БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 513 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 10372 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 наурызда жарияланған) өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Барлық ұсынылған құжаттар "Құжаттарды заңдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 11-1-2/576 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 16116 тіркелді) және "Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 12 наурыздағы № 253-IV Заңына сәйкес заңдастырылуы тиіс.
Қазақстан Республикасынан тыс жерде берілген құжаттар тиісті шет мемлекеттің мемлекеттік тілінде ұсынылады, сондай-ақ қазақ және орыс тілдеріне аударылуға жатады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Агенттікті аккредиттеу туралы шешімді Комитет өз құзыреті шегінде аккредиттеу мүмкіндігі туралы тиісті қорытындылар беретін Әділет, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ішкі істер және Сыртқы істер министрліктерімен (бұдан әрі - мемлекеттік органдар) келісім бойынша қабылдайды.
Комитет екі жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды уәкілетті органнан құжаттар мен сұрау салу түскен сәттен бастап он жұмыс күні ішінде агенттіктің Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыру мүмкіндігі туралы қорытынды ұсынатын мемлекеттiк органдарға келісу үшін жолдайды.".
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының заң шығару және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі |