"Бағалаушыға, сарапшыға кандидаттардың біліктіліктерін растау үшін біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 517 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 775 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 29 шілдеде № 19102 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бағалаушыға, сарапшыға кандидаттардың біліктіліктерін растау үшін біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 517 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16934 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 1 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген бағалаушыға, сарапшыға кандидаттардың біліктіліктерін растау үшін біліктілік емтиханын өткізу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) біліктілік емтиханы - "бағалаушы", "сарапшы" біліктілігін беру туралы куәліктерді алуға үміткер тұлғалардың біліктілік деңгейін анықтау рәсімі;

      2) біліктілік комиссиясы - "бағалаушы", "сарапшы" біліктілігін беру туралы куәліктерді алуға үміткер тұлғалар үшін біліктілік емтиханын өткізу үшін құрылған бағалаушылар палатасының мамандандырылған органы;

      3) біліктілік комиссиясының жұмыс органы - біліктілік емтиханын өткізуді ұйымдастыру мақсатында бағалаушылар палатасы құрған орган;

      4) кандидат - біліктілік комиссиясына емтихан тапсыратын "бағалаушы" немесе "сарапшы" біліктілігін беру туралы куәліктерді алуға үміткер тұлға;

      5) тест тапсырмалары - бағалау қызметі саласындағы уәкілетті органмен келісілген құқықтық мәселелерді, бағалау теориясы бойынша мәселелерді, тиісті мамандық бойынша модульдік міндеттерді және ахуалдық тапсырманы қамтитын "бағалаушы" немесе "сарапшы" біліктілігін беру туралы куәліктерді алуға үміткер тұлғалардың білімі мен дағдыларын тексеру үшін жасалған тапсырмалар көлемі.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Біліктілік емтиханға рұқсат алу үшін кандидат біліктілік комиссиясына маманданудың әрбір түрі бойынша осы Қағидалардың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтініш береді.";

      8, 9 және 10-тармақтар алынып тасталсын;

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Бағалау қызметі саласындағы білімі мен дағдыларын растау үшін кандидаттар компьютерлік техниканы пайдалана отырып тестілеуден өту арқылы тиісті мамандық бойынша құқықтық мәселелер, бағалау теориясы және модульдік міндеттер бойынша тест тапсырмаларын тапсырады.

      Кандидаттар компьютерлік тестілеуден өткеннен кейін ахуалдық есепті жазбаша түрде шешуді орындайды.";

      мынадай мазмұндағы 13-1 және 13-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "13-1. Тест тапсырмаларын келісу үшін бағалаушылар палатасы бағалау қызметі саласындағы уәкілетті органға дұрыс жауаптар мен оларға шешімдер ұсынылады.

      Тест тапсырмалары мемлекеттік, орыс тілдерінде жасалады және жариялануға жатпайды.

      13-2. Тест тапсырмалары таратылуы шектеулі мәліметтерге жатады.";

      19 және 20 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. "Бағалаушы" біліктілік куәлігін алуға кандидаттар үшін тест тапсырмалары тапсырмалар базасы негізінде әрбір мамандық бойынша бөлек қалыптастырылады және мынадай модульдерге кіретін 100 (жүз) тапсырмадан тұрады:

      1) құқықтық реттеу және бағалау стандарттары - 19 сұрақ әрбір мамандандыру;

      2) жылжымайтын мүлікті бағалау теориясы - 45 сұрақ;

      3) жылжымалы мүлікті бағалау теориясы - 45 сұрақ;

      4) зияткерлік меншік және материалдық емес активтерді бағалау теориясы - 25 сұрақ;

      5) бизнесті бағалау және бизнеске қатысу құқықтары теориясы - 30 сұрақ;

      6) бағалау бойынша модульдік міндеттер:

      жылжымайтын мүлік - 30 тапсырма бойынша;

      жылжымалы мүлік - 30 тапсырма бойынша;

      зияткерлік меншікті бағалау, материалдық емес активтердің құны - 10 міндет бойынша;

      бизнесті және бизнеске қатысу құқығы - 10 тапсырма;

      7) әрбір мамандық бойынша жеке жазбаша ахуалдық міндет - 1 міндет бойынша;

      8) бағалаушылар әдеп кодексі - 5 сұрақтан.

      20. "Сарапшы" біліктілігін беру туралы куәлік алуға үміткер кандидаттардың тест тапсырмалары әрбір мамандық бойынша тапсырмалар негізінде қалыптастырылады және модульдерге енгізілген 50 (елу) тапсырмадан тұрады:

      1) құқықтық реттеу - 14 сұрақ;

      2) бағалау стандарттары, оның ішінде бағалаудың халықаралық стандарттары - 10 сұрақ;

      3) бағалау әдіснамасы - 10 сұрақ;

      4) бағалау туралы есептерге сараптама жүргізу әдіснамасы -10 сұрақ;

      5) жазбаша ахуалдық міндет - 1 міндет;

      6) бағалаушылар әдеп кодексі - 5 сұрақ.";

      мынадай мазмұндағы 26-1 және 26-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "26-1. Біліктілік емтиханын тапсыра алмаған адамдар біліктілік комиссиясы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) ай өткен соң одан қайта өтуге жіберіледі.

      26-2. "Сарапшы" біліктілік куәлігін алу үшін бағалаушының біліктілік емтиханынан өтуі тек бағалаушының "бағалаушы" біліктілік куәлігі бар мамандық бойынша ғана болады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 5 мая 2018 года № 517 "Об утверждении Правил проведения квалификационного экзамена для подтверждения квалификаций кандидатов в оценщики, эксперты"

Приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 26 июля 2019 года № 775. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 июля 2019 года № 19102

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 5 мая 2018 года № 517 "Об утверждении Правил проведения квалификационного экзамена для подтверждения квалификаций кандидатов в оценщики, эксперты" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 16934, опубликован 1 июня 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах проведения квалификационного экзамена для подтверждения квалификаций кандидатов в оценщики, эксперты, утвержденных указанным приказом:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. В Правилах используются следующие понятия:

      1) квалификационный экзамен – процедура определения квалификационного уровня лиц, претендующих на получение свидетельств о присвоении квалификаций "оценщик", "эксперт";

      2) квалификационная комиссия – специализированный орган палаты оценщиков, созданный для проведения квалификационного экзамена для лиц, претендующих на получение свидетельств о присвоении квалификаций "оценщик", "эксперт";

      3) рабочий орган квалификационной комиссии – орган, созданный палатой оценщиков в целях организации проведения квалификационного экзамена;

      4) кандидат – лицо, претендующее на получение свидетельства о присвоении квалификации "оценщик" или "эксперт", которое сдает экзамен в квалификационной комиссии;

      5) тестовые задания – объем заданий, составленный для подтверждения знаний и навыков лиц, претендующих на получение свидетельств о присвоении квалификаций "оценщик" или "эксперт", включающий правовые вопросы, вопросы по теории оценки, модульные задачи по соответствующей специализации и ситуационную задачу, согласованные с уполномоченным органом в области оценочной деятельности.";

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Для допуска к квалификационному экзамену кандидат представляет в квалификационную комиссию заявление по форме согласно приложениям 1 и 2 к настоящим Правилам по каждому виду специализации.";

      пункты 8, 9 и 10 исключить;

      пункт 13 изложить в следующей редакции:

      "13. Кандидаты для подтверждения знаний и навыков в области оценочной деятельности сдают тестовые задания по правовым вопросам, вопросам по теории оценки и модульным задачам по соответствующей специальности, путем прохождения тестирования с использованием компьютерной техники.

      Кандидаты после прохождения компьютерного тестирования выполняют решение ситуационной задачи в письменной форме.";

      дополнить пунктами 13-1 и 13-2 следующего содержания:

      "13-1. Для согласования тестовых заданий в уполномоченный орган в области оценочной деятельности палатой оценщиков представляются правильные ответы и решения к ним.

      Тестовые задания составляются на государственном, русском языках и не подлежат опубликованию.

      13-2. Тестовые задания относятся к сведениям ограниченного распространения.";

      пункты 19 и 20 изложить в следующей редакции:

      "19. Тестовые задания для кандидатов, претендующих на получение свидетельства о присвоении квалификации "оценщик", формируются на основе базы заданий отдельно по каждой специализации и состоят из 100 (ста) заданий, включенных в модули:

      1) правовое регулирование и стандарты оценки – каждая специализация по 19 вопросов;

      2) теория оценки недвижимого имущества – по 45 вопросов;

      3) теория оценки движимого имущества – по 45 вопросов;

      4) теория оценки интеллектуальной собственности, стоимости нематериальных активов – по 25 вопросов;

      5) теория оценки бизнеса и прав участия в бизнесе – по 30 вопросов;

      6) модульные задачи по оценке:

      недвижимого имущества – по 30 задач;

      движимого имущества – по 30 задач;

      интеллектуальной собственности, стоимости нематериальных активов – по 10 задач;

      бизнеса и прав участия в бизнесе – по 10 задач;

      7) письменная ситуационная задача по каждой специализации отдельно – по 1 задаче;

      8) кодекс этики оценщиков – по 5 вопросов.

      20. Тестовые задания для кандидатов, претендующих на получение свидетельства о присвоении квалификации "эксперт", формируются на основе базы заданий по каждой специализации и состоят из 50 (пятидесяти) заданий, включенных в модуль:

      1) правовое регулирование – 14 вопросов;

      2) стандарты оценки, в том числе международные стандарты оценки – 10 вопросов;

      3) методология оценки – 10 вопросов;

      4) методология проведения экспертизы отчетов об оценке – 10 вопросов;

      5) письменная ситуационная задача – 1 задача;

      6) кодекс этики оценщиков – 5 вопросов.";

      дополнить пунктами 26-1 и 26-2 следующего содержания:

      "26-1. Лица, не сдавшие квалификационный экзамен, допускаются к его повторному прохождению по истечении 3 (трех) месяцев с даты принятия решения квалификационной комиссией.

      26-2. Прохождение оценщиком квалификационного экзамена для получения свидетельства о присвоении квалификации "эксперт" возможно только по той специализации, по которой оценщик имеет свидетельства о присвоении квалификации "оценщик".".

      2. Департаменту методологии бухгалтерского учета и аудита Министерства финансов Республики Казахстан (Бектурова А.Т.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Первый заместитель Премьер-Министра
Республики Казахстан – Министр финансов
Республики Казахстан