Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің іріктеу комиссияларын құру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 13 қарашадағы № 910 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 19 қарашада № 19616 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 27-тармағы негізінде БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің іріктеу комиссияларын құру және олардың жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қорғаныс министрі Н. Ермекбаев

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2019 жылғы 13 қарашадағы
№ 910 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің іріктеу комиссияларын құру және олардың жұмыс істеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің іріктеу комиссияларын құру және олардың жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің (бұдан әрі – Қарулы Күштер) әскери бөлімдері мен мекемелерінің іріктеу комиссияларын құру және олардың жұмыс істеу тәртібін айқындайды.

      2. Іріктеу комиссиясы алқалы орган болып табылады және Қарулы Күштерде бос әскери лауазымға орналасуға кандидаттарды іріктеуді жүзеге асырады.

      3. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің іріктеу комиссиясы офицерлер құрамының бос әскери лауазымдарына тағайындау үшін кандидаттарды іріктеуді жүргізеді.

      4. Әскери бөлімнің (мекеменің) іріктеу комиссиясы қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамының бос әскери лауазымына тағайындау үшін кандидаттарды іріктеуді жүргізеді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 22.12.2022 № 1247 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Азаматтарды Қарулы Күштерге келісімшарт бойынша әскери қызметке іріктеу "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы әскери лауазымдар және оларға сәйкес келетін әскери атақтар тізбесінде көзделген және бос болып табылатын лауазымға жүзеге асырылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 22.12.2022 № 1247 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің іріктеу комиссияларын құру тәртібі

      6. Қорғаныс істері жөніндегі департамент іріктеу комиссиясының құрамы тиісті департамент бастығының бұйрығымен, әскери бөлім (мекеме) іріктеу комиссиясының құрамы тиісті командирдің (бастықтың) бұйрығымен бекітіледі.

      Іріктеу комиссиясының төрағасы болып қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының, әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) орынбасары тағайындалады.

      Іріктеу комиссиясының құрамы мүшелердің тақ санынан кемінде бес адамнан тұрады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 22.12.2022 № 1247 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелері іріктеу комиссияларының жұмыс істеу тәртібі

      7. Іріктеу комиссиясы жұмысты ұйымдастыру мақсатында мынадай іс-шараларды жүргізеді:

      кандидаттардың жеке ісін тексеру;

      кандидаттардың әскери-есептік мамандығына және тағайындау үшін қаралатын әскери лауазымның біліміне сәйкес келуін тексеру;

      кандидаттардың дене шынықтыру дайындығын тексеру;

      кәсіби және психологиялық іріктеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

      іріктеу комиссиясының отырысында іріктелген кандидаттарды қарау.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 22.12.2022 № 1247 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Іріктеу комиссиясының отырысы іріктеу комиссиясының төрағасы бекітетін жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі.

      9. Іріктеу комиссиясының отырысы, егер оған құрамының кемінде үштен екі бөлігі қатысса, заңды болып саналады. Іріктеу комиссиясының жоқ мүшелерін ауыстыруға жол берілмейді.

      Кворум болмаған жағдайда іріктеу комиссиясының қайта отырысы он жұмыс күні ішінде өткізіледі. Оның құрамының үштен екісінің қайта отырысқа қатысуын қамтамасыз ету мүмкін болмаған кезде қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы, әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) іріктеу комиссиясының жаңа құрамын бекітеді.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 22.12.2022 № 1247 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Іріктеу комиссиясының отырысы мынадай тәртіппен өткізіледі:

      1) психологиялық іріктеу, кандидатты оның білімінің, әскери-есептік мамандығының, дене шынықтыру дайындығының, сондай-ақ оның кәсіби тұрғыдан жарамдылығының сәйкес келуіне тексеру нәтижелері қоса берілген қалыптастырылған жеке ісінің материалдарын қарау;

      2) кандидатпен әңгімелесу;

      3) іріктеу комиссиясы мүшелерінің пікірлерін тыңдау;

      4) дауыс беру және шешім қабылдау;

      5) кандидатқа қабылданған шешімді жариялау.

      11. Іріктеу комиссиясының шешімі қатысқан мүшелердің көпшілік дауысымен қабылданады. Іріктеу комиссиясы мүшелерінің дауыстары тең болған кезде комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      12. Іріктеу комиссиясының шешімі хаттамамен ресімделеді.

      13. Іріктеу комиссиясының хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

      14. Іріктеу комиссиясы отырыс қорытындылары бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) ұсынылады;

      2) ұсынылмайды.

      15. Келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдаудан бас тартылған жағдайда осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада хабарламаны алған күннен бастап үш айдан кешіктірілмейтін мерзімде қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығына немесе әскери бөлімнің (мекеменің) командиріне (бастығына) бас тарту себептерін көрсетумен және шағым беру құқығын түсіндірумен хабарлама жасалады. Бірінші данасы кандидатқа беріледі, ал екіншісі қорғаныс істері жөніндегі департаментте (әскери бөлімде (мекемеде) қалады.

      Өтініш берушіге қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы, әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) шағым түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жауапты жолдайды.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 22.12.2022 № 1247 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Қорытынды ережелер

      16. Әскери бөлімнің (мекеменің) командирі (бастығы) іріктеу комиссиясының хаттамасынан үзінді негізінде кандидатпен қатардағы жауынгерлер мен сержанттар құрамының лауазымында әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасайды, әскери қызметке қабылдау және әскери бөлім (мекеме) жеке құрамының тізіміне қабылдау туралы бұйрықтар шығарады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 22.12.2022 № 1247 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Қорғаныс істері жөніндегі департамент шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хаттамадан үзіндіні және іріктеу комиссиясы оған қатысты "ұсынылады" деп шешім қабылдаған кандидатқа материалдарды оның әскери қызметке кіруі және онымен әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасау туралы бұйрық шығару үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаментіне жолдайды.

      Әскери қызметке қабылдау және жеке құрамның тізіміне қабылдау туралы бұйрықтардан үзінділер әскери қызметшіні әскери есептен шығару үшін үш жұмыс күні ішінде жергілікті әскери басқару органдарына жолданады.

      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 22.12.2022 № 1247 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің әскери
бөлімдері мен мекемелерінің
іріктеу комиссияларын құру
және олардың жұмыс істеу
қағидаларына
қосымша

      Нысан

бұрыштық мөртаңба

Кімге ________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде)

ХАБАРЛАМА

      Ескерту. Қағида қосымшамен толықтырылды - ҚР Қорғаныс министрінің 22.12.2022 № 1247 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Сізге _______________________________________________ байланысты келісімшарт

      (қандай себеппен бас тарртылғаны көрсетіледі)

      бойынша әскери қызметке қабылдаудан бас тартылғаны туралы хабарлаймыз.

      Сізге қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығына (әскери бөлім (мекеме) командиріне (бастығына) хабарлама алған күннен бастап үш айдан кешіктірілмейтін мерзімде шағым беруге құқығыныз бар екенін түсіндіреміз.

      __________________________________________________

      (лауазымнын атауы)

      __________________________________________________

      (әскери атағы, қолы, тегі, аты-жөні)

Об утверждении Правил образования и работы отборочных комиссий воинских частей и учреждений Вооруженных Сил Республики Казахстан

Приказ Министра обороны Республики Казахстан от 13 ноября 2019 года № 910. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 ноября 2019 года № 19616.

      На основании пункта 27 Правил прохождения воинской службы в Вооруженных Силах, других войсках и воинских формированиях Республики Казахстан, утвержденных Указом Президента Республики Казахстан от 25 мая 2006 года № 124, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила образования и работы отборочных комиссий воинских частей и учреждений Вооруженных Сил Республики Казахстан.

      2. Департаменту кадров Министерства обороны Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства обороны Республики Казахстан после его первого официального опубликования;

      3) направление сведений в Юридический департамент Министерства обороны Республики Казахстан об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта, в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя Министра обороны Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ довести до должностных лиц в части, их касающейся.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр обороны Н. Ермекбаев

  Утверждены
приказом Министра обороны
Республики Казахстан
от 13 ноября 2019 года № 910

Правила образования и работы отборочных комиссий воинских частей и учреждений Вооруженных Сил Республики Казахстан

Глава 1. Общие положения

      1. Правила образования и работы отборочных комиссий воинских частей и учреждений Вооруженных Сил Республики Казахстан (далее – Правила) разработаны в соответствии с Правилами прохождения воинской службы в Вооруженных Силах, других войсках и воинских формированиях Республики Казахстан, утвержденными Указом Президента Республики Казахстан от 25 мая 2006 года № 124, и определяют порядок образования и работы отборочных комиссий воинских частей и учреждений Вооруженных Сил Республики Казахстан (далее – Вооруженные Силы).

      2. Отборочная комиссия является коллегиальным органом и осуществляет отбор кандидатов на занятие вакантной воинской должности в Вооруженных Силах.

      3. Отборочной комиссией департамента по делам обороны производится отбор кандидатов для назначения на вакантные воинские должности офицерского состава.

      4. Отборочной комиссией воинской части (учреждения) производится отбор кандидатов для назначения на вакантные воинские должности рядового и сержантского составов.

      Сноска. Пункт 4 - в редакции приказа Министра обороны РК от 22.12.2022 № 1247 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Отбор граждан на воинскую службу по контракту в Вооруженные Силы осуществляется на должности, предусмотренные Перечнем воинских должностей и соответствующих им воинских званий в Вооруженных Силах, других войсках и воинских формированиях Республики Казахстан, утвержденным в соответствии с пунктом 2 статьи 21 Закона Республики Казахстан "О воинской службе и статусе военнослужащих" и являющиеся вакантными.

      Сноска. Пункт 5 - в редакции приказа Министра обороны РК от 22.12.2022 № 1247 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 2. Порядок образования отборочных комиссий воинских частей и учреждений Вооруженных Сил Республики Казахстан

      6. Состав отборочной комиссии департамента по делам обороны утверждается приказом начальника соответствующего департамента, состав отборочной комиссии воинской части (учреждения) утверждается приказом соответствующего командира (начальника).

      Председателем отборочной комиссии назначается заместитель начальника департамента по делам обороны, командира (начальника) воинской части (учреждения).

      Состав отборочной комиссии состоит из нечетного количества членов, не менее пяти человек.

      Сноска. Пункт 6 с изменением, внесенным приказом Министра обороны РК от 22.12.2022 № 1247 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 3. Порядок работы отборочных комиссий воинских частей и учреждений Вооруженных Сил Республики Казахстан

      7. В целях организации работы отборочными комиссиями проводятся следующие мероприятия:

      проверка личных дел кандидатов;

      проверка кандидатов на соответствие имеющихся военно-учетной специальности и образования рассматриваемой для назначения воинской должности;

      проверка физической подготовленности кандидатов;

      проведение мероприятий по профессиональному и психологическому отбору;

      рассмотрение отобранных кандидатов на заседании отборочной комиссии.

      Сноска. Пункт 7 - в редакции приказа Министра обороны РК от 22.12.2022 № 1247 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Заседание отборочной комиссии проводится в соответствии с планом работы, утверждаемым председателем отборочной комиссии.

      9. Заседание отборочной комиссии считается правомочным, если на нем присутствует не менее двух третей ее состава. Замещение отсутствующих членов отборочной комиссии не допускается.

      В случае отсутствия кворума повторное заседание отборочной комиссии проводится в течение десяти рабочих дней. При невозможности обеспечить присутствие двух третей ее состава на повторном заседании, начальником департамента по делам обороны, командиром (начальником) воинской части (учреждения) утверждается новый состав отборочной комиссии.

      Сноска. Пункт 9 с изменением, внесенным приказом Министра обороны РК от 22.12.2022 № 1247 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. Заседание отборочной комиссии проводится в следующем порядке:

      1) рассмотрение материалов сформированного личного дела с приобщенными результатами психологического отбора, проверки кандидата на соответствие его образования, военно-учетной специальности, физической подготовленности, а также его профессиональной пригодности;

      2) собеседование с кандидатом;

      3) заслушивание мнений членов отборочной комиссии;

      4) голосование и принятие решения;

      5) объявление кандидату принятого решения.

      11. Решение отборочной комиссии принимается большинством голосов от участвовавших членов. При равенстве голосов членов отборочной комиссии, голос председателя комиссии является решающим.

      12. Решение отборочной комиссии оформляется протоколом.

      13. Секретарь отборочной комиссии не принимает участие в голосовании.

      14. Отборочная комиссия по итогам заседания принимает одно из следующих решений:

      1) рекомендуется;

      2) не рекомендуется.

      15. В случае отказа в приеме на воинскую службу по контракту составляется уведомление с указанием причин отказа и разъяснением права на подачу жалобы начальнику департамента по делам обороны или командиру (начальнику) воинской части (учреждения) в срок не позднее трех месяцев со дня получения уведомления в двух экземплярах по форме, согласно приложению к настоящим Правилам. Первый экземпляр выдается кандидату, а второй остается в департаменте по делам обороны (воинской части (учреждении).

      Начальником департамента по делам обороны, командиром (начальником) воинской части (учреждения) ответ заявителю направляется в течении пятнадцати рабочих дней со дня поступления жалобы.

      Сноска. Пункт 15 - в редакции приказа Министра обороны РК от 22.12.2022 № 1247 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 4. Заключительные положения

      16. Командир (начальник) воинской части (учреждения) на основании выписки из протокола отборочной комиссии заключает с кандидатом контракт о прохождении воинской службы на должностях рядового и сержантского составов, издает приказы о приеме на воинскую службу и зачислении в списки личного состава воинской части (учреждения).

      Сноска. Пункт 16 - в редакции приказа Министра обороны РК от 22.12.2022 № 1247 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      17. Департамент по делам обороны в течение трех рабочих дней со дня принятия решения направляет в Департамент кадров Министерства обороны Республики Казахстан выписку из протокола и материалы на кандидата, в отношении которого отборочной комиссией принято решение "рекомендуется", для издания приказа о его поступлении на воинскую службу и заключении контракта о прохождении воинской службы.

      Выписки из приказов о приеме на воинскую службу и зачислении в списки личного состава в течение трех рабочих дней направляются в местные органы военного управления для снятия военнослужащего с воинского учета.

      Сноска. Пункт 17 с изменением, внесенным приказом Министра обороны РК от 22.12.2022 № 1247 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

  Приложение к Правилам
образования и работы отборочных
комиссий воинских частей и
учреждений Вооруженных Сил
Республики Казахстан

      Сноска. Правила дополнены приложением в соответствии с приказом Министра обороны РК от 22.12.2022 № 1247 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

                          Форма

Угловой штамп

(Кому) _______________________________________
фамилия, имя и отчество (при его наличии)
 

                              Уведомление

      Настоящим уведомляем, что в приеме на воинскую службу по контракту Вам
отказано в связи с_________________________________________________________,
                        (указывается причина отказа)
      Разъясняем, что Вы имеете право на подачу жалобы начальнику департамента по
делам обороны (командиру (начальнику) воинской части (учреждения) в срок не позднее
трех месяцев со дня получения уведомления.
__________________________________________________
            (наименование должности)
__________________________________________________
      (воинское звание, подпись, фамилия и инициалы)