"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының кәсіптік стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 30 қарашадағы № 689 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9022 болып тіркелді, "Казахстанская правда" газетінде 2014 жылғы 6 мамырда № 87 (27708) болып жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті (А.М. Сайытбеков) заңнамадан белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаментіне (А.М. Сайытбеков) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Е. Тургумбаев |