"Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 669 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2019 жылғы 8 тамыздағы № ҚР ДСМ-110 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 9 тамызда № 19225 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 106 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 07.06.2023 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 95) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 669 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12106 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы
О. Абишев

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2019 жылғы 8 тамыздағы
№ ДСМ-110 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 17 тамыздағы
№ 669 бұйрығымен
бекітілген

Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) денсаулық сақтау субъектілерінің стационарды алмастыратын көмек көрсету тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) күндізгі стационар - халыққа стационарды алмастыратын көмекті денсаулық сақтау субъектілерінің базасында көрсету;

      2) стационарды алмастыратын көмек – медициналық бақылай отырып, дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған көмекті, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтерді қолдана отырып ұсыну нысаны;

      3) үйдегі стационар - халыққа стационарды алмастыратын көмекті үйде көрсету;

      4) бейінді маман – жоғары медициналық білімі, белгілі бір мамандық бойынша сертификаты бар медицина қызметкері.

      3. Стационарды алмастыратын көмекті медициналық қызметтің тиісті түрлеріне лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектілері көрсетеді.

      4. Күндізгі стационарлардағы стационарды алмастыратын көмекті амбулаториялық-емханалық, стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері, үйдегі стационарларды – амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері ұсынады.

      5. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде күндізгі стационар және үйдегі стационар жағдайында ұсынылатын стационарды алмастыратын көмек осы пациентті емдеу үшін қажетті зертханалық, аспаптық зерттеулердің нәтижелерімен және бейінді мамандардың консультацияларымен медициналық-санитариялық алғашқы көмек маманының немесе медициналық ұйымының жолдамасы бойынша ұсынылады. Шұғыл стационарды алмастыратын көмек – жолдаманың болу-болмауына қарамастан көрсетіледі.

      6. ТМККК тізбесіне кірмейтін стационарды алмастыратын көмек көрсету жөніндегі қызметтер ақылы негізде көрсетіледі.

      7. ТМККК шеңберінде стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде тамақтандыру көзделмеген.

2-тарау. Стационарды алмастыратын көмек көрсету тәртібі

      8. Жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкері күндізгі стационарда және үйдегі стационарда стационарды алмастыратын көмек көрсеткен кезде пациентті қарап-тексереді, жүргізіліп жатқан емді түзетеді, қажет болған кезде қосымша зертханалық, аспаптық зерттеулерді және бейінді мамандардың консультацияларын тағайындайды, зорлық-зомбылық фактілері және дене жарақаттары анықталған кезде емдеу-профилактикалық көмек көрсетеді, медициналық оңалту жүргізеді, жәбірленушілердің жүгіну фактілері және оларға көрсетілген медициналық көмек туралы ішкі істер органдарын хабардар етеді.

      9. Пациентке барлық қажетті ем-шараларды амбулаториялық-емханалық және стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкерлері тағайындайды.

      10. Тәулік бойы қадағалауды қажет ететін жағдайы нашарлаған кезде пациент дереу стационарға жатқызылады.

      11. Жағдайы жақсарған және стационарды алмастыратын көмекті қажет етпейтін терапияны жалғастыру қажет болған кезде пациент амбулаториялық емдеуге жіберіледі.

      12. Емдеу ұзақтығы пациент келіп түскен сәттен бастап:

      1) гемодиализде, химиялық және сәулелік терапияда, медициналық оңалту мен қалпына келтіру еміндегі пациенттерді қоспағанда, күндізгі стационарда 8 жұмыс күнінен аспайтын;

      2) үйдегі стационарда кемінде 3 жұмыс күнінен кем емес және жіті аурулар кезінде 5 жұмыс күнінен, созылмалы аурулары асқынған кезде 8 жұмыс күнінен аспайтын күнді құрайды.

      13. Тәулік бойы қадағалаумен медициналық көмек көрсету қажет болған кезде бірінші тәуліктері операциялық араласудан кейінгі хирургиялық аурулары, терапевтикалық аурулары бар пациенттерге шұғыл жай-күйді қадағалау үшін шұғыл емдеуге жатқызу кезінде күндізгі стационар жағдайларында медицина персоналының және экспресс зертхананың ауысым бойынша жұмысы жүзеге асырылады.

      14. Үш жасқа дейінгі балалар күндізгі стационарға оларға күтім жасауды тікелей жүзеге асыратын адамдармен бірге жатқызылады.

      15. Стационарды алмастыратын көмекті ұсыну үшін медициналық көрсетімдер мен қарсы көрсетімдер аурудың нозологиялық нысанымен, аурудың сатысымен және ауырлық дәрежесімен, негізгі ауруының асқынуларының және ілеспе патологиясының болуымен анықталады.

      16. Стационарды алмастыратын көмекті ұсыну үшін жалпы көрсетілімдер:

      1) тәуліктік стационардан кейін медициналық оңалтуды және қалпына келтіру емін жалғастыруды қажет ететін аурулар;

      2) стационарлық емделуден кейін медициналық оңалтуды және қалпына келтіру емін жалғастыруды қажет ететін аурулар;

      3) асқынулар кезінде күндізгі стационар жағдайларында болумен емделуді қажет ететін созылмалы аурулар болып табылады.

      17. Стационарды алмастыратын көмекті ұсыну үшін жалпы қарсы көрсетілімдер:

      1) осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, емдеу шараларын және медициналық қадағалауды тәулік бойы жүргізуді қажет ететін аурулар;

      2) эпидемиологиялық қауіп кезеңіндегі инфекциялық аурулар;

      3) "Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 367 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11512 болып тіркелген) сәйкес айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулар болып табылады.

      18. Стационарды алмастыратын медициналық көмек алу қажет болған кезде пациенттің күндізгі стационарға күн сайын келуіне кедергі келтіретін органдар функцияларының бұзылуы, сондай-ақ инфекциялық асқынулардың жоғары қаупімен ұштасқан және маусымдық вирустық аурулар кезеңінде оқшаулауды талап ететін балаларда тұрақты алмастыру ферментативті және бактерияға қарсы терапия алу үшін орфандық (сирек) аурулардың болуы пациентті үйдегі стационарда жүргізу үшін көрсетілімдер болып табылады.

      19. Төсектік режимді қажет ететін пациенттерге күндізгі стационар жағдайында медициналық көмек көрсетілмейді.

      20. Стационарды алмастыратын көмек тұрғын үй-тұрмыстық жағдайы қанағаттанарлықсыз болған кезде үйдегі стационар жағдайында көрсетілмейді.

      21. Стационарды алмастыратын көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектісі "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 907 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) сәйкес, оның ішінде ақпараттық жүйелерде медициналық құжаттаманы жүргізеді.

О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 17 августа 2015 года № 669 "Об утверждении Правил оказания стационарозамещающей помощи"

Приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 8 августа 2019 года № ҚР ДСМ-110. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 9 августа 2019 года № 19225. Утратил силу приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 7 июня 2023 года № 106.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра здравоохранения РК от 07.06.2023 № 106 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 95) пункта 1 статьи 7 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 17 августа 2015 года № 669 "Об утверждении Правил оказания стационарозамещающей помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 12106) следующее изменение:

      Правила оказания стационарозамещающей помощи, утвержденные указанным приказом изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту организации медицинской помощи Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его в электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Департамент юридической службы Министерства здравоохранения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2), 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра здравоохранения Республики Казахстан Актаеву Л. М.

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
Министра здравоохранения
Республики Казахстан
О. Абишев

  Приложение к приказу
исполняющего обязанности
Министра здравоохранения
Республики Казахстан
от 8 августа 2019 года № ҚР ДСМ-110
  Утверждены
приказом Министра здравоохранения
и социального развития
Республики Казахстан
от 17 августа 2015 года № 669

Правила оказания стационарозамещающей помощи

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила оказания стационарозамещающей помощи (далее - Правила) определяют порядок оказания стационарозамещающей помощи субъектами здравоохранения.

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) дневной стационар – оказание стационарозамещающей помощи населению на базе субъектов здравоохранения;

      2) стационарозамещающая помощь – форма предоставления доврачебной, квалифицированной, специализированной помощи, в том числе с применением высокотехнологичных медицинских услуг, с медицинским наблюдением;

      3) стационар на дому - оказание стационарозамещающей помощи населению на дому;

      4) профильный специалист – медицинский работник с высшим медицинским образованием, имеющий сертификат по определенной специальности.

      3. Стационарозамещающая помощь оказывается субъектами здравоохранения, имеющими лицензию на соответствующие виды медицинской деятельности.

      4. Стационарозамещающая помощь в дневных стационарах предоставляется субъектами здравоохранения, оказывающими амбулаторно-поликлиническую, стационарную помощь, в стационарах на дому - субъектами здравоохранения, оказывающими амбулаторно-поликлиническую помощь.

      5. Стационарозамещающая помощь в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи (далее - ГОБМП) предоставляется в условиях дневного стационара и стационара на дому по направлению специалиста первичной медико-санитарной помощи или медицинской организации с результатами лабораторных, инструментальных исследований и консультаций профильных специалистов, необходимых для лечения данного пациента. Экстренная стационарозамещаюшая помощь оказывается – вне зависимости от наличия направления.

      6. Услуги по оказанию стационарозамещающей помощи, не входящие в перечень ГОБМП, оказываются на платной основе.

      7. Питание при оказании стационарозамещающей помощи в рамках ГОБМП не предусмотрено.

Глава 2. Порядок оказания стационарозамещающей помощи

      8. Медицинский работник с высшим медицинским образованием при оказании стационарозамещающей помощи в дневном стационаре и стационаре на дому ежедневно осматривает пациента, корректирует проводимое лечение, при необходимости назначает дополнительные лабораторные, инструментальные исследования и консультации профильных специалистов, при обнаружении фактов насилия и телесных повреждений оказывает лечебно-профилактическую помощь, проводит медицинскую реабилитацию, извещает органы внутренних дел о фактах обращения потерпевших и оказания им медицинской помощи.

      9. Все необходимые пациенту процедуры назначаются медицинскими работниками с высшим медицинским образованием субъектов здравоохранения, оказывающих амбулаторно-поликлиническую и стационарную помощь.

      10. При ухудшении состояния, требующего круглосуточного наблюдения, пациент незамедлительно госпитализируется в стационар.

      11. При улучшении состояния и необходимости продолжения терапии, не требующей стационарозамещающей помощи, пациент направляется на амбулаторное лечение.

      12. Длительность лечения с момента поступления пациента составляет:

      1) в дневном стационаре не более 8 рабочих дней, за исключением пациентов, находящихся на гемодиализе, химио- и лучевой терапии, медицинской реабилитации и восстановительном лечении;

      2) в стационаре на дому не менее 3 рабочих дней и при острых заболеваниях не более 5 рабочих дней, при обострении хронических заболеваний не более 8 рабочих дней.

      13. При необходимости оказания медицинской помощи с круглосуточным наблюдением в первые сутки пациентам с хирургическим заболеванием после оперативного вмешательства, с терапевтическим заболеванием при экстренной госпитализации для купирования экстренного состояния, в условиях дневного стационара осуществляется посменная работа медицинского персонала и экспресс лаборатории.

      14. Дети до трех лет госпитализируются в дневной стационар совместно с лицами, непосредственно осуществляющим уход за ними.

      15. Медицинские показания и противопоказания для предоставления стационарозамещающей помощи определяются нозологической формой заболевания, стадией и степенью тяжести заболевания, наличием осложнений основного заболевания и сопутствующей патологией.

      16. Общими показаниями для предоставления стационарозамещающей помощи являются:

      1) заболевания, требующие продолжения лечебных мероприятий с медицинским наблюдением после выписки из круглосуточного стационара;

      2) заболевания, требующие продолжения медицинской реабилитации и восстановительного лечения после стационарного лечения;

      3) хронические заболевания во время обострений, требующие лечения с пребыванием в условиях дневного стационара.

      17. Общими противопоказаниями для предоставления стационарозамещающей помощи являются:

      1) заболевания, требующие круглосуточного проведения лечебных процедур и медицинского наблюдения, за исключением случаев указанных в пункте 15 настоящих Правил.

      2) инфекционные заболевания в период эпидемиологической опасности;

      3) заболевания, представляющие опасность для окружающих, в соответствии с приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 21 мая 2015 года № 367 "Об утверждении перечня социально значимых заболеваний и заболеваний, представляющих опасность для окружающих" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11512).

      18. Показаниями для ведения пациента в стационаре на дому являются нарушения функций органов, препятствующих ежедневному посещению дневного стационара пациентом при необходимости получения стационарозамещающей медицинской помощи, а также наличие орфанных (редких) заболеваний у детей, сопряженных с высоким риском инфекционных осложнений и требующих изоляции в период сезонных вирусных заболеваний, для получения регулярной заместительной ферментативной и антибактериальной терапии.

      19. Медицинская помощь не оказывается в условиях дневного стационара пациентам, нуждающимся в постельном режиме.

      20. Стационарозамещающая помощь не оказывается в условиях стационара на дому при неудовлетворительных жилищно-бытовых условиях.

      21. Субъект здравоохранения, оказывающий стационарозамещающую помощь ведет медицинскую документацию в соответствии с приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 21 декабря 2010 года № 907 "Об утверждении форм первичной медицинской документации организаций здравоохранения" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6697), в том числе в информационных системах.