"Пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операциялар жүргізу үшін жер қойнауы учаскелері бойынша аукцион жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 315 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 465 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 3 шілдеде № 18963 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операциялар жүргізу үшін жер қойнауы учаскелері бойынша аукцион жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 315 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16995 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 маусымда Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операциялар жүргізу үшін жер қойнауы учаскелері бойынша аукцион жүргізу қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Аукцион өткізу туралы хабарламада:

      1) аукцион өткізу күні, уақыты және орны;

      2) аукционға қатысуға арналған өтініштерді қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты;

      3) жер қойнауы учаскелері туралы ақпарат;

      лоттың нөмірі, егер аукционға жер қойнауының бір учаскесінен артық қойылған жағдайда;

      барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскесі тұратын блоктың (блоктардың) коды (кодтары) саны;

      өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскесінің координаттары мен жер қойнауы учаскесі аумағының аумақ көлемі;

      лицензиялардың түрі;

      қол қою бонусының бастапқы мөлшері;

      Қағидалардың 4-тармағында көзделген жағдайда жыл сайынғы ең төмен шығыстардың мөлшері;

      4) аукционға қатысу үшін жарна мөлшері және оны төлеу үшін банктік деректемелері қамтылады.";

      8-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      Бірнеше Лот (жер қойнауы учаскелері) бойынша аукционға қатысуға мүдделі тұлғалар әрбір лотқа жеке өтініш береді.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) көрсетілген өтініште мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері;

      2) егер мұндай тұлға өтініш беруші болып тағайындалса, өтініш берген кезде өтініш берушінің атынан әрекет ететін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат;

      3) барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскелері бойынша аукцион өткізу кезінде өтініш берушіде жер қойнауы туралы Кодекстің 187-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес қаржылық және кәсіптік мүмкіндіктерінің болуын растайтын құжаттар қоса беріледі. Бұл ретте өтініш берушінің қаржылық мүмкіндіктерін растау үшін ең төменгі шығыстар сомасының есебі аукционға қатысуға өтініш берілетін аукцион өткізу туралы хабарламада көрсетілген барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскесі тұратын блоктардың санын ескере отырып жүргізіледі.

      Өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскелері бойынша аукцион өткізу кезінде өтініш берушіде жер қойнауы туралы Кодекстің 204-бабының 4, 5 және 6-тармақтарына сәйкес қаржылық, кәсіптік және техникалық мүмкіндіктерінің болуын растайтын құжаттар қоса беріледі. Бұл ретте өтініш берушінің қаржылық мүмкіндіктерін растау үшін аукционға қатысуға арналған өтініш беруге қатысты аукцион өткізу туралы хабарламада көрсетілген өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін ең төменгі шығыстар сомасының есебі жер қойнауы учаскесі аумағының аумақ көлемінен жүргізіледі.

      4) өтініш берушінің республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің жоқтығы туралы өтініш берілген күннің алдындағы күнтізбелік он күннен бұрын берілген салық органының анықтамасы.

      Өтінішке қоса берілетін құжаттардың көшірмелерін нотариат куәландыруға тиіс.

      Өтінішке қоса берілетін, өзге тілде дайындалған құжаттар көшірмелері, қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен қоса ұсынылады, олардың дұрыстығын нотариус куәландырады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Құзыретті орган аукционға қатысуға:

      1) егер өтініш немесе оған қоса берілетін құжаттар осы Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес келмесе;

      2) егер барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскелері бойынша аукционға қатысуға арналған өтінішті қарау кезінде жер қойнауы туралы Кодекстің 190-бабы 1-тармағының 3)-6) және 8) тармақшаларында көзделген негіздемелердің бірі болған кезде;

      3) егер өндіру бойынша операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскесі бойынша аукционға қатысуға арналған өтінішті қарау кезінде жер қойнауы туралы Кодекстің 207-бабы 1-тармақтың 3)-6) тармақшаларда көзделген негізінің бірі болғанда бас тартады.";

      мынадай мазмұндағы 34-1-тармақпен толықтырылсын:

      "34-1. Құзыретті орган пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскесі бойынша аукцион жеңімпазына барлауға арналған лицензияны аукцион нәтижелері жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде береді.

      Құзыретті орган үш жұмыс күні ішінде пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскесі бойынша аукцион жеңімпазына жер қойнауы туралы Кодекстің 216 және 217-баптарына сәйкес тау-кен жұмыстары жоспарын және жою жоспарын келісу және сараптама жүргізу қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.

      Хабарлама аукцион нәтижелері жариялаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде құзыретті органның интернет-ресурсында орналастырылуы тиіс.

      Пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны алу үшін тиісті жер қойнауы учаскесі бойынша аукцион жеңімпазы пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін құзыретті органға жер қойнауы туралы Кодекстің 205-бабы 3-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген мерзімдерде және тәртіппен тау-кен жұмыстарының жоспарын және жою жоспарын ұсынады.

      Бұл ретте мерзімдерді есептеу аукцион қорытындылары жарияланған күннен бастап жүзеге асырылады.

      Құзыретті орган пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны аукцион жеңімпазына мемлекеттік сараптамалардың оң қорытындылары ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді.";

      қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2019 жылғы 1 шілдедегі
№ 465 бұйрығына қосымша
Пайдалы қатты қазбаларды
барлау немесе өндіру жөніндегі
операцияларды жүргізу үшін
жер қойнауы учаскелері
бойынша аукцион өткізу
қағидаларына қосымша
  Нысан ____________________________
____________________________
(мемлекеттік органның атауы)
____________________________
____________________________
____________________________
жеке тұлғалар үшін – өтініш
иесінің тегі, аты және әкесінің
аты (болған жағдайда), жеке
сәйкестендіру нөмірі, байланыс
деректері; заңды тұлғалар үшін
– өтініш иесінің атауы, бизнес
сәйкестендіру нөмірі, байланыс
деректері.

Пайдалы қатты қазбаларды барлауға (өндіруге) арналған лицензия беру үшін жер қойнауы учаскелері бойынша аукционға қатысуға өтініш

  20__жылғы "__"________

      Пайдалы қатты қазбаларды барлау (өндіру) бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған аукционға қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын


      Өтініш беруші туралы мәлімет

1.

-жеке тұлғалар үшін – өтініш иесінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатында көрсетілсе), өтініш иесінің тұрғылықты орны, азаматтығы, жеке басын куәландыратын құжаттар туралы деректер;
- заңды тұлғалар үшін – өтініш иесінің толық атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер (сауда тізілімінен үзінді көшірме немесе өтініш иесі шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжат), өтініш иесін тікелей немесе жанама түрде бақылайтын заңды және жеке тұлғалар, мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар туралы мәліметтер;

2.

жер қойнауы учаскесінде өтінім берілетін жер қойнауы учаскесі туралы мәліметтер және лоттың нөмірі (бар болған жағдайда).

      Ұсыныстар тізбесі:

      _____________________________________________________

      (өтініш иесінің тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда),

      уәкілетті тұлғаның лауазымы мен қолы; өтінішті өкіл берген жағдайда

      өкілеттігін куәландыратын құжат қоса беріледі)


      мөр орны (болған жағдайда)

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 11 мая 2018 года № 315 "Об утверждении Правил проведения аукциона по участкам недр для проведения операций по разведке или добыче твердых полезных ископаемых"

Приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 1 июля 2019 года № 465. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 3 июля 2019 года № 18963

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 11 мая 2018 года № 315 "Об утверждении Правил проведения аукциона по участкам недр для проведения операций по разведке или добыче твердых полезных ископаемых" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 16995, опубликован 19 июня 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах проведения аукциона по участкам недр для проведения операций по разведке или добыче твердых полезных ископаемых, утвержденных указанным приказом:

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Извещение о проведении аукциона содержит:

      1) дату, время и место проведения аукциона;

      2) дату и время окончания приема заявлений на участие в аукционе;

      3) информацию об участке недр:

      номер лота, в случае, если на аукцион выставляется более одного участка недр;

      количество блоков, код (коды) блока (блоков) из которых состоит участок недр для проведения операций по разведке;

      координаты участка недр и размер площади территории участка недр для проведения операций по добыче;

      вид лицензии;

      стартовый размер подписного бонуса;

      размер ежегодных минимальных расходов, в случае, предусмотренном пунктом 4 Правил;

      4) размер взноса за участие в аукционе и банковские реквизиты для его оплаты.";

      пункт 8 дополнить частью второй следующего содержания:

      Лица, заинтересованные в участии в аукционе по нескольким лотам (участкам недр), подают заявление на каждый лот отдельно.";

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. К заявлению прилагаются следующие документы:

      1) копии документов, подтверждающих сведения, указанные в заявлении;

      2) документ, подтверждающий полномочия лица, действующего от имени заявителя при подаче заявления, если такое лицо назначено заявителем;

      3) при проведении аукциона по участкам недр для проведения операций по разведке прилагаются документы, подтверждающие наличие у заявителя финансовых и профессиональных возможностей в соответствии с пунктами 5 и 6 статьи 187 Кодекса о недрах. При этом для подтверждения финансовых возможностей заявителя, расчет суммы минимальных расходов производится с учетом количества блоков, из которых состоит участок недр для проведения операций по разведке, указанного в извещении о проведении аукциона, в отношении которого подается заявление на участие в аукционе.

      При проведении аукциона по участкам недр для проведения операций по добыче прилагаются документы, подтверждающие наличие у заявителя финансовых, профессиональных и технических возможностей в соответствии с пунктами 4, 5 и 6 статьи 204 Кодекса о недрах. При этом для подтверждения финансовых возможностей заявителя, расчет суммы минимальных расходов производится исходя из размера площади территории участка недр для проведения операций по добыче, указанный в извещении о проведении аукциона, в отношении которого подается заявление на участие в аукционе. .

      4) справка налогового органа об отсутствии у заявителя налоговой задолженности, превышающей шестикратный размер месячного расчетного показателя, установленного на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете, выданная не ранее чем за десять календарных дней, предшествующих дате подачи заявления.

      Копии документов, прилагаемых к заявлению, должны быть нотариально засвидетельствованы.

      Копии документов, составленных на иностранном языке, прилагаемые к заявлению, представляются с переводом на казахский и русский языки, верность которого засвидетельствована нотариусом.";

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. Компетентный орган отказывает в допуске к участию в аукционе:

      1) если заявление или прилагаемые к нему документы не соответствуют требованиям настоящих Правил;

      2) если при рассмотрении заявления на участие в аукционе по участкам недр для проведения операций по разведке имеется одно из оснований, предусмотренных подпунктами 3)-6) и 8) пункта 1 статьи 190 Кодекса о недрах.

      3) если при рассмотрении заявления на участие в аукционе по участкам недр для проведения операций по добыче имеется одно из оснований, предусмотренных подпунктами 3)-6) пункта 1 статьи 207 Кодекса о недрах.";

      дополнить пунктом 34-1 следующего содержания:

      "34-1. Компетентный орган выдает лицензию на разведку победителю аукциона по участку недр для проведения операций по разведке твердых полезных ископаемых в течение десяти рабочих дней со дня опубликования результатов аукциона.

      Компетентный орган в течение трех рабочих дней направляет победителю аукциона по участку недр для проведения операций по добыче твердых полезных ископаемых уведомление о необходимости согласования и проведения экспертиз плана горных работ и плана ликвидации, в соответствии со статьями 216 и 217 Кодекса о недрах.

      Уведомление должно быть размещено на интернет-ресурсе компетентного органа в течение двух рабочих дней со дня опубликования результатов аукциона.

      Для получения лицензии на добычу твердых полезных ископаемых победитель аукциона по соответствующему участку недр для проведения операций по добыче твердых полезных ископаемых представляет в компетентный орган план горных работ и план ликвидации в сроки и порядке, предусмотренными частями второй и третьей пункта 3 статьи 205 Кодекса о недрах. При этом исчисления сроков осуществляется со дня объявления итогов аукциона.

      Компетентный орган выдает лицензию на добычу твердых полезных ископаемых победителю аукциона не позднее пяти рабочих дней со дня представления положительных заключений государственных экспертиз.";

      приложение изложить в редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту недропользования Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      2) в течении десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстана.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его официального опубликования.

      Министр индустрии и
инфраструктурного развития
Республики Казахстан
Р. Скляр

  Приложение
к приказу Министра индустрии
и инфраструктурного развития
Республики Казахстан
от 1 июля 2019 года № 465
  Приложение
к Правилам проведения
аукциона по участкам недр для
проведения операций по
разведке или добыче
твердых полезных ископаемых
  Форма
  ___________________________
___________________________
(наименование
государственного органа)
от__________________________
____________________________
____________________________
для физических лиц – фамилия,
имя, отчество (при наличии)
заявителя, индивидуальный
идентификационный номер,
контактные данные; для
юридических лиц –
наименование заявителя, бизнес
идентификационный номер,
контактные данные.

Заявление на участие в аукционе по участкам недр для выдачи лицензии на разведку (добычу) твердых полезных ископаемых

  "__" ________20__года

      Прошу допустить на участие в аукционе на получение права недропользования по разведке (добыче) твердых полезных ископаемых

Сведения о заявителе

1.

- для физических лиц – фамилию, имя и отчество (если оно указано в документе, удостоверяющем личность) заявителя, место жительства, гражданство, сведения о документах, удостоверяющих личность заявителя;
- для юридических лиц – наименование заявителя, его место нахождения, сведения о государственной регистрации в качестве юридического лица (выписка из торгового реестра или другой легализованный документ, удостоверяющий, что заявитель является юридическим лицом по законодательству иностранного государства), сведения о юридических и физических лицах, государствах и международных организациях, прямо или косвенно контролирующих заявителя;

2.

сведения об участке недр, на который подается заявка на участке недр, и номер лота (при наличии).

      Перечень приложений: ______________________________________________________
      (фамилия, имя, отчество (при наличии), должность и подпись уполномоченного лица;
в случае подачи заявления представителем, прикладывается документ, удостоверяющий полномочия)
место печати (при наличии)