"Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-35) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған қауіпсіздік сертификатының нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Р. Скляр |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
2019 жылғы "___" ___________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
2019 жылғы "___" ___________
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 476 бұйрығымен бекітілген |
|
Нысан |
________________________________________________
(уәкілетті органның атауы)
Қауіпсіздік сертификаты
№ ____
Берілді____________________________________________________________
(сертификат берілген тасымалдаушының деректемелері)
Қолданылу мерзімі:_________________________________________________
Тасымалдаушының заңды мекен-жайы: ________________________________
(телефон, факс, е-mail (бар болған жағдайда):___________________________
Осы сертификат тасымалдаушының қауіпсіздікті басқару жүйесінің теміржол
көлігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
қауіпсіздік талаптарына сәйкес екендігін растайды.
Уәкілетті органның басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам
Мөр орны (бар болған кезде) _________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), қолы)
Берілген күні 20___ жылғы "____" _______
Ескертпе:
Осы сертификаттың қолданылуы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 334 бұйрығымен бекітілген, Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11602 болып тіркелген) көзделген жағдайларда, тоқтата тұруға/тоқтатуға жатады.