2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (12-шығарылым) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. "Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (12-шығарылым) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 252-ө-м бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7817 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2012 жылғы 11 қазанда № 17 болып жарияланған).
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі А.А. Сарбасовқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Нурымбетов |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 21 қазандағы № 561 бұйрығына қосымша |
Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (12-шығарылым)
1-тарау. Кіріспе
1. Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (12-шығарылым) (бұдан әрі - БТБА) ремиз-берд өндірісі тұралы жұмыстарын көздейді.
2. БТБА Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген.
3. Тарифтік-біліктілік сипаттамалары, осы БТБА-да көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың меншік нысанына және ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмысшылардың жұмыстарын тарификациялаған және біліктілік разрядтарын тағайындаған кезде қолданылады.
2-тарау. Ремиз-берд өндірісі бойынша жұмыстарға арналған разрядтар бойынша жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары
1-параграф. Бердтарды әзірлеуші, 2-разряд
4. Жұмыстардың сипаттамасы:
берд дайындамаларын дискілі арамен кесу, сұрыптау және оларды сұрыптары бойынша бөліп салу, бердының берілген жиектемесі мен енін сақтай отырып, скулкаларды бердыге бекіту, арадағы қалдықты кесіп алу;
желім ерітіндісін әзірлеу, слачок бетін тегістеу, бердыларды желімдеу және кептіру;
бердтарды ерітіндімен сүрту және шайырдан тазарту;
берд шнурын арнаулы айлабұйымда қайта орау, қайта есу сымдарын катушкаға орамалау, штампылау, скулкаларды әзірлеу және таңбалау;
пружиналарды оправаға орау;
қосалқы пружиналар мен слачоктарды жою, салма ұштарын қию және сыртын тазалау.
5. Мыналарды:
қызмет көрсететін аралардың құрылымын;
арнаулы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу құралының мақсаты мен қолдану шарттарын;
берд шнуры мен қайта орау сымын қайта орау тәсілдерін;
берд, шнур нөмірлері мен қайта орай сымының диаметрлерін;
өндірілетін бұйымдардың ассортиментін;
берд дайындамадарын, бекітпелерді кесу және тазалау, скулкаларды таңбалау және желімдеу ережесін;
рұқсатнамалар туралы негізгі деректерді;
өңделетін материалдардың негізгі механикалық ерекшеліктерін;
жұмыстың қауіпсіз жолдарын білуге тиіс.
2-параграф. Бердтарды әзірлеуші, 3-разряд
6. Жұмыс сипаттамасы:
әртүрлі типтегі бердтарды және нөмірлерді, дәнекерленген, желімделген және басқа да бердылардың дайындамаларын берд орау машиналарында ағаш слачокке орамалау;
шайырланған, дәнекерленген, желімделген және басқа да бердылардың дайындамаларын тазалау және майлау, және салмалдарға арналған әзірлемелерді тегістеп түзету;
салмаларда байлау және тазалау;
катушкаларды орнату, тарақты аралау, слачоктарды тазалау және май құю, тістерді орнату;
шнурдың тартпасын, берд тісінің берілуін және перевой тетігін реттеу;
берд тісінің оралуын және орау барысында туындағын ақаулардың түзетілуін қадағалау;
берд дайындамаларының көлемі мен оны салу;
дәнекерленген және желімделген тарақтарды, дәнекерленген, желімделген және басқа да, металл слачоктарға оралған бердыларды құрастыру;
пружиналарды автоматтарға орамалау;
шлихталау қатаршаларындағы тізіп орағыштарды құрастыру алдын ала тісін штампылап, қайрай отырып соңғы өңдеу;
спиральдар мен салмаларды қайрау.
7. Мыналарды:
қызмет көрсететін жабдықтың жұмыс принципін және оны реттемелеу тәсілдерін;
бақылау-өлшеу құралының құрылымын;
берд құрастыру жолдарын;
жабдықты күту ережесін;
берд дайындамаларын ораудан және құрастырудан кейін қабылдауға арналған техникалық шарттарды;
бердтың типі мен нөмірін анықтау ережесін;
бердты майлау ережесі мен қолданылатын майлардың маркалерын;
бердты майлау жөніндегі жартылай автоматтың жұмыс принципін;
жұмыстың қауіпсіз жолдарын білуге тиіс.
3-параграф. Бердтар әзірлеуші, 4-разряд
8. Жұмыс сипаттамасы:
әртүрлі типтегі және нөмірлі шайырланған, дәнекерленген, желімделген және басқа да бердтардың дайындамаларын берд орау машиналарында ағаш слачокке орамалау;
шайырланған, дәнекерленген, желімделген және басқа да бердтар мен тістерінің қалыңдығы 0,27 миллиметрден артық тарақтарды қолмен өңдеу;
тістердің қисығын түзету, өтпелік шамасын тегістеу, араларындағы параллельдікті сақтау және берд тісі орамасындағы ақауларды арнаулы құралдармен және айлабұйымдармен жою;
барлық нөмірдегі бердтардағы кесімдер мен қималарды тоқыма станоктарында түзету;
планкалардың жоғарғы және төменгі кесімдерін жою;
қысымдалған ауа станоктарынде бердтарды жұмысқа дайындау, жуу және үрмелеу;
түрлі металл торларға арналған, шайырланған, дәнекерленген, желімделген және басқа да, слачоктарға арналған бердтарды құрастыру;
"П-үлгілі" салмағы ағаш арналған бейінді дайындау;
желім компаундын әзірлеу;
"П-үлгілі" профиль салмасы мен пружиналарды желім компаундымен толтыру;
балқыма жасау;
берд және тор дайындамалар тарақтарын дәнекерлеу;
берд дайындамаларын кесінді айналмада бөліп кесу;
қызмет көрсететін машиналарды баптау.
9. Мыналарды:
қызмет көрсететін жабдықтың құрылымын және оны реттемелеу тәсілдерін;
бердтарды бақылау және тексеру үшін қолданылатын арнаулы айлабұйымдардың құрылымын;
жабдықты күту ережесін, бердтарды, тарақтарды қабылдау;
түзеу және өңдеу жолдарын;
өңдеуге қойылатын техникалық шарттарды;
тор түрлері мен сұрыптарын;
торларды дәнекерлеу жолдарын, компаунд компоненттерін;
оны жасау жөніндегі нұсқаулықты, синтетикалық желім ерекшелігін;
бердыны желімдеу сапасының оның тоқыма станоктарындағы тұрақтылығына әсерін;
жұмыстың қауіпсіз жолдарын білуге тиіс.
4-параграф. Бердтарды әзірлеуші, 5-разряд
10. Жұмыс сипаттамасы:
шайырланған, дәнекерленген, желімделген және басқа да бердтар мен тістерінің қалыңдығы 0,27 миллиметрге дейін тарақтарды қолмен өңдеу;
тіс арасындағы саңылау көлемін тегістей және олардың арасындағы паралелльдікті сақтай отырып тістің түрлі қалыңдығын түзеу;
берд дайындамалары тіс жинағындағы ақауларды тіс тегістігі бойынша арнаулы айлабұйыммен жою;
бердтарды микроскоппен тексеру;
барлық типтегі, нөмір мен қатардағы бердтарды жөндеу;
жоғары нөмірдегі бердтардың тіс отырмасын түзету;
бердтың үстіңгі қабатындағы учаскелік кесіктерді станоктарда жою;
негіздемені орамалау үшін бағалық және бағыттаушы қатарларды дайындау;
берд тісін түзетуге арналған арнаулы құралды жылтырату және қайрау;
түрлі нөмірдегі желімделген бердтарды тіс аралық қашықтықтарды микроскоппен және эпидиоскоппен тексере отырып, бердтарды-жинау автоматында жинақтау;
берды бойындағы тістердің ақауларын жою;
тістерді дәлдік және тіс аралық өтпелерді бекітпелеу үшін спиральмен бекіту;
слачоктар мен берд түбірін арнаулы желіммен желімдеу, кептіру және бердқа төрт салманы жапсыру;
микроскоптағы тіс арасындағы өтпелерді тексеру мақсатында берд махын арнаулы құралмен тазалау.
11. Мыналарды:
берд-жинақтау автоматтарының құрылымын;
жабдықтау реттемелеу тәсілдері мен оны күту ережесін;
бердтың типтері мен нөмірлерін және оларға қойылатын талаптарды;
берд тісін түзетуге арналған техникалық шарттарын;
станокқа берд тістерін орнату ережесін;
бердке арналған қатарларды дайындау ережесін;
металдың ерекшеліктері мен құрылымының өзгеруін;
түрлі түзету ысытпасының температуралық режимін;
бердты жинақтаудан және желімдеуден кейін қабылдаудың техникалық шарттарын;
желім ерекшеліктерін;
өлшеу құралдарының мақсаты және оны қолдану ережесін;
жұмыстың қауіпсіз жолдарын білуге тиіс.
5-параграф. Берд тісін өңдеуші, 3-разряд
12. Жұмыс сипаттамасы:
қалыңдығы 0,5 миллиметрден жоғары берд тісін тіс жасау машиналарында бұдырлығын техникалық шарттарға сәйкес квалитеттер мен параметрлер бойынша өңдеу;
машиналарды реттемелеу.
13. Мыналарды:
қызмет көрсететін тіс жасау машиналарының құрылымын, жұмыс принципін және реттемелеу тәсілдерін;
арнаулы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу құралының құрылымын;
арнаулы кесу құралын қайрау ережесін;
бұдырлық шегі, квалитеттері мен параметрлерін;
өңделетін материалдардың негізгі ерекшеліктерін;
жұмыстың қауіпсіз жолдарын білуге тиіс.
6-параграф. Берд тісін өңдеуші, 4-разряд
14. Жұмыс сипаттамасы:
қалыңдығы 0,3 миллиметрден 0,5 миллиметрге дейінгі берд тісін тіс жасау машиналарында бұдырлығын техникалық шарттарға сәйкес квалитеттер мен параметрлер бойынша өңдеу;
машиналарды реттемелеу.
15. Мыналарды:
әртүрлі типтегі тіс жасау машиналарының құрылымын;
қызмет көрсететін тіс жасау машиналарының кинематикалық сызбасын, баптау және дәлдігін тексеру ережесін;
қалыпты кесуші құралды термо өңдеу, қайрау және жетілдіру ережесін;
шектеу жүйесін;
жұмыстың қауіпсіз жолдарын білуге тиіс.
7-параграф. Берд тісін өңдеуші, 5-разряд
16. Жұмыс сипаттамасы:
қалыңдығы 0,3 миллиметрге дейінгі берд тісін тіс жасау машиналарында бұдырлығын техникалық шарттарға сәйкес квалитеттер мен параметрлер бойынша өңдеу;
тісті өңдеудің кезектілігін және көп кесетін құрал мен тісті тегістігі мен бүйірі бойынша түзеуге арналған арнаулы айлабұйымды қолдана отырып, технологиялық процеске сәйкес кесудің ең оңтайлы режимдерін белгілеу.
17. Мыналарды:
әртүрлі типтегі тіс жасау машиналарының кинематикалық сызбасын, баптау және дәлдігін тексеру тәсілдерін;
қызмет көрсететін машиналардың құрылымын;
станоктің паспорты мен анықтамалығы бойынша кесу режимін анықтау ережесін;
кесу теориясы негіздерін;
жұмыстың қауіпсіз жолдарын білуге тиіс.
8-параграф. Бердтарды шайырлаушы, 3-разряд
18. Жұмыс сипаттамасы:
берд дайындамаларының, берд шнуры мен ванналардағы басқа да бұйымдардың тарақтарын шайырлау және сіңіру жөніндегі технологиялық процесті жүргізу;
шайыр ерітіндісін әзірлеу;
берд дайындамаларының тарақтарын технологиялық шарттарға сәйкес майыстыру;
ванна жұмысының режимін белгілеу және ұстап тұру, аспаптар мен берілген режим бойынша шайырлау процесін реттеу;
рецепт бойынша шайыр және сіңіру ерітінділерін жасау;
бұйымның сіңірілуін қадағалау.
19. Мыналарды:
ванналардың, арнаулы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу құралының құрылымын;
шайыр ерітінділерін жасау рецептін;
берд дайындамаларының, берд шнурының тарақтарын шайырлау және сіңіру ережесін;
бұйымдардың нөмірлері мен сұрыптарын;
шайырлау және сіңіру кезінде қолданылатын материалдарды, олардың ерекшеліктері мен өнімнің сапасына тигізетін әсерін;
шайырлану сапасын анықтау тәсілдерін;
жұмыстың қауіпсіз жолдарын білуге тиіс.
9-параграф. Бұйымдарды кептіруші, 3-разряд
20. Жұмыс сипаттамасы:
ремизді, беттерді, галдарды, ремиз-берд өндірісінің басқа да бұйымдарын кептіру камераларында кептірудің технологиялық процесін жүргізу;
бұйым тиелген арбаларды тиеу және кептіру камераларынан түсіріп алу;
бақылау-өлшеу құралдары бойынша кептіру режимін белгілеу;
ауаның, желдеткіш қондырғыларының жұмысын, кептіру процесін, кептіру камераларының жарамдылығын және көлік құралдарының жұмысын қадағалау;
көлік құралдарын басқару;
кептіру құрылғылары жұмысындағы ақауларды анықтау;
кептіру процесі жазбасын жүргізу.
21. Мыналарды:
кептіру камераларымен көлік құралдарының құрылымын, жұмыс принципін;
бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымы мен қолдану шарттарын, бұйымды дайындау процесін;
олардың мөлшерін және кептіру режимін;
өніммен жұмыс істеу және кептіру режимі туралы жазбаны жүргізу ережесін;
жұмыстың қауіпсіз жолдарын білуге тиіс.
10-параграф. Жаккард машиналарына арналған жарақтарды әзірлеуші, 2-разряд
22. Жұмыс сипаттамасы:
бетке арналған ілмені қолмен жасау;
ілмелерді мөлшеріне қарай сұрыптау және жүздіктер бойынша байлау;
ванналарға арналған жуу ерітіндісін әзірлеу;
ілмені ваннаға салу, жуу және оны ваннадан түсіріп алу;
ілмені айлабұйымдардың көмегімен тазалау және оны стеллаждарға қою.
23. Мыналарды:
тазалауға арналған айлабұйымдардың құрылымын, мақсатын және қолдану шарттарын;
ілмені жасау және тазалау тәсілдерін;
жуу ерітіндісінің құрамы мен қасиеттерін, ілме мөлшерлерін білуге тиіс.
11-параграф. Жаккард машиналарына арналған жарақтарды әзірлеуші, 3-разряд
24. Жұмыс сипаттамасы:
беттерді, галдарды, сақиналарды, жақшаларды және күршектерді мөлшерлері бойынша жартылай автоматтарда жасау;
дайындалған шикізатты, материалдар мен айлабұйымдарды саны мен сапасы бойынша сұрыптау;
жартылай автоматтарды баптау және тексеру;
беттерді өлшеу-бақылау құралдарымен тексеру;
жасалған беттерді алу, таңбалау, қоймалау және тапсыру;
эластикалық элементті мөлшері бойынша станоктарда жасау және оны галевомен, күршекпен біріктіру;
полиэтилен трубкаларын кесу және оларды галевтерге кигізу;
жасалатын құрамдас элементтердің сапасын бақылау.
25. Мыналарды:
қызмет көрсететін жабдықтың құрылымын және оны реттемелеу тәсілдерін,
бердтарды бақылау және тексеру үшін қолданылатын арнаулы айлабұйымдардың құрылымын, арнаулы кесу құралын қайрау ережесін;
бет жасаудың ережесі мен тәсілдерін,
бет тип мөлшерлерін және өңделетін шикізат пен материалдарға қойылатын талаптарды,
галды және эластикалық элементтерді жасау жолдарын;
жұмыстың қауіпсіз жолдарын білуге тиіс.
12-параграф. Жаккард машиналарына арналған жарақтарды әзірлеуші, 4-разряд
26. Жұмыс сипаттамасы:
бет дайындамаларын шиелеп тоқу машинасында тоқу;
қайта өңдеуге келіп түсетін бұрама жіпті орау сапасына, қоспа санына қарай, металл тесіктерін нөмірі мен сырт түріне қарай тексеру;
машинаны жұмысқа дайындау және оған май құю;
арқау жіптері арқанының тартылуын қадағалау;
машиналардың, кесу пышағы бар бөлгіштің, пластина пружинасының жұмысталған бөлшектерін беру торабын бөлшектеп және қарастыра отырып ауыстыру;
машинаны баптау;
кесу пышақтарын қайрау;
бет дайындамаларын түсіріп алу, оларды мөлшері бойынша бөліп қою, ұштарын тегістеу;
аркатты және рамалы шнурларды мөлшері бойынша дайындау;
аркатты шнурлардың жіп ұштарын байламға қосу, жалғанған жерлерін тегістеу.
27. Мыналарды:
түрлі типтегі шиелеп тоқу машиналарының құрылымын, қызмет көрсететін машина кинематикасын және оның дәлдігін тексеру ережесін;
машинаны баптау ережесін, арналу айлабұйымды термоөңдеу мен жетілдіру ережесін;
дайындаманы байламдау ережесін және тәсілдерін;
аркатты және рамалы шнурларды жасау станоктарының құрылымын және оны баптауды, жіп нөмірлерін;
сапаға қойылатын талаптарды;
техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттарды, шнур жасау есептерін, оларды біріктіру тәсілдері мен әдістерін;
жұмыстың қауіпсіз жолдарын білуге тиіс.
13-параграф. Жаккард машиналарына арналған жарақтарды әзірлеуші, 5-разряд
28. Жұмыс сипаттамасы:
аркат қаусырмаларын құрастыру стенділерінде есепке, сызбаға, раппорт тәртібіне сәйкес жасау;
аркат байламдарын рамалық шнурлармен біріктіру, тегістеу және оларды құрастыру стендінің күршектеріне тапсырыстарға сәйкес ілу;
аркатты шнурлар мен галды машинамен немесе қолмен біріктіру;
біріккен жерді полимермен құймалау;
электронды тораптарды реттемелеу, құю машинасының температурасы мен жұмыс режимін реттеу;
аркат қаусырмасының құрастыру элементтерін;
кассей тақтасын, шыны торшаларды, қарау ортасы деңгейін, желі ойығын айлабұйымдар мен аспаптардың көмегімен тегістеу және орталандыру;
дайын аркат қаусырмасын стендтен түсіріп алу.
29. Мыналарды:
құю машинасының құрылымын, жұмыс режимін және басқару тораптарын, айлабұйымдар мен аспаптарды реттемелеу ережесін;
аркат қаусырмасының, құрастыру элементтері мен шикізаттың сапасына қойылатын техникалық талаптарды;
аркатты бөлу есебі ережесін;
шнурларды күршекке ілу ережесін;
түрлі типтегі жаккард машиналарында күршектердің орналасу тәртібін;
маталардың ассортименті мен қаусырма есептерін;
тесіктер мен барлық қаусырмаларды тегістеу әдістерін;
галды аркат шнурымен қосу тәсілдері мен әдістерін;
қолданылатын полимерлердің физикалық-механикалық ерекшеліктерін;
аркат қаусырмасын стендіден түсіріп алу жолдарын;
жұмыстың қауіпсіз жолдарын білуге тиіс.
14-параграф. Ремиз автоматтарының автоматшысы, 3-разряд
30. Жұмыс сипаттамасы:
металл галдарының барлық типтерін қорғасын-қалайы дәнекермен дәнекерлеу агрегаты бар ремизді автоматтарда дәнекерлеу кезінде газбен қыздыра отырып өңдеу;
ванналарды флюспен және қорғасын-қалайы дәнекерімен толтыру;
сымдарды түзеу;
ванналардағы фетрді ауыстыру;
газдың берілуін бақылау;
дәнекер температурасын өлшеу және берілген шекте ұстап тұру;
дәнекер айнасынан күлді кетіру;
гал сапасы бақылау.
31. Мыналарды:
қызмет көрсететін жабдықтың құрылымын;
ремизді галдардың атауы мен нысанын, сымның диаметрін;
саңылау мен құлақшалардың мөлшерін;
қолданылатын дәнекер мен флюстердің құрамын;
жұмыстың қауіпсіз жолдарын білуге тиіс.
15-параграф. Ремиз автоматтарының автоматшысы, 4-разряд
32. Жұмыс сипаттамасы:
металл галдарының барлық типтерін қорғасын-қалайы дәнекермен дәнекерлеу агрегаты бар ремизді автоматтарда дәнекерлеу кезінде электрмен қыздыра отырып өңдеу;
электронды автоматика аспаптарының дәнекер температурасын ұстап тұру және сымды берілген шекте берудің тұрақты жылдамдығын ұстап тұру жөніндегі жұмысын бақылау;
метал галдарды таратып бөлу шнурларына тізу және есептеу жөніндегі автоматты тораптарды баптау;
автоматқа май құю, оның жекелеген тораптары мен механизмдерін реттемелеу;
арнаулы құралды жетілдіру;
гал сапасын бақылау.
33. Мыналарды:
қызмет көрсететін жабдықтың құрылымын;
тораптар мен механизмдерді реттемелеу тәсілдерін;
электр аппаратурадағы ванналарды қыздырудың берілген режимін реттеуді;
автоматқа қайталап май құю әдістері мен тәсілдерін;
құралдың сапасына қойылатын негізгі талаптарды;
құралды жеткеру мен орнатудың ережесі мен тәсілдерін;
жұмыстың қауіпсіз жолдарын білуге тиіс.
16-параграф. Ремиз жасаушы, 1-разряд
34. Жұмыс сипаттамасы:
дайын ремиздерді металл көздермен және ашпалы галдарды оларды алдын ала қолмен қыздыра отырып, бөлу;
ремиз дайындамаларын пружинаға тарта отырып, арбаша айлабұйымдарына ілмелеу;
барлық сұрып ремиздерін жіптің түс белгілері, мөлшері мен нөмірі бойынша сұрыптау;
сұрыпталған ремиздерді жиынтықтарға байламдау;
оларды топтамаларға салу және тапсырысқа сәйкес есептен шығару;
көздерді орнату, ремиздердің түс белгілеріне арналып боялған жіпті қайта орамалау, ілмелерді, таяқшаларды тазалау.
35. Мыналарды:
қарапайым айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу құралдарының мақсаты мен оларды қолдану шарттарын;
шығарылатын ремиз өнімдерінің ассортиментін;
өңделетін материалдардың атауы мен таңбалануын;
көлік құралдарын пайдалану ережесін білуге тиіс.
17-параграф. Ремиз жасаушы, 2-разряд
36. Жұмыс сипаттамасы:
төмен нөмірлі (№ 48 дейінгі) жіптен жасалған жіп көзді ремиз дайындамалары мен ашпалы галдарды бапталған ремиз тоқу машиналарында тоқу;
ремиз жіпті катушкаларды орнату, қаусыру және автоматта жіптің тартылуын реттеу, инелерді ауыстыру және орнату;
жіп ұштарының үзілген жерлерін жалғау, түйіндерді шығару;
аркатты өткізу;
ремиз бұйымдарын оларды жасаудың техникалық шарттарына сәйкес түзеу;
металл ремиздерді тоқу және реставрациялау.
37. Мыналарды:
құрылымы туралы негізгі деректерді, қызмет көрсететін машиналардың аса маңызды бөліктерінің атауы мен нысанын, жұмыс принципін, ремиз бұйымдары өндірісінде қолданылатын жіп нөмірлерін,
қызмет көрсететін операциялар бұйымдарына қойылатын талаптарды;
галдарды, ремиздерді тоқудың, аркатты ілмек жасай отырып өткізу тәсілдерін;
арнаулы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу құралдарының нысаны мен оларды қолдану шарттарын;
жұмыстың қауіпсіз жолдарын білуге тиіс.
18-параграф. Ремиз жасаушы, 3-разряд
38. Жұмыс сипаттамасы:
жіңішке және қалыңдығы орташа (№ 48 жоғары) жіп көзді және металл көзді қалыңдығы әртүрлі жіптен жасалған ремиз дайындамаларын бапталған ремиз тоқу машиналарында тоқу;
қызмет көрсететін ремиз тоқу машиналарын баптау;
ремиз дайындамаларын, аркатты, бетті және галдарды крахмалдауға және лактауға арналған қондырғыларды дайындау, реттеу және қызмет көрсету;
ремиз бұйымдарын бірінші және қайталап крахмалдау және лактау кезінде ілу және түсіріп алу;
ремизді, аркатты, бетті және галдарды крахмалдау және лактау, өңдеу және кептіру;
жаңа ремиздерді әзірлеу, галдарды ажырату, ескі ремиздерді тазалау және реставрациялау, сондай-ақ, көздерді арнаулы айлабұйымдарда жасау және реставрациялау;
жекелеген тетіктер мен қондырғылардың жұмыс режимін реттеу.
39. Мыналарды:
ремиз тоқитын, крахмалдайтын және лактайтын машиналар мен қондырғылардың, ілмектеуші станоктардың құрылымы мен реттемелеу тәсілдерін;
қолданылатын жіп сұрыптарын, әзірленетін бұйымдардың нысанына қарай, оларға қойылатын талаптарды;
қолданылатын қанықтыру және лактаушы материалдардың құрамын және олардың бұйымдарды өңдеу кезінде білінетін қасиеттерін;
тоқыманы әзірлеу және жаңа ремиз галдарды планкаларға бекіту тәсілдерін;
станоктардағы ремиздерді бүліну себептері мен олардың тәсілдерін;
жұмсалған галдарды қайта байлау, түсіру және ауыстыру тәсілдерін;
жұмыстың қауіпсіз жолдарын білуге тиіс.
19-параграф. Ремиз-берд жабдығын баптаушы, 4-разряд
40. Жұмыс сипаттамасы:
бұйымның барлық тип размерлерін қорғасын-қалайы дәнекермен дәнекерлеу және қалайымен қалайылау кезінде ремиз және көз автоматтарының дәнекерлеу және қалайылау агрегаттарының жекелеген тораптарын баптау;
ремиз бұйымдарын крахмалдау, лактау және өңдеу процестерін жүргізуге арналған машиналар мен қондырғыларды баптау;
майыстырғыш және тіс жасау станоктарының механизмдерін, айлабұйымдары мен құралдарын реттемелей отырып баптау;
жабдықты орташа және күрделі жөндеуге тапсыруға дайындау;
жабдыққа май құю;
кесетін құралдарды қайрау.
41. Мыналарды:
түрлі типтегі жабдықтың құрылымын, кинематикалық және электр сызбаларды, қызмет көрсететін жабдықты баптау тәсілдері мен дәлдігін тексеру ережесін;
бұйымдарды жасау технологиясын, крахмалдаушы және лактаушы ерітінділер мен қорғасын-қалайы дәнекерлердің құрамын, оларды дайындау және қолдану тәсілдерін, ақау;
жабдықты орташа және күрделі жөндеуге беру тәртібінің ведомостарын жасау;
арнаулы және қалыпты кесуші құралды термо өңдеу, қайрау және жетілдіру ережесін;
жұмыстың қауіпсіз жолдарын білуге тиіс.
20-параграф. Ремиз-берд жабдығын баптаушы, 5-разряд
42. Жұмыс сипаттамасы:
бұйымның барлық тип размерлерін қорғасын-қалайы дәнекермен дәнекерлеу және қалайымен қалайылау кезінде дәнекерлеу және қалайылау агрегаттары бар ремиз және көз автоматтарын баптау;
тораптарды ұсақ жөндей отырып, ремиз және берд айналдыру машиналарын іріктеу және орнату;
ремиз-тоқу берд айналдыру автоматтарының түйіп тоқу машианаларын, жаккард машиналарына арналған жабдық элементтерінің қосылған жерлерін полимер құюға және түрлі типтегі және құрылымдағы, есептерді орындайтын, ремиз-берд бұйымдарын дайындауға арналған ауыспа шестерняларды іріктеу орнататын басқа да машиналар мен станоктарды баптау;
айлабұйымдарды, механизмдерді бақылау-өлшеу құралдарын қолдана отырып орнату;
жабдықтың жұмыс режимін анықтау;
арнаулы құралды қайрау.
43. Мыналарды:
қызмет көрсететін жабдықтың кинематикалық және электр сызбасын, түрлі типтегі машиналардың дәлдігін тексеру тәсілдерін;
ақау ведомостарын жасауды;
жабдықты жөндеуден кейін қабылдау және май құю ережесін;
ауыспалы шестернялар есебін;
станоктың паспорты мен анықтамалығы бойынша кесу режимін анықтау ережесін;
кесу теориясы негіздерін;
қолданылатын материалдардың физикалық-механикалық ерекшеліктерін;
жұмыстың қауіпсіз жолдарын білуге тиіс.
21-параграф. Ремиз-берд өндірісін бақылаушы, 2-разряд
44. Жұмыс сипаттамасы:
ремиз дайындамалары мен беттерді крахмалдағаннан және лактағаннан кейін сапа жөніндегі талаптарға және бұйымды ақауға шығару нұсқаулығына сәйкес бақылау, қабылдау және ақауға шығару;
сырт белгілері бойынша бұйымның жарамдылығын анықтау және таңбалау;
ақауларды есепке алу.
45. Мыналарды:
ремиздер мен беттерді ақауға шығару нұсқаулығын және сапа жөніндегі талаптарды;
қолданылатын бұйымдардың нысаны мен ерекшелігін;
қабылдау тәсілдерін;
бұйымның сұрыптарын, мөлшерін, шартты белгілері мен өңдеуге жіберілетін нормативтік түсірулерді білуге тиіс.
22-параграф. Ремиз-берд өндірісін бақылаушы, 3-разряд
46. Жұмыс сипаттамасы:
аркат ремизі мен мақта-мата галдарды лактағаннан және оларды техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттарының талаптарына сәйкес өңдегеннен кейін бақылау, қабылдау және ақауға шығару;
бұйымдарды мөлшері мен жіп нөміріне қарай сұрыптау;
эталон, зертхана талдау деректері мен басқа да белгілері бойынша бұйымның жарамдылығын анықтау;
біліктілігі төмен бақылаушылардың бұйымды ақауға шығару дұрыстығын тексеру;
өнімге жасалған шағым актілерін қарауға қатысу.
47. Мыналарды:
қабылданатын бұйымдарға арналған техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттарды, ремиздердің, аркаттар мен галдардың нысанын;
қолданылуын және тексеру тәсілдерін;
эталондар бойынша сапаны бақылау ережесін және әдістерін;
бақылау-өлшеу құралдарының нысанын;
қолдану шарттары мен құрылымын, мөлшерлерді, шектеулерді өңделетін материалдардың негізгі ерекшеліктерін білуге тиіс.
23-параграф. Ремиз-берд өндірісін бақылаушы, 4-разряд
48. Жұмыс сипаттамасы:
бердтарды, беттерді, тарақтарды, металл галдар мен ремиз-берд өндірісінің басқа да бұйымдарын техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттарға сәйкес өлшеу аспаптары мен құралдарын пайдалана отырып бақылау және қабылдау;
бұйым ақауларын, оларды түзеу және журналға тіркеу үшін қайтара отырып, анықтау;
бұйымның беріктігін арнаулы аспаптарда тексеру;
бердтың нөмірін, сұрпын және есебін тексеру;
қабылданған бұйымдарды сұрпы мен нөмірі бойынша белгілеу, тапсырыс бойынша таратып бөлу және таңбалау;
қабылдау құжаттамасын ресімдеу;
біліктілігі төмен бақылаушылардың бұйымды ақауға шығару дұрыстығын тексеру.
49. Мыналарды:
қабылданатын бұйымдарға арналған техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттарды;
ремиз-берд өндірісінің басқа да бұйымдарын бақылау тәсілдері мен әдістерін;
бақылау-өлшеу құралдарының құрылымын;
бұйымдарды аспаптармен және құралдармен сынау әдістерін;
бұйымның мөлшерлерін, түсіру жүйесін;
эталондарды пайдалану ережесін;
ақауды қабылдау және есепке алу құжаттамасын жүргізуді білуге тиіс.
3-тарау. Жұмысшы кәсіптерінің алфавиттік көрсеткіші
50. Жұмысшы кәсіптерінің алфавиттік көрсеткіші (12-шығарылым) БТБА-ның қосымшасында көрсетілген.
Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (12-шығарылым) қосымшасы |
Жұмысшы кәсіптерінің алфавиттік көрсеткіші
Р/с № | Кәсіптердің атаулары | Разряд диапазоны | Беті |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Бердтарды әзірлеуші | 2-5 | 3 |
2. | Берд тісін өңдеуші | 3-5 | 7 |
3. | Бердтарды шайырлаушы | 3 | 8 |
4. | Бұйымдарды кептіруші | 3 | 9 |
5. | Жаккард машиналарын арналған жарақтарды әзірлеуші | 2-5 | 9 |
6. | Ремиз автоматтарының автоматшысы | 3-4 | 12 |
7. | Ремиз жасаушы | 1-3 | 13 |
8. | Ремиз-берд жабдығын баптаушы | 4-5 | 15 |
9. | Ремиз-берд өндірісін бақылаушы | 2-4 | 16 |