"Қазақстан Республикасының әуежайларында арнайы көліктің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 327 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 473 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 11 шілдеде № 19010 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының әуежайларында арнайы көліктің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 327 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11676 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының әуежайларында арнайы көліктің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларда:

      2-тармақтың 25) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "25) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация саласын тұрақты дамытуды, ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам.";

      26-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Азаматтық авиация ұйымының арнайы көліктерінің техникалық жағдайы мен пайдаланылуы, олардың мазмұны мен қызмет көрсетуі мынадай жолдармен жүзеге асырылады:

      1) арнайы көлік қызметінің, азаматтық авиация ұйымының басшылары жүргізетін бақылау мақсатындағы тексеру;

      2) техникалық қарап-тексеру;

      3) уәкілетті ұйымның және/немесе әуежайдың комиссияларының тексеруі.";

      93- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "93. Ауыр салдарлы жол-көлік оқиғалары (өлім-жітім, зақымдану, адамдардың ауыр жарақаты) туралы азаматтық авиация ұйымдары көліктегі ішкі істер органдарына хабарлайды және оқиға болған сәттен бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірмей уәкілетті ұйымға хабар жібереді (8-қосымша).";

      99-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "99. Арнайы көліктің техникалық жай-күйіне қойылатын талаптар осы Қағидаларда, шығарушы зауыттың нормативтік техникалық құжаттарында белгіленеді.";

      105 және 106-тамақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "105. Арнайы көлікке техникалық қызмет көрсету кезеңділігі негізгі автомобильдің жүріп өткен жолына немесе арнайы жабдықтың пайдаланылуына байланысты шығарушы зауыттың нормативтік-техникалық құжаттарына сәйкес белгіленеді.

      106. Пайдалану шарттарына байланысты негізгі автомобильдер мен арнайы көліктің арнайы жабдығына техникалық қызмет көрсету кезеңділігіне өзгерістер енгізілуі мүмкін. Негізгі автомобильдер мен арнайы көліктің арнайы жабдықтары мен техникалық қызмет көрсету кезеңін өзгерту коэффициентінің мәні шығарушы зауыттың нормативтік-техникалық құжаттарында белгіленеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының он үшінші, он бесінші және он алтыншы абзацтарын қоспағанда, 2019 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 327 "Об утверждении Правил по организации работы специального транспорта в аэропортах Республики Казахстан"

Приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 3 июля 2019 года № 473. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 11 июля 2019 года № 19010

      Примечание ИЗПИ!
Порядок введения в действие настоящего приказа см . п. 4.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 327 "Об утверждении Правил по организации работы специального транспорта в аэропортах Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11676, опубликован 7 августа 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения:

      в Правилах по организации работы специального транспорта в аэропортах Республики Казахстан, утвержденных указанным приказом:

      подпункт 25) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "25) уполномоченная организация в сфере гражданской авиации (далее – уполномоченная организация) – акционерное общество со стопроцентным участием государства в уставном капитале, осуществляющее деятельность, направленную на обеспечение устойчивого развития отрасли гражданской авиации Республики Казахстан, безопасности полетов и авиационной безопасности.";

      часть первую пункта 26 изложить в следующей редакции:

      "26. Контроль за техническим состоянием и использованием спецтранспорта содержанием и обслуживанием осуществляется путем:

      1) контрольных смотров, проводимых руководителями службы спецтранспорта, организации гражданской авиации;

      2) технических осмотров;

      3) проверки комиссиями уполномоченной организации и/или аэропорта.";

      пункт 93 изложить в следующей редакции:

      "93. О происшествиях с тяжелыми последствиями (гибель, увечье, тяжелые ранения людей) организациями гражданской авиации сообщаются в органы внутренних дел на транспорте и высылаются донесения (приложение 8) не позднее двадцати четырех часов с момента происшествия в уполномоченную организацию.";

      пункт 99 изложить в следующей редакции:

      "99. Требования к техническому состоянию спецтранспорта устанавливаются настоящими Правилами, нормативно-техническими документами заводов-изготовителей.";

      пункты 105 и 106 изложить в следующей редакции:

      "105. Периодичность технического обслуживания спецтранспорта устанавливается в зависимости от пробега базового автомобиля или наработки спецоборудования в соответствии с нормативно-техническими документами заводов-изготовителей.

      106. В зависимости от условий эксплуатации периодичность технического обслуживания базовых автомобилей и спецоборудования спецтранспорта может корректироваться. Значения коэффициентов корректирования периодичности технического обслуживания базовых автомобилей и спецоборудования спецтранспорта устанавливаются нормативно-техническими документами заводов-изготовителей.".

      2. Комитету гражданской авиации Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 августа 2019 года, за исключением абзацев тринадцать, пятнадцать и шестнадцать пункта 1 настоящего приказа, которые вводятся в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр
индустрии и инфраструктурного
развития Республики Казахстан
Р. Скляр

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан