Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің БасқармасыҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Облигацияларын банктер және банк холдингтері меншікке сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесін және банктер мен банк холдингтері меншікке сатып алатын облигацияларға қойылатын талаптарды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қарашадағы № 234 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 28 желтоқсанда № 16149 болып тіркелген, 2018 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Банктер мен банк холдингтері меншігіне сатып алатын облигацияларға мынадай талаптар белгіленсін:
1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған немесе оларға қатысты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк кепiлдiгi бар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздары мәртебесі бар (оның ішінде басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланған) облигациялар;
2) Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген облигациялар;
3) шетел эмитенттерінің рейтингі "В" төмен емес (Standard & Poor's және (немесе) Fitch рейтингтік агенттіктерінің жіктеуі бойынша) немесе "В2" төмен емес (Moody's Investors Service рейтингтік агенттігінің жіктеуі бойынша) облигациялары;
4) қор биржасының ресми тізіміндегі тиісті алаңның "борыштық бағалы қағаздар" секторының "буферлік санат" санатындағы немесе Қазақстан Республикасының эмитенттерінің облигациялары шетелдік валютасында номинирленген және "Астана" Халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында жария сауда-саттыққа жіберілген немесе Standard & Poor's рейтингтік агенттігінің жіктеуі бойынша рейтингі "В" төмен емес немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар облигацияларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасы эмитенттерінің облигациялары. Осы тармақшаның мақсаттары үшін жарғылық капиталдарына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының 50 (елу) пайызынан астамы Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар болып табылатын Қазақстан Республикасы эмитенттерінің облигациялары Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингіне ие Қазақстан Республикасы эмитенттерінің облигациялары ретінде танылады;
5) шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік бағалы қағаздар мәртебесі бар облигациялар Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес тәуелсіз рейтингіне немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингіне ие.".
2. Банктік емес ұйымдарды дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Сыртқы коммуникациялар департаменті - Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.А. Біртановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданылады.
Ұлттық Банк Төрағасы | Е. Досаев |