"Әуе кемелерін есептен шығару қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 9 наурыздағы № 123 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 486 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 шілдеде № 19017 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. 01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі – осы бұйрықтың 4-тармағымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әуе кемелерін есептен шығару қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 9 наурыздағы № 123 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6868 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 196 (26617) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Әуе кемелерін есептен шығару қағидаларында:

      1- тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1- тарау. Жалпы ережелер";

      1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Әуе кемелерін есептен шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес әзірленген.";

      2 – тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2- тарау. Әуе кемелерін есептен шығару тәртібі";

      12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Әуе кемелерін есептен шығарған кезде Есептен шығару актісі және Техникалық жай-күйді бағалау ведомосі 2 данада жасалады. Бір данасы әуе кемесінің пайдаланушысында (иесінде) қалады, екінші данасы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) жіберіледі және Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінен әуе кемесін шығаратын бірден-бір құжат болып табылады.

      13. Комиссия қол қойған және әуе кемесінің пайдаланушысы (иесі) бекіткен Әуе кемесін есептен шығару актісі мен Техникалық жай-күйді бағалау ведомосі Әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің және Әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатының түпнұсқаларымен бірге уәкілетті ұйымға есептен шығару актісіне қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде жіберіледі.";

      15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Уәкiлеттi ұйым ұсынылған құжаттардың негiзiнде әуе кемесiн есептен шығаруға құжаттарды қабылдаған сәттен бастап күнтiзбелiк 22 (жиырма екі) жұмыс күн iшiнде шешiм қабылдайды, әуе кемесiн Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен шығарады. Әуе кемесiнің пайдаланушысына (иесiне) Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен шығарылғаны туралы куәлiктi "Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiн, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi, сондай-ақ оларға арналған құқықтарды куәландыратын құжаттар нысандарын мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2017 жылғы 30 маусымдағы № 409 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 15553 болып тiркелген) бекiтiлген нысанда бередi.

      16. Әуе кемесінің пайдаланушысы (иесі) әуе кемесін бөлшектеу мен ұшуға жарамсыз жай-күйге келтіруге кіріседі, ол туралы тиісті фотосуреттерін немесе басқа әуе кемесінің жойылғанын растайтын құжаттарды бере отырып, уәкілетті ұйымға күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде хабарлайды. Сонымен қатар барлық техникалық құжаттама жойылуға жатады.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қаматамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
Р. Скляр

"О внесении изменений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 9 марта 2011 года № 123 "Об утверждении Правил списания воздушных судов"

Приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 5 июля 2019 года № 486. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 июля 2019 года № 19017

      Примечание ИЗПИ!
Вводится в действие с 01.08.2019 г.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 9 марта 2011 года № 123 "Об утверждении Правил списания воздушных судов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6868, опубликован 23 июня 2011 года № 196 (26617) в газете "Казахстанская правда") следующие изменения:

      в Правилах списания воздушных судов, утвержденных указанным приказом:

      заголовок главы 1 изложить в следующей редакции:

      "Глава 1. Общие положения";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Правила списания воздушных судов (далее – Правила) разработаны в соответствии с требованиями Закона Республики Казахстан от 15 июля 2010 года "Об использовании воздушного пространства Республики Казахстан и деятельности авиации.";

      заголовок главы 2 изложить в следующей редакции:

      "Глава 2. Порядок списания воздушных судов";

      пункты 12 и 13 изложить в следующей редакции:

      "12. При списании воздушного судна Акт на списание и Ведомость оценки технического состояния составляются в 2-х экземплярах. Первый экземпляр остается у эксплуатанта (владельца) воздушного судна, второй экземпляр направляется в уполномоченную организацию в сфере гражданской авиации (далее – уполномоченная организация) и является одним из документов для исключения воздушного судна из государственного реестра гражданских воздушных судов Республики Казахстан.

      13. Акт на списание воздушного судна и Ведомость оценки технического состояния, подписанные комиссией и утвержденные эксплуатантом (владельцем) воздушного судна, с оригиналами Свидетельства о государственной регистрации воздушного судна и Сертификата летной годности воздушного судна направляются в течение 10 (десять) календарных дней со дня подписания акта на списание в уполномоченную организацию.";

      пункты 15 и 16 изложить в следующей редакции:

      "15. Уполномоченная организация, на основании представленных документов, принимает решение на списание воздушного судна и в 22 (двадцать два) рабочих дней, с момента получения документов, исключает воздушное судно из Государственного реестра гражданских воздушных судов Республики Казахстан. Эксплуатанту (владельцу) воздушного судна выдается Свидетельство об исключении воздушного судна из государственного реестра гражданских воздушных судов Республики Казахстан по форме утвержденной приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 июня 2017 года № 409 "Об утверждении Правил государственной регистрации гражданских воздушных судов Республики Казахстан, прав на них, а также форм документов, удостоверяющих права на них", (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 15553).

      16. Эксплуатант (владелец) воздушного судна приступает к разукомплектованию и приведению воздушного судна в нелетное состояние, о чем в течение 30 (тридцати) календарных дней уведомляет уполномоченную организацию с предоставлением соответствующих фотографий или других документов, подтверждающих уничтожение воздушного судна. Также подлежит уничтожению вся техническая документация.".

      2. Комитету гражданской авиации Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан;

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 августа 2019 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр индустрии и
инфрастуктурного развития
Республики Казахстан
Р. Скляр