2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 210-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдар борышының 2020 жылға арналған лимиттері белгіленсін.
2. Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикасының бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Р. Даленов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 7 қазандағы № 85 бұйырығына қосымша |
Жергілікті атқарушы органдар борышының 2020 жылға арналған лимиттері
Ескерту. Лимиттер жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.12.2020 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Жергілікті атқарушы орган | Жергілікті атқарушы органдар борышының лимиті, мың теңге |
1 | 2 | 3 |
1 | Ақмола облысы | 79 507 700,5 |
2 | Ақтөбе облысы | 89 144 781,6 |
3 | Алматы облысы | 131 903 251,1 |
4 | Атырау облысы | 60 518 008,1 |
5 | Шығыс Қазақстан облысы | 120 572 053,9 |
6 | Жамбыл облысы | 111 244 339,7 |
7 | Батыс Қазақстан облысы | 81 847 098,1 |
8 | Қарағанды облысы | 114 021 236,4 |
9 | Қостанай облысы | 81 990 148,4 |
10 | Қызылорда облысы | 89 774 697,7 |
11 | Маңғыстау облысы | 51 486 476,7 |
12 | Павлодар облысы | 64 697 469,1 |
13 | Солтүстік Қазақстан облысы | 59 144 100,5 |
14 | Түркістан облысы | 121 418 458,7 |
15 | Алматы қаласы | 136 544 528,9 |
16 | Нұр-Сұлтан қаласы | 141 623 986,9 |
17 | Шымкент қаласы | 71 386 618,0 |