"Жергілікті атқарушы органдар борышының 2020 жылға арналған лимиттерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 7 қазандағы № 85 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 94 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 23 желтоқсанда № 21887 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жергілікті атқарушы органдар борышының 2020 жылға арналған лимиттерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 7 қазандағы № 85 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19455 болып тіркелген, 2019 жылғы 10 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген жергілікті атқарушы органдар борышының 2020 жылға арналған лимиттері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
Р. Даленов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 94 Бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы 7 қазандағы
№ 85 бұйырығына
қосымша

Жергілікті атқарушы органдар борышының 2020 жылға арналған лимиттері

Жергілікті атқарушы орган

Жергілікті атқарушы органдар борышының лимиті, мың теңге

1

2

3

1

Ақмола облысы

79 507 700,5

2

Ақтөбе облысы

89 144 781,6

3

Алматы облысы

131 903 251,1

4

Атырау облысы

60 518 008,1

5

Шығыс Қазақстан облысы

120 572 053,9

6

Жамбыл облысы

111 244 339,7

7

Батыс Қазақстан облысы

81 847 098,1

8

Қарағанды облысы

114 021 236,4

9

Қостанай облысы

81 990 148,4

10

Қызылорда облысы

89 774 697,7

11

Маңғыстау облысы

51 486 476,7

12

Павлодар облысы

64 697 469,1

13

Солтүстік Қазақстан облысы

59 144 100,5

14

Түркістан облысы

121 418 458,7

15

Алматы қаласы

136 544 528,9

16

Нұр-Сұлтан қаласы

141 623 986,9

17

Шымкент қаласы

71 386 618,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады