"Мемлекеттік, тіркелетін танылым белгілері мен қосымша белгілерді азаматтық және эксперименттік әуе кемелеріне салу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 26 қазандағы № 477 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 16 шілдедегі № 511 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 19 шілдеде № 19058 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік, тіркелетін танылым белгілері мен қосымша белгілерді азаматтық және эксперименттік әуе кемелеріне салу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 26 қазандағы № 477 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6649 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы № 339-340 (26400-26401) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік, тіркелетін танылым белгілері мен қосымша белгілерді азаматтық және эксперименттік әуе кемелеріне салу ережесінде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген, ұшуға жіберілген азаматтық әуе кемелерінде ұшуларды орындау азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген осы Ереженің талаптарына сәйкес мемлекеттік және тіркелетін танылым белгілерін салғаннан кейін жүргізіледі.

      Тәжірибелік-конструкторлық және ғылыми-зерттеу жұмыстарының ұшу сынақтарын орындауға арналған эксперименттік әуе кемелеріне артықшылық беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Сынақтарды қоспағанда, мемлекеттік және тіркелетін танылым белгісінсіз, сондай-ақ бекітілмеген бояумен ұшу жүргізілмейді.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының алтыншы абзацын қоспағанда, 2019 жылғы бірінші тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр

О внесении изменения и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 26 октября 2010 года № 477 "Об утверждении Правил нанесения государственных, регистрационных опознавательных и дополнительных знаков на гражданские и экспериментальные воздушные суда"

Приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 16 июля 2019 года № 511. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 июля 2019 года № 19058

      Примечание ИЗПИ!
Порядок введения в действие настоящего приказа см. п. 4.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 26 октября 2010 года № 477 "Об утверждении Правил нанесения государственных, регистрационных опознавательных и дополнительных знаков на гражданские и экспериментальные воздушные суда" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6649, опубликован 15 декабря 2010 года № 339-340 (26400-26401) в газете "Казахстанская правда") следующие изменения и дополнения:

      в Правилах нанесения государственных, регистрационных опознавательных и дополнительных знаков на гражданские и экспериментальные воздушные суда, утвержденных указанным приказом:

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Выполнение полетов на гражданских воздушных судах, занесенных в Государственный реестр гражданских воздушных судов Республики Казахстан и допущенных к полетам, производится после нанесения присвоенных ему уполномоченной организацией в сфере гражданской авиации государственных и регистрационных опознавательных знаков в соответствии с настоящими Правилами.

      Исключения составляют экспериментальные воздушные суда, предназначенные для выполнения летных испытаний опытно-конструкторских и научно-исследовательских работ.";

      дополнить пунктом 5-1 следующего содержания:

      "5-1. Полеты без государственного и регистрационного опознавательного знака, а также с неутвержденной раскраской не проводятся, за исключением испытательных.".

      2. Комитету гражданской авиации Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан;

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с первого августа 2019 года, за исключением пятого абзаца пункта 1 настоящего приказа, которые вводятся в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр индустрии и
инфраструктурного развития
Республики Казахстан
Р. Скляр