригадасының басшысы жағдайды бағалайды және оның одан әрі өзгеруін қосумен ТМҚП фельдшер-диспетчеріне хабар береді.
6. ТМҚП бригадасы қаза болған (қайтыс болған) адамды тапқан кезде бұл туралы аумақтық ішкі істер органына хабарлайды. ЖКО орнындағы мәйітті ТМҚП автокөлігімен тасымалдауға жол берілмейді және аумақтық ішкі істер органдардың қызметкері жүзеге асырады.
7. Зардап шеккен реанимациялық іс-шаралар және медициналық ұйымға эвакуациялау барысында қайтыс болған жағдайда ТМҚП бригадасы бұл туралы ТМҚП фельдшер-диспетчеріне хабарлайды, ал ТМҚП фельдшер-диспетчері өз кезегінде тергеу іс-қимылдарын жүргізу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттері аумақтық бөлімшелерінің кезекші бөліміне хабарлайды.
8. ТМҚП бригадасы оқиға орнынан ЖКО салдарын жою басшысымен келісу бойынша зардап шеккендерді эвакуациялау мақсатында кетеді.
9. ТМҚП бригадасы орналасқан орнына оралған соң оның басшысы "АМО" ММ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының кезекші диспетчеріне бригаданың іс-қимылы және зардап шеккендердің жай-күйі туралы шұғыл мәлімдемені № 907 Бұйрықпен бекітілген 058/2е нысанына сәйкес береді.
10. Фельдшер-диспетчер осы Тәртіпке 2-қосымшаға сәйкес ТМҚП күштері мен құралдарының жай-күйі, ЖКО медициналық-санитариялық салдарларын жоюға қатысуы туралы үлгілік жиынтық ақпаратты толтырады және күн сайын "АМО" ММ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының кезекшілік-диспетчерлік қызметіне жолдайды.
11. ТМҚП бригадасының кезекшілігі аяқталған соң, оның басшысы осы Тәртіпке 3-қосымшаға сәйкес ЖКО-да, төтенше жағдайларда зардап шеккендерді және ТМҚП-ға келгендерді есепке алу парағын толтырады және "АМО" ММ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының кезекші диспетчеріне жөнелтеді.