Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 02.03.2024 № 201 және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 04.03.2024 № 54 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабының 42-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекаралары учаскелерімен толықтай немесе ішінара шектесетін арнайы экономикалық аймақ аумағында ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарының қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорынға ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiнде қосу үшін қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;
3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрық Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының жетекшілік ететін орынбасарларына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасы Ұлттық |
Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері бойынша ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарының өзара іс-қимыл жасасу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының (бұдан әрі – арнайы экономикалық аймақ) учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақ аумағында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері бойынша ішкі істер органдарының (бұдан әрі – ІІО) және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҰҚК) өзара іс-қимыл жасасу қағидалары "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 16 қаңтардағы Заңы 56-бабының 42-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері бойынша ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарының осы аумақ шегіндегі қызметтік міндеттерін орындауын қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
2. ІІО қызметкерлері арнайы экономикалық аймақтың қазақстандық бөлігінде (аумағында) өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының, Қазақстан Республикасымен шектес мемлекеттердің, үшінші мемлекеттердің азаматтарына және қазақстандық бөліктегі (аумақтағы) азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуды, анықтауды, жолын кесуді және тергеп-тексеруді жүзеге асырады және Қазақстан Республикасы заңнамаға сәйкес қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етеді.
2-тарау. Қазақстан Республикасының ІІО қызметкерлерін арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізу пункті арқылы өткізу тәртібі
3. ІІО және арнайы көлік қызметкерлерін арнайы экономикалық аймақ шегінде қызметтік міндеттерді шешу үшін мемлекеттік шекара арқылы өткізу "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын жарамды құжаттар және ҰҚК аумақтық органымен келісілген және арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асыратын Шекара қызметінің әскери бөліміне (бұдан әрі – Шекара қызметі) ұсынылған аумақтық полиция органының бірінші басшысы (оны алмастыратын адам) қол қойған тізімдер негізіндегі қызметтік куәліктер бойынша жүзеге асырылады.
4. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына бару кезінде Мемлекеттік шекараны кесіп өтуге құқығы бар ІІО қызметкерлерінің тізімін, сондай-ақ қызметкерлердің қызметтік қаруды алып өтуіне рұқсатты аумағында арнайы экономикалық аймақ орналасқан өңірлік Полиция департаментінің полиция органы (бұдан әрі - полиция органы) ай сайын әзірлейді.
5. Әзірленген тізімге полиция органының бастығы қол қояды, одан кейін тізім (қызметтік қару туралы мәліметтерді көрсете отырып) ҰҚК департаментінің аудандық бөліміне келісуге жіберіледі.
6. Келісілгеннен кейін осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес тізімді күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей ҰҚК департаментінің аудандық бөлімшесі арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асыратын Шекара қызметінің әскери бөліміне жібереді.
7. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында қылмыстық құқық бұзушылық жасалған жағдайда, арнайы экономикалық аймақтың аумағына облыстың полиция департаментінің немесе аудандық полиция органының жедел-тергеу тобына тартылған қызметкерлерді өткізуді Шекара қызметінің бөлімшесі Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын жарамды құжаттар мен қызметтік куәліктер бойынша басым тәртіппен полиция органының бастығы (оны алмастыратын адам) қол қойған тізім негізінде жүзеге асырады.
8. Төтенше жағдайлар кезінде, оны оқшаулау мақсатымен ІІО қызметкерлері полиция органының басшысы қол қойған бұйрыққа сәйкес арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын Шекара қызметінің бөлімшесі арнайы экономикалық аймақтың аумағына қару-жарақпен, арнайы жеке қорғаныш және белсенді қорғаныс құралдарымен толық жарақталған Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын жарамды құжаттар және полиция органының бастығы (оны алмастыратын адам) қол қойған тізім негізінде берілетін қызметтік куәліктері бойынша басым тәртіппен өткізіледі.
9. ІІО қызметкерлерінің қазақстандық бөліктен арнайы көлік құралдарымен кіруі мен шығуы кезінде оларды тексеруді Шекара қызметінің лауазымды адамдары "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырады.
3-тарау. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету тәртібі
10. Арнайы экономикалық аймақ аумағында қауіпсіздікті және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету Шекара қызметінің әскери бөлімімен келісілген ІІО күштері мен құралдарын кешенді пайдалану жоспарына (бұдан әрі – Жоспар) сәйкес жүзеге асырылады.
11. Жоспар жыл сайын міндетті түрде патрульдеу бағыттарын, жасақшалардың санын, қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша міндеттерді және жарақтандыруды көрсете отырып әзірленеді.
12. Арнайы экономикалық аймақтың қызметін жүзеге асыратын полиция органының басшысы күн сайын келесі тәулікке тартылған жасақшалардың бекеттік ведомосын бекітеді, оның көшірмесін арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын Шекара қызметінің бөлімшесіне береді.
13. Тексерушілер және полиция органы бойынша жауаптылар полиция органының басшысы бекіткен Жоспар-тапсырмаға сәйкес арнайы экономикалық аймақтың аумағына тартылған жасақшалардың қызмет өткеруін тексеруді жүзеге асырады.
14. Арнайы экономикалық аймақ аумағына (аумағынан) қызметтік қаруды әкелу және әкету тәртібі "Жеке қару түрлерінің айналымын мемлекеттік бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
15. Қызметкерлердің табельдік қаруымен өтуі аумақтық полиция органының басшысы бекіткен рұқсат негізінде жүзеге асырылады.
16. Рұқсат және қызметкерлердің тізімі ай сайын жасалады және Шекара қызметінің әскери бөліміне келесі айдың 25-не дейін беріледі.
Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізу пункті арқылы өтуге құқығы бар ІІО қызметкерлерінің тізімі 20__ жылғы ___________ айына
р/с № | Т.А.Ә. (бар болған кезде) | Лауазымы | Қызметтік куәлік № | Қызметтік қаруының № (бар болған кезде) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Полиция органының (атауы) бастығы
арнаулы атағы аты-жөні
Келісілді
Ұлттық қауіпсіздік департаменті
ұлттық қауіпсіздік бөлімінің бастығы
арнаулы атағы аты-жөні