Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының кәсіптік стандарттарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 30 қарашадағы № 689 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 25 желтоқсанда № 9022 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 9 қыркүйектегі № 787 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 09.09.2019 № 787 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-5 бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мына:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Кинологиялық қызметтің қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Әкімшілік полицияның тіркеу-емтихан қызметінің қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметі;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Әкімшілік полицияның, мамандандырылған күзет қызметінің қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметі;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Көші-қон полициясының қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметі;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қылмыстық-атқару жүйесінің қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметі кәсіптік стандарттар бекітілсін.

      2. Кадр жұмысы департаменті (Ә.Ү. Әбдіғалиев) заңнамалық белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейін заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М.Ғ. Демеуовке және Кадр жұмысы департаментіне (Ә.Ү. Әбдіғалиев) жүктелсін;

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр


полиция генерал-лейтенанты

Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрі

      _____________ Т. Дүйсенова

      2013 жылғы "___" _______



  Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарының
кәсіптік стандарттарына
1-қосымша

"Кинологиялық қызметтің қоғамдық тәртіпті және қоғамдық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметі" кәсіптік
стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Кинологиялық қызметтің қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметі" кәсіптік стандарты (бұдан әрі – КС) "Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет" кәсіптік қызмет саласындағы біліктілік деңгейін, құзыретін, мазмұнын, сапасы және еңбек шарттары талаптарын анықтайды және:

      1) еңбек саласымен және кәсіби білім беру саласының өзара іс-қимыл жасасуын реттеуге;

      2) дайындау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта дайындау бағдарламаларын әзірлеу үшін талаптар регламенттеуге;

      3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде қызметкерлердің құзыретін бағалау үшін талаптар регламенттеуге арналған.

      2. КС-нің негізгі пайдаланушылары:

      1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;

      2) ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, ұйымдардың персоналын басқару бөліністерінің басшылары мен мамандары;

      3) білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;

      4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігінің сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады.

      3. КС негізінде біліктілік мінездемелер, лауазымдық нұсқаулықтар, кәсіптік сипаттамалар, үлгі оқу бағдарламалары, үлгі оқу жоспарлары, ұйымдардың корпоративтік стандарттары әзірленеді.

      4. Осы КС-да мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) біліктілік – еңбек қызметінің белгілі бір түрінің шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға қызметкердің әзірлігі;

      2) біліктілік деңгейі – қызметкердің құзыретіне еңбек әрекеттерінің күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілік және өзіндік параметрлері бойынша дифференциялантын талаптардың жиынтығы;

      3) еңбек заты – еңбектің белгілі бір құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-әрекеттері бағытталған зат;

      4) еңбек құралдары – еңбек затын бастапқы жағдайдан өнімге қайта өзгерту үшін қызметкердің пайдаланатын құралдары;

      5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функцияларының біртұтас жиынтығынан және оларды орындау үшін қажетті құзыреттерден құралған кәсіптік қызмет саласының құрамдас бөлігі;

      6) еңбек функциясы – еңбек процесінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-әрекеттердің жиынтығы;

      7) кәсіптік қызметтің саласы – ортақ интеграциялық негізі бар және оларды орындау үшін еңбек функциялары мен құзыреттердің ұқсас жиынтығын көздейтін саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы (ұқсастық немесе жақын белгілеу, нысандар, технологиялар, оның ішінде оларды орындау үшін еңбек құралы);

      8) кәсіптік стандарттың бірлігі – еңбек қызметінің осы түрі үшін тұтас, аяқталған, оған қатысты автономдық және мәнді болып табылатын нақты еңбек функциясының өрістетілген сипаттамасын қамтитын кәсіптік стандарттың құрылымдық элементі;

      9) мамандық – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде алынған арнайы теориялық білімдер мен практикалық дағдылардың кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;

      10) құзырет – еңбек қызметінде білімдерді, шеберлікті және тәжірибені қолдану қабілеті;

      11) лауазым – ұйымның ұйымдастырушылық-әкімшілік иерархиясы жүйесіндегі функционалдық орын;

      12) міндет – еңбектің нақты заттары мен құралдарын пайдалана отырып, еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-әрекеттердің жиынтығы;

      13) сала – олар үшін шығарылатын өнімнің, өндіріс технологиясының, негізгі қорлардың және жұмыс істеушілердің кәсіптік дағдыларының ортақтығы тән ұйымдардың жиынтығы;

      14) салалық біліктілік шеңбері – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

      15) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

      16) функционалдық карта – кәсіптік қызметтің қандай да бір саласының шеңберінде қызметтің белгілі бір түрінің қызметкері орындайтын еңбек функциялары мен міндеттердің құрылымдық сипаттамасы.

      5. Осы кәсіптік стандартта мынадай қысқартулар пайдаланылады:

      ҰБШ – Ұлттық біліктілік шеңбер;

      СБШ – Салалық біліктілік шеңбер;

      БТБА – Жұмыс және жұмыскерлер кәсібінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтама;

      МКЖ – ҚР МЖ 01-2005 Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік кәсіптер жіктеуіші;

      МКЖ – ҚР МЖ 03-2007 Экономикалық қызметі түрлерінің жалпы жіктеуіші;

      М – міндет;

      Ф – функция.

2. Кәсіптік стандарт паспорты

      6. Экономикалық қызметтің түрі (кәсіптік қызметтің саласы): 84.24 Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызмет. Кәсіптік қызметтің кіші саласы: кинологиялық қызметтің қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметі.

      7. Кәсіптік қызметтің кіші саласының негізгі мақсаты: қызметтік иттерді пайдалана отырып, қоғамдық тәртіпті сақтауды және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

      8. Еңбек қызметінің түрлері, мамандықтар, біліктілік деңгейлері осы КС-ға 1-қосымшада көрсетілген.

      9. КС талаптары осы саланың мына манандығына жатады: Қызметтік иттердің жетекшісі, инспектор-кинолог.

3. Еңбек қызметі (мамандықтар) түрлерінің карточкалары
1-параграф. Қызметтік иттердің жетекшісі

      10. Мамандықтар атауы: Қызметтік иттердің жетекшісі.

      11. СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 3.

      12. Лауазымдардың ықтимал атаулары: қызметтік иттердің жетекшісі.

      13. Орындайтын қызметтің жинақталған сипаттамасы: қызметтік иттерді ұстау және күтімі жағдайларын қамтамасыз ету, селекциялық жұмыс, иттерді іздестіру, іздеу, қарауылдық және патрульдік қызметке үйретуге қатысу.

      14. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланыс осы кәсіптік стандартқа 2-қосымшаның 1-кестесінде көрсетілген.

      15. Қызметтік иттердің жетекшісінің еңбек жағдайларына, қызметтік иттердің жетекшісі біліміне және жұмыс тәжірибесіне талаптар осы кәсіптік стандартқа 2-қосымшаның 2-кестесінде келтірілген.

      16. КС бірліктер тізбесі осы кәсіптік стандартқа 2-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген.

      17. Кәсіптік стандарттың бірліктерін сипаттайтын (функционалдық карта), қызметтік иттердің жетекшісі орындайтын еңбек әрекеттері, құзыретіне, шеберлігіне, дағдыларына талаптар және біліктілік деңгейі осы кәсіптік стандартқа 2-қосымшаның 4-кестесінде келтірілген.

2-параграф. "Инспектор-кинолог"

      18. Мамандықтар атауы: Инспектор-кинолог.

      19. СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 4.

      20. Лауазымдардың ықтимал атаулары: инспектор-кинолог (мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын еңбек шарты бойынша қызметшілер).

      21. Орындайтын қызметтің жинақталған сипаттамасы: иттерді іздестіру, іздеу, қарауылдық және патрульдік қызметке үйрету, одорологиялық зерттеулерге қатысу, қызметтік иттерді қарауылдық, жедел-қызметтік, патрульдік қызметте пайдалану, қызметтік иттерді ұстау және күтімі бойынша қызметтік жұмысты, қоғамдық тәртіпті сақтауда оларды пайдаланудың тиімділігін талдау.

      22. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланыс осы кәсіптік стандартқа 3-қосымшаның 1-кестесінде көрсетілген.

      23. Инспектор-кинологтың еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне талаптар осы КС-ға 3-қосымшаның 2-кестесінде келтірілген.

      24. КС-ның бірліктер тізбесі осы кәсіптік стандартқа 3-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген.

      25. Кәсіптік стандарттың бірліктерін сипаттайтын (функционалдық карта), инспектор-кинолог орындайтын еңбек әрекеттері, құзыретіне, шеберлігіне, дағдыларына талаптар және біліктілік деңгейі осы кәсіптік стандартқа 3-қосымшаның 4-кестесінде келтірілген.

4. Осы кәсіптік стандарттың негізінде берілетін
сертификаттардың түрлері

      26. Осы КС негізінде ұйымдармен сәйкес кәсіби даярлығын бағалау саласында және мамандардың біліктілікке сәйкестігін растайтын сертификаттар беріледі.

      27. Осы КС негізінде берілетін сертификаттар түрлері КС бірлігі тізбесіне сәйкес анықталады, сертификат алу үшін оларды меңгеру қажет, осы КС-ға 2-қосымшаның 3-кестесінде және 3-қосымшаның 2-кестесінде келтірілген.

5. КС-ны әзірлеушілер, келісу парағы, сараптама және тіркеу

      20. КС-ны әзірлеуші Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі болып табылады.

      21. КС келісу парағы осы КС кестесінде көрсетілген.

      Кесте

Келісу парағы

Ұйымның атауы

Келісу күні

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі





      22. Осы КС ___________________________________________ тіркелді

      тіркеу № _____________ болып кәсіптік стандарттардың тізілімдемесіне КС енгізілді.

      Хат (хаттама) № ___________ Күні ______________________________

  "Кинологиялық қызметтің қоғамдық
тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету жөніндегі қызметі"
кәсіптік стандартына
1-қосымша

Еңбек қызметінің түрлері, мамандықтар,
біліктілік деңгейлері

№ р/с

Еңбек қызметі түрінің атауы

Еңбек нарығының үрдісін ескере отырып, мамандықтың атауы

Қазақстан Республикасының 01-2005 кәсіптер жіктеуішіне сәйкес мамандықтың атауы

СБШ біліктілік деңгейі

1.

Қызметтік иттердің күтімі мен қоғамдық тәртіпті сақтауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үйрету

Қызметтік иттердің жетекшісі

5163 Қызметтік иттердің жетекшісі (жолбасшы)

3

2.

Қоғамдық тәртіпті сақтауда және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қызметтік иттерді пайдалану

Инспектор-кинолог

3151 Инспектор-қызметтік иттердің жолбасшысы (патрульдік-іздестіру итінің жетекшісі)

4

  "Кинологиялық қызметтің қоғамдық
тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету жөніндегі қызметі"
кәсіптік стандартына
2-қосымша

1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланыс

Қазақстан Республикасының мемлекеттік кәсіптер жіктеуіші (ҚР МЖ 01-2005)

Базалық топ

5163 Алдыңғы топтарда ескерілмеген, азаматтар мен мүлікті қорғауды жүзеге асыратын қызметтердің басқа қызметкерлері

Жұмысшылардың жұмыстары мен мамандықтарының бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (БТБА)

Шығарылым, БТБА бөлімі

1-шығарылым

БТБА бойынша мамандық

Қызметтік иттердің жолбасшысы (жетекшісі)

СБШ біліктілік деңгейі

БТБА бойынша разрядтар

3

4-5

2-кесте. Еңбек жағдайларына, білімге және жұмыс тәжірибесіне
талаптар

Мамандық бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Ішкі істер органдарының аумақтық бөліністері

Еңбектің зиян және қауіпті жағдайлары

Иттердің ықтимал қабуы, құқық бұзушылықтардың жолын кесу кезінде дене және қарулы қарсылық, ретсіз ауысымдық жұмыс

Жұмысқа рұқсаттың ерекше жағдайлары

Иттерге аллергияның жоқтығы

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіптік білім және оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

3

Кәсіпорынның базасында қысқа мерзімді курстар, жалпы орта білім

-

3-кесте. Кәсіптік стандарт бірліктерінің
(еңбек функцияларының) тізбесі

Еңбек функциясының №

Еңбек функциясының (кәсіптік стандарт бірлігінің) атауы

1

Қызметтік иттерді ұстау және күтімі жағдайларын қамтамасыз ету

2

Селекциялық жұмыс

3

Иттерді іздестіру, іздеу, қарауылдық және патрульдік қызметке үйретуге қатысу, одорологиялық зерттеулерге қатысу.

4-кесте. Кәсіптік стандарт бірліктерінің сипаттамасы
(функциялық карта)

Еңбек функциясының №

Міндеттер (еңбек әрекеттері)

Жеке және кәсіптік құзыреттер

Шеберлік және дағдылар

Білім

СБШ деңгейі

1. Қызметтік иттерді ұстау және күтім жағдайларын қамтамасыз ету

1-1) Иттерді ұстаудың санитарлық-гигиеналық жағдайларын қамтамасыз ету

Бекітілген аумақты өз бетінше және уақтылы тазалау, иттерге арналған ыдысты жуу. Бекітілген аумақта тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету және санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау үшін жауапкершілік.

Иттермен жұмыс істеу кезінде қағидалар мен нормаларды, қауіпсіздік шараларын сақтау. Санитарлық-техникалық мүкәммалды ақаусыз күйде ұстау.

Иттердің ыдысына, ұстау және серуендеу орындарына санитарлық-гигиеналық талаптар. Жуу және зарарсыздандыру құралдарын пайдалану және концентрациясы. Санитарлық-техникалық жабдықты пайдалану қағидалары. Ішкі еңбек тәртібінің қағидалары. Еңбекті қорғау, өртке қарсы қауіпсіздік, өндірістік санитария нормалары мен қағидалары.

3

1-2) Тамақ дайындау, иттерді тамақтандыру режимін сақтау

Тамақ дайындау сапасы, иттерді тамақтандыру режимін сақтау үшін жауапкершілік

Тамақ дайындау және иттерді уақтылы тамақтандыру. Иттермен жұмыс істеу кезінде қағидалар мен нормаларды, қауіпсіздік шараларын сақтау.

Тамақ дайындау нормалары мен қағидалары және қызметтік иттерді тамақтандыру режимі

3

1-3) Қызметтік иттердің күтімі және серуендету

Иттердің күтімі мен серуендету режимін сақтау үшін жауапкершілік

Жарақтар мен күтім құралдарын пайдалану. Иттерді серуендетуді өткізу.

Иттердің күтімі мен серуендетуге талаптар

3

1-4) Иттерге ветеринарлық-санитарлық қызмет көрсету

Иттердің мінез-құлқы мен денесінің жай-күйін өз бетінше көзбен қарау. Ветеринарлық маманның нұсқаулықтары мен нұсқауларын уақтылы орындау үшін жауапкершілік.

Қарау және иттердің ауруларының белгілерін айқындау. Иттерге және олардың тістеуінен зардап шеккен адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсету.

Иттердің мінез-құлқының ерекшеліктері. Иттердің ең көп таралған аурулары, туындау себептері мен ауру симптомдары.

3

2. Селекциялық жұмыс

2-1) Тұқым қуалау бойынша берілетін қасиеттерді молықтыру, сақтау, бекіту және жақсарту мақсатында селекциялық жұмыстарды жоспарлау.

Қойылған міндеттерді орындау, селекциялық қызметтің нәтижелері үшін жауапкершілік. Кинологиялық бөліністе селекциялық қызметті ұйымдастыру бойынша іс-шараларды дербес жоспарлау. Өндірушілерді іріктеудегі күрделілік.

Асыл тұқымды иттерді таңдау және өсіру әдістері

Селекциялық жұмыстардың түрлері.

Асыл тұқымдық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша құжаттаманы ресімдеу тәртібі.

3

2-2 Иттердің шағылысуын ұйымдастыру

Өндіруші иттерді іріктеудегі дербестік. Шағылысу жағдайларын ұйымдастыру үшін жауапкершілік.

Иттердің шағылысуға әзірлігін айқындау. Иттермен жұмыс кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау.

Иттерді өсіру тәсілдері. Шағылысу кезіндегі иттердің мінез-құлқының ерекшеліктері.

3

2-3 Күшіктерді өсіру, іріктеу, актілеу, кинологиялық қызметке жарамсыздарын іріктеп шығару. Өсірілген иттерді үйрету, селекциялық жұмыс үшін беру.

Күшіктерді іріктеудегі және жарамсыздарын шығарудағы дербестік. Күшіктерді өсіру жағдайлары, бағалау үшін жауапкершілік.

Күшіктерді өсіру, іріктеп алу, жарамсыздарын шығару және актілеу.

Иттерді ұстау, өсіру, үйрету жағдайлары. Күшіктерді актілеуді жүргізу немесе жарамсыздарын шығару, құжаттаманы ресімдеу тәртібі. Тұқымдық қызметте кинологиялық қызметті реттейтін нұсқаулықтар, тәлімдемелер.

4

3. Иттерді іздестіру, іздеу, қарауылдық және патрульдік қызметке, одорологиялық зерттеулерге қатысуға үйрету.

3-1 Иттерді іріктеу және қызметтік жұмыстың бағыттары бойынша бөлу.

Иттерді қызметтік жұмыста оңтайлы пайдалануды айқындаудағы дербестік және жауапкершілік.

Иттердің психотиптерін, мінез-құлық реакцияларын зерттеу. Иттердің экстерьерлік, қызметтік қасиеттерін бағалау, тұқымын, жасын, денсаулығын, дене бітімінің дамуын, психотипін ескере отырып, қызметтік жұмыстың бейіні бойынша бөлу.

Иттердің тұқымдары және оларды пайдалану. Иттердің анатомиясы, физиологиясы, мінез-құлқы мен дамуының ерекшеліктері. Иттердің кең тараған аурулары, туындау себептері мен симптомдары. Иттерді қызметтік жұмыстың барлық түрлеріне үйрету әдістемелері.

4

3-2 Қызметтік жұмыстың бейіні бойынша иттерді үйрету: а) іздестіру; б) іздеу (есірткі заттары, жарылғыш заттар, қару және оқ-дәрі); в) одорологиялық зерттеулер жүргізу; г) қарауылдық, патрульдік.

Иттерді үйрету бойынша дербес сабақтар жүргізу, басшылықпен топ құрамында немесе нұсқаушы ретінде. Үйрету нәтижелері үшін жауапкершілік.

Иттерді жалпы үйрету курсына және қызметтік даярлықтың бейіні бойынша үйрету. Иттерге арналған жарақ (амуниция) қолдану. Қабудан зардап шеккен иттер мен адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсету.

Иттерді үйрету (жаттықтыру) жоспарлары мен мақсаттары. Иттерді үйретудің жалпы және арнайы курстары. Иттерді шынайы жағдайларда пайдаланудың әдістері мен амалдары. Иттерді үйретудегі (жаттықтырудағы) қателіктер. Ескерту және қателіктерді түзету шаралары. Иттерді үйрету кезінде қолданылатын арнайы құралдармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы. Иттердің кең тараған аурулары, туындау себептері мен симптомдары.

4




З-3 Қызметтік міндеттерді орындау мақсатында жұмыс қасиеттерін ұстап тұру үшін иттерді жаттықтыру

Дербес те, нұсқаушының басшылығымен де итпен жаттығу сабақтарын жоспарлау және өткізу. Жаттығу процесінің нәтижелері мен өткізу сапасы үшін жауапкершілік.

Иттермен сабақтар өткізу үшін иттерді пайдаланудың шынайы жағдайларына барынша жақындатылған орын мен уақытты таңдау. Иттің иісшілдігі мен дене бітімін дамыту үшін жаттығуларды және күрделі жаттығуларды таңдап алу. Иттердің оңтайлы жүйке-психикалық және дене жағдайын ұстап тұру. Қабудан зардап шеккен иттер мен адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсету.




4

3-4 Иттерді қызметтік жұмысқа ұйымдастыруды және үйретуді талдау

Үйрету (жаттығу) сабақтарының нәтижелерін талдаудағы дербестік. Иттерді үйретуді уақтылы түзеу үшін жауапкершілік.

Иттерді үйрету процесі мен нәтижелеріне талдау жасау. Талдау нәтижелерін ресімдеу.

Құжаттаманы (журналдар, күнделіктер, баянаттар) ресімдеу және жүргізу жөніндегі қағидалар мен нұсқаулықтар. Өзін-өзі талдау әдістері.

3

  Кинологиялық қызметтің қоғамдық
тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету жөніндегі қызметі"
кәсіптік стандартына
3-қосымша

1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланыс

Қазақстан Республикасының мемлекеттік кәсіптер жіктеуіші (ҚР МЖ 01-2005)

Базалық топ

3151 Құрылыс және өрт инспекторлары

2-кесте. Еңбек жағдайларына, білімге және жұмыс тәжірибесіне
талаптар

Мамандық бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Ішкі істер органдарының аумақтық бөліністері (мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын еңбек шарты бойынша қызметшілер)

Еңбектің зиян және қауіпті жағдайлары

Иттердің ықтимал қабуы, құқық бұзушылықтардың жолын кесу кезінде дене және қарулы қарсылық, ретсіз ауысымдық жұмыс

Жұмысқа рұқсаттың ерекше жағдайлары

Иттерге аллергияның жоқтығы

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіптік білім және оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

4

Техникалық және кәсіптік білім

СБШ 3 деңгейінде 1 жыл

3-кесте. Кәсіптік стандарт бірліктерінің
(еңбек функцияларының) тізбесі

Еңбек функциясының №

Еңбек функциясының (кәсіптік стандарт бірлігінің) атауы

1

Иттерді іздестіру, іздеу, қарауылдық және патрульдік қызметке үйретуге қатысу, одорологиялық зерттеулерге қатысу.

2

Қызметтік иттерді қарауылдық, патрульдік, жедел-іздестіру қызметінде пайдалану

3

Қызметтік иттерді ұстау және күтімі, оларды қоғамдық тәртіпті сақтауда пайдаланудың тиімділігі бойынша қызметтік жұмысты талдау

4-кесте. Кәсіптік стандарт бірліктерінің сипаттамасы
(функциялық карта)

Еңбек функциясының №

Міндеттер (еңбек әрекеттері)

Жеке және кәсіптік құзыреттер

Шеберлік және дағдылар

Білім

СБШ деңгейі

1. Иттерді іздестіру, іздеу, қарауылдық және патрульдік қызметке, одорологиялық зерттеулерге қатысуға үйрету.

1-1) Иттерді іріктеу және қызметтік жұмыстың бағыттары бойынша бөлу.

Иттерді қызметтік жұмыста оңтайлы пайдалануды айқындаудағы дербестік және жауапкершілік.

Иттердің психотиптерін, мінез-құлық реакцияларын зерттеу. Иттердің экстерьерлік, қызметтік қасиеттерін бағалау, тұқымын, жасын, денсаулығын, дене бітімінің дамуын, психотипін ескере отырып, қызметтік жұмыстың бейіні бойынша бөлу.

Иттердің тұқымдары және оларды пайдалану. Иттердің анатомиясы, физиологиясы, мінез-құлқы мен дамуының ерекшеліктері. Иттердің кең тараған аурулары, туындау себептері мен симптомдары. Иттерді қызметтік жұмыстың барлық түрлеріне үйрету әдістемелері.

4




1-2) Қызметтік жұмыстың бейіні бойынша иттерді үйрету: а) іздестіру; б) іздеу (есірткі заттары, жарылғыш заттар, қару және оқ-дәрі); в) одорологиялық зерттеулер жүргізу; г) қарауылдық, патрульдік.

Иттерді үйрету бойынша дербес сабақтар жүргізу, басшылықпен топ құрамында немесе нұсқаушы ретінде. Үйрету нәтижелері үшін жауапкершілік.

Иттерді жалпы үйрету курсына және қызметтік даярлықтың бейіні бойынша үйрету. Иттерге арналған жарақ (амуниция) қолдану. Қабудан зардап шеккен иттер мен адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсету.

Иттерді үйрету (жаттықтыру) жоспарлары мен мақсаттары. Иттерді үйретудің жалпы және арнайы курстары. Иттерді шынайы жағдайларда пайдаланудың әдістері мен амалдары. Иттерді үйретудегі (жаттықтырудағы) қателіктер. Ескерту және қателіктерді түзету шаралары. Иттерді үйрету кезінде қолданылатын арнайы құралдармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы. Иттердің кең тараған аурулары, туындау себептері мен симптомдары.

4




1-3) Қызметтік міндеттерді орындау мақсатында жұмыс қасиеттерін ұстап тұру үшін иттерді жаттықтыру

Дербес те, нұсқаушының басшылығымен де итпен жаттығу сабақтарын жоспарлау және өткізу. Жаттығу процесінің нәтижелері мен өткізу сапасы үшін жауапкершілік.

Иттермен сабақтар өткізу үшін иттерді пайдаланудың шынайы жағдайларына барынша жақындатылған орын мен уақытты таңдау. Иттің иісшілдігі мен дене бітімін дамыту үшін жаттығуларды және күрделі жаттығуларды таңдап алу. Иттердің оңтайлы жүйке-психикалық және дене жағдайын ұстап тұру. Қабудан зардап шеккен иттер мен адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсету.




4




1-4) Иттерді қызметтік жұмысқа ұйымдастыруды және үйретуді талдау

Үйрету (жаттығу) сабақтарының нәтижелерін талдаудағы дербестік. Иттерді үйретуді уақтылы түзеу үшін жауапкершілік.

Иттерді үйрету процесі мен нәтижелеріне талдау жасау. Талдау нәтижелерін ресімдеу.

Құжаттаманы (журналдар, күнделіктер, баянаттар) ресімдеу және жүргізу жөніндегі қағидалар мен нұсқаулықтар. Өзін-өзі талдау әдістері.

4

2. Қызметтік иттерді қарауылдық, патрульдік, жедел-іздестіру қызметінде пайдалану.

2-1) Қызметтік иттерді пайдалана отырып, қоғамдық тәртіпті сақтау

Қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі қызметтік иттерді дербес пайдалану. Қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі шынайы жағдайларда қызметтік иттерді пайдаланудың тиімділігі үшін жауапкершілік. Кезекшілік кезінде қызметтік иттердің белсенді дене жағдайын ұстап тұрудың күрделілігі.

Қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі міндеттерді орындау кезінде қызметтік итті басқару. Шынайы жағдайларда қызметтік иттерді пайдаланудың әдістемелік ұсынымдары мен тактикалық амалдарын қолдану. Қабудан зардап шеккен иттер мен адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсету. Қоғамдық тәртіпті сақтауда қызметтік иттерді пайдалануды құжаттандыру.

Қызметтік иттерді пайдалануды реттейтін нормативтік құқықтық актілер. Бекітілген иттің мінез-құлық ерекшеліктері, дене және психикалық мүмкіндіктері, даярлық деңгейі. Иттермен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы. Иттердің кең тараған аурулары, туындау себептері мен симптомдары.

4

2-2) Иісі бойынша заттарды, адамдарды іздестіру

Оқиға орнында қызметтік итті пайдаланудың тактикалық амалдарын таңдаудағы дербестік. Қызметтік міндетті жедел орындау үшін жауапкершілік. Ұзақ уақыт өткендіктен және оқиға орнында іздердің көп болуынан бастапқы ізді анықтаудың күрделілігі.

Иіс бойынша жұмыс істеу уақытында қызметтік итті басқару. Оқиға орнында іздестіру иттерін әдістемелік ұсынымдар мен тактикалық амалдарға сәйкес пайдалану. Қабудан зардап шеккен иттер мен адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсету. Қызметтік иттерді иіс бойынша іздестіруде пайдалануды құжаттандыру.

Қызметтік иттермен жұмыс істеу кезіндегі басқару амалдары және қауіпсіздік техникасы. Иіс бойынша заттарды, адамдарды іздестіруде қызметтік иттерді пайдалану әдістемесі және тактикасы. Заттарды, адамдарды иіс бойынша іздестіруге ауа райы жағдайларының әсерін есепке алу. Қабудан зардап шеккен иттер мен адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері.

4

2-3) Есірткі заттарын іздеу

Оқиға орнын қарауда және иттерді пайдалану тактикасын таңдаудағы дербестік. Қызметтік міндеттерді жедел орындау үшін жауапкершілік.

Есірткі заттарын іздеу жұмысы уақытында қызметтік итті басқару. Іздеу уақытында әдістемелік ұсынымдар мен тактикалық амалдарды қолдану. Есірткі заттарын іздеуде қызметтік иттерді пайдалануды құжаттандыру.

Қызметтік иттермен жұмыс істеу кезіндегі басқару амалдары және қауіпсіздік техникасы. Қызметтік иттер іздеуге бағытталған есірткі заттарының ерекшелік белгілері мен қасиеттері.

4

2-4) Жарылғыш заттарды, қаруды, оқ-дәрілерді іздеу

Оқиға орнын қараудағы дербестік. Өз қауіпсіздігі және иттің қауіпсіздігі үшін жауапкершілік.

Жарылғыш заттарды, қаруды, оқ-дәрілерді іздеу уақытында қызметтік итті басқару. Іздеу әдістемесін және жарылғыш заттарды, қаруды, оқ-дәрілерді табуға үйретілген иттерді пайдаланудың тактикалық амалдарын қолдану. Жарылғыш заттарды, қаруды, оқ-дәрілерді іздеу бойынша қызметтік иттерді қолдануды құжаттандыру.

Іс-әрекеттер қағидаты, қызметтік иттер іздеуге бағытталған жарылғыш заттардың ерекшелік белгілері мен қасиеттері. Қабудан зардап шеккен иттер мен адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері.

4

2-5) Одорологиялық зерттеулерге қатысу

Одорологиялық зерттеулерді жүргізу кезінде иттерді пайдаланудағы дербестік. Қызметтік иттерді биодетекторлар ретінде пайдаланудың нәтижелері үшін жауапкершілік. Иттерді жұмыс қалпында ұстаудағы күрделілік.

Одорологиялық зерттеулер жүргізу уақытында қызметтік иттерді пайдалану және басқару. Қызметтік иттердің жұмысын құжаттандыру.

Иіс іздерін табу, бекіту, алу әдістері мен тәсілдері. Одорологиялық зерттеудерді ұйымдастыру. Одорологиялық зерттеулерге қатысу үшін қызметтік иттердің үйретілуіне талаптар.

4

2-6) Айдауылдау

Қызметтік итті басқарудағы дербестік. Иттің дене бітімінің жай-күйі, оның дайындығы үшін жауапкершілік. Жоғары белгісіздік жағдайларында – құқық бұзушыларды, қылмыскерлерді ұстау және басқа кездерде қызметтік итті пайдаланудағы күрделілік.

Айдауылдау уақытында қызметтік иттерді басқару. Қашқан, белсенді қарсылық көрсеткен, шабуыл жасаған адамдарды ұстау кезінде қызметтік иттерді пайдалану. Барлық оқиғаларды құжаттандыру. Қабудан зардап шеккен иттер мен адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсету.

Қызметтік иттерді басқару әдістері. Қорғау-қарауылдық қызметті өткеру кезінде иттерді пайдалану амалдары. Алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері.

4

2-7) Патрульдеу

Қоғамдық тәртіпті сақтау уақытында қызметтік иттерді пайдаланудағы дербестік. Құқық бұзушылықтардың, қылмыстардың жолын кесу уақытында қызметтік иттерді пайдалану кезінде азаматтардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілік. Патрульдеу уақытында қызметтік иттерді жұмыс қалпында, психикалық және дене белсенділігінде ұстаудың күрделілігі.

Патрульдеу уақытында қызметтік иттерді басқару. Қоғамдық тәртіпті бұзушыларды ұстау кезінде қызметтік иттерді пайдалану. Барлық оқиғаларды құжаттандыру. Қабудан зардап шеккен иттер мен адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсету.

Қызметтік иттермен жұмыс кезінде басқару амалдары мен қауіпсіздік техникасы. Қорғау-қарауылдық қызмет өткеру кезінде иттерді пайдалану амалдары. Арнайы құралдарды қолдануды регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер. Алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері.

4

3. Қызметтік итерді ұстау және күтімі бойынша қызметтік жұмысты, қоғамдық тәртіпті сақтауда оларды пайдаланудың тиімділігін талдау

3-1) Иттерді қызметтік мақсаттарда пайдаланудың тиімділігі мен нәтижелілігін талдау

Қызметтік иттерді ұстау және қоғамдық тәртіпті сақтауда пайдалану жөніндегі қызметтік жұмыстың нәтижелерін дербес талдау. Қызметтік иттерді пайдаланудың тиімділігі үшін жауапкершілік.

Иттерді күнделікті үйретуді, жаттықтыруды күн сайын есепке алу, қоғамдық тәртіпті сақтаудың шынайы жағдайларында оларды пайдалану бойынша құжаттаманы ресімдеу. Иттердің дене жай-күйі, жаттықтырылуын бағалау. Иттерді үйретудегі (жаттықтырудағы), қоғамдық тәртіпті сақтауда пайдаланудағы қателіктерді, олқылықтарды айқындау және түзету.

Қызметтік жұмыстың құжаттамасын жүргізу жөніндегі қағидалар мен нұсқаулықтар. Қызметтік иттерді ұстау және күтімі жөніндегі қызметтік жұмысты жүйелі талдау. Қызметтік иттерді құқық қорғау қызметінде пайдаланудың әдістемесі мен тактикасы.

4

3-2) Өзіндік қызметті (инспектор-кинологтың) талдау және түзету

Қызметтік иттерді ұстау және құқық қорғау қызметінде пайдалану жөніндегі өзіндік іс-әрекеттерге дербес талдау жүргізу. Өзінің кәсіби шеберлігін, өзіндік білімін арттыру үшін жауапкершілік.

Өзіндік іс-әрекеттерді талдау, бағалау. Өз қызметіндегі қиындықтарды айқындау. Қиындықтарды жеңудің тәсілдерін әзірлеу.

Жүйелік талдаудың әдістері. Өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі бақылау, өзіндік білім алу, өзін-өзі жетілдіру әдістері.

4

  Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарының
кәсіптік стандарттарына
2-қосымша

"Әкімшілік полицияның тіркеу-емтихан қызметінің қоғамдық
тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі
қызметі" кәсіптік стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Әкімшілік полицияның тіркеу-емтихан қызметінің қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметі" кәсіптік стандарты (бұдан әрі – КС) "Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет" кәсіптік қызмет саласындағы біліктілік деңгейін, құзыретін, мазмұнын, сапасы және еңбек шарттары талаптарын анықтайды және мыналарға арналған:

      1) еңбек саласымен және кәсіби білім беру саласының өзара іс-қимыл жасасуын реттеуге;

      2) дайындау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта дайындау бағдарламаларын әзірлеу үшін талаптар регламенттеуге;

      3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде қызметкерлердің құзыретін бағалау үшін талаптар регламенттеуге арналған.

      2. КС-нің негізгі пайдаланушылары:

      1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;

      2) ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, ұйымдардың персоналын басқару бөліністерінің басшылары мен мамандары;

      3) білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;

      4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігінің сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады.

      3. КС негізінде біліктілік мінездемелер, лауазымдық нұсқаулықтар, кәсіптік сипаттамалар, үлгі оқу бағдарламалары, үлгі оқу жоспарлары, ұйымдардың корпоративтік стандарттары әзірленеді.

      4. Осы КС-да мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) біліктілік – еңбек қызметінің белгілі бір түрінің шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға қызметкердің әзірлігі;

      2) біліктілік деңгейі – қызметкердің құзыретіне еңбек әрекеттерінің күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілік және өзіндік параметрлері бойынша дифференциялантын талаптардың жиынтығы;

      3) еңбек заты – еңбектің белгілі бір құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-әрекеттері бағытталған зат;

      4) еңбек құралдары – еңбек затын бастапқы жағдайдан өнімге қайта өзгерту үшін қызметкердің пайдаланатын құралдары;

      5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функцияларының біртұтас жиынтығынан және оларды орындау үшін қажетті құзыреттерден құралған кәсіптік қызмет саласының құрамдас бөлігі;

      6) еңбек функциясы – еңбек процесінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-әрекеттердің жиынтығы;

      7) кәсіптік қызметтің саласы – ортақ интеграциялық негізі бар және оларды орындау үшін еңбек функциялары мен құзыреттердің ұқсас жиынтығын көздейтін саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы (ұқсастық немесе жақын белгілеу, нысандар, технологиялар, оның ішінде оларды орындау үшін еңбек құралы);

      8) кәсіптік стандарттың бірлігі – еңбек қызметінің осы түрі үшін тұтас, аяқталған, оған қатысты автономдық және мәнді болып табылатын нақты еңбек функциясының өрістетілген сипаттамасын қамтитын кәсіптік стандарттың құрылымдық элементі;

      9) мамандық – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде алынған арнайы теориялық білімдер мен практикалық дағдылардың кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;

      10) құзырет – еңбек қызметінде білімдерді, шеберлікті және тәжірибені қолдану қабілеті;

      11) лауазым – ұйымның ұйымдастырушылық-әкімшілік иерархиясы жүйесіндегі функционалдық орын;

      12) міндет – еңбектің нақты заттары мен құралдарын пайдалана отырып, еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-әрекеттердің жиынтығы;

      13) сала – олар үшін шығарылатын өнімнің, өндіріс технологиясының, негізгі қорлардың және жұмыс істеушілердің кәсіптік дағдыларының ортақтығы тән ұйымдардың жиынтығы;

      14) салалық біліктілік шеңбері – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

      15) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

      16) функционалдық карта– кәсіптік қызметтің қандай да бір саласының шеңберінде қызметтің белгілі бір түрінің қызметкері орындайтын еңбек функциялары мен міндеттердің құрылымдық сипаттамасы;

      17) көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу – көлік құралдарының жол жүрісіне қатысуына рұқсат етілгенін растайтын тиісті құжаттарды бере отырып, көлік құралдарын есепке қою, шығару, мемлекеттік нөмірлік тіркеу белгілерін беру жөніндегі Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары бөліністерінің қызметі;

      18) мемлекеттік нөмірлік тіркеу белгісі – уәкілетті органның деректер базасында тіркелген және тіркеу құжатында көрсетілген көлік құралында орнатылған реттік сәйкестендіру нөмірі;

      19) агрегат – көлік құралының қозғалтқышы немесе шанағы.

      5. Осы кәсіптік стандартта мынадай қысқартулар пайдаланылады:

      ҰБШ – Ұлттық біліктілік шеңбер;

      СБШ – Салалық біліктілік шеңбер;

      БТБА – Жұмыс және жұмыскерлер кәсібінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтама;

      МКЖ – ҚР МЖ 01-2005 Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік кәсіптер жіктеуіші;

      МКЖ – ҚР МЖ 03-2007 Экономикалық қызметі түрлерінің жалпы жіктеуіші;

      М – міндет;

      Ф – функция;

      КҚ – көлік құралы;

      МНТБ – мемлекеттік нөмірлік тіркеу белгісі;

      КҚТК – көлік құралын тіркеу куәлігі.

2. Кәсіптік стандарт паспорты

      6. Экономикалық қызметтің түрі (кәсіптік қызметтің саласы): 84.24 Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызмет. Кәсіптік қызметтің кіші саласы: әкімшілік полицияның тіркеу-емтихан қызметінің қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметі.

      7. Кәсіптік қызметтің кіші саласының негізгі мақсаты: көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу, есепке алу және көлік құралдарын басқару құқығына куәліктер беру жөніндегі жұмыстарды белгіленген мерзімдерде сапалы орындауды қамтамасыз ету.

      8. Еңбек қызметінің түрлері, мамандықтар, біліктілік деңгейлері осы КС-ға 1-қосымшада көрсетілген.

      9. КС талаптары осы саланың мына манандығына жатады: Тіркеу-емтихан қызметінің инспекторы.

3. Еңбек қызметі (мамандықтар) түрлерінің карточкасы
1-параграф. Тіркеу-емтихан қызметінің инспекторы

      10. Мамандықтар атауы: Тіркеу-емтихан қызметінің инспекторы.

      11. СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 4.

      12. Лауазымдардың ықтимал атаулары: тіркеу-емтихан қызметінің инспекторы (мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын еңбек шарты бойынша қызметшілер).

      13. Орындайтын қызметтің жинақталған сипаттамасы: емтихандарды ұйымдастыру және өткізу (теориялық, практикалық компоненттер), жүргізуші куәліктерін беру, көлік құралдарын есепке қою және есептен шығару, тіркеу-емтихан қызметін талдау және жетілдіру.

      14. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланыс осы кәсіптік стандартқа 2-қосымшаның 1-кестесінде көрсетілген.

      15. Тіркеу-емтихан қызметінің инспекторының еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне талаптар осы кәсіптік стандартқа 2-қосымшаның 2-кестесінде келтірілген.

      16. Кәсіптік стандарттың бірліктер тізбесі осы кәсіптік стандартқа 2-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген.

      17. Кәсіптік стандарттың бірліктерін сипаттайтын (функциялық карта), тіркеу-емтихан қызметінің инспекторы орындайтын еңбек әрекеттері, құзыретіне, шеберлігіне, дағдыларына талаптар және біліктілік деңгейі осы кәсіптік стандартқа 2-қосымшаның 4-кестесінде келтірілген.

4. Осы кәсіптік стандарттың негізінде берілетін
сертификаттардың түрлері

      18. Осы КС негізінде ұйымдармен сәйкес кәсіби даярлығын бағалау саласында және мамандардың біліктілікке сәйкестігін растайтын сертификаттар беріледі.

      19. Осы КС негізінде берілетін сертификаттар түрлері КС бірлігі тізбесіне сәйкес анықталады, сертификат алу үшін оларды меңгеру қажет, осы КС-ға 2-қосымшаның 3-кестесінде келтірілген.

5. КС-ны әзірлеушілер, келісу парағы, сараптама және тіркеу

      20. КС-ны әзірлеуші Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі болып табылады.

      21. КС келісу парағы осы КС кестесінде көрсетілген.

      Кесте

Келісу парағы

Ұйымның атауы

Келісу күні

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі





      22. Осы КС ___________________________________________ тіркелді

      тіркеу № ________________________ болып кәсіптік стандарттардың тізілімдемесіне КС енгізілді.

      Хат (хаттама) № ___________ Күні ____________________________________

  "Әкімшілік полицияның тіркеу-емтихан
қызметінің қоғамдық тәртіпті және
қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
жөніндегі қызметі" кәсіптік стандартына
1-қосымша

Еңбек қызметінің түрлері, мамандықтар,
біліктілік деңгейлері

р/с

Еңбек қызметі түрінің атауы

Еңбек нарығының үрдісін ескере отырып, мамандықтың атауы

Қазақстан Республикасының 01-2005 кәсіптер жіктеуішіне сәйкес мамандықтың атауы

СБШ білікті-лік деңгейі

1.

Емтихан өткізу, көлік құралдарын басқару құқығына куәліктер ресімдеу және беру, көлік құралдарын тіркеу

Тіркеу-емтихан қызметінің инспекторы

3152 Жол инспекторы 3152 Қауіпсіздік, көлік құралдарының сапасы жөніндегі инспектор

4

  "Әкімшілік полицияның тіркеу-емтихан
қызметінің қоғамдық тәртіпті және
қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
жөніндегі қызметі" кәсіптік стандартына
2-қосымша

1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланыс

Қазақстан Республикасының мемлекеттік кәсіптер жіктеуіші (ҚР МЖ 01-2005)

Базалық топ

3152 Қауіпсіздік, сапа (көлік құралдары, өндірістік процестер және өнім) жөніндегі инспектор

2-кесте. Еңбек жағдайларына, білімге және жұмыс
тәжірибесіне талаптар

Мамандық бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Ішкі істер органдарының құрылымдық бөліністері (мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын еңбек шарты бойынша қызметшілер)

Еңбектің зиян және қауіпті жағдайлары

-

Жұмысқа рұқсаттың ерекше жағдайлары

-

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіптік білім және оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

4

Техникалық және кәсіптік

-

3-кесте. Кәсіптік стандарт бірліктерінің
(еңбек функцияларының) тізбесі

Еңбек функциясының №

Еңбек функциясының (кәсіптік стандарт бірлігінің) атауы

1

Жұмыстарды жоспарлау, ақпараттық, нормативтік қамтамасыз ету және жұмыс орнын техникалық дайындау

2

Емтихандарды ұйымдастыру және өткізу (теориялық, практикалық компоненттер), жүргізуші куәліктерін беру

3

Көлік құралдарын есепке қою және есептен шығару

4

Тіркеу-емтихан қызметін талдау және жетілдіру

4-кесте. Кәсіптік стандарт бірліктерінің сипаттамасы
(функциялық карта)

Еңбек функциясының №

Міндеттер (еңбек әрекеттері)

Жеке және кәсіптік құзыреттер

Шеберлік және дағдылар

Білім

СБШ деңгейі

1. Даярлық: Жұмыстарды жоспарлау, ақпараттық, нормативтік қамтамасыз ету және жұмыс орнын техникалық дайындау

1-1) Тіркеу-емтихан қызметін техникалық қамтамасыз ету

Тіркеу-емтихан іс-шараларын іске асыру үшін талап етілетін жабдықтың, материалдардың, қарау алаңдары мен үй-жайлардың көлемін, санын, техникалық сипаттамаларын айқындаудағы дербестік. Техникалық құралдардың ақаусыздығы мен сенімді жұмыс істеуі үшін жауапкершілік.

Түрлері бойынша техникалық құралдар мен материалдардың қажеттілігін есептеу. Техникалық құралдардың жұмыс қабілеттілігін және пайдаланылатын материалдардың жарамдылығын айқындау. Компьютерлік және ұйымдық техникамен жұмыс істеу дағдыларын білу.

Тіркеу-емтихан қызметі жұмысының моделі және негізгі процестері. Техникалық құралдар мен материалдардың түрлері мен негізгі сипаттамалары. КҚ жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алудың қағидалары (ІІМ-нің 2010 жылғы 26 наурыздағы № 90 бұйрығы). Емтихандар қабылдау және КҚ жекелеген түрлерін басқару құқығына куәліктер беру қағидалары (ІІМ-нің 2010 жылғы 26 наурыздағы № 90 бұйрығы).

4

1-2) Тіркеу-емтихан қызметін ақпараттық қамтамасыз ету (ақпараттық жүйелер, деректер базалары, техникалық құралдарды қарау жөніндегі сарапшылар туралы ақпарат)

Ақпараттық жүйелер мен деректер базаларына енуді ұйымдастырудағы, мәтіндерді құрастыру және тіркеу-емтихан іс-шараларының қатысушыларына хабарлаудағы дербестік. Қызметтік ақпаратты пайдалану кезіндегі құпиялылық үшін жауапкершілік.

Мәтіндерге талдау жасау және ресімдеу. Компьютерлік бағдарламалармен, ақпараттық жүйелермен, деректер базаларымен және ұйымдық техникамен жұмыс дағдыларын білу.

"ҚР АШМ тіркейтін КҚ қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік нөмірлік тіркеу белгілерін беру" мемлекеттік қызметінің стандарты (ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1672 қаулысы). Тіркеу-емтихан қызметінде пайдаланылатын құжаттардың түрлері. Құжаттарды, емтихан материалдарын толтыруға талаптар. Ақпараттық қауіпсіздік қағидалары.

4

1-3) Тіркеу-емтихан қызметін нормативтік қамтамасыз ету (жоспарларды, жұмыс кестелерін әзірлеу)

Нормативтік құжаттарды өзектендірудегі, жоспарларды, кестелерді әзірлеудегі және ресімдеудегі дербестік. Пайдаланылатын нормативтік құжаттардың өзектілігі үшін жауапкершілік.

Нормативтік құжаттарды өзектендіру. Жоспарларды, кестелерді әзірлеу және ресімдеу.

Нормативтік құжаттардың тізбесі және мазмұны. Жоспарларды, кестелерді, ақпараттық хабарламаларды құрастырудың қағидалары мен талаптары.

4

2. Негізгі: Емтихандарды ұйымдастыру және өткізу (теориялық, практикалық компоненттер), жүргізуші куәліктерін беру

2-1) Жол жүрісі ережелерін қамтамасыз ету тұрғысынан емтихандар ұйымдастыру

Үміткерлердің шеберлігі мен білімдерін бағалаудағы және оларды тіркеудегі дербестік. Үміткерлердің шеберлігі мен білімдерін бағалаудың объективтілігі үшін жауапкершілік.

Емтихан комиссиясының құрамын қалыптастыру, жүргізушілікке үміткерлердің құжаттарын бағалау, Емтихан рәсімі мен нәтижелері бойынша құжаттаманы ресімдеу.

Жол жүрісі ережелері, емтихан қабылдау әдістемесі, емтихан нәтижелерін ресімдеуге арналған құжаттаманың түрлері мен тізбесі

4

2-2) Жүргізуші куәліктерін дайындауды және беруді қамтамасыз ету

Жүргізуші куәліктерін дайындауды және беруді қамтамасыз етудегі дербестік. Жүргізуші куәліктерін дұрыс ресімдеу және уақтылы беру үшін жауапкершілік

Жүргізуші куәліктерін дайындау үшін құжаттар ресімдеу. Дайындалған жүргізуші куәліктеріндегі ақпараттың дұрыстығын бағалау.

Жүргізуші куәлігін беруге құжаттар тізбесі.

4

2-3) Емтихан тапсыра алмаған адамдарға ұсынымдар ресімдеу, консультациялау

Емтихан тапсыра алмаған адамдарды консультациялаудағы, олар үшін ұсынымдар толтырудағы дербестік. Емтихан тапсырушылардың шеберлігі мен білімдерін бағалаудың риясыздығы, қосымша дайындалу және емтиханды қайта тапсыру туралы хабарлаудың толықтығы үшін жауапкершілік.

Ұсынымдар ресімдеу, емтихан тапсырушыларды ақпараттандыру

Қосымша дайындық шарттары, қайта емтихан тапсыру тәртібі

4

3. Негізгі: көлік құралдарын есепке қою және есептен шығару

3-1) Көлік құралдарын қарауды, агрегаттардың нөмірлерін бекітуді, сәйкестендіруді ұйымдастыру

Көлік құралын көзбен қараудағы және тиісті құжаттарды толтырудағы дербестік. Конструкцияның қауіпсіздігі, агрегат нөмірлерінің тіркелетін көлік құралының есептік деректеріне сәйкестігі үшін жауапкершілік.

Агрегат нөмірлерінің есептік деректерге сәйкестігін бағалау. Жасырылған, жалған немесе өзгертілген агрегаттардың нөмірлері мен нөмірлік белгілерді анықтау.

Конструкциялардың қауіпсіздігі және түсті-графикалық сызбаларды, тану белгілерін, жазуларды, көлік құралдарының арнайы жарық және дыбыстық сигналдарын орналастыру талаптары. агрегаттардың нөмірлері мен нөмірлік белгілердің түпнұсқалық критерийлері.

4

3-2) Көлік құралдары меншік иелерінің (жеке, заңды тұлғалар) құжаттарын қолда бар барлық базалар бойынша тексеру

Сұрау салуларды орындаудағы, қызметтік деректер базаларына мәліметтер енгізудегі дербестік. Мәліметтердің деректер базаларына сәйкес келуі, ақпараттық жүйелердің мәліметтерін пайдаланудағы құпиялылық, ақпараттық қауіпсіздік үшін жауапкершілік.

Берілген рұқсат құқықтарының шегінде ақпараттық жүйелердің автоматтандырылған жұмыс орнында мәліметтерді іздеуді, сұрау салуды және енгізуді жүзеге асыру. Айдап әкетілген және ұрланған автокөлікті уәкілетті органның деректер базасында және автоматтандырылған ақпараттық іздеу жүйесінің көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктер базасында тексеру.

Іздестірудегілердің тізімінде көлік құралдары мен иелерінің жоқтығы туралы мемлекетаралық және республикалық базаларына сұрау салуларды орындау қағидалары. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары жол және арнайы полициясының бөліністерінде МНТБ, жүргізуші куәліктерін және КҚТК қабылдау, есепке алу, сақтау және шығыстау туралы нұсқаулық (ІІМ-нің 2010 жылғы 22 наурыздағы № 78 бұйрығы)

4

3-3) Көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктерді (КҚТК) және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерді (МТНБ) дайындауды және беруді қамтамасыз ету

Құжаттарды, КҚТК, МТНБ дайындауға, беруге тапсырысты ресімдеудегі дербестік. Мәліметтердің дұрыстығы, КҚТК, МНТБ дайындау сапасы және уақтылы беру үшін жауапкершілік.

КҚТК, МТНБ дайындау үшін ақпараттық жүйеде мәліметтер ресімдеу. КҚТК, МТНБ дұрыстығы мен дайындау сапасын бағалау.

Мәліметтердің толтырылуына, дайындалған КҚТК, МТНБ сапасына талаптар. КҚТК, МТНБ тіркеу, беру қағидалары.

4

4. Қорытынды: Тіркеу-емтихан қызметін талдау және жетілдіру

4-1) Көлік құралдарын есепке қою, есептен шығару рәсімдерін және емтихандардың ұйымдастырылуын талдау

Көлік құралдарын есепке қою, есептен шығару рәсімдеріндегі және емтихандарды ұйымдастырудағы қиыншылықтарды бағалаудағы, бекітудегі дербестік. Қиындықтарды уақтылы анықтау және бекіту үшін жауапкершілік.

Автокөлік құралдарын тіркеудің, қайта тіркеудің және тіркеу нөмірлік белгілерін берудің шынайы процестерін мемлекеттік қызмет стандартына, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу және есепке қою, емтихандар қабылдау және куәліктер беру қағидаларына сәйкестігін бағалау. Қызметтегі қиыншылықтарды айқындау және бекіту.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі стандарттардың, көлік құралдарын тіркеу және есепке алу, емтихандар қабылдау және куәліктер беру қағидаларының мазмұны. Тіркеу-емтихан қызметін ұйымдастырудағы қиындықтардың типтік түрлері.

4

4-2) Тіркеу-емтихан қызметін жақсарту бойынша ұсынымдар әзірлеу

Ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеудегі дербестік. Ұсыныстар мен ұсынымдардың тиімділігі үшін жауапкершілік.

Тіркеу-емтихан қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу, ресімдеу, келісу

Тіркеу-емтихан қызметінің моделі мен негізгі процестері. Ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеуге және ресімдеуге талаптар..

4

  Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарының
кәсіптік стандарттарына
3-қосымша

"Әкімшілік полицияның, мамандандырылған күзет қызметінің
қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету жөніндегі қызметі" кәсіптік стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Әкімшілік полицияның, мамандандырылған күзет қызметінің қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметі" кәсіптік стандарты (бұдан әрі – КС) "Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет" кәсіптік қызмет саласындағы біліктілік деңгейін, құзыретін, мазмұнын, сапасы және еңбек шарттары талаптарын анықтайды және мыналарға арналған:

      1) еңбек саласымен және кәсіби білім беру саласының өзара іс-қимыл жасасуын реттеуге;

      2) дайындау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта дайындау бағдарламаларын әзірлеу үшін талаптар регламенттеуге;

      3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде қызметкерлердің құзыретін бағалау үшін талаптар регламенттеуге арналған.

      2. КС-нің негізгі пайдаланушылары:

      1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;

      2) ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, ұйымдардың персоналын басқару бөліністерінің басшылары мен мамандары;

      3) білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;

      4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігінің сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады.

      3. КС негізінде біліктілік мінездемелер, лауазымдық нұсқаулықтар, кәсіптік сипаттамалар, үлгі оқу бағдарламалары, үлгі оқу жоспарлары, ұйымдардың корпоративтік стандарттары әзірленеді.

      4. Осы КС-да мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) біліктілік – еңбек қызметінің белгілі бір түрінің шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға қызметкердің әзірлігі;

      2) біліктілік деңгейі – қызметкердің құзыретіне еңбек әрекеттерінің күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілік және өзіндік параметрлері бойынша дифференциялантын талаптардың жиынтығы;

      3) еңбек заты – еңбектің белгілі бір құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-әрекеттері бағытталған зат;

      4) еңбек құралдары – еңбек затын бастапқы жағдайдан өнімге қайта өзгерту үшін қызметкердің пайдаланатын құралдары;

      5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функцияларының біртұтас жиынтығынан және оларды орындау үшін қажетті құзыреттерден құралған кәсіптік қызмет саласының құрамдас бөлігі;

      6) еңбек функциясы – еңбек процесінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-әрекеттердің жиынтығы;

      7) кәсіптік қызметтің саласы – ортақ интеграциялық негізі бар және оларды орындау үшін еңбек функциялары мен құзыреттердің ұқсас жиынтығын көздейтін саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы (ұқсастық немесе жақын белгілеу, нысандар, технологиялар, оның ішінде оларды орындау үшін еңбек құралы);

      8) кәсіптік стандарттың бірлігі – еңбек қызметінің осы түрі үшін тұтас, аяқталған, оған қатысты автономдық және мәнді болып табылатын нақты еңбек функциясының өрістетілген сипаттамасын қамтитын кәсіптік стандарттың құрылымдық элементі;

      9) мамандық – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде алынған арнайы теориялық білімдер мен практикалық дағдылардың кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;

      10) құзырет – еңбек қызметінде білімдерді, шеберлікті және тәжірибені қолдану қабілеті;

      11) лауазым – ұйымның ұйымдастырушылық-әкімшілік иерархиясы жүйесіндегі функционалдық орын;

      12) міндет – еңбектің нақты заттары мен құралдарын пайдалана отырып, еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-әрекеттердің жиынтығы;

      13) сала – олар үшін шығарылатын өнімнің, өндіріс технологиясының, негізгі қорлардың және жұмыс істеушілердің кәсіптік дағдыларының ортақтығы тән ұйымдардың жиынтығы;

      14) салалық біліктілік шеңбері – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

      15) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

      16) функционалдық карта – кәсіптік қызметтің қандай да бір саласының шеңберінде қызметтің белгілі бір түрінің қызметкері орындайтын еңбек функциялары мен міндеттердің құрылымдық сипаттамасы.

      5. Осы кәсіптік стандартта мынадай қысқартулар пайдаланылады:

      ҰБШ – Ұлттық біліктілік шеңбер;

      СБШ – Салалық біліктілік шеңбер;

      БТБА – Жұмыс және жұмыскерлер кәсібінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтама;

      МКЖ – ҚР МЖ 01-2005 Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік кәсіптер жіктеуіші;

      МКЖ – ҚР МЖ 03-2007 Экономикалық қызметі түрлерінің жалпы жіктеуіші;

      М – міндет;

      Ф – функция.

2. Кәсіптік стандарт паспорты

      6. Экономикалық қызметтің түрі (кәсіптік қызметтің саласы): 84.24 Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызмет.Кәсіптік қызметтің кіші саласы: әкімшілік полицияның мамандандырылған күзет қызметінің қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметі.

      7. Кәсіптік қызметтің кіші саласының негізгі мақсаты: қоғамдық тәртіпті сақтауды және мемлекеттік күзетуге жататын объектілерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

      8. Еңбек қызметінің түрлері, мамандықтар, біліктілік деңгейлері осы КС-ға 1-қосымшада көрсетілген.

      9. КС талаптары осы саланың мына манандығына жатады: мамандандырылған күзет қызметінің бөлімше командирі, мамандандырылған күзет қызметінің жасақ бастығы.

Еңбек қызметі (мамандықтар) түрлерінің карточкалары
1-параграф. "Мамандандырылған күзет қызметінің бөлімше
командирі"

      10. Мамандықтар атауы:Мамандандырылған күзет қызметінің бөлімше командирі.

      11. СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 5.

      12. Лауазымдардың ықтимал атаулары: мамандандырылған күзет қызметінің бөлімше командирі (мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын еңбек шарты бойынша қызметшілер).

      13. Орындайтын қызметтің жинақталған сипаттамасы: дайындықты ұйымдастыру және мемлекеттік маңызы бар объектілерді күзету.

      14. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланыс осы кәсіптік стандартқа 2-қосымшаның 1-кестесінде көрсетілген.

      15. Мамандандырылған күзет қызметінің бөлімше командирінің еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне талаптар осы кәсіптік стандартқа 2-қосымшаның 2-кестесінде келтірілген.

      16. Кәсіптік стандарттың бірліктер тізбесі осы кәсіптік стандартқа 2-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген.

      17. Кәсіптік стандарттың бірліктерін сипаттайтын (функциялық карта), мамандандырылған күзет қызметінің бөлімше командирі орындайтын еңбек әрекеттері, құзыретіне, шеберлігіне, дағдыларына талаптар және біліктілік деңгейі осы кәсіптік стандартқа 2-қосымшаның 4-кестесінде келтірілген.

2-параграф. "Мамандандырылған күзет қызметінің жасақ бастығы"

      18. Мамандықтар атауы:Мамандандырылған күзет қызметінің жасақ бастығы.

      19. СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 6.

      20. Лауазымдардың ықтимал атаулары: мамандандырылған күзет қызметінің жасақ командирі (мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын еңбек шарты бойынша қызметшілер).

      21. Орындайтын қызметтің жинақталған сипаттамасы: мемлекеттік объектілердің қауіпсіздігі мен күзетін жоспарлау және ұйымдастыру, күзет қызметін талдау және жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу.

      22. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланыс осы кәсіптік стандартқа 3-қосымшаның 1-кестесінде көрсетілген.

      23. Мамандандырылған күзет қызметінің жасақ бастығының еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне талаптар осы кәсіптік стандартқа 3-қосымшаның 2-кестесінде келтірілген.

      24. Кәсіптік стандарттың бірліктер тізбесі осы кәсіптік стандартқа 3-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген.

      25. Кәсіптік стандарттың бірліктерін сипаттайтын (функциялық карта), мамандандырылған күзет қызметінің жасақ командирі орындайтын еңбек әрекеттері, құзыретіне, шеберлігіне, дағдыларына талаптар және біліктілік деңгейі осы кәсіптік стандартқа 3-қосымшаның 4-кестесінде келтірілген.

4. Осы кәсіптік стандарттың негізінде берілетін
сертификаттардың түрлері

      26. Осы КС негізінде ұйымдармен сәйкес кәсіби даярлығын бағалау саласында және мамандардың біліктілікке сәйкестігін растайтын сертификаттар беріледі.

      27. Осы КС негізінде берілетін сертификаттар түрлері КС бірлігі тізбесіне сәйкес анықталады, сертификат алу үшін оларды меңгеру қажет, осы КС-ға 2-қосымшаның 3-кестесінде және 3-қосымшаның 2-кестесінде келтірілген.

5. КС-ны әзірлеушілер, келісу парағы, сараптама және тіркеу

      20. КС-ны әзірлеуші Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі болып табылады.

      21. КС келісу парағы осы КС кестесінде көрсетілген.

      Кесте

Келісу парағы

Ұйымның атауы

Келісу күні

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі





      22. Осы КС ___________________________________________ тіркелді

      тіркеу № ________________________ болып кәсіптік стандарттардың тізілімдемесіне КС енгізілді.

      Хат (хаттама) № ___________ Күні ______________________________

  "Әкімшілік полицияның, мамандандырылған
күзет қызметінің қоғамдық тәртіпті және
қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
жөніндегі қызметі" кәсіптік стандартына
1-қосымша

Еңбек қызметінің түрлері, мамандықтар,
біліктілік деңгейлері

р/с

Еңбек қызметі түрінің атауы

Еңбек нарығының үрдісін ескере отырып, мамандықтың атауы

Қазақстан Республикасының 01-2005 кәсіптер жіктеуішіне сәйкес мамандықтың атауы

СБШ біліктілік деңгейі

1.

Қоғамдық тәртіпті сақтауды және мемлекеттік күзетуге жататын объектілерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Мамандандырылған күзет қызметінің бөлімше командирі

1229 Жасақ командирі

1229 Взвод

5

2.

Қоғамдық тәртіпті сақтауды және мемлекеттік күзетуге жататын объектілерде қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастыру

Мамандандырылған күзет қызметінің жасақ командирі

1229 Күзет (объект, учаске) бастығы

1229 Команда (ведомстволық, әскерилендірілген) бастығы

1229 Қарауыл (әскерилендірілген күзет) бастығы

6

  "Әкімшілік полицияның, мамандандырылған
күзет қызметінің қоғамдық тәртіпті және
қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
жөніндегі қызметі" кәсіптік стандартына
2-қосымша

1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланыс

Қазақстан Республикасының мемлекеттік кәсіптер жіктеуіші (ҚР МЖ 01-2005)

Базалық топ

1229 Мамандандырылған (өндірістік-пайдалану) бөліністердің (қызмет) басшылары, басқа топтарға кірмегендер

2-кесте. Еңбек жағдайларына, білімге және жұмыс тәжірибесіне
талаптар

Мамандық бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Ішкі істер органдарының құрылымдық бөліністері (мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын еңбек шарты бойынша қызметшілер)

Еңбектің зиян және қауіпті жағдайлары

Адамдардың құқық бұзушылықтарының жолын кесу кезінде олардың ықтимал дене және қарулы қарсылықтары

Жұмысқа рұқсаттың ерекше жағдайлары

Саптық қызметке жарамдылық

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіптік білім және оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

5

Техникалық және кәсіптік білім

3 жыл

Жоғары кәсіптік білім

1 жыл

3-кесте. Кәсіптік стандарт бірліктерінің
(еңбек функцияларының) тізбесі

Еңбек функциясының №

Еңбек функциясының (кәсіптік стандарт бірлігінің) атауы

1

Мемлекеттік маңызы бар объектілерді күзетуге дайындау

2

Мемлекеттік маңызы бар объектілерді күзету

3

Мемлекеттік маңызы бар объектілерді күзетуге беру

4-кесте. Кәсіптік стандарт бірліктерінің сипаттамасы
(функциялық карта)

Еңбек функциясының №

Міндеттер (еңбек әрекеттері)

Жеке және кәсіптік құзыреттер

Шеберлік және дағдылар

Білім

СБШ деңгейі

1. Даярлық: мемлекеттік маңызы бар объектілерді күзетуге дайындау

1.1 Күзетілетін объектілердің ерекшеліктерін (технологиялық режимдерді, басқару пульттерінің, жарылғыш заттардың тұрған орындарын) зерделеу, оларды пайдалануды түсіну

Объектілердің карталарын, жоспар-сызбаларын өз бетінше зерделеу. Күзетілетін объектілердің жоспар-сызбаларын толық және дұрыс түсіну, пайдалану үшін жауапкершілік.

Объектілердің карталарын, жоспар-сызбаларын оқып шығу, пайдалану

Күзетілетін объектелердің типтері, жіктелуі. Жоспар-сызбалардағы, карталардағы шартты белгілер. Өрт қауіпті, улайтын және жарылғыш заттардың типтері мен түрлері.

5

1. 2 Кәсіби шеберлік пен дағдыларды қосымша дайындау, жаттықтыру (дене шынықтыру, ақпараттық- техникалық, жауынгерлік)

Объектілерді күзетудің, қарудың, байланыс құралдарының материалдық бөлігін зерделеуде өзіндік даярлық. Дене шынықтыру даярлығы. Кәсіптік даярлықтың нормативтерін игеру үшін жауапкершілік.

Дене бітімін, психологиялық тұрақтылықты ұстап тұру. Қазіргі заманғы байланыс, сигнализация, бейнебақылау, мониторинг құралдарын пайдалануды, ату дағдыларын игеру.

Дене шынықтыру даярлығы бойынша жаттығулар кешені. Қазіргі заманғы техникалық құралдарды пайдалану қағидалары. Қарудың тактикалық-техникалық сипаттамалары.

5

1.3 Қарудың, экипировканың, бейнебақылау, сигнализация, өрт сөндіру құралдарының әзірлігін және жұмыс істеу қабілетін тексеру

Байланыс құралдарын, қару мен экипировканы тексерудегі дербестік. Қаруды ұстау кезінде сақталуы мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жауапкершілік

Байланыс құралдарының, қару-жарақтың, бейнебақылау, сигнализация, өрт сөндіру құралдарының жұмыс істеу қабілетін бағалау

Қаруды, байланыс құралдарын ұстау қағидалары. Өрт сөндіру құралдарын пайдалану қағидалары.

5

1.4 Объектіні күзетке қабылдау

Қызметті өткеру кезінде жоғарылатылған өзін-өзін ұйымдастыру, қызметті адал өткеру үшін жауапкершілік.

Күзетке қабылданатын объектінің жай-күйін бақылау және бағалау

Объектінің жоспар-сызбасы, картасы, жоғары қауіптілік және жауапкершілік элементтері мен орындары

5

2. Негізгі: Мемлекеттік маңызы бар объектілерді күзету

2.1 Нормативтік талаптарға сәйкес объектілердің жай-күйін және жұмыс істеуін бақылау

Объектінің ағымдағы жай-күйін бағалаудағы дербестік. Объектінің жұмыс істеуіндегі ауытқуларды, бұзылуларды уақтылы табу үшін жауапкершілік.

Берілген бағдар бойынша орын ауыстыру. Күзетілетін объектінің жай-күйін бақылау және бағалау

Объектінің жұмыс істеуіндегі ауытқулар мен бұзылулардың түрлері. Объектіні күзету, өткізу және объектішілік режимдер жөніндегі бұйрықтардың, нұқаулықтардың, басшылықтардың талаптары.

5

2.2 Объектілер жұмысының технологиялық режимдері бұзылуының алдын алу және жедел жолын кесу бойынша шаралар қабылдау

Технологиялық режимдердің бұзылуы мен ауытқуларының белгілерін айқындаудағы дербестік. Объектілер жұмысының технологиялық режимдерінің бұзылуын болдырмау бойынша уақтылы шаралар қабылдау үшін жауапкершілік.

Бұзылулар туралы жедел хабарлау. Бұзылулардың алдын алу және жедел жолын кесу құралдарын пайдалану.

Технологиялық режимдердің бұзылу түрлері. Хабарлау тәсілдері. Бұзылулардың алдын алу және жедел жолын кесу құралдарының түрлері және мақсаты.

5

2.3 Өрт шығуының алдын алу және жедел жолын кесу бойынша шаралар қабылдау

Өртті сөндірудің жедел шараларын қабылдаудағы дербестік. Өртті сөндіру және объектіге зиян келтіруді болдырмау кезінде әрекеттердің жеделдігі үшін жауапкершілік.

Басшыға, орталық басқару пунктіне хабарлау. Өрт сөндіру құралдарын қолдану және пайдалану.

Жедел хабарлау, сигнализация тәсілдері және құралдары. Өрт сөндіру құралдарының, өрт гидранттарының орналасқан орындары.

5

2.4 Дүлей зілзалалар зардаптарын болдырмау бойынша шаралар қабылдау

Зардаптарды жоюдағы дербестік. Зілзалалардың зардаптарын жою кезінде іс-әрекеттер үшін жауапкершілік.

Басшыға, орталық басқару пунктіне хабарлау. Зілзаладан зардап шеккен адамдарға алғашқы көмек көрсету.

Эвакуациялау жоспары. Эвакуациялық шығу жолдарының, паналар мен жасырыну орындарының орналасуы. Алғашқы көмекті көрсету тәсілдері.

5

2.5 Объектіге санкцияланбаған енудің алдын алу және жолын кесу бойынша шаралар қабылдау

Қызметті өткеру кезінде жоғарылатылған өзін-өзі бақылау, өзіндік тәртіп және өзін-өзі ұйымдастыру

Орталық басқару пунктіне хабарлау. Тәртіп бұзушыларды ұстау және залалсыздандыру кезінде арнайы құралдарды, қаруды қолдану.

Тәртіп бұзушыларды ұстау, бейтараптандыру әдістері, тәсілдері мен амалдары, арнайы құралдарды, қаруды қолдану тәртібі

5

3. Қорытынды: мемлекеттік маңызы бар объектілерді күзетуге тапсыру

3.1 Жаңадан қызметке түсетін жасақшаға объектінің күзетін тапсыру

Объектіні күзетуге тапсыру кезіндегі дербестік. Күзетілетін объект туралы мәліметтерді толық хабарлау үшін жауапкершілік

Объектінің жай-күйі туралы хабарлау

Күзетуге қабылдау және тапсыру қағидалары

5

3.2 Күзет іс-шараларын талдау, бекет журналын толтыру

Күзету, кезекшілік процесін және нәтижелерін бағалаудағы дербестік. Ұсыныстарды, ұсынымдарды енгізу, бекет журналын уақтылы толтыру үшін жауапкершілік.

Объектілерді күзету кезінде типтік ахуалдарды талдау. Кезекшіліктің нәтижелері туралы мәліметтерді ресімдеу.

Талдау тәсілдері. Бекет журналын ресімдеу қағидалары және оған талаптар.

5

  "Әкімшілік полицияның, мамандандырылған
күзет қызметінің қоғамдық тәртіпті және
қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
жөніндегі қызметі" кәсіптік стандартына
3-қосымша

1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланыс

Қазақстан Республикасының мемлекеттік кәсіптер жіктеуіші (ҚР МЖ 01-2005)

Базалық топ

1229 Мамандандырылған (өндірістік-пайдалану) бөліністердің (қызмет) басшылары, басқа топтарға кірмегендер

2-кесте. Еңбек жағдайларына, білімге және жұмыс
тәжірибесіне талаптар

Мамандық бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Ішкі істер органдарының құрылымдық бөліністері (мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын еңбек шарты бойынша қызметшілер)

Еңбектің зиян және қауіпті жағдайлары

Адамдардың құқық бұзушылықтарының жолын кесу кезінде олардың ықтимал дене және қарулы қарсылықтары

Жұмысқа рұқсаттың ерекше жағдайлары

Саптық қызметке жарамдылық

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіптік білім және оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

6

Жоғары кәсіптік білім

СБШ 5-деңгейінде 1 жыл

3-кесте. Кәсіптік стандарт бірліктерінің
(еңбек функцияларының) тізбесі

Еңбек функциясының №

Еңбек функциясының (кәсіптік стандарт бірлігінің) атауы

1

Мемлекеттік объектілердің қауіпсіздігі мен күзетін ұйымдастыруды талдау және жоспарлау

2

Мемлекеттік объектілердің қауіпсіздігі және күзетін ұйымдастыру

3

Күзет қызметін жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды талдау және әзірлеу

4-кесте. Кәсіптік стандарт бірліктерінің сипаттамасы
(функциялық карта)

Еңбек функциясының №

Міндеттер (еңбек әрекеттері)

Жеке және кәсіптік құзыреттер

Шеберлік және дағдылар

Білім

СБШ деңгейі

1. Даярлық: мемлекеттік объектілердің қауіпсіздігін және күзетуді ұйымдастыруды талдау және жоспарлау

1.1 Объектіні зерделеу және объектінің қауіпсіздігі мен күзетінің жоспар-сызбасын әзірлеу

Объектінің сипаттамаларын зерделеудегі және жоспар-сызбаларын әзірлеудегі дербестік. Күзетілетін объект пен аумақты әзірленген жоспар-сызбалардың толық қамтуы үшін жауапкершілік.

Күзетілетін объектінің және аумақтың сипаттамалары мен ауқымын зерттеу. Ықтимал қауіптерді болжау. Жоспар-сызбаларды, карталарды, кезекшілік өткеру кестелерін әзірлеу және ресімдеу.

Мемлекеттік күзетуге жататын объектілердің түрлері мен санаттары. Жоспар-сызбаларды, карталарды, кестелерді ресімдеу талаптары мен қағидалары. Объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және күзету деңгейлері, дәрежесі, аймақтары.

6

1.2 Мемлекеттік объектінің қауіпсіздігі мен күзетін материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру

Материалдық-техникалық құралдарға қажеттілікті айқындаудағы дербестік. Уақтылы, толық және сапалы материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшін жауапкершілік.

Құралдардың (материалдық, техникалық) жоспарлы шығысын және еңбек ресурстарына қажеттілікті айқындау.

Материалдық-техникалық құралдармен жарақтау, кезекші бекеттер, объектілер бойынша еңбек ресурстарын бөлу нормалары.

5

1.3 Жеке құрамды қалыптастыру үшін персоналды іріктеу

Жеке құрамға қажеттілікті, үміткерлер мен қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін айқындаудағы дербестік. Жеке құраммен жарақтау және кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру үшін жауапкершілік.

Үміткерлердің, қызметкерлердің кәсіби құзыреттілік деңгейін, психологиялық портреттерін, атқаратын лауазымының талап етілетін функцияларына сәйкестігін бағалау. Үміткерлердің психологиялық портреттерін бағалау.

Жеке құрамның кәсіби құзыреттерінің деңгейлері және оған талаптар. Кәсіби құзыреттерін, психологиялық портреттерін бағалау өлшемшарттары. Еңбек функцияларының және кәсіби міндеттерінің түрлері.

5

1.4 Жеке құрамды оқытуды және біліктілігін арттыруды, шұғыл қызметтермен өзара іс-қимылды ұйымдастыру

Жеке құрамды оқытуды ұйымдастырудағы және шұғыл қызметтермен өзара іс-қимыл жасасудағы дербестік. Жеке құрамды оқытудың тиімділігі және шұғыл қызметтермен жолға қойылған өзара іс-қимыл үшін жауапкершілік.

Қызметкерлерді оқыту, біліктілігін арттыру жоспарлары мен кестелерін әзірлеу. Оқыту, біліктілігін арттыру процестерін және нәтижелерін бақылау. Шұғыл қызметтердің тізбесі және олармен байланыс тәсілдерін айқындау.

Оқыту технологиялары, қызметкерлердің кәсіби құзыретін бағалау әдістері. Дене шынықтыру, ақпараттық-техникалық және жауынгерлік даярлықтың түрлері мен тәсілдері. Шұғыл қызметтердің функциялары.

6

2. Негізгі: Мемлекеттік объектілердің қауіпсіздігі мен күзетін ұйымдастыру

2.1 Жеке құрамның әзірлігін тексеру, міндеттерді қою, нұсқама

Әзірлікті бағалаудағы және нұсқама жүргізудегі дербестік. Жеке құрамның жасақталуы, міндеттерді және нұсқаулықтарды түсінуі үшін жауапкершілік.

Жеке құрамның объектілерді күзетуге әзірлік деңгейін бағалау. Негізгі міндеттерді қалыптастыру. Нұсқама кезінде ауа райы мен басқа да жергілікті жағдайларды ескеру.

Жеке құрамның әзірлігі мен жарақталуына талаптар. Қызметті өткеру талаптары және қағидалары.

5

2.2 Объектілерді күзетуге кіріскен инспекторларды бақылау және өзара іс-қимылын үйлестіру

Жеке құрамның қызметтік жұмысын бақылаудағы дербестік. Жеке құрамның өзара іс-қимылының тиімділігі мен жеделдігі үшін жауапкершілік.

Инспекторлардың әрекеттері мен өзара іс-қимылын бақылау, түзету. Жеке құрамның өзара іс-қимылының моделін әзірлеу.

Штаттық және штаттық емес жағдайларда инспекторлардың өзара іс-қимылының модельдері. Жеке құрамның әрекеттері мен өзара іс-қимылын бақылау және үйлестіру тәсілдері.

6

2.3 Технологиялық режимдердің бұзылуының, өрт шығуының, объектілерге санкцияланбаған енудің алдын алу және жолын кесу бойынша шаралар ұйымдастыру

Объектілердің жұмысында бұзылулардың алдын алу және жолын кесу шараларын әзірлеуде дербестік. Күзетілетін объектілердің жұмысында бұзылулардың алдын алу және жолын кесу бойынша шараларды ұйымдастыру үшін жауапкершілік.

Объектілерде құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша алдын алу шараларын әзірлеу.Оқу-жаттығу іс-шараларын өткізу.

Өрт қауіпсіздігі қағидалары, технологиялық режимдердің бұзылу түрлері, объектілерге санкцияланбаған ену тәсілдері. Алдын алу іс-шараларының түрлері мен мақсаты.

6




2.4 Технологиялық режимдердің бұзылу, өрт шығу, дүлей зілзалалар, объектілерге санкцияланбаған ену фактілеріне жедел ден қою шараларын қабылдау

Объектілер жұмысының бұзылу фактілерін жою бойынша шаралар қабылдау үшін жауапкершілік. Объектілердің қалыпты жұмыс істеуінің бұзылу фактілерін жою бойынша қабылданатын шараларда дербестік.

Объектілерде бұзылулардың салдарларын жою үшін әлеуетті, шұғыл қызметтермен өзара іс-қимыл жасасу. Жеке құрамның іс-әрекетін ұйымдастыру және үйлестіру.

Шұғыл жағдайларда нұсқаулықтарға сәйкес жеке құрамның іс-әрекетінің, өз іс-әрекеттерінің тәртібі. Бұзылулардың түрлері және тиісті әлеуетті және шұғыл қызметтермен байланыстар, байланыс арналары.

6

3. Қорытынды: Талдау және күзет қызметін жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу

3.1 Мемлекеттік объектілердің қауіпсіздігі және күзету жөніндегі бөліністердің қызметін талдау, жеке құрамның еңбегін ынталандыру (көтермелеу, тәртіптік ықпал ету шараларын қабылдау).

Бөліністің қызметін өз бетінше талдау. Бөліністің қызметіндегі қиындықтардың басты себептері және персоналдың мотивациясы үшін жауапкершілік.

Объектілерді күзету кезінде типтік және күтпеген жағдайларға талдау жасау және бағалау.Қызметкерлерді ынталандырудың түрлерін пайдалану.

Талдау әдістері мен құралдары. Қиындықтардың типтері, түрлері. Бөліністің қызметі туралы есеп. Персоналды ынталандыру әдістері.

6

3.2 Объектілерді күзетуді жақсарту, олардың қауіпсіздігінің деңгейін арттыру, күзеттің техникалық құралдарын жетілдіру және оларды жұмыс жағдайында ұстап тұру бойынша ұсыныстар, ұсынымдар мен жоспарлар әзірлеу

Ұсыныстарды әзірлеу және келісу кезінде дербестік, бастамашылдық және талапшылдық. Объектілердің қауіпсіздігі деңгейін арттыру және ұсыныстарды, ұсынымдар мен жоспарларды іске асыру кезінде күзет қызметінің тиімділігі үшін жауапкершілік.

Күзетілетін объектілердің қауіпсіздігі деңгейін арттыру, бөліністердің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу. Ұсыныстарды күзетілетін объектілердің басқарушы персоналымен келісу.

Күзетілетін объектілердің сипаттамалары мен функциялық мақсаты.

Күзет қызметінің қазіргі заманғы технологиялары.

Күзет құралдарына техникалық талаптар. Күзет объектілері тұрған аудандағы криминогендік ахуалдың жай-күйі.

6

  Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарының
кәсіптік стандарттарына
4-қосымша

"Көші-қон полициясының қоғамдық тәртіпті және қоғамдық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметі"
кәсіптік стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Көші-қон полициясының қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметі" кәсіптік стандарты (бұдан әрі – КС) "Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет" кәсіптік қызмет саласындағы біліктілік деңгейін, құзыретін, мазмұнын, сапасы және еңбек шарттары талаптарын анықтайды және мыналарға арналған:

      1) еңбек саласымен және кәсіби білім беру саласының өзара іс-қимыл жасасуын реттеуге;

      2) дайындау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта дайындау бағдарламаларын әзірлеу үшін талаптар регламенттеуге;

      3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде қызметкерлердің құзыретін бағалау үшін талаптар регламенттеуге арналған.

      2. КС-нің негізгі пайдаланушылары:

      1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;

      2) ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, ұйымдардың персоналын басқару бөліністерінің басшылары мен мамандары;

      3) білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;

      4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігінің сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады.

      3. КС негізінде біліктілік мінездемелер, лауазымдық нұсқаулықтар, кәсіптік сипаттамалар, үлгі оқу бағдарламалары, үлгі оқу жоспарлары, ұйымдардың корпоративтік стандарттары әзірленеді.

      4. Осы КС-да мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) біліктілік – еңбек қызметінің белгілі бір түрінің шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға қызметкердің әзірлігі;

      2) біліктілік деңгейі – қызметкердің құзыретіне еңбек әрекеттерінің күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілік және өзіндік параметрлері бойынша дифференцияланатын талаптардың жиынтығы;

      3) еңбек заты – еңбектің белгілі бір құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-әрекеттері бағытталған зат;

      4) еңбек құралдары – еңбек затын бастапқы жағдайдан өнімге қайта өзгерту үшін қызметкердің пайдаланатын құралдары;

      5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функцияларының біртұтас жиынтығынан және оларды орындау үшін қажетті құзыреттерден құралған кәсіптік қызмет саласының құрамдас бөлігі;

      6) еңбек функциясы – еңбек процесінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-әрекеттердің жиынтығы;

      7) кәсіптік қызметтің саласы – ортақ интеграциялық негізі бар және оларды орындау үшін еңбек функциялары мен құзыреттердің ұқсас жиынтығын көздейтін саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы (ұқсастық немесе жақын белгілеу, нысандар, технологиялар, оның ішінде оларды орындау үшін еңбек құралы);

      8) кәсіптік стандарттың бірлігі – еңбек қызметінің осы түрі үшін тұтас, аяқталған, оған қатысты автономдық және мәнді болып табылатын нақты еңбек функциясының өрістетілген сипаттамасын қамтитын кәсіптік стандарттың құрылымдық элементі;

      9) мамандық – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде алынған арнайы теориялық білімдер мен практикалық дағдылардың кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;

      10) құзырет – еңбек қызметінде білімдерді, шеберлікті және тәжірибені қолдану қабілеті;

      11) лауазым – ұйымның ұйымдастырушылық-әкімшілік иерархиясы жүйесіндегі функционалдық орын;

      12) міндет – еңбектің нақты заттары мен құралдарын пайдалана отырып, еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-әрекеттердің жиынтығы;

      13) сала – олар үшін шығарылатын өнімнің, өндіріс технологиясының, негізгі қорлардың және жұмыс істеушілердің кәсіптік дағдыларының ортақтығы тән ұйымдардың жиынтығы;

      14) салалық біліктілік шеңбері – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

      15) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

      16) функционалдық карта– кәсіптік қызметтің қандай да бір саласының шеңберінде қызметтің белгілі бір түрінің қызметкері орындайтын еңбек функциялары мен міндеттердің құрылымдық сипаттамасы;

      17) көші-қон полициясы – құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласында, сондай-ақ босқындар және азаматтық мәселелері жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөлінісі.

      5. Осы кәсіптік стандартта мынадай қысқартулар пайдаланылады:

      ҰБШ – Ұлттық біліктілік шеңбер;

      СБШ – Салалық біліктілік шеңбер;

      БТБА – Жұмыс және жұмыскерлер кәсібінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтама;

      МКЖ – ҚР МЖ 01-2005 Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік кәсіптер жіктеуіші;

      МКЖ – ҚР МЖ 03-2007 Экономикалық қызметі түрлерінің жалпы жіктеуіші;

      М – міндет;

      Ф – функция;

      НҚА – нормативтік құқықтық акт.

2. Кәсіптік стандарт паспорты

      6. Экономикалық қызметтің түрі (кәсіптік қызметтің саласы): 84.24 Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызмет. Кәсіптік қызметтің кіші саласы: көші-қон полициясының қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметі.

      7. Кәсіптік қызметтің кіші саласының негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасы халқының көші-қонын қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету, көші-қон саласындағы заң бұзушылықтарды болдырмау және жолын кесу жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін арттыру, шетел азаматтарын тіркеу. Стандарттың талаптары көші-қон полициясы инспекторы мамандығына қатысты.

      8. Еңбек қызметінің түрлері, мамандықтар, біліктілік деңгейлері осы КС-ға 1-қосымшада көрсетілген.

      9. КС талаптары осы саланың мына манандығына жатады: Көші-қон полициясы инспекторы.

3. Еңбек қызметі (мамандықтар) түрлерінің карточкасы
1-параграф. Көші-қон полициясы инспекторы.

      10. Мамандықтар атауы: Көші-қон полициясы инспекторы.

      11. СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 4.

      12. Лауазымдардың ықтимал атаулары: көші-қон полициясы инспекторы (мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын еңбек шарты бойынша қызметшілер).

      13. Орындайтын қызметтің жинақталған сипаттамасы: Қазақстан Республикасының халқын тіркеу және құжаттандыру, Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға шығуын ресімдеу, Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды және шығуды ресімдеу, заңсыз көші-қонның алдын алу және жолын кесу жөніндегі қызметті ұйымдастыру.

      14. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланыс осы кәсіптік стандартқа 2-қосымшаның 1-кестесінде көрсетілген.

      15. Көші-қон полициясы инспекторының еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне талаптар осы кәсіптік стандартқа 2-қосымшаның 2-кестесінде келтірілген.

      16. Кәсіптік стандарттың бірліктер тізбесі осы кәсіптік стандартқа 2-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген.

      17. Кәсіптік стандарттың бірліктерін сипаттайтын (функциялық карта), көші-қон полициясы инспекторы орындайтын еңбек әрекеттері, құзыретіне, шеберлігіне, дағдыларына талаптар және біліктілік деңгейі осы кәсіптік стандартқа 2-қосымшаның 4-кестесінде келтірілген.

4. Осы кәсіптік стандарттың негізінде берілетін
сертификаттардың түрлері

      18. Осы КС негізінде ұйымдармен сәйкес кәсіби даярлығын бағалау саласында және мамандардың біліктілікке сәйкестігін растайтын сертификаттар беріледі.

      19. Осы КС негізінде берілетін сертификаттар түрлері КС бірлігі тізбесіне сәйкес анықталады, сертификат алу үшін оларды меңгеру қажет, осы КС-ға 2-қосымшаның 3-кестесінде келтірілген.

5. КС-ны әзірлеушілер, келісу парағы, сараптама және тіркеу

      20. КС-ны әзірлеуші Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі болып табылады.

      21. КС келісу парағы осы КС кестесінде көрсетілген.

      Кесте

Келісу парағы

Ұйымның атауы

Келісу күні

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі











      22. Осы КС ___________________________________________ тіркелді

      тіркеу № ________________________ болып кәсіптік стандарттардың тізілімдемесіне КС енгізілді.

      Хат (хаттама) № ___________ Күні __________________________

  "Көші-қон полициясының қоғамдық тәртіпті
және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
жөніндегі қызметі" кәсіптік стандартына
1-қосымша

Еңбек қызметінің түрлері, мамандықтар,
біліктілік деңгейлері

р/с

Еңбек қызметі түрінің атауы

Еңбек нарығының үрдісін ескере отырып, мамандықтың атауы

Қазақстан Республикасының 01-2005 кәсіптер жіктеуішіне сәйкес мамандықтың атауы

СБШ біліктілік деңгейі

1.

ҚР халқының көші-қон процестерін есепке алу және тіркеу, көші-қон саласындағы заңнама бұзушылықтарды болдырмау және жолын кесу.

Көші-қон полициясы инспекторы

3449 Инспектор

4

  "Көші-қон полициясының қоғамдық тәртіпті
және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
жөніндегі қызметі" кәсіптік стандартына
2-қосымша

1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланыс

Қазақстан Республикасының мемлекеттік кәсіптер жіктеуіші (ҚР МЖ 01-2005)

Базалық топ

3449 Басқа топтарға кірмеген мемлекеттік қызметтің басқа орта персоналы

2-кесте. Еңбек жағдайларына, білімге және жұмыс
тәжірибесіне талаптар

Мамандық бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Ішкі істер органдарының құрылымдық бөліністері (мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын еңбек шарты бойынша қызметшілер)

Еңбектің зиян және қауіпті жағдайлары

-

Жұмысқа рұқсаттың ерекше жағдайлары

Кәсіби аттестаттау. Мемлекеттік және қызметтік құпияларды жарияламау.

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіптік білім және оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

4

Техникалық және кәсіптік білім

-

3-кесте. Кәсіптік стандарт бірліктерінің
(еңбек функцияларының) тізбесі

Еңбек функциясының №

Еңбек функциясының (кәсіптік стандарт бірлігінің) атауы

1

Қазақстан Республикасының халқын тіркеу (тіркеуден шығару)

2

Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру

3

Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрақты тұру үшін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуын ресімдеу

4

Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды және шығуды ресімдеу

5

Заңсыз көші-қонның алдын алу және жолын кесу жөніндегі қызметті ұйымдастыру

4-кесте. Кәсіптік стандарт бірліктерінің сипаттамасы
(функциялық карта)

Еңбек функциясының №

Міндеттер (еңбек әрекеттері)

Жеке және кәсіптік құзыреттер

Шеберлік және дағдылар

Білім

СБШ деңгейі

1. ҚР халқын тіркеу (тіркеуден шығару)

1-1) ҚР азаматтарын тіркеу, тіркеу есебінен шығару

Тіркеу рәсімдерін орындаудағы дербестік, өзін-өзі бақылау, өзіндік тәртіп. Құжаттарды дұрыс ресімдеу үшін жауапкершілік.

Азаматтарды тіркеу және құжаттарды ресімдеу, көшіп-қонушылармен сыпайы, әдепті әңгімелесу, қазіргі заманғы электрондық байланыс және ақпаратты өңдеу құралдарын пайдалану

Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидалары, диалог мәдениеті, консультациялау, азаматтарға ақпараттық және техникалық қызмет көрсетудің қазіргі заманғы құралдары

4

1-2) Шетелдіктерді тіркеу, тіркеу есебінен шығару

Құжаттарды ресімдеудегі дербестік, өзін-өзі бақылау, өзінің білімін көтеру. Тіркеу және тіркеу есебінен шығарудың белгіленген тәртібін сақтау үшін жауапкершілік.

Шетелдіктерді тіркеу және құжаттарды ресімдеу, көшіп-қонушылармен сыпайы, әдепті әңгіме жүргізу

Шетелдіктерді тіркеу қағидалары, диалог мәдениеті, консультациялау

4

1-3) Азаматтығы жоқ адамдарды (бұдан әрі - АЖА) тіркеу, тіркеу есебінен шығару

Құжаттарды ресімдеудегі дербестік, өзін-өзі бақылау. Құжаттарды дұрыс ресімдеу үшін жауапкершілік.

Азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және құжаттарды ресімдеу, көшіп-қонушылармен сыпайы, әдепті әңгіме жүргізу

АЖА тіркеу қағидалары, диалог мәдениеті, консультациялау

4

2. ҚР халқын құжаттандыру

2-1) ҚР азаматтарының жеке басын куәландыратын құжаттарды ресімдеу

Құжаттарды ресімдеудегі дербестік, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі ұйымдастыру. Құжаттарды ресімдеудің негізділігі мен заңдылығы үшін жауапкершілік.

Қағаз және электрондық формулярларды толтыру, азаматтармен сыпайы, әдепті әңгіме жүргізу, қазіргі заманғы электрондық байланыс және ақпаратты өңдеу құралдарын пайдалану

ҚР азаматтарын құжаттандыру қағидалары, жеке тұлға, қоғамдық қатынастар психологиясы, диалог мәдениеті, электрондық құжат айналымы

4

2-2) ҚР-да шетелдіктің тұруға ықтиярхатын ресімдеу

Құжаттарды ресімдеудегі дербестік, өзіндік тәртіп, өзінің білімін көтеру, өзін-өзі бақылау. Құжаттарды ресімдеудің негізділігі мен заңдылығы үшін жауапкершілік.

Қағаз және электрондық формулярларды толтыру, сыпайы, әдепті әңгіме жүргізу, ҚР-да болу қағидаларын түсіндіру.

Шетелдіктерді құжаттандыру тәртібі, диалог мәдениеті, косультациялау

4

2-3). Азаматтығы жоқ адамның куәлігін ресімдеу

Құжаттарды ресімдеудегі дербестік, өзін-өзі бақылау, өзіндік тәртіп. Құжаттарды ресімдеудің негізділігі мен заңдылығы үшін жауапкершілік.

Қағаз және электрондық формулярларды толтыру, сыпайы, әдепті әңгіме жүргізу, ҚР-да болу қағидаларын түсіндіру.

Құжаттандыру тәртібі, диалог мәдениеті, косультациялау

4

2-4) Босқынның куәлігін, босқынның жол жүру құжатын ресімдеу

Құжаттарды ресімдеудегі дербестік, өзінің білімін көтеру, өзін-өзі бақылау. Құжаттарды ресімдеудің негізділігі мен заңдылығы үшін жауапкершілік.

Босқындардың куәліктерін, босқынның жол жүру құжаттарын толтыру, босқынның құқықтары мен міндеттерін сыпайы, әдепті түсіндіру

Босқындар туралы заң, құжаттандыру тәртібі, диалог мәдениеті, косультациялау.

4

2-5) Дайындалған жеке басты куәландыратын құжаттарды беру

Дайындалған құжатты берудегі дербестік, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі жетілдіру. Иесінің өзіне немесе уәкілетті өкіліне құжаттарды беру үшін жауапкершілік.

Дайындалған құжатты беру қағидалары. құжаттар берілетін адамның жеке басын барабар сәйкестендіру.

Азаматтарға ақпараттық және техникалық қызмет көрсетудің қазіргі заманғы құралдары

4

3.ҚР азаматтарының ҚР тыс жерлерге тұрғылықты тұру үшін (бұдан әрі - ТТҮ) шығуын ресімдеу

3-1) ҚР тыс жерлерге шығуды ресімдеуге қажетті құжаттарды қабылдау

Шешім қабылдаудағы дербестік және құжаттардың толық болуы, дұрыстығы үшін жауапкершілік, өзіндік тәртіп, өзін-өзі жетілдіру

Құжаттардың шынайылығы, азаматтармен сыпайы, әдепті әңгіме жүргізу

Құжаттар тізбесі және ресімдеу тәртібі, жеке тұлға, қоғамдық қарым-қатынастар психологиясы

4

3-2) ҚР азаматының ҚР шегінен тыс жерлерге ТТҮ шығуы бойынша шешім қабылдау

Қорытындыны дайындаудағы дербестік, өзін-өзі бақылау. Қорытындының уақтылы және негізділігі үшін жауапкершілік.

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуынан бас тарту үшін азаматтарда негіздердің болмауына тексеру жүргізу

ҚР азаматтарының ТТҮ шығуы қағидалары мен тәртібі, ҚР тыс жерлерге шығуынан бас тарту себептерін негіздеу

4

3-3) Азаматтың ТТҮ шығуы үшін құжаттарды ресімдеу

Шығуға рұқсат жазбасын ресімдеудегі дербестік, өзін-өзі бақылау. Ресімделген құжаттардың сапасы үшін жауапкершілік.

Шығу құжаттарын ресімдеу. Эмиграциялық материалды, мигранттардың қиыншылықтарын анықтау және жүйелеу.

Шығу құжаттарын ресімдеу тәртібі және рәсімі, басқа елдердің қабылдау және тіркеу шарттары

4

4. ҚР азаматтығына қабылдауды және шығуды ресімдеу

4-1) Толық және дұрыстығы тұрғысынан құжаттарды қарау және талдау

Құжаттарды талдаудағы дербестік, өзінің білімін көтеру, өзіндік тәртіп. Құжаттарды толық және дұрыс қабылдау үшін жауапкершілік.

Құжаттарды толық және дұрыс қабылдауды бағалау. Көшіп-қонушылармен сыпайы, әдепті әңгіме жүргізу.

Құжаттарды қарау және талдау қағидалары мен тәртібі. Жеке тұлға психологиясы, диалог мәдениеті.

4

4-2) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияда қарау үшін материалдар дайындау

Құжаттарды ресімдеудегі дербестік, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі ұйымдастыру. Ресімделген материалдардың сапасы үшін жауапкершілік.

Құжаттарды тексеру, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Комиссияға жіберу үшін материалдар дайындау

ҚР азаматтығына қабылдау және шығу қағидалары мен тәртібі, электрондық құжат айналымы

4

4-3) ҚР азаматтығына жеңілдетілген қабылдау бойынша құжаттар ресімдеу

Құжаттарды ресімдеудегі дербестік, өзін-өзі бақылау, өзіндік тәртіп. Ресімделген материалдардың сапасы үшін жауапкершілік.

Белгіленген талаптарға сәйкес құжаттарды ресімдеу. Көшіп-қонушылармен сыпайы, әдепті әңгіме жүргізу.

ҚР азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алу туралы келісім. Жеке тұлға, қоғамдық қарым-қатынастар психологиясы, диалог мәдениеті, консультациялау.

4

5. Заңсыз көші-қонның алдын алу және жолын кесу жөніндегі қызметті ұйымдастыру

5-1) Шетелдіктердің және АЖА-ның Қазақстан Республикасына келу-кету тәртібін және ҚР-да болу қағидаларын сақтауын бақылау

Рейдтер жүргізу және шетелдіктер мен АЖА-ның ҚР-да болу қағидаларын бұзуына тексерулер жүргізу кезіндегі дербестік. Бұзушылықтарды дер кезінде анықтау үшін жауапкершілік.

Көші-қон заңнамасын бұзушы адамдарды анықтау. ҚР-да болу қағидаларын түсіндіру, қазіргі заманғы электрондық байланыс және ақпаратты өңдеу құралдарын пайдалану.

Шетелдіктердің ҚР-да болу қағидалары, азаматтарға ақпараттық және техникалық қызмет көрсетудің қазіргі заманғы құралдары.

4

5-2) Соттардың шешімдеріне сәйкес шетелдіктер мен АЖА шығару бойынша шараларды ұйымдастыру

Сот органдарында қарау үшін заң бұзушыларды шығару бойынша материалдарды дайындаудағы дербестік, өзіндік тәртіп, өзін-өзі бақылау. Заң бұзушыларды ҚР тыс жерлерге шығару бойынша шараларды уақтылы ұйымдастырмағаны үшін жауапкершілік.

Жауапкершілікке тарту бойынша ҚР-да болу қағидаларын бұзушыларға материалдар ресімдеу. Шетелдіктермен сыпайы, әдепті әңгіме жүргізу.

Шетелдіктер мен АЖА-ны шығару тәртібі туралы НҚА, диалог мәдениеті, консультациялау.

4

5-3) Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың ҚР-да уақытша және тұрақты тұруына құқық беретін құжаттарды ресімдеу, босқандар мәртебесін айқындау, шетелдіктер мен АЖА-ға кіру-шығуға визалар беру.

Құжаттарды қабылдаудағы дербестік, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі ұйымдастыру. Негізделген және келісілген шешім үшін жауапкершілік.

Уақытша және тұрақты тұруға құжаттар ресімдеу. Шетелдіктермен сыпайы және әдепті әңгіме жүргізу.

ҚР-да болу қағидалары, жеке тұлға психологиясы, диалог мәдениеті, консультациялау.

3

  Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарының
кәсіптік стандарттарына
5-қосымша

"Қылмыстық-атқару жүйесінің қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті
қамтамасыз ету жөніндегі қызметі" кәсіптік стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Қылмыстық-атқару жүйесінің қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету" кәсіптік стандарты (бұдан әрі – КС) "Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет" кәсіптік қызмет саласындағы біліктілік деңгейін, құзыретін, мазмұнын, сапасы және еңбек шарттары талаптарын анықтайды және мыналарға арналған:

      1) еңбек саласымен және кәсіби білім беру саласының өзара іс-қимыл жасасуын реттеуге;

      2) дайындау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта дайындау бағдарламаларын әзірлеу үшін талаптар регламенттеуге;

      3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде қызметкерлердің құзыретін бағалау үшін талаптар регламенттеуге арналған.

      2. КС-нің негізгі пайдаланушылары:

      1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;

      2) ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, ұйымдардың персоналын басқару бөліністерінің басшылары мен мамандары;

      3) білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;

      4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігінің сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады.

      3. КС негізінде біліктілік мінездемелер, лауазымдық нұсқаулықтар, кәсіптік сипаттамалар, үлгі оқу бағдарламалары, үлгі оқу жоспарлары, ұйымдардың корпоративтік стандарттары әзірленеді.

      4. Осы КС-да мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) біліктілік – еңбек қызметінің белгілі бір түрінің шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға қызметкердің әзірлігі;

      2) біліктілік деңгейі – қызметкердің құзыретіне еңбек әрекеттерінің күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілік және өзіндік параметрлері бойынша дифференцияланатын талаптардың жиынтығы;

      3) еңбек заты – еңбектің белгілі бір құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-әрекеттері бағытталған зат;

      4) еңбек құралдары – еңбек затын бастапқы жағдайдан өнімге қайта өзгерту үшін қызметкердің пайдаланатын құралдары;

      5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функцияларының біртұтас жиынтығынан және оларды орындау үшін қажетті құзыреттерден құралған кәсіптік қызмет саласының құрамдас бөлігі;

      6) еңбек функциясы – еңбек процесінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-әрекеттердің жиынтығы;

      7) кәсіптік қызметтің саласы – ортақ интеграциялық негізі бар және оларды орындау үшін еңбек функциялары мен құзыреттердің ұқсас жиынтығын көздейтін саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы (ұқсастық немесе жақын белгілеу, нысандар, технологиялар, оның ішінде оларды орындау үшін еңбек құралы);

      8) кәсіптік стандарттың бірлігі – еңбек қызметінің осы түрі үшін тұтас, аяқталған, оған қатысты автономдық және мәнді болып табылатын нақты еңбек функциясының өрістетілген сипаттамасын қамтитын кәсіптік стандарттың құрылымдық элементі;

      9) мамандық – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде алынған арнайы теориялық білімдер мен практикалық дағдылардың кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;

      10) құзырет – еңбек қызметінде білімдерді, шеберлікті және тәжірибені қолдану қабілеті;

      11) лауазым – ұйымның ұйымдастырушылық-әкімшілік иерархиясы жүйесіндегі функционалдық орын;

      12) міндет – еңбектің нақты заттары мен құралдарын пайдалана отырып, еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-әрекеттердің жиынтығы;

      13) сала – олар үшін шығарылатын өнімнің, өндіріс технологиясының, негізгі қорлардың және жұмыс істеушілердің кәсіптік дағдыларының ортақтығы тән ұйымдардың жиынтығы;

      14) салалық біліктілік шеңбері – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

      15) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

      16) функционалдық карта– кәсіптік қызметтің қандай да бір саласының шеңберінде қызметтің белгілі бір түрінің қызметкері орындайтын еңбек функциялары мен міндеттердің құрылымдық сипаттамасы;

      17) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі – қылмыстық жазалардың орындалуын және күдіктілер мен айыпталушыларды тергеу изоляторларында қамауда ұстауды қамтамасыз ету жөніндегі атқарушылық және өкімдік функцияларды жүзеге асыратын органдар мен мекемелердің, сондай-ақ қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйенің органдары мен мекемелерінің тіршілік қызметін қамтамасыз ететін ұйымдардың жиынтығы;

      18) пробация қызметі – қоғамнан оқшаулаусыз қылмыстық жазаларды атқаруды қамтамасыз ету және әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмекті алуда олардың есебінде тұрған сотталғандарға жәрдем көрсететін қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің органы;

      19) пробация – пробация бақылауындағы әрбір адамның жаңа қылмыс жасауының алдын алу мақсатымен, олардың жүріс-тұрысын одан әрі түзету үшін оларға қатысты жеке әзірленетін және іске асырылатын әлеуметтік-құқықтық сипаттағы шаралар кешені;

      20) пробациялық бақылау – сотталғандарға сот жүктеген міндеттердің орындалуын және олардың жүріс-тұрысын бақылау,әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмекті алуда жәрдемдесу.

      5. Осы кәсіптік стандартта мынадай қысқартулар пайдаланылады:

      ҰБШ – Ұлттық біліктілік шеңбер;

      СБШ – Салалық біліктілік шеңбер;

      БТБА – Жұмыс және жұмыскерлер кәсібінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтама;

      МКЖ – ҚР МЖ 01-2005 Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік кәсіптер жіктеуіші;

      МКЖ – ҚР МЖ 03-2007 Экономикалық қызметі түрлерінің жалпы жіктеуіші;

      М – міндет;

      Ф – функция;

      НҚА – нормативтік құқықтық акт.

2. Кәсіптік стандарт паспорты

      6. Экономикалық қызметтің түрі (кәсіптік қызметтің саласы): 84.24 Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызмет. Кәсіптік қызметтің кіші саласы: қылмыстық-атқару жүйесінің қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметі.

      7. Кәсіптік қызметтің кіші саласының негізгі мақсаты: жазаларды атқару үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар профилактикасының, қамаудағылар мен сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту шараларының тиімділігін арттыру.

      8. Еңбек қызметінің түрлері, мамандықтар, біліктілік деңгейлері осы КС-ға 1-қосымшада көрсетілген.

      9. КС талаптары осы саланың мына манандығына жатады: арнайы есепке алу жөніндегі инспекторы.

3. Еңбек қызметі (мамандықтар) түрлерінің карточкасы
1-параграф. Арнайы есепке алу жөніндегі инспектор

      10. Мамандықтар атауы: арнайы есепке алу жөніндегі инспектор

      11. СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 4.

      12. Лауазымдардың ықтимал атаулары: арнайы есептер инспекторы (мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын еңбек шарты бойынша қызметшілер).

      13. Орындайтын қызметтің жинақталған сипаттамасы: қамаудағылар мен сотталғандарды тәрбие-түзеу қызметін есепке алу мен талдау және жоспарлау, қамаудағылар мен сотталғандардың арасында құқық бұзушылықтардың профилактикасы бойынша алдын алу іс-шараларын орындау.

      14. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланыс осы КС 2-қосымшаның 1-кестесінде көрсетілген.

      15. Арнайы есепке алу жөніндегі инспекторының еңбек жағдайларына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне талаптар осы КС 2-қосымшаның 2-кестесінде келтірілген.

      16. КС бірліктер тізбесі осы кәсіптік стандартқа 2-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген.

      17. КС бірліктерін сипаттайтын (функциялық карта), арнайы есептер инспекторы орындайтын еңбек әрекеттері, құзыретіне, шеберлігіне, дағдыларына талаптар және біліктілік деңгейі осы КС 2-қосымшаның 4-кестесінде келтірілген.

4. Осы кәсіптік стандарттың негізінде берілетін
сертификаттардың түрлері

      18. Осы КС негізінде ұйымдармен сәйкес кәсіби даярлығын бағалау саласында және мамандардың біліктілікке сәйкестігін растайтын сертификаттар беріледі.

      19. Осы КС негізінде берілетін сертификаттар түрлері КС бірлігі тізбесіне сәйкес анықталады, сертификат алу үшін оларды меңгеру қажет, осы КС-ға 2-қосымшаның 3-кестесінде келтірілген.

5. КС-ны әзірлеушілер, келісу парағы, сараптама және тіркеу

      20. КС-ны әзірлеуші Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі болып табылады.

      21. КС келісу парағы осы КС кестесінде көрсетілген.

      Кесте

Келісу парағы

Ұйымның атауы

Келісу күні

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі











      22. Осы КС ___________________________________________ тіркелді

      тіркеу № ________________________ болып кәсіптік стандарттардың тізілімдемесіне КС енгізілді.

      Хат (хаттама) № ___________ Күні ______________________________

  "Қылмыстық-атқару жүйесінің қоғамдық тәртіп
пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету
жөніндегі қызметі" кәсіптік стандартына
1-қосымша

Еңбек қызметінің түрлері, мамандықтар,
біліктілік деңгейлері

р/с

Еңбек қызметі түрінің атауы

Еңбек нарығының үрдісін ескере отырып, мамандықтың атауы

Қазақстан Республикасының 01-2005 кәсіптер жіктеуішіне сәйкес мамандықтың атауы

СБШ біліктілік деңгейі

1.

Қамаудағылар мен сотталғандарды дербес және сандық есепке алуды жүргізу, қозғалысын бақылау, жеке істерін есепке алуды жүргізу және сақтау, олардың уақтылы босатылуын бақылау

Арнайы есептер инспекторы

4190 Есепке алу жөніндегі инспектор

4

  "Қылмыстық-атқару жүйесінің қоғамдық тәртіп
пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету
жөніндегі қызметі" кәсіптік стандартына
2-қосымша

1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланыс

Қазақстан Республикасының мемлекеттік кәсіптер жіктеуіші (ҚР МЖ 01-2005)

Базалық топ

4190 Ақпаратты дайындаумен, құжаттаманы ресімдеумен және есепке алумен айналысатын басқа қызметшілер

2-кесте. Еңбек жағдайларына, білімге және жұмыс тәжірибесіне
талаптар

Мамандық бойынша ықтимал жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Ішкі істер органдары қылмыстық-атқару жүйесінің аумақтық бөліністері (мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын еңбек шарты бойынша қызметшілер)

Еңбектің зиян және қауіпті жағдайлары

Психологиялық және моральдық ауытқулары бар қамаудағылар мен сотталғандардың күрделі санаттарымен өзара іс-қимыл жасасу. Күтпеген стрестік жағдайлар. Көптеген түзеу мекемелерінің елді мекендерден шалғайлығы. Нормаланбаған жұмыс күні, ауысымдық жұмыс

Жұмысқа рұқсаттың ерекше жағдайлары

Өндірістік қауіпсіздік, кәсіби жарамдылық және мемлекеттік және қызметтік құпияларды сақтау бойынша аттестаттаудан өту.

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіптік білім және оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

4

Техникалық және кәсіптік білім

-

3-кесте. Кәсіптік стандарт бірліктерінің
(еңбек функцияларының) тізбесі

Еңбек функциясының №

Еңбек функциясының (кәсіптік стандарт бірлігінің) атауы

1

Қамаудағылар мен сотталғандардың түрлі санаттарымен жұмысқа қатысты біліктілікті арттыру және өзіндік білім алу

2

Тәрбие-түзеу қызметін есепке алу мен талдау және жоспарлау

3

Қамаудағылар мен сотталғандардың арасында құқық бұзушылықтардың профилактикасы бойынша алдын алу іс-шараларын орындау

4-кесте. Кәсіптік стандарт бірліктерінің сипаттамасы
(функциялық карта)

Еңбек функциясының №

Міндеттер (еңбек әрекеттері)

Жеке және кәсіптік құзыреттер

Шеберлік және дағдылар

Білім

СБШ деңгейі

1. Қамаудағылар мен сотталғандардың түрлі санаттарымен жұмысқа қатысты біліктілікті арттыру және өзіндік білім алу

1-1) Тәрбие-түзеу қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді зерделеу

Құқықтық актілерді зерделеу әдістерін таңдаудағы дербестік; оларды түсіну үшін жауапкершілік

Құқықтық актілердің мазмұнына талдау жасау, тәрбие-түзеу қызметін регламенттейтін халықаралық нормативтік актілерді зерделеу

НҚА, халықаралық құжаттар

4

1-2) Қамаудағылар мен сотталғандарды есепке алу және бақылау нысандарын дайындау

Есепке алу және бақылау нысандарын дайындаудағы дербестік; олардың шынайылығы мен толық болуы үшін жауапкершілік

Есепке алу және бақылаудың қазіргі заманғы тәсілдерінің мазмұнын, нысанын әзірлеу, есепке алу және бақылау нысандарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Есепке алу және бақылаудың типтері, түрлері, нысандары

4

2. Қамаудағылар мен сотталғандардың тәрбие-түзеу қызметін есепке алу мен талдау және жоспарлау

2-1) Қамаудағылар мен сотталғандардың істерін есепке алу және талдау

Істерді есепке алу және талдау жүргізудегі дербестік; істерді шынайы есепке алу және жан-жақты талдау үшін жауапкершілік

Істердің мазмұнына талдау жасау; қамаудағылар мен сотталғандардың жеке басындағы проблемалық мәселелерді анықтау

Есепке алудың түрлері мен нысандары. Талдау әдістері. Психология негіздері.

4
















2-2) Тәрбие-түзеу қызметінің жоспарларын, бағдарламаларын, әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу

Жоспарлау әдістерін, бағдарламалар мен тәрбие-түзеу қызметінің бағдарламаларын жасау және оқу-әдістемелік ұсынымдармен қамтамасыз етуді жасаудағы дербестік; олардың сапасы мен шынайылығы үшін жауапкершілік.

Тәрбие-түзеу қызметін жоспарлау

Тәрбие-түзеу қызметінің нысандары мен әдістері. Педагогика және психология негіздері.

4

2-3) Қамаудағылар мен сотталғандарды диагностикалау, тарихы мен портреттерін жасау

Қамаудағылар мен сотталғандарды диагностикалау, тарихы мен портреттерін жасау әдістерін таңдаудағы дербестік; олардың шынайылығы мен толық болуы үшін жауапкершілік

Істердің мазмұнын зерттеу, тарихын, портреттер жасау;заңға бағынатын мінез-құлық моделін әзірлеу және қамаудағылар мен сотталғандардың портреттерін түзету

Психология негіздері, диагностикалау әдістері

4

2-4) Тәрбие-түзеу ықпалының нормалары мен шараларын талдау және түзету

Эмпириялық материалдарды жинаудағы, талдау әдістерін таңдаудағы, проблемалық міндеттерді қоюдағы дербестік, жүргізілген талдаудың сапасы үшін жауапкершілік

Тәрбие-түзеу қызметінің нәтижелеріне талдау жүргізу, жоспарларды, бағдарламаларды және өзінің әрекеттерін түзету

Талдау әдістері, түзету түрлері

4

3. Қамаудағылар мен сотталғандардың арасында құқық бұзушылықтардың профилактикасы бойынша алдын алу іс-шараларын атқару

3-1) Қамаудағылар мен сотталғандардың арасында құқық бұзушылықтарды ескерту жөніндегі жоспарлар мен бағдарламаларды әзірлеу және түзету

Құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жоспарлау әдістерін таңдаудағы дербестік, олардың тиімділігі, объективтілігі үшін жауапкершілік

Құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі жоспарларды, бағдарламаларды әзірлеу.

Құқық бұзушылықтар профилактикасының негіздері. Құқық бұзушылықтардың түрлері, себептері мен жағдайлары

4

3-2) Жазасын өтеуден босатылған адамдарға, қамаудағылар мен сотталғандарға жұмысқа орналасуда жәрдемдесу

Жұмысқа орналасуды көмек көрсету шараларын таңдаудағы дербестік

Мүмкіндіктерді зерттеу, жұмысқа орналастыру бойынша ұсыныстар енгізу

Өңірдің еңбек нарығының конъюнктурасы. Бейімделушінің кәсіби даярлығының біліктілік деңгейін айқындау әдістері.

4

3-3) Қамаудағылармен және сотталғандармен пробациялық, ахуалдық тапсырмаларды шешу

Пробациялық және ахуалдық тапсырмаларды дайындаудағы және шешудегі дербестік; оларды шешу үшін жауапкершілік

Тапсырмаларды әзірлеу және оларды орындауды ұйымдастыру

Педагогика және психология негіздері. НҚА.

4

3-4) Қамаудағылар мен сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу және оңалтуды регламенттейтін нормаларды және тәрбие-түзеу ықпал ету шараларын талдау және түзету

Эмпириялық материалдарды жинаудағы, талдау әдістерін таңдаудағы, проблемалық міндеттерді қоюдағы дербестік, жүргізілген талдаудың сапасы үшін жауапкершілік

Әлеуметтік бейімдеу және оңалту нысандарын, процестерін, нәтижелерін зерттеу.Қиындықтар мен проблемалардың себептерін айқындау.

Әлеуметтік бейімдеу және оңалтуды регламенттейтін НҚА. Қиындықтар мен проблемаларды табу тәсілдері.

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады