Әуе кемелерін есептен шығару қағидасын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 9 наурыздағы № 123 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 5 сәуірде № 6868 тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Әуе кемелерін есептен шығару қағидасы бекітілсін.

      2. "Әуе кемесін есептен шығару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2005 жылғы 18 қазандағы № 221 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3930 тіркелген, "Заң газеті" 2005 жылғы 22 желтоқсандағы № 239(973) санында жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Ә. Құсайынов


  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2011 жылғы 9 наурыздағы
№ 123 бұйрығымен бекітілді

Әуе кемелерін есептен шығару қағидасы
1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.07.2019 № 486 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Әуе кемелерін есептен шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес әзірленген.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.07.2019 № 486 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қағида Қазақстан Республикасының азаматтық авиациялық әуе кемелерінің Мемлекеттік тізілімде тіркелген азаматтық әуе кемелерін есептен шығару тәртібін реттейді.

      3. Белгіленген күнтізбелік мерзімі, бекітілген ресурсы немесе мынадай себептермен жарамсыз күйге жеткен азаматтық әуе кемелері есептен шығаруға жатады:

      1) физикалық тозығы жеткен;

      2) әуе кемесінің төзімділік сипаттағы бұзуға әкелген авиациалық оқиға;

      3) авиациялық оқиғаға әкелетін, оларды жою мүмкін болмаған немесе экономикалық орынды емес конструктивтік-өндірістік кемшіліктер болған;

      4) әуе кемесін жоюға;

      5) қонуға мәжбүр болған орыннан әуе кемесін көшіру мүмкін болмаған жағдайда.

      4) Әуе кемесінен алынған жинақтамалық бұйымдар, бөлшектер мен агрегаттар және (немесе) қалпына келтіруге жататын авиациялық қозғалқыштары жөндеуден кейін жинақталады және одан әрі пайдалануға жатады.

      5) Авиациялық қозғалтқыштар, бөлшектер, агрегаттар және қалпына келтіруге жатпайтын жинақтамалық бұйымдар жинақталады және қайталама шикізатқа тапсырылады.

2-тарау. Әуе кемелерін есептен шығару тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.07.2019 № 486 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Әуе кемелерін есептен шығарудың мынадай тәртібі белгіленеді:

      1) әуе кемесін есептен шығаруға комиссия құрылады;

      2) есептен шығарылуға жататын әуе кемесін бағалау;

      3) әуе кемесін есептен шығару актісін дайындау.

      7. Әуе кемесін есептен шығару үшін әуе кемесін пайдаланушы (меншік иесі) әуе кемесін есептен шығаруға комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрады. Комиссия құрамына қызметіне мынадай мәселелер жататын:

      1) техникалық қызмет көрсету, жөндеу және әуе кемесін пайдалану;

      2) материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету;

      3) техникалық және сапа жүйесін бақылау лауазымды тұлғалар кіреді.

      Егер есептен шығаруға жататын әуе кемесі жөндеу кәсіпорнында болған жағдайда, жөндеу кәсіпорнында әуе кемесін есептен шығару жөніндегі комиссия құрылады және оның құрамына әуе кемесінің меншік иесі немесе оның сенімді адамы енгізіледі.

      8. Комиссия әуе кемесіне бағалау жүргізеді:

      1) осы Қағиданың 3-тармағына сәйкес әуе кемесін есептен шығару себептерін белгілейді;

      2) әуе кемесіне тексеру жүргізеді, пайдалану құжаттамасын (формулярлар, төлқұжаттар, затбелгі) зерделейді;

      3) әуе кемесінің одан әрі пайдалануға жарамсыздығын анықтайды;

      4) есептен шығарылатын әуе кемесінің жинақтаушы бұйымдарын, құралдарын, бөлшектерін одан әрі пайдалану немесе пайдаланбау мүмкіндігін анықтайды.

      9. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша осы Қағидаға1-қосымшаға сәйкес нысанда әуе кемесін есептен шығару Актісі жасалады.

      10. Есептен шығарылған авиациялық техниканың жинақтаушы бұйымдарын пайдалану мүмкіндігін анықтау үшін Комиссия олардың техникалық жай-күйіне талдау және пайдалану құжаттамасына (формулярлар, төлқұжаттар, затбелгі) талдау жүргізеді. Олардың техникалық жай-күйін бағалауды нақтылау үшін олардың бөлшектеніп зертханаға немесе жасаушы кәсіпорынға тексеруге (уағдаластық бойынша) жіберілуі мүмкін.

      11. Талдау негізінде осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес техникалық жай-күйін бағалау ведомосі жасалады, ол есептен шығару актісіне қоса беріледі.

      12. Әуе кемелерін есептен шығарған кезде Есептен шығару актісі және Техникалық жай-күйді бағалау ведомосі 2 данада жасалады. Бір данасы әуе кемесінің пайдаланушысында (иесінде) қалады, екінші данасы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) жіберіледі және Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінен әуе кемесін шығаратын бірден-бір құжат болып табылады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.07.2019 № 486 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Комиссия қол қойған және әуе кемесінің пайдаланушысы (иесі) бекіткен Әуе кемесін есептен шығару актісі мен Техникалық жай-күйді бағалау ведомосі Әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің және Әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатының түпнұсқаларымен бірге уәкілетті ұйымға есептен шығару актісіне қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде жіберіледі.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.07.2019 № 486 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Мерзімінен бұрын тозу, пайдалану шарттарының бұзылуы, зақымдануы салдарынан авиациялық техниканы Есептен шығару кезінде есептен шығару актісіне комиссияның тергеу материалдары қоса беріледі.

      15. Уәкiлеттi ұйым ұсынылған құжаттардың негiзiнде әуе кемесiн есептен шығаруға құжаттарды қабылдаған сәттен бастап күнтiзбелiк 22 (жиырма екі) жұмыс күн iшiнде шешiм қабылдайды, әуе кемесiн Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен шығарады. Әуе кемесiнің пайдаланушысына (иесiне) Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнен шығарылғаны туралы куәлiктi "Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiн, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi, сондай-ақ оларға арналған құқықтарды куәландыратын құжаттар нысандарын мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2017 жылғы 30 маусымдағы № 409 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 15553 болып тiркелген) бекiтiлген нысанда бередi.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.07.2019 № 486 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Әуе кемесінің пайдаланушысы (иесі) әуе кемесін бөлшектеу мен ұшуға жарамсыз жай-күйге келтіруге кіріседі, ол туралы тиісті фотосуреттерін немесе басқа әуе кемесінің жойылғанын растайтын құжаттарды бере отырып, уәкілетті ұйымға күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде хабарлайды. Сонымен қатар барлық техникалық құжаттама жойылуға жатады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.07.2019 № 486 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Әуе кемелерін есептен
шығару ережесіне
1-қосымша

      нысан

Есептен шығару актісі

      Біз төменде қол қойғандар, 200 __ж. "____" ______________ №____ бұйрығының негізінде тағайындалған комиссияның құрамы _______________

      төраға _________________________________________________________ және

      мүшелері ____________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ___________________________ есептен шығару туралы шешім қабылдау үшін ___________ үлгісінде айқындау белгісі, "___"_________ж. зауыттан шыққан зауыттық нөмірі және ____сағат__ мин. өндірілген күннен бастап жұмыс істеген және ___сағат__ мин. соңғы жөндеу, _____ қону көлеміне қарай бар ______ жөндеумен жарамсыздыққа әкелген себеп ______________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Бастапқы құны (қайта қалпына келтіру - қайта бағалау үшін) ____________________ _____ теңге. Бухгалтерлік есеп бойынша тозуға бөлінген сомасы ________________ теңге. Қалған құны _________________ _____ теңге. Есептен шығарудан шығындар _____________________________ (авария немесе күтпеген апат жағдайда), қалған құнынан басқа _________ теңге. Шығарылған және кірістелген жабдықтаушы бұйымдар, двигательдер _________ теңге. Металл темірінің құны (қара, түрлі-түсті) ______ теңге. Техникалық жағдайын сипаттау _____________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Ескертпе. Техникалық жағдайын сипаттау ______________________________ _____________ сыртқы байқауының нәтижесін айқындау мен толық сипаттама беру және негізгі түйінін бағалау керек. Жабдықтаушы бұйымдардың техникалық жағдайын сипаттау осы актінің қосымшасы болып табылатын тізімге келтірілген.

      Комиссияның қорытындысы _____________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Комиссия төрағасы

      Мүшелері

      Авиакәсіпорынды пайдаланушы басшының қорытындысы

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      М.О. Тегі: Қолы:

      Авиакомпанияның техникалық басшысының қорытындысы (авиажөндеу зауытының оқу орны)

      _____________________________________________________________________

      М.О. Тегі: Қолы:

  Әуе кемелерін есептен
шығару ережесіне
2-қосымша

      нысан

Техникалық жай-күйді бағалау
ВЕДОМОСЫ

      ________________________________________________ жататын зауыт нөмірі "__"_________20__ж. №______ бұйрығымен тағайындалған Комиссия құрамы:

      төрағасы ____________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, инициалдары)

      мүшелері ____________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, инициалдары)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      есептен шығарушы әуе кемесінің жабдықтаушы бұйымдарының, авиадвигательдің техникалық жағдайын бағалау жүргізді және айқындады:

№ р/с

Бұйымның атауы

Үлгісі, сызу нөмірі

Зауыт нөмірі

Бағасы

Техникалық жағдайы

Әрі қарай қолдану туралы белгі

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8


      Қозғалтқыш: жөндеуге жатады/жатпайды, қалпына келтіру.

      Әуе бұрамасы: орнату (КВ қалағы, РВ құралдарды жөндеу).

      Ұшырудың борттық қондырғысы.

      Отын багы.

      Май багы.

      Отын сорғысы.

      Сорғы станциясы.

      Қозғалтқыш ілмегін тіреуіш (мотор астындағы редукторлы рамасы).

      Май және отын-май радиаторы және т.б.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады