ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
"Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңы 4-бабының 3-5) тармақшасына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңы 12-бабының 1-тармағының 1-1) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тауар биржаларының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
2. "Тауар биржаларының, биржалық брокерлердің және дилерлердің қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 171 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10259 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ішкі сауда департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Сұлтанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 31 бұйрығымен бекітілген |
Тауар биржаларының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.06.2022 № 273-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ р/с | Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды: | Біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар |
1 | "тауар биржасы" акционерлік қоғамы" атауын және қоғамның атауын қамтитын тауар биржасының фирмалық атауы | Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес тауар биржасының атауы туралы анық ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
2 | биржалық мәмілелер жасасу, сондай-ақ ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және ашу процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін және "Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын мiндеттi талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 141 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10695 болып тіркелген) белгілеген талаптарға сәйкес келетін тауар биржасының электрондық сауда жүйесі | Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес тауар биржасының электрондық сауда жүйесі туралы анық ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
3 | бірегей желілік мекенжайы және (немесе) домендік атауы бар және Интернетте жұмыс істеп тұрған, арнайы бөлімдерді (тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің тізбесі; биржалық сауда-саттықтар нәтижелері; биржалық тауарларға баға белгілеу; уәкілетті органға ұсынылатын есептік ақпарат) көздейтін және тауар биржасының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпаратты орналастыруын (мәтіндік, графикалық, аудиокөрінімді немесе өзге де түрдегі) қамтамасыз ететін тауар биржасының өз интернет-ресурсы | Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес интернет-ресурс туралы анық ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
4 | клирингтік қызмет процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін және "Тауар биржалары мәмілелері бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру қағидаларын және Тауар биржасы клирингтік орталығының аппараттық-бағдарламалық кешеніне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндет атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 729 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12605 болып тіркелген) белгілеген талаптарға сәйкес келетін аппараттық-бағдарламалық кешені бар тауар биржасының клирингтік орталығы | Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес клирингтік орталық туралы анық ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
5 | Қазақстан Республикасының Республикалық бюджет туралы заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш жүз мың еселенген мөлшерінен кем емес тек стандартталмаған тауарлардың сауда-саттығын ұйымдастыратын тауар биржасының жарғылық капиталы | Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес тауар биржасының жарғылық капиталы туралы анық ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
5-1 | Қазақстан Республикасының Республикалық бюджет туралы заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты жүз мың еселенген мөлшерінен кем емес биржалық тауарлардың сауда-саттығын ұйымдастыратын тауар биржасының жарғылық капиталы | Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес тауар биржасының жарғылық капиталы туралы анық ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
6 | білім деңгейіне (бірінші басшы үшін – жоғары білім, басшылық лауазымдарды атқармайтын жұмыскерлер үшін – жоғары және (немесе) орта білімнен кейінгі білім) және практикалық қызмет тәжірибесіне (бірінші басшы үшін – биржалық қызмет саласында және (немесе) қаржы ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде үш жыл) сәйкес келетін тауар биржасы жұмыскерлерінің білікті құрамы және экономикалық қызмет пен сыбайлас жемқорлық қылмыстар саласында қылмыстар жасағаны үшін алынбаған немесе жойылмаған соттылығының болмауы (бірінші басшы үшін) |
Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес тауар биржасының бірінші басшысы мен қызметкерлерінің білімі және жұмыс өтілі туралы анық ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны. |
7 | уәкілетті органмен келісілген (егер мұндай келісім міндетті болып табылса) және тауар биржасы бекіткен (қабылдаған) тауар биржасына қатысушылар қызметінің шарттары мен тәртібін, тауар биржасының, оның органдарының, құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын, қызметтер көрсету, оларға ақы төлеудің тәртібі мен мөлшерін, тауар биржасындағы коммерциялық құпияны, сондай-ақ тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелікті реттейтін тауар биржасының ішкі құжаттары | Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес тауар биржасының бекітілген ішкі құжаттары туралы анық ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
8 | тауар биржасының өз интернет-ресурсында "Биржа саудасының үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндет атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10993 болып тіркелген) бекітілген Биржалық сауданың үлгі қағидаларының талаптарына сәйкес келетін, тауар биржасы бекіткен (қабылдаған) Биржалық сауда қағидалары | Осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес тауар биржасының интернет-ресурсында Биржалық сауда қағидаларын орналастыру туралы анық ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
Тауар биржаларының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне қосымша |
Тауар биржаларының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.06.2022 № 273-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Фирмалық атауының болуы:
заңды тұлғаның толық атауы __________________________________.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 141 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10695 болып тіркелген) тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарға сәйкес келетін тауар биржасының электрондық сауда жүйесінің болуы расталады:
қабылдау-тапсыру актімен (қабылдау-тапсыру актісінің көшірмесімен қоса беру);
пайдалануға беру туралы актімен (пайдалануға беру туралы актісінің көшірмесімен қоса беру);
негізгі құралдардан үзінді-көшірмемен (үзінді көшірмесімен қоса беру) ;
техникалық тапсырмамен (техникалық тапсырманың көшірмесімен қоса беру).
Өз интернет-ресурсының болуы (интернет-ресурсқа меншік құқығын куәландыратын растайтын құжаттарды қоса беру):
бірегей желілік мекенжайы және (немесе) домендік атауы ________________;
Мынадай арнайы бөлімдердің болуы:
тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің тізбесі _________________;
биржалық сауда-саттық нәтижелері __________________________________;
биржалық тауарларға баға белгілеу __________________________________;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндет атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10993 болып тіркелген) Биржа саудасының үлгі қағидаларына (бұдан әрі – Биржа саудасының үлгі қағидалары) сәйкес уәкілетті органға ұсынылатын есептік ақпарат ______________________________.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 729 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12605 болып тіркелген) белгіленген клирингтік қызмет процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін және тауар биржасының клирингтік орталығының аппараттық-бағдарламалық кешеніне қойылатын талаптарға сәйкес келетін аппараттық-бағдарламалық кешені бар тауар биржасының клирингтік орталығының болуы клирингтік қызмет көрсету туралы жасалған шарттың нөмірі мен күні (клирингтік қызмет көрсету туралы жасалған шарттың көшірмесімен қоса беру):
клирингтік қызмет көрсету туралы жасалған шарттың нөмірі мен күні __________;
клирингтік ұйымның атауы ______________________________________________;
клирингтік ұйымның бизнес-сәйкестендіру нөмірі ___________________________;
клирингтік ұйымның тіркелген күні _______________________________________.
5. Тауар биржасының жарғылық капиталының болуы:
Стандартталмаған тауарлармен ғана сауда-саттықты ұйымдастыратын тауар биржасы үшін жарғылық капиталдың мөлшері (тауар биржасының арнайы банк шотынан көшірменің қоса берілген көшірмесімен расталады) ____________________________________________________________;
Тек биржалық тауарлармен сауда-саттықты ұйымдастыратын тауар биржасы үшін жарғылық капиталдың мөлшері (тауар биржасының арнайы банктік шотынан көшірменің қоса берілген көшірмесімен расталады) ____________________________________________________________.
6. Тауар биржасы жұмыскерлерінің білікті құрамының болуы:
1) Бірінші басшының:
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _____________________________;
Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық (бұйрықтың көшірмесімен қоса беру);
құрылтайшылардың тағайындау туралы шешімінің (Қатысушылардың жалпы жиналысының хаттамасы) (шешімнің көшірмесімен қоса беру) __________________;
атқаратын қызметі __________________________________.
Жоғары білімінің болуы:
жоғары оқу орнының атауы __________________________________;
мамандық атауы __________________________________;
біліктілік атауы __________________________________;
диплом нөмірі (диплом көшірмелерін қоса беру) _____________________________;
дипломның берілген күні __________________________________;
дипломды тану/нострификациялау туралы куәліктің берілген күні мен нөмірі (шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін, "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлерін қоспағанда) __________________________.
Тауар биржалары саласында және (немесе) қаржы ұйымдарында жұмыс өтілінің болуы (Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін қоса беру);
жалпы жұмыс өтілі _______________________________________________;
жұмыс орны _____________________________________________________;
жұмыс кезеңі ____________________________________________________;
лицензияның нөмірі мен қолданылу кезеңі (қаржы қызметі және (немесе) тауар биржалары саласындағы қызмет бойынша) _______________________;
атқаратын қызметтері __________________________________;
2) Штат кестесіне сәйкес тауар биржасының басшылық лауазымдарды атқармайтын жұмыскерлерінің:
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ________________________;
жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні _______________;
атқаратын қызметі __________________________________.
Жоғары және (немесе) орта білімнен кейінгі білімнің болуы:
жоғары және (немесе) орта білімнен кейінгі оқу орнының атауы ____________________________;
мамандық атауы ________________;
біліктілік атауы _________________;
диплом нөмірі (диплом көшірмелерін қоса беру) __________________;
дипломның берілген күні ________;
дипломды тану/нострификациялау туралы куәліктің берілген күні мен нөмірі (шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін, "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлерін қоспағанда) ____________________________.
7. Тізбесі тауар биржасында коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ететін, сауда-саттыққа қатысушылардың, олардың өкілдерінің немесе үшінші тұлғалардың жеке мүдделері үшін пайдалануға жол бермейтін шарттарды қамтитын Биржа саудасының үлгі қағидаларында белгіленген, тауар биржасының мынадай бекітілген (қабылданған) ішкі құжаттарының болуы:
1) Биржалық және (немесе) стандартталмаған тауарды сатуға (сатып алуға) өтінімнің нысаны мен мазмұны:
бекітілген күні мен нөмірі __________________________________________;
2) Тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелік регламенті және төрешілер тізілімі:
бекітілген күні мен нөмірі ___________________________________________;
3) Биржалық сауданы ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсету туралы үлгілік шарттың нысаны:
бекітілген күні мен нөмірі _________________________________________;
4) Тауар биржасы көрсететін қызметтердің тарифтері:
бекітілген күні мен нөмірі _________________________________________;
5) Биржалық және стандартталмаған тауарлардың кодтарын беру тәртібі:
бекітілген күні мен нөмірі ___________________________________________;
6) Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатындағы Ішкі бақылау қағидалары және оны жүзеге асыру бағдарламалары:
бекітілген күні мен нөмірі (қағидалардың көшірмелерімен қоса беру) _____________________________;
7) Тауар биржасының клирингтік орталығының аппараттық-бағдарламалық кешеніне қойылатын талаптар:
бекітілген күні мен нөмірі (талаптардың көшірмелерімен қоса беру) _____________________________.