БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тізбесін қалыптастыру және ішкі мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгілік жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 597 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12490 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 14 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тізбесін қалыптастыру және ішкі мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгілік жүйесіне:
осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес 2-қосымшаны жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектурова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Тәуекелдердің базалық критерийлері
ББӘ БОЙЫНША КРИТЕРИЙЛЕР |
Көрсеткіштердің атауы |
Қол жеткізілмеген нысаналы индикаторлардың, олардың жалпы санына шаққандағы үлесі, %-бен |
Орындалмаған іс-шаралардың, олардың жалпы санына шаққандағы үлесі, %-бен |
Жалпы санына шаққанда, бастапқыда бекітілген стратегиялық жоспарда көзделген, бюджеттік бағдарламалардың қол жеткізбеген тікелей нәтиженің көрсеткіштерінің үлесі, %-бен |
Жалпы санына шаққанда, бастапқыда бекітілген стратегиялық жоспарда көзделген бюджеттік бағдарламалардың қол жеткізбеген түпкілікті нәтиженің көрсеткіштерінің үлесі, %-бен |
Стратегиялық жоспарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың жиілігі |
Мемлекеттік мекемені қаржыландырудың жылдық көлемі, млн. тенге |
Соңғы екі жылда бөлінген, бюджет қаражатының жалпы көлеміне шаққанда бақылаумен қамтылған бюджет қаражатының үлесі, %-бен |
Бұрынғы кезеңмен салыстырғанда қаржыландыру көлемінің өсуі/төмендеуі, %-бен |
Кезеңнің соңында бюджет қаражатының игерілуі, %-бен |
Осы мемлекеттік органмен іске асырып отырған бюджеттік инвестициялық жобалардың саны, бірл. |
Тиісті кезеңнің шығыстар көлеміне шаққандағы бұрынғы бақылаумен анықталған қаржылық бұзушылықтардың көлемі, %-бен |
Бұрынғы кезеңмен салыстырғанда дебиторлық берешек көлемінің өсуі, %-бен |
Бұрынғы кезеңмен салыстырғанда кредиторлық берешек көлемінің өсуі, %-бен |
Соңғы жүргізілген кешенді тексерудің күні, жылы |
Үкімет резервінің есебінен іске асырылатын, бюджеттік бағдарламалардың саны, бірл. |
Бюджет қаражаттарын басқару тиімділігін бағалау нәтижелері, балл |
МҚБ стандарттарына сәйкес келетін ІАҚ бекітулерінің көлемі, %-бен |
Соңғы екі жылда бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша қылмыстық істер қозғаумен, құқыққорғау органдарына тапсыру фактілерінің болуы, % -бен |
Құқыққорғау органдарының қаулыларымен іске асырылған бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша расталған фактілердің болуы, %-бен |
ОММ және ЖАО Ішкі аудит органдарымен бақылау материалдарының Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес келмеуі бойынша анықталған жағдайлар |
ББӘ және оның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының Жосықсыз өнім берушілер тізіліміне қосылған, өнім берушілермен бекітілген келісім шарттарының болуы. |
Есепті кезеңнің сатып алуды жүзеге асырудың жалпы көлемінде бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу үлесі, %-бен |
ММ БОЙЫНША КРИТЕРИЙЛЕР |
Мемлекеттік мекемемен іске асырылып жатқан бюджеттік бағдарламалардың саны, бірл. |
Мемлекеттік органды қаржыландырудың жылдық көлемі, млн. тенге |
Соңғы екі жылда бөлінген, бюджет қаражатының жалпы көлеміне шаққанда бақылаумен қамтылған бюджет қаражатының үлесі, %-бен |
Бұрынғы кезеңмен салыстырғанда қаржыландыру көлемінің өсуі/төмендеуі, %-бен |
Кезеңнің соңында бюджет қаражатының игерілуі, %-бен |
Тиісті кезеңнің шығыстар көлеміне шаққандағы бұрынғы бақылаумен анықталған қаржылық бұзушылықтардың ауқымы, %-бен |
Бұрынғы кезеңмен салыстырғанда дебиторлық берешек көлемінің өсуі, %-бен |
Бұрынғы кезеңмен салыстырғанда кредиторлық берешек көлемінің өсуі, %-бен |
Соңғы жүргізілген кешенді тексерудің күні, жылы |
Соңғы 2 жылда бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша қылмыстық істер қозғаумен, құқыққорғау органдарына тапсыру фактілерінің болуы, %-бен |
Құқыққорғау органдарының қаулыларымен іске асырылған бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша расталған фактілердің болуы, %-бен |
Бақылаумен қамтылған, МСА рәсімдерінің санына шаққанда әкімшілік жауапкершілікке тартуға әкелген, мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманың сақталуын бұзушылықтардың үлесі |
Өңірдің бастамашы бюджеттік бағдарламалары |
Өңірдің жүзеге асырылған инвестициалық жобалары |
ММ ақылы қызметтерін жүзеге асырудан түскен қолма-қол ақшаның бақылау шоттары |
Уақытша орналастырылған қолма–қол ақшаны бақылау шоты. |
Демеушілік және қайырымдылық көмектен түскен қолма-қол ақшаны бақылау шоттары. |
Күрделі шығыстар бойынша міндеттемелерді тіркеу, млн.тңг |
15 күннен кем емес мерзімдегі азаматтық-құқықтық жауапкершілік келісім шарттарын тіркеу |
ЖСҚ–мен көзделген мерзімнен кем, орындалу мерзімімен жұмыстарды орындау бойынша келісім шарттарды тіркеу |
Есепті кезеңнің сатып алуды жүзеге асырудың жалпы көлемінде бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу үлесі, %-бен |
КВАЗИСЕКТОР СУБЪЕКТІЛЕРІ БОЙЫНША КРИТЕРИЙЛЕР |
Жарғылық капитал мөлшерінің өсуі/төмендеуі, %-бен |
Еншілес және қауымдастырылған ұйымдардың бар-жоғы, бірлік |
Шығыстардың жалпы көлеміне шаққанда әкімшілік шығыстардың үлесі, %-бен |
Соңғы тексерудің жүргізілген күні, жылы |
Қаржылық есептілікті уақытында тапсырмау, %-бен |
Мониторинг нәтижелері бойынша ҚЕ жасауда бұзушылықтардың болуы, %-бен |
Соңғы 2 жылдағы қаржыландыру көлемі, соның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша (тапсырыс көлемінен 100 %) |
Соңғы 2 жылда алдыңғы тексерулер қорытындылары бойынша тауар-материалдық құндылықтардың және ақшалай қаражаттың жетіспеушілігі (анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасының 2 %-ы) |
Бірнеше қаржы кезеңдеріндегі бухгалтерлік есептілікте шығындардың көрсетілуі |
Соңғы 2 жылда алдыңғы бақылау қорытындылары бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтардың ауқымы |
Бақылаумен қамтылған, МСА рәсімдерінің санына шаққанда әкімшілік жауапкершілікке тартуға әкелген, мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманың сақталуын бұзушылықтардың үлесі |
Есепті кезеңнің сатып алуды жүзеге асырудың жалпы көлемінде бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу үлесі, %-бен |
МЕМБАҒДАРЛАМАЛАР БОЙЫНША КРИТЕРИЙЛЕР |
Қол жеткізілмеген нысаналы индикаторлардың, олардың жалпы санына шаққандағы үлесі, %-бен |
Орындалмаған іс-шаралардың, олардың жалпы санына шаққандағы үлесі, %-бен |
Жалпы санына шаққанда, бастапқыда бекітілген стратегиялық жоспарда көзделген, бюджеттік бағдарламалардың қол жеткізбеген тікелей нәтиженің көрсеткіштерінің үлесі, %-бен |
Жалпы санына шаққанда, бастапқыда бекітілген стратегиялық жоспарда көзделген бюджеттік бағдарламалардың қол жеткізбеген түпкілікті нәтиженің көрсеткіштерінің үлесі, %-бен |
Стратегиялық жоспарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың жиілігі |
Кезеңнің соңында бюджет қаражатының игерілуі, %-бен |
Соңғы 2 жылда анықталған қаржылық бұзушылықтардың үлесі, %-бен |
Соңғы 2 жылда ӘҚБК сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғалардың саны |
Алдыңғы бақылаумен анықталған, мемлекетттік сатып алу қорытындысына әсері тиген, анықталған мемлекеттік сатып алулар туралы бұзушылықтардың ауқымы |
БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БОЙЫНША КРИТЕРИЙЛЕР |
Кезеңнің соңында бюджет қаражатының игерілуі, %-бен |
Бұрынғы кезеңмен салыстырғанда дебиторлық берешек көлемінің өсуі, %-бен |
Бұрынғы кезеңмен салыстырғанда кредиторлық берешек көлемінің өсуі, %-бен |
Соңғы 2 жылда анықталған қаржылық бұзушылықтардың үлесі, %-бен |
Соңғы екі жылда бөлінген, бюджет қаражаттарының жалпы көлемінен, бақылаумен қамтылған бюджет қаражаттарының үлесі, %-бен |
Тиісті кезеңнің шығыстар көлеміне шаққандағы бұрынғы бақылаумен анықталған қаржылық бұзушылықтардың ауқымы, %-бен |
Соңғы жүргізілген кешенді тексерудің күні, жылы |
Орталық мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламалар мақсаттары мен көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері, %-бен |