Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін жекелеген тауар түрлеріне қатысты тыйымдар мен шектеулердің сақталуын бақылауды мемлекеттік кірістер органдарының жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 28 маусымдағы № 654 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 2 шілдеде № 18954 болып тіркелді

      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 7-5-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін жекелеген тауар түрлеріне қатысты тыйымдар мен шектеулердің сақталуын бақылауды мемлекеттік кірістер органдарының жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет–ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1),2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткенсоң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы
"28" маусымдағы
№ 654 бұйрығымен
бекітілген

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін жекелеген тауар түрлеріне қатысты тыйымдар мен шектеулердің сақталуын бақылауды мемлекеттік кірістер органдарының жүзеге асыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін жекелеген тауар түрлеріне қатысты тыйымдар мен шектеулердің сақталуын бақылауды мемлекеттік кірістер органдарының жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі–Қағидалар) "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-5-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленген және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы (бұдан әрі - Мемлекеттік шекара) арқылы өткізілетін жекелеген тауар түрлеріне қатысты тыйымдар мен шектеулердің сақталуын бақылауды мемлекеттік кірістер органдарының іс-қимыл тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік шекарадағы автомобиль өткізу пункттерінде бақылауды аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдары (бұдан әрі - уәкілетті лауазымды адамдар) өздерінің лауазымдық (функционалдық) міндеттеріне сәйкес жүзеге асырады.

      3. Бақылауды жүргізу кезінде уәкілетті лауазымды адамдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 тамыздағы № 833 қаулысымен бекітілген, 2003 жылғы 18 қыркүйекте Ялта қаласында жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің халықаралық автомобиль жүк тасымалдары саласындағы өзара iс-қимылы туралы келісімнің 8-бабында көзделген тауар-көлiк жүк құжатын (CMR) және оларда көрсетілген мәліметтерді тексеруге негізделген құжаттарды және мәліметтерді тексеруді жүзеге асырады.

      4. Мемлекеттік шекара арқылы:

      1) Заңның 18-бабына сәйкес тыйым салулар және сандық шектеулер енгізілген тауарларға қатысты;

      2) тауар-көлiк жүк құжаты (CMR) болмаған жағдайда өткізуге жол берілмейді.

2-тарау. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін жекелеген тауар түрлеріне қатысты тыйымдар мен шектеулердің сақталуын бақылауды мемлекеттік кірістер органдарының жүзеге асыру тәртібі

      5. Мемлекеттік шекараға тауарлар мен көлік құралдары келген кезде тасымалдаушы немесе Мемелекеттік шекара арқылы тауарларды өткізуді жүзеге асыратын тұлға уәкілетті лауазымды адамға тауар-көлiк жүк құжатты (CMR) табыс етеді.

      6. Тасымалдаушы немесе Мемелекеттік шекара арқылы тауарларды өткізуді жүзеге асыратын тұлға тауар-көлiк жүк құжатты (CMR) ұсынбаған жағдайда уәкілетті лауазымды адам мұндай тасымалдаушыны немесе Мемелекеттік шекара арқылы тауарларды өткізуді жүзеге асыратын тұлғаны Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жауапкершілікке тарту бойынша шараларды қабылдайды.

      7. Уәкілетті лауазымды адам Мемлекеттік шекара арқылы тыйым салынған тауарлардың өткізілуіне байланысты тауар-көлiк жүк құжатты (CMR) және олардағы мәліметтерді тексереді.

      8. Тауар-көлiк жүк құжатта (CMR) тыйым салынған тауарлар туралы мәлімет болаған жағдайда, уәкілетті лауазымды адам тауар-көлiк жүк құжатта (CMR) кез-келген бос орынға шешім қабылданған күнді көрсете отырып, "Әкетуге тыйым салынады" ("Әкелуге тыйым салынады") деген белгіні қою арқылы мұндай тауарларды Қазақстан Республикасынан (Қазақстан Республикасына) әкетуге (әкелуге) тыйым салу туралы шешім қабылдайды, ол уәкілетті лауазымды адамның қолымен куәландырылады.

      Бұл ретте уәкілетті лауазымды адам тауар-көлiк жүк құжаттағы (CMR) мәліметтерді осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз және электронды түрде Тыйым салынған тауарларды әкетуге (әкелуге) әрекет ету фактілерін тіркеу журналына енгізеді.

      9. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген іс-әрекеттер аяқталғаннан кейін уәкілетті лауазымды адам тасымалдаушыға немесе Мемелекеттік шекара арқылы тауарларды өткізуді жүзеге асыратын тұлға тауар-көлiк жүк құжатты (CMR) қайтарады.

  Еуразиялық экономикалық
одақтың кедендік шекарасымен
тұспа-тұс келмейтін Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
шекарасы арқылы өткізілетін
жекелеген тауар түрлеріне
қатысты тыйымдар мен
шектеулердің сақталуын
бақылауды мемлекеттік
кірістер органдарының
жүзеге асыру
қағидаларына қосымша
  нысан

Тыйым салынған тауарларды әкетуге (әкелуге) әрекет жасау фактілерін тіркеу журналы Өткізу пункттерінің атауы

р/с №

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күн

Автокөлік құралының/тіркеменің мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісі

Жүкжөнелтуші

Жүкалушы

Тауарға ілеспе құжат

Атауы

Салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі, (БСН, ЖСН)

Атауы

Салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі, (БСН, ЖСН)

Сериясы, нөмірі

күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      кестенің жалғасы

Тауардың атауы

СЭҚ ТН тауар коды (болған кезде)

Тауардың өлшем бірлігі (тонна, дана, литр)

Тауардың мөлшері

Тауардың құны

Ескертпе

10

11

12

13

14

15







      Ескертпе: аббревиатураларды ашып жазу:

      1) р/с–реттік саны;

      2) БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі;

      3) СЭҚ ТН – Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы.

Об утверждении Правил осуществления органами государственных доходов контроля за соблюдением запретов и ограничений в отношении отдельных видов товаров, перемещаемых через Государственную границу Республики Казахстан, не совпадающую с таможенной границей Евразийского экономического союза

Приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 28 июня 2019 года № 654. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 2 июля 2019 года № 18954

      В соответствии с пунктом 3 статьи 7-5 Закона Республики Казахстан от 12 апреля 2004 года "О регулировании торговой деятельности" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила осуществления органами государственных доходов контроля за соблюдением запретов и ограничений в отношении отдельных видов товаров, перемещаемых через Государственную границу Республики Казахстан, не совпадающую с таможенной границей Евразийского экономического союза.

      2. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет–ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней со дня государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр финансов
Республики Казахстан

  Утверждены
приказом Первого
заместителя Премьер-Министра
Республики Казахстан –
Министра финансов
Республики Казахстан
от "28" июня 2019 года № 654

Правила осуществления органами государственных доходов контроля за соблюдением запретов и ограничений в отношении отдельных видов товаров, перемещаемых через Государственную границу Республики Казахстан, не совпадающую с таможенной границей Евразийского экономического союза

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила осуществления органами государственных доходов контроля за соблюдением запретов и ограничений в отношении отдельных видов товаров, перемещаемых через Государственную границу Республики Казахстан, не совпадающую с таможенной границей Евразийского экономического союза (далее – Правила), разработаны в соответствии с пунктом 3 статьи 7-5 Закона Республики Казахстан от 12 апреля 2004 года "О регулировании торговой деятельности" (далее – Закон) и определяют порядок осуществления органами государственных доходов контроля за соблюдением запретов и ограничений в отношении отдельных видов товаров (далее – контроль), перемещаемых через Государственную границу Республики Казахстан, не совпадающую с таможенной границей Евразийского экономического союза (далее – Государственная граница).

      2. Контроль на автомобильных пунктах пропуска на Государственной границе осуществляется должностными лицами территориальных органов государственных доходов в соответствии с их должностными (функциональными) обязанностями (далее – уполномоченные должностные лица).

      3. Уполномоченные должностные лица при проведении контроля осуществляют проверку документов и сведений, заключающейся в проверке товарно-транспортной накладной (СMR) и сведений, указанных в ней, предусмотренной статьей 8 Соглашения о взаимодействии государств-участников Содружества независимых государств в области международных автомобильных грузовых перевозок, совершенное в городе Ялта 18 сентября 2003 года, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 11 августа 2004 года № 833.

      4. Не допускаются к перемещению через Государственную границу:

      1) товары, в отношении которых в соответствии со статьей 18 Закона введены запреты и количественные ограничения;

      2) в случаях отсутствия товарно-транспортной накладной (СMR).

Глава 2. Порядок осуществления органами государственных доходов контроля за соблюдением запретов и ограничений в отношении отдельных видов товаров, перемещаемых через Государственную границу Республики Казахстан, не совпадающую с таможенной границей Евразийского экономического союза

      5. При прибытии товаров и транспортных средств на Государственную границу перевозчиком или лицом, осуществляющим перемещение товаров через Государственную границу, уполномоченному должностному лицу представляется товарно-транспортная накладная (СMR).

      6. В случае непредставления перевозчиком или лицом, осуществляющим перемещение товаров через Государственную границу, товарно-транспортной накладной (СMR) уполномоченным должностным лицом принимаются меры по привлечению такого перевозчика или лица, осуществляющего перемещение товаров через Государственную границу к ответственности, предусмотренной Кодексом Республики Казахстан об административных правонарушениях.

      7. Уполномоченное должностное лицо осуществляет проверку товарно-транспортной накладной (СMR) и сведений в ней на предмет перемещения через Государственную границу запрещенных товаров.

      8. В случае наличия в товарно-транспортной накладной (СMR) сведений о запрещенных товарах, уполномоченное должностное лицо принимает решение о запрете вывоза (ввоза) таких товаров из (в) Республики (-у) Казахстан путем проставления в любом свободном месте товарно-транспортной накладной (СMR) штампа "Вывоз запрещен" ("Ввоз запрещен"), с указанием даты принятия решения, которое заверяется подписью уполномоченного должностного лица.

      При этом сведения из товарно-транспортной накладной (СMR) вносятся уполномоченным должностным лицом в Журнал регистрации фактов попытки вывоза (ввоза) запрещенных товаров в бумажном и электронном виде по форме согласно приложению к настоящим Правилам.

      9. По завершению действий, указанных в пункте 8 настоящих Правил, уполномоченное должностное лицо возвращает перевозчику или лицу, осуществляющему перемещение товаров через Государственную границу, товарно-транспортную накладную (СMR).

  Приложение
к Правилам осуществления
органами государственных
доходов контроля за
соблюдением запретов
и ограничений в отношении
отдельных видов товаров,
перемещаемых через
Государственную границу
Республики Казахстан, не
совпадающую с таможенной
границей Евразийского
экономического союза
  форма

Журнал регистрации фактов попытки вывоза (ввоза) запрещенных товаров Наименование пункта пропуска

№ п/н

Дата пересечения Государственной границы Республики Казахстан

Государственный регистрационный номерной знак автотранспортного средства/прицепа

Грузоотправитель

Грузополучатель

Товарно-транспортная накладная (СMR)

Наименование

Идентификационный код (номер) налогоплательщика (БИН, ИИН)

Наименование

Идентификационный код (номер) налогоплательщика (БИН, ИИН)

Серия, номер

Дата

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      продолжение таблицы

Наименование товара

Код товара ТН ВЭД (при наличии)

Единица измерения товара (тонна, штука, литр)

Количество товара

Стоимость товара

Примечание

10

11

12

13

14

15







      Примечание: расшифровка аббревиатур:

      1) п/н–порядковый номер;

      2) БИН–бизнес - идентификационный номер;

      ИИН–индивидуальный идентификационный номер;

      3) ТН ВЭД–Товарная номенклатура внешнеэкономической деятельности.