"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде көп рет пайдалануға жататын стандартты шешімдерді айқындау және пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 29 маусымдағы № 145/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 5 шілдеде № 18981 болып тіркелді.

      "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 54) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 19.09.2022 № 334/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде көп рет пайдалануға жататын стандартты шешімдерді айқындау және пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін және сервистік бағдарламалық өнімдерді құру немесе дамыту кезінде стандартты шешімдер ретінде көп рет пайдалануға жататын ақпараттық жүйелердің (немесе олардың бөліктерінің) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 125 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13325 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) "Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру және дамыту кезінде стандартты шешімдер ретінде көп рет пайдалануға жататын ақпараттық жүйелердің (немесе олардың бөліктерінің) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 125 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 2 наурыздағы № 66 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16624 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрландыру департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі

  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2019 жылғы 29 маусымдағы
№ 145/НҚ бұйрығымен
бекітілген

"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде көп рет пайдалануға жататын стандартты шешімдерді айқындау және пайдалану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде көп рет пайдалануға жататын стандартты шешімдерді айқындау және пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабы 54) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде көп рет пайдалануға жататын стандартты шешімдерді айқындаудың және пайдаланудың тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталы (бұдан әрі – архитектуралық портал) – ақпараттандыру саласындағы мониторинг, талдау және жоспарлау үшін мемлекеттік органдардың одан әрі пайдалануы мақсатында "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды, сақтауды және жүйелеуді жүзеге асыруға, "электрондық үкіметтің" архитектурасына арналған ақпараттандыру объектісі;

      2) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері – мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар, мемлекеттік органдардың бағдарламалық қамтылымы, мемлекеттік органның интернет-ресурсы, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері, оның ішінде өзге де тұлғалардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға, мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға және мемлекеттік қызметтер көрсетуге арналған ақпараттандыру объектілері;

      3) "электрондық үкiметтiң" сервистік интеграторы (бұдан әрі – сервистік интегратор) – "электрондық үкіметтің" архитектурасын дамытуды әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға;

      4) стандартты шешім – "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде көп рет пайдалануға жататын бағдарламалық өнім немесе ақпараттық жүйе (немесе оның бөлігі).

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 19.09.2022 № 334/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2-тарау. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде көп рет пайдалануға жататын стандартты шешімдерді айқындаудың тәртібі

      3. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде көп рет пайдалануға жататын стандартты шешімдерді айқындау (бұдан әрі - стандартты шешімдер) мынадай:

      1) стандартты шешімдерді құру экономикалық орынды болып табылатын біртекті ақпараттандыру объектілерінің болуын анықтау;

      2) қолданысы мен жалпы талаптар аясы біріктірілетін, анағұрлым ұтымды жеке (типтік емес) жобалық шешімдерді анықталған белгілері бойынша біркелкілікке келтіруге негізделген типтеу мақсатында жүзеге асырылады.

      4. Стандартты шешімдер мынадай:

      1) бағдарламалық қамтылымды, бастапқы бағдарламалық кодтарды, репозиторийлерде орналастырылған "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің лицензиялық бағдарламалық қамтылымынның баптау кешенін;

      2) "электрондық үкіметтің" архитектурасын қалыптастыру және дамыту шеңберінде "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері арқылы жүзеге асырылады;

      3) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері және "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында орналастырылған "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамаларының электрондық көшірмелері туралы мәліметтерді сервистік интегратордың талдауы негізінде айқындалады.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 19.09.2022 № 334/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      5. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісі немесе оның бөлігі мынадай:

      1) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісі өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген;

      2) техникалық құжаттамалары болған;

      3) ашық бастапқы бағдарламалық кодтың, бағдарламалық өнімнің және бағдарламалық қамтамтылымы болған жағдайларға сәйкес келген кезінде олар "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде пайдалануға арналған стандартты шешімдер болып табылады.

      "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде қолданылатын стандартты шешімдер типтері осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес бөлінеді және "электрондық үкімет" архитектуралық порталында орналастырылады.

3-тарау. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамытуда көп рет пайдалануға жататын стандартты шешімдерді пайдалану тәртібі

      6. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде стандартты шешімдерді қолдану мүмкіндігі туралы сервистік интегратордың берген қорытындысына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның шешімі негізінде орталық атқарушы органдар және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, сондай-ақ ақпараттандыру саласындағы жергілікті атқарушы органдар, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде стандартты шешімдерді қолдануды жүзеге асырады.

      7. Сервистік интегратор "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаға, инвестициялық ұсынысқа сараптама жүргізу шеңберінде "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалану мүмкіндігі туралы қорытынды береді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 19.09.2022 № 334/НҚ (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Уәкілетті орган сервистік интегратордың қорытындысы негізінде 10 (он) жұмыс күні ішінде "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалану туралы шешім қабылдайды.

      9. Орталық атқарушы органдар және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалануды уәкілетті органның шешімі негізінде жүзеге асырады.

  "Электрондық үкіметтің"
ақпараттандыру объектілерін
құру және дамыту кезінде көп
рет пайдалануға жататын
стандартты шешімдерді
айқындау және пайдалану
қағидаларына қосымша

Стандартты шешімдердің типтері

Стандартты шешімдердің типтері Жобалау объектілерінің мысалдары

Ақпаратттық қамтамасыз ету бойынша

Дерекқорлар және оларды ұйымдастыру, техникалық-экономикалық және нормативтік-анықтамалық ақпараттар сыныптауыштары, ұсыну нысандары және деректер жүйесіндегі (оның ішінде, құжаттар, видеограммалар, массивтер) дерекқорды ұйымдастыру және деректермен алмасу хаттамалары

Бағдарламалық қамтылым бойынша

"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің жалпы (операциялық жүйе, техникалық қызмет көрсету бағдарламалары, қосалқы бағдарламалар) және арнаулы (нақты ақпараттық жүйені құру кезінде әзірленген бағдарламалардың жиынтығы) бағдарламалық қамтылым бағдарламалары

Техникалық қамтамасыз ету бойынша

Енгізуді, дайындауды, түрлендіруді, өңдеуді, сақтауды, тіркеуді, шығаруды, бейнелеуді, ақпараттар беруді қамтамасыз ететін құралдар кешендері және басқарушы әсерлерді іске асыру құралдары

Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бойынша

Бөлімшелердің "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері персоналын басқару, іс-қимыл және өзара іс-қимылы функцияларын айқындайтын регламенттер

Лингвистикалық қамтамасыз ету бойынша

Тезаурустар мен сипаттау тілдері және деректерді манипуляциялау

Математикалық қамтамасыз ету бойынша

Басқару міндеттерін шешу әдістері, модельдер мен алгоритмдер

Міндеттер қоюға

"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің міндеттерін (міндеттер кешенін ) қою

Функциялары бойынша

"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің функционалдық белгілері бойынша бөлінген кіші жүйесі, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің функциясы, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің міндеттері, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің функциялары мен міндеттерінің кешендері


Об утверждении Правил определения и использования стандартных решений, подлежащих многократному использованию при создании и развитии объектов информатизации "электронного правительства"

Приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 29 июня 2019 года № 145/НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 июля 2019 года № 18981.

      В соответствии с подпунктом 54) статьи 7 Закона Республики Казахстан "Об информатизации" ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула - в редакции приказа и.о. Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 19.09.2022 № 334/НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила определения и использования стандартных решений, подлежащих многократному использованию при создании и развитии объектов информатизации "электронного правительства".

      2. Признать утратившим силу следующие приказы:

      1) приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 125 "Об утверждении перечня информационных систем (или их частей), подлежащих многократному использованию в качестве стандартных решений при создании или развитии информационных систем государственных органов, и сервисных программных продуктов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 13325, опубликован 10 марта 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет");

      2) приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 2 марта 2018 года № 66 "О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 125 "Об утверждении перечня информационных систем (или их частей), подлежащих многократному использованию в качестве стандартных решений при создании или развитии информационных систем государственных органов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 16624, опубликован 12 апреля 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан).

      3. Департаменту цифровизации Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

  Утвержден
приказом Министра
цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
от "29" июня 2019 года
№ 145/НҚ

Правила определения и использования стандартных решений, подлежащих многократному использованию при создании и развитии объектов информатизации "электронного правительства"

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие правила определения и использования стандартных решений, подлежащих многократному использованию при создании и развитии объектов информатизации "электронного правительства" (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 54) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 24 ноября 2015 года "Об информатизации" (далее – Закон) и определяют порядок определения и использования стандартных решений, подлежащих многократному использованию при создании и развитии объектов информатизации "электронного правительства".

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) архитектурный портал "электронного правительства" (далее – архитектурный портал) – объект информатизации, предназначенный для осуществления учета, хранения и систематизации сведений об объектах информатизации "электронного правительства", архитектуры "электронного правительства" в целях дальнейшего использования государственными органами для мониторинга, анализа и планирования в сфере информатизации;

      2) объекты информатизации "электронного правительства" – государственные электронные информационные ресурсы, программное обеспечение государственных органов, интернет – ресурс государственного органа, объекты информационно-коммуникационной инфраструктуры "электронного правительства", в том числе объекты информатизации иных лиц, предназначенные для формирования государственных электронных информационных ресурсов, осуществления государственных функций и оказания государственных услуг;

      3) сервисный интегратор "электронного правительства" (далее – сервисный интегратор) – юридическое лицо, определяемое Правительством Республики Казахстан, на которое возложены функции по методологическому обеспечению развития архитектуры "электронного правительства", а также иные функции, предусмотренные Законом;

      4) стандартное решение – программный продукт или информационная система (или ее часть) подлежащие многократному использованию при создании и развитии объектов информатизации "электронного правительства".

      Сноска. Пункт 2 - в редакции приказа и.о. Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 19.09.2022 № 334/НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 2. Порядок определения стандартных решений, подлежащих многократному использованию при создании и развитии объектов информатизации "электронного правительства"

      3. Определение стандартных решений, подлежащие многократному использованию при создании и развитии объектов информатизации "электронного правительства" (далее – стандартные решение) для использования при создании и развитии объектов информатизации "электронного правительства" осуществляется с целью:

      1) выявления наличия однородных объектов информатизации, для которых создание стандартного решения является экономически целесообразным;

      2) типизации, заключающейся в приведении к единообразию по установленным признакам наиболее рациональных индивидуальных (нетиповых) проектных решений, объединяемых областью применяемости и общими требованиями к ним.

      4. Стандартные решения, определяются на основе анализов сервисного интегратора:

      1) программного обеспечения, исходных программных кодов, комплекса настроек лицензионного программного обеспечения объектов информатизации "электронного правительства", размещенных в репозитории;

      2) объектов информатизации "электронного правительства" в рамках формирования и развития архитектуры "электронного правительства";

      3) сведений об объектах информатизации "электронного правительства" и электронных копий технической документации объектов информатизации "электронного правительства", размещенных на архитектурном портале "электронного правительства".

      Сноска. Пункт 4 с изменением, внесенным приказом и.о. Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 19.09.2022 № 334/НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Объект информатизации "электронного правительства" или его часть признаются стандартным решением для использования при создании и развитии объектов информатизации "электронного правительства" при их соответствии следующим условиям:

      1) объект информатизации "электронного правительства" введен в промышленную эксплуатацию;

      2) наличие технической документации;

      3) наличие открытого исходного программного кода, программного продукта и программного обеспечения.

      Стандартные решения, используемые при создании и развитии объектов информатизации "электронного правительства" подразделяются на типы стандартного решения, в соответствии с приложением к настоящим Правилам и размещаются на архитектурном портале "электронного правительства".

Глава 3. Порядок использования стандартных решений, подлежащих многократному использованию при создании или развитии объектов информатизации "электронного правительства"

      6. Использование стандартных решений, осуществляется при создании и развитии объектов информатизации "электронного правительства" центральными исполнительными органами и государственными органами, непосредственно подчиненными и подотчетными Президенту Республики Казахстан, а также местными исполнительными органами в сфере информатизации на основе решения уполномоченного органа, выданного согласно заключения сервисного интегратора (в произвольной форме) о возможности использования стандартных решений при создании и развитии объектов информатизации "электронного правительства".

      7. Сервисный интегратор выдает заключение о возможности использования стандартных решений при создании и развитии объектов информатизации "электронного правительства" в рамках проведения экспертизы инвестиционного предложения, технического задания на создание и развитие объектов информатизации "электронного правительства".

      Сноска. Пункт 7 - в редакции приказа и.о. Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 19.09.2022 № 334/НҚ (вводится в действие с 01.01.2023).

      8. Уполномоченный орган с момента получения заключения сервисного интегратора в течении 10 (десяти) рабочих дней принимает решение об использовании стандартных решений при создании и развитии объектов информатизации "электронного правительства".

      9. На основании решения уполномоченного органа центральные исполнительные органы и государственные органы, непосредственно подчиненные и подотчетные Президенту Республики Казахстан, а также местные исполнительные органы осуществляют использование стандартных решений при создании и развитии объектов информатизации "электронного правительства".

  Приложение
к Правилам определения и
использования стандартных
решений, подлежащих
многократному использованию
при создании и развитии
объектов информатизации
"электронного правительства"

Типы стандартного решения

Типы стандартного решения Примеры объектов проектирования

По информационному обеспечению

Базы данных и их организация, классификаторы технико-экономической и нормативно-справочной информации, формы представления и организации данных в системе (в том числе формы документов, видеограммы, массивы) данных и протоколы обмена данными

По программному обеспечению

Общее (операционная система, программы технического обслуживания, вспомогательные программы) и специальное (совокупность программ, разработанных при создании конкретной информационной системы) программное обеспечение объектов информатизации "электронного правительства"

По техническому обеспечению

Комплексы средств, обеспечивающих ввод, подготовку, преобразование, обработку, хранение, регистрацию, вывод, отображение, передачу информации и средства реализации управляющих воздействий

По организационному обеспечению

Регламенты, определяющие функции подразделений управления, действия и взаимодействия персонала объектов информатизации "электронного правительства"

По лингвистическому обеспечению

Тезаурусы и языки описания и манипулирования данных

По математическому обеспечению

Методы решения задач управления, модели и алгоритмы

На постановку задачи

Постановка задачи (комплекса задач) объектов информатизации "электронного правительства"

По функциям

Подсистема объектов информатизации "электронного правительства", выделенная по функциональному признаку, функция объектов информатизации "электронного правительства", задача объектов информатизации "электронного правительства", комплексы функций и задач объектов информатизации "электронного правительства"