"Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 567 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 31 шілдеде № 19163 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 251 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 29.04.2020 № 251 бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, қорғаныс және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2019 жылғы 29 шілдедегі
№ 567 бұйрығымен
  бекітілген

"Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;

      2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту туралы хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушының орналасқан орны бойынша, жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттар схемасы;

      3) жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттары бойынша қозғалыс кестесі.

      Құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға қабылданған күні, сұрау салынып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі, қоса берілген құжаттардың саны мен атауы, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы еркін нысандағы қолхат беріледі.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті өтінішті қабылдаудан бас тартады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарыныңмемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) бойынша шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе Министрлік басшысының атына шағым беріледі.

      Шағымдар жазбаша түрде пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы беріледі.

      Қолма-қол, пошта арқылы түскен шағымның қабылдану растамасы оны қабылдаған адамның тегі және аты-жөні көрсетуімен көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні) болып табылады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға пайдаланушы кабинетіндегі шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, оны мемлекеттік органда өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту нәтижелері бойынша жауабы).

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы шағыммен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгінуіне болады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      12. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайларында мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар (пандустар және лифтілер) көзделген.

      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mііd.gov.kz ресми интернет-ресурсында "Көлік комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімде орналастырылған.

      15. Бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.

  "Жолаушылар мен багажды
автомобильмен қалалық
(ауылдық), қала маңындағы
және ауданішілік тұрақты
тасымалдау маршруттарын және
қозғалыс кестелерін бекіту"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
  Нысан

Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту туралы № _____ хабарлама

  20 ____ жылғы "___"
  ______________

      __________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушы)

      Жүгінген күні 20 ____ жылғы "____" _______________

      Шешім: _________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      Сұрақтар туындаған жағдайда ___________________________________

      ___________________________________________ жүгінуіңізді сұраймыз.

      (көрсетілетін қызметті беруші)

      ________________________________________________________________

      мемлекеттік органдағы жауапты адамның тегі, аты,

      әкесінің аты (бар болған кезде)

      ________________________ Мөр орны
Қолы

  "Жолаушылар мен багажды
автомобильмен қалалық
(ауылдық), қала маңындағы
және ауданішілік тұрақты
тасымалдау маршруттарын және
қозғалыс кестелерін бекіту"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
  Нысан
  ___________________________
  (тіркейтін органның атауы)
  ____________________________
  (тегі, аты, әкесінің аты (бар
болған жағдайда) немесе заңды
тұлғаның атауы)
Мекенжайы:_________________
____________________________
Телефон
№_________________________

Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту туралы өтініш

      Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік (керектігінің астын сызу) тұрақты тасымалдау

      ________________________________________________________________

      (маршруттың атауы) маршрут схемасын және қозғалыс кестесін бекітуді сұраймын.

      ______ парақта қоса беріледі. ___________________________________ __________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) (қолы)

      Мөр орны* (бар болған кезде)

      *Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларға мөрдің болуы талап етілмейді.

Об утверждении стандарта государственной услуги "Утверждение маршрутов и расписания движений регулярных городских (сельских), пригородных и внутрирайонных автомобильных перевозок пассажиров и багажа"

Приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 29 июля 2019 года № 567. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 июля 2019 года № 19163. Утратил силу приказом и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 29 апреля 2020 года № 251.

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 29.04.2020 № 251 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый стандарт государственной услуги "Утверждение маршрутов и расписания движений регулярных городских (сельских), пригородных и внутрирайонных автомобильных перевозок пассажиров и багажа".

      2. Комитету транспорта Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр индустрии и
инфраструктурного развития
Республики Казахстан
Р. Скляр

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство
цифрового развития, оборонной и
аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

  Утвержден
приказом Министра индустрии
и инфраструктурного развития
Республики Казахстан
от 29 июля 2019 года № 567

Стандарт государственной услуги "Утверждение маршрутов и расписания движений регулярных городских (сельских), пригородных и внутрирайонных автомобильных перевозок пассажиров и багажа"

Глава 1. Общие положения

      1. Государственная услуга "Утверждение маршрутов и расписания движений регулярных городских (сельских), пригородных и внутрирайонных автомобильных перевозок пассажиров и багажа" (далее – государственная услуга).

      2. Стандарт государственной услуги разработан Министерством индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан (далее – Министерство).

      3. Государственная услуга оказывается местными исполнительными органами районов, городов областного значения (далее – услугодатель).

      Прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляются через канцелярию услугодателя.

Глава 2. Порядок оказания государственной услуги

      4. Сроки оказания государственной услуги:

      1) с момента сдачи документов услугодателю – 5 (пять) рабочих дней;

      2) максимально допустимое время ожидания для сдачи документов услугодателю – 15 (пятнадцать) минут;

      3) максимально допустимое время обслуживания услугополучателя – 15 (пятнадцать) минут.

      5. Форма оказания государственной услуги: бумажная.

      6. Результат оказания государственной услуги – уведомление об утверждении маршрутов и расписания движений регулярных городских (сельских), пригородных и внутрирайонных автомобильных перевозок пассажиров и багажа по форме согласно приложению 1 к настоящему стандарту государственной услуги, либо мотивированный ответ об отказе в оказании государственной услуги в случаях и по основаниям, предусмотренным пунктом 10 настоящего стандарта государственной услуги.

      Форма предоставления результата оказания государственной услуги: бумажная.

      7. Государственная услуга оказывается на бесплатной основе физическим и юридическим лицам (далее – услугополучатель).

      8. График работы услугодателя с понедельника по пятницу включительно, с 9.00 до 18.30 часов с перерывом на обед с 13.00 до 14.30 часов, кроме выходных и праздничных дней, в соответствии с трудовым законодательством Республики Казахстан.

      Прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляется с 9.00 часов до 17.30 часов с перерывом на обед с 13.00 до 14.30 часов.

      Государственная услуга оказывается по месту нахождения услугодателя, в порядке очереди без ускоренного обслуживания.

      9. Перечень документов, необходимых для оказания государственной услуги:

      1) заявление по форме согласно приложению 2 к настоящему стандарту государственной услуги;

      2) схема маршрутов регулярных городских (сельских), пригородных и внутрирайонных автомобильных перевозок пассажиров и багажа;

      3) расписание движения по маршрутам регулярных городских (сельских), пригородных и внутрирайонных автомобильных перевозок пассажиров и багажа.

      При сдаче документов через канцелярию услугодателя услугополучателю выдается расписка о приеме соответствующих документов в произвольной форме, с указанием даты приема, вида запрашиваемой государственной услуги, количества и названия приложенных документов, даты выдачи результата государственной услуги.

      10. Основания для отказа в оказании государственной услуги:

      1) установление недостоверности документов, представленных услугополучателем для получения государственной услуги, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;

      2) несоответствие услугополучателя и (или) представленных материалов, объектов, данных и сведений, необходимых для оказания государственной услуги, требованиям, установленным Правилами перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом, утвержденными приказом исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 349 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11550);

      3) в отношении услугополучателя имеется вступившее в законную силу решение (приговор) суда о запрещении деятельности или отдельных видов деятельности, требующих получения государственной услуги.

      В случае представления услугополучателем неполного пакета документов согласно перечню, предусмотренному настоящим стандартом государственной услуги, и (или) документов с истекшим сроком действия услугодатель отказывает в приеме заявления.

Глава 3. Порядок обжалования решений, действий (бездействия) услугодателей и (или) их должностных лиц, по вопросам оказания государственных услуг

      11. Жалоба на решения, действия (бездействия) услугодателя и (или) его должностных лиц по вопросам оказания государственных услуг подается на имя руководителя услугодателя или на имя руководителя Министерства по адресам, указанным в пункте 14 настоящего стандарта государственной услуги.

      Жалоба подается в письменной форме по почте либо нарочно через канцелярию услугодателя, а также посредством веб-портала "электронного правительства" www.egov.kz (далее – портал).

      Подтверждением принятия жалобы, поступившей как нарочно, так и почтой, является ее регистрация (штамп, входящий номер и дата) в канцелярии услугодателя с указанием фамилии и инициалов лица, принявшего жалобу.

      При отправке жалобы через портал из кабинета пользователя услугополучателю доступна информация о жалобе, которая обновляется в ходе ее обработки в государственном органе (отметка о доставке, регистрации, исполнении, ответ по результатам рассмотрения или отказ в рассмотрении).

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес услугодателя подлежит рассмотрению в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня ее регистрации. Мотивированный ответ о результатах рассмотрения жалобы направляется услугополучателю посредством почтовой связи либо выдается нарочно в канцелярии услугодателя.

      В случае несогласия с результатами оказанной государственной услуги услугополучатель может обратиться с жалобой в уполномоченный орган по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес уполномоченного органа по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг, подлежит рассмотрению в течение 15 (пятнадцати) рабочих дней со дня ее регистрации.

      12. В случаях несогласия с результатами оказанной государственной услуги, услугополучатель обращается в суд в установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

Глава 4. Иные требования с учетом особенностей оказания государственной услуги, в том числе оказываемой в электронной форме

      13. В помещениях услугодателя предусмотрены условия для обслуживания услугополучателей с ограниченными возможностями (пандусы и лифты).

      14. Адреса мест оказания государственной услуги размещены на интернет-ресурсе Министерства – www.miid.gov.kz, раздел "Государственные услуги" раздела "Комитет транспорта".

      15. Телефон Единого контакт-центра: 1414, 8 800 080 7777.

  Приложение 1
к стандарту государственной
услуги "Утверждение
маршрутов и расписания
движений регулярных городских
(сельских), пригородных и
внутрирайонных автомобильных
перевозок пассажиров и багажа"
  Форма

      Уведомление об утверждении маршрутов и расписания движений регулярных городских (сельских),
      пригородных и внутрирайонных автомобильных перевозок пассажиров и багажа №____

  от "___" __________ 20 ____ года

      ____________________________________________________________________
(услугополучатель)
Дата обращения "____" _______________ 20 ____ года

      Решение: ____________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
В случае возникновения вопросов просим обратиться в _____________________
(услугодатель)_________________________________________________________
фамилия, имя, отчество (при его наличии)
ответственного лица государственного органа
___________________ Место печати

      Подпись

  Приложение 2
к стандарту государственной услуги
"Утверждение маршрутов и расписания движений
регулярных городских (сельских),
пригородных и внутрирайонных
автомобильных перевозок
пассажиров и багажа"
  Форма
  В ________________________________
  (наименование регистрирующего органа)
  от _______________________________
  (фамилия, имя, отчество (при его наличии)
  или наименование юридического лица)
  Адрес:____________________________
  __________________________________
  № телефона _______________________

      Заявление на утверждение маршрутов и расписания движений регулярных городских (сельских),
      пригородных и внутрирайонных автомобильных перевозок пассажиров и багажа

      Прошу утвердить схему маршрута _______________________________________________________
(наименование маршрута) и расписание движений регулярных городских (сельских), пригородных и
внутрирайонных автомобильных перевозок пассажиров и багажа
(нужное подчеркнуть).

      Прилагается ______ листов.

      ______________________________________ ________________
      фамилия, имя, отчество (при его наличии) (подпись)

      Место печати (в случае наличия)

      * Не требуется наличие печати для юридических лиц, относящихся к субъектам частного предпринимательства.