"Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері бойынша ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарының өзара іс-қимыл жасасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 616 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2019 жылғы 10 шілдедегі 47/қе бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 2 наурыздағы № 201 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 4 наурыздағы № 54 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 5 наурызда № 34114 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері бойынша ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарының өзара іс-қимыл жасасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 9 шілдегі № 616 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2019 жылғы 10 шілдегі № 47 қе бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19019 болып тіркелген).

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Штаб департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының жетекшілік ететін орынбасарларына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
Е. Сагимбаев
     
      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
Е. Саденов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады