Жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 444 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 20 қарашада № 19619 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Жастар ресурстық орталықтары туралы үлгі ереже осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Жастар ресурстық орталықтары туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 243 бұйрығының күші жойылды деп танылсын тіркелген, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11170 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды).

      3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Д. Абаев

  Бекітемін
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму
министрінің
2019 жылғы 19 қарашадағы
№ 444 бұйрығы

Жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Жастар ресурстық орталықтары туралы осы үлгі ереже (бұдан әрі – үлгі ереже) Қазақстан Республикасы "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және өңірлік, қалалық және аудандық Жастар ресурстық орталықтарының (бұдан әрі-Ресурстық орталықтар) мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайды.

      2. Ресурстық орталықтар жастардың бастамаларын ақпараттық-әдістемелік, консультациялық сүйемелдеу мен қолдауды, жастар ортасындағы ахуалға мониторинг пен талдауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар болып табылады.

      3. Ресурстық орталықтардың қызметі жастардың әлеуметтік және жеке дамуына жәрдемдесуге және жастар ұйымдарының қызметін қолдауға бағытталған.

      4. Жастар ресурстық орталықтары жастар мен жастар ұйымдарын қолдау және дамыту үшін қызмет көрсету мақсатында құрылады.

      5. Ресурстық орталықтарды құру, олардың қызметін қамтамасыз ету және үйлестіру қалалардың/аудандардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне жатады.

      6. Ресурстық орталықтардың өз мөртаңбалары, мөрлері, мемлекеттік тілде және орыс тілінде өз атауы бар фирмалық бланкілері, қазынашылық органдарында және банкте есеп айырысу шоттары болады.

      7. Ресурстық орталықтар өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Үлгілік ережені және олардың негізінде әзірленген жарғыларды басшылыққа алады.

      8. Ресурстық орталықтар өз қызметін қызметі Ресурстық орталықтардың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге ықпал ететін мүдделі мемлекеттік органдармен және коммерциялық емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.

2-тарау. Ресурстық орталықтардың міндеттері, функциялары

      9. Ресурстық орталықтар Жастар жобалары мен бағдарламаларын іске асыру, бейресми білім беру, бастамаларды қолдау және жастарға консультациялық қолдау көрсету және жастардың өзін-өзі дамуы үшін ашық кеңістік құру арқылы жастармен жұмыс жүргізеді.

      10. Ресурстық орталықтардың қызметін жоспарлау және жүзеге асыру жастар мен жастар ұйымдарының қажеттіліктері мен мүдделеріне негізделеді.

      11. Ресурстық орталықтардың қызметі Ресурстық орталықтардың ғимаратында және жастар көп жиналатын жерлерде жүзеге асырылады.

      12. Ресурстық орталықтар (қалалар/аудандар, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және Астана) өздерінің құрылымдық бөлімшелері – жастарға қызмет көрсету орталықтарының, қалалық/аудандық, облыстық орталық бөлімдерінің, кенттер мен ауылдардағы қызметін үйлестіреді және олардың қызметкерлерінің біліктілігін арттырумен айналысады.

      13. Ресурстық орталықтардың негізгі міндеттері:

      1) ақпараттық-әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыру;

      2) жастардың бастамаларын консультациялық сүйемелдеу және қолдау;

      3) жастар ортасындағы жағдайға талдау және мониторинг жүргізу.

      14. Ресурстық орталықтар қызметінің бағыттары бойынша мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) жастарды жұмысқа орналастыру және кәсіптік бағдар беруге дайындауға жәрдемдесу:

      жастарға Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар туралы және мамандық таңдау мәселелері бойынша кеңес беру және ақпараттандыру;

      soft-skills дамыту бойынша курстар өткізу-түйіндемені сауатты құрастыру, коммуникативтік дағдылар, әңгімелесуден тиімді өту әдістері;

      жастар үшін бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру және өткізу, кәсіптік бағдар беру, жұмысқа орналастыру және лайықты еңбек мәселелері бойынша жастар жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру.

      2) бейресми білім беру арқылы жастардың өмірлік маңызды дағдыларын, құзыретін және дербестігін дамыту:

      өмірлік маңызды дағдыларды дамыту бойынша семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру және өткізу (азаматтық белсенділік, командада жұмыс істеу, сыни ойлау, креативтілік, ынтымақтастық, жауапкершілік, эмоцияларды басқару және т. б.), жастардың құзыреті мен дербестігі;

      өмірлік маңызды дағдылар мен бейресми білімді дамытуға бағытталған жастар жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу.

      3) жастар арасында сандық сауаттылықты арттыруға және жаңа технологияларды дамытуға жәрдемдесу:

      цифрлық және медиа сауаттылық мәселелері бойынша жастарға кеңес беру;

      жастарға арналған цифрлық және медиа сауаттылық бойынша оқыту курстарын ұйымдастыру;

      робототехника, бағдарламалау және ақпараттық технологиялар бойынша үйірмелер мен клубтардың қызметін ұйымдастыру.

      4) жастарға психологиялық көмек көрсету;

      психологпен жеке және эмоциялық мәселелер бойынша кеңес беру;

      жастармен психологиялық тренингтер мен сабақтарды ұйымдастыру және өткізу;

      жастардың психикалық денсаулығы бойынша жастар жобаларын әзірлеу және іске асыру.

      5) жастарға өтеусіз негізде консультациялық және заң көмегін көрсету:

      жастар мен жастар ұйымдары үшін заң кеңестерін көрсету;

      жастар арасында құқықтық сауаттылық бойынша курстар ұйымдастыру және өткізу;

      жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жастар жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу;

      жастар ұйымдары үшін заң көмегін көрсету.

      6) жастардың инновациялық және кәсіпкерлік қызметін жандандыруға жәрдемдесу:

      кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мәселелері және кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары бойынша жастарға кеңес беру және ақпараттандыру;

      кәсіпкерлік құзыреттер бойынша семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру және өткізу;

      жастар арасында әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау;

      жастар арасында кәсіпкерлік қызметті жандандыру бойынша жобаларды әзірлеу.

      7) жастар ортасында Волонтерлік қызметті қолдау және дамыту:

      волонтерлік қызмет және жас еріктілерді қолдау мүмкіндіктері туралы жастарға кеңес беру және ақпараттандыру;

      жастар арасында волонтерлік қызметті қолдау және дамыту бойынша оқыту курстарын, мектептерді, лагерьлерді, семинарлар мен тренингтерді ұйымдастыру;

      жастардың волонтерлік қызметін ұйымдастыру үшін волонтерлік ұйымдармен, білім беру, мәдениет және әлеуметтік сала ұйымдарымен ынтымақтастық;

      волонтерлік бастамаларды қолдау және волонтерлік ұйымдармен және жастардың бастамашыл топтарымен бірлескен іс-шараларды іске асыру;

      жастар ортасында Волонтерлік қызметті жандандыру бойынша жобаларды әзірлеу.

      8) жас отбасылармен жұмысты қамтамасыз ету және жастарға отбасы өміріне дайындалуға жәрдемдесу:

      отбасы-неке мәселелері бойынша жас отбасыларға кеңес беру;

      некені тіркеуге өтініш берген жас адамдармен жұмыс;

      қоғамда отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша жастар жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу.

      9) жастар ұйымдарын, қозғалыстарын және жастардың өзін-өзі басқару органдарын дамытуға қолдау көрсету және жәрдемдесу:

      жастар ұйымдарына, жастардың өзін-өзі басқару органдарына мемлекеттік қолдау және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық шаралары туралы кеңес беру және ақпараттандыру;

      іс-шаралар өткізу үшін жастар ұйымдарын, қозғалыстарды және жастардың өзін-өзі басқару органдарын залдар мен үй-жайларды ұсыну;

      жастар ұйымдарының, қозғалыстардың және жастардың өзін-өзі басқару органдарының қызметін ақпараттық сүйемелдеу;

      жастар ұйымдары мен жастардың өзін-өзі басқару органдарының бастамаларын қолдау;

      жастар ұйымдарымен, қозғалыстармен және жастардың өзін-өзі басқару органдарымен бірлескен жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу.

      10) жастардың мүдделері мен қажеттіліктері негізінде жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру және бағалау:

      жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру және бағалау мәселелері бойынша жастарға және жастар ұйымдарына кеңес беру және ақпараттандыру;

      жобаларды басқару мәселелері бойынша жастар ұйымдары, қозғалыстар, жастардың өзін-өзі басқару органдары, жастардың бастамашыл топтары үшін курстар, мектептер, лагерьлер, семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру және өткізу;

      жастар жобалары мен бағдарламалары туралы мәліметтер базасын ұйымдастыру және жүргізу;

      жастардың мүдделері мен қажеттіліктері негізінде тұрақты жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу және бағалау.

      11) ақпараттық кеңістікті кеңейту;

      12) үздік тәжірибелер каталогын құру;

      13) ресурстық орталықтардың қызметін жарықтандыру;

      14) жастардың қажеттіліктері мен мүдделеріне сәйкес келетін және Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Үлгі ережеге қайшы келмейтін басқа да функцияларды орындау.

      Жоғарыда көрсетілген функциялар, олардың әрқайсысының шеңберінде мақсатты топтың қажеттілігін бағалау, жастарды жоспарлау мен бағалауға тарту, консультациялық сүйемелдеу, тренингтер өткізу, жастар жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыру, жастардың бастамаларын қолдау арқылы жүзеге асырылады.

3-тарау. Ресурстық орталықтардың қызметін ұйымдастыру

      15. Ресурстық орталықтардың басшылары Ресурстық орталықтардың қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, жергілікті атқарушы органның құрылымына кіретін атқарушы орган басшысының бұйрығымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      16. Қалалардың/аудандардың ресурстық орталықтарының басшылары облыстардың ресурстық орталықтарымен келісім бойынша тағайындалады.

      17. Ресурстық орталықтардың басшылары жергілікті атқарушы органның құрылымына кіретін атқарушы органның басшысына тікелей бағынады және оларға жүктелген функциялардың орындалуына дербес жауапты болады.

      18. Ресурстық орталықтардың басшылары дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және ресурстық орталықтар қызметінің мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Үлгілік ережеде айқындалатын өздерінің құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

      19. Ресурстық орталықтардың қызметін жүзеге асыру кезінде Ресурстық орталықтардың басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Ресурстық орталықтардың атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      2) барлық ұйымдарда Ресурстық орталықтардың мүдделерін білдіреді;

      3) заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік етеді;

      4) шарттар жасайды;

      5) іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша ресурстық орталықтардың тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

      6) Ресурстық орталықтардың қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      7) Ресурстық орталық қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін анықтайды және лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және дербес жауапты болады.

      20. Ресурстық орталықтардың басшылық лауазымдарына педагогикалық, психологиялық, экономикалық, гуманитарлық, заңгерлік, техникалық білімі және жастармен жұмыс тәжірибесі бар адамдар жіберіледі.

Об утверждении типового положения о молодежных ресурсных центрах

Приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 19 ноября 2019 года № 444. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 ноября 2019 года № 19619.

      В соответствии с подпунктом 11) статьи 6 Закона Республики Казахстан от 9 февраля 2015 года "О государственной молодежной политике" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить типовое положение о молодежных ресурсных центрах согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Признать утратившим силу приказ Министра образовании и науки Республики Казахстан от 27 апреля 2015 года № 243 "Об утверждении типового положения о молодежных ресурсных центрах" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11170, опубликован 16 июня 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет").

      3. Комитету по делам молодежи и семьи Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан, после его официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра информации и общественного развития Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр Д. Абаев

  Утверждено
приказом Министра информации
и общественного развития
Республики Казахстан
от 19 ноября 2019 года № 444

Типовое положение о Молодежных ресурсных центрах

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящее Типовое положение о молодежных ресурсных центрах (далее – Типовое положение) разработано в соответствии с подпунктом 11) статьи 6 Закона Республики Казахстан "О государственной молодежной политике" (далее – Закон) и определяет статус и полномочия региональных, городских и районных молодежных ресурсных центров (далее – Ресурсные центры).

      2. Ресурсные центры являются юридическими лицами, осуществляющими информационно-методическое, консультационное сопровождение и поддержку инициатив молодежи, мониторинг и анализ ситуации в молодежной среде.

      3. Деятельность Ресурсных центров направлена на содействие социальному и личностному развитию молодежи и поддержку деятельности молодежных организаций.

      4. Ресурсные центры создаются с целью оказания услуг для поддержки и развития молодежи и молодежных организации.

      5. Создание, обеспечение и координация деятельности Ресурсных центров относятся к компетенции местных исполнительных органов городов/районов, областей, городов республиканского значения и столицы.

      6. Ресурсные центры имеют свои штампы, печати, фирменные бланки со своим наименованием на государственном языке и русском языках, расчетные счета в органах казначейства и банке.

      7. В своей деятельности Ресурсные центры руководствуются Конституцией Республики Казахстан, законами и иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан, а также настоящим Типовым положением и разработанными на их основе уставами.

      8. Ресурсные центры осуществляют свою деятельность во взаимодействии с заинтересованными государственными органами и некоммерческими организациями, деятельность которых способствует достижению целей и задач Ресурсных центров.

2. Задачи, функции Ресурсных центров

      9. Ресурсные центры осуществляет работу с молодежью посредством реализации молодежных проектов и программ, неформальное образование, поддержку инициатив и консультационное сопровождение молодежи и создания открытых пространств для саморазвития молодежи.

      10. Планирование и осуществление деятельности Ресурсных центров основывается на потребностях и интересах молодежи и молодежных организаций.

      11. Деятельность Ресурсных центров осуществляется в здании Ресурсных центров и в местах массового скопления молодежи.

      12. Ресурсные центры (городов/районов, областей, городов республиканского значения и столицы) координируют деятельность своих структурных подразделений – Центров обслуживания молодежи, отделов городского/районного, областного центра, в поселках и селах, и занимаются повышением компетентности их сотрудников.

      13. Основные задачи Ресурсных центров:

      1) осуществление информационно-методическое сопровождение;

      2) консультационное сопровождение и поддержку инициатив молодежи;

      3) проведение анализа и мониторинг ситуации в молодежной среде.

      14. Ресурсные центры осуществляет следующие функции по направлениям деятельности:

      1) содействие в подготовке к трудоустройству и профориентации молодежи:

      консультирование и информирование молодых людей о государственных программах и проектах для молодежи в сфере занятости и по вопросам выбора профессии;

      проведение курсов по развитию soft-skills – грамотное составление резюме, коммуникативные навыки, методы эффективного прохождения собеседования;

      организация и проведение ярмарок вакансий для молодежи, разработка и реализация молодежных проектов и программ по вопросам профориентации, трудоустройства и достойного труда;

      2) развитие жизненно важных навыков, компетенции и самостоятельности молодежи посредством неформального образования:

      организация и проведение семинаров и тренингов по развитию жизненно важных навыков (гражданская активность, работа в команде, критическое мышление, креативность, сотрудничество, ответственность, управление эмоциями и др.), компетенции и самостоятельности молодежи;

      разработка молодежных проектов и программ, направленных на развитие жизненно важных навыков и неформального образования;

      3) содействие в повышении цифровой грамотности и развитии новых технологий среди молодежи:

      консультирование молодежи по вопросам цифровой и медиа грамотности;

      организация обучающих курсов по цифровой и медиа грамотности для молодежи;

      организация деятельности кружков и клубов по робототехнике, программированию и информационным технологиям;

      4) оказание психологической помощи молодежи:

      консультирование психологом молодежи по личностным и эмоциональным вопросам;

      организация и проведение психологических тренингов и занятий с молодежью;

      разработка молодежных проектов по психическому здоровью молодежи;

      5) оказание на безвозмездной основе консультационной и юридической помощи молодежи:

      оказание юридических консультации для молодежи и молодежных организаций;

      организация и проведение курсов по правовой грамотности среди молодежи;

      разработка молодежных проектов и программ по повышению правовой грамотности молодежи;

      оказание юридической помощи для молодежных организаций;

      6) содействие активизации инновационной и предпринимательской деятельности молодежи:

      консультирование и информирование молодежи по вопросам осуществления предпринимательской деятельности и мерам государственной поддержки предпринимательства;

      организация и проведение семинаров и тренингов по предпринимательским компетенциям;

      поддержка социального предпринимательства среди молодежи;

      разработка проектов по активизации предпринимательской деятельности среди молодежи;

      7) поддержка и развитие волонтерской деятельности в молодежной среде:

      консультирование и информирование молодежи о волонтерской деятельности и возможностях поддержки молодых волонтеров;

      организация обучающих курсов, школ, лагерей, семинаров и тренингов по поддержке и развитию волонтерской деятельности среди молодежи;

      сотрудничество с волонтерскими организациями, организациями образования, культуры и социальной сферы для организации волонтерской деятельности молодежи;

      поддержка волонтерских инициатив и реализация совместных мероприятий с волонтерскими организациями и инициативными группами молодежи;

      разработка проектов по активизации волонтерской деятельности в молодежной среде;

      8) обеспечение работы с молодыми семьями и содействие молодежи в подготовке к семейной жизни:

      консультирование молодых семей по семейно-брачным вопросам;

      работа с молодыми людьми, подавшими заявления на регистрацию брака;

      разработка молодежных проектов и программ по укреплению семейных ценностей в обществе;

      9) поддержка и содействие в развитии молодежных организаций, движений и органов молодежного самоуправления:

      консультирование и информирование молодежных организаций, органов молодежного самоуправления о мерах государственной поддержки и сотрудничества с неправительственными организациями;

      предоставление молодежных организаций, движений и органов молодежного самоуправления залов и помещений для проведения мероприятий;

      информационное сопровождение деятельности молодежных организаций, движений и органов молодежного самоуправления;

      поддержка инициатив молодежных организаций и органов молодежного самоуправления;

      разработка совместных проектов и программ с молодежными организациями, движениями и органами молодежного самоуправления;

      10) сопровождение разработки и оценки молодежных проектов и программ:

      консультирование и информирование молодежи и молодежных организаций по вопросам разработки и оценки проектов и программ;

      организация и проведения курсов, школ, лагерей, семинаров и тренингов для молодежных организаций, движений, органов молодежного самоуправления, инициативных групп молодежи по вопросам управления проектами;

      организация и ведение базы данных о молодежных проектах и программах;

      разработка и оценка устойчивых проектов и программ на основе интересов и потребностей молодежи;

      11) расширение информационного пространства;

      12) создание каталогов лучших практик;

      13) освещение деятельности Ресурсных центров;

      14) выполнение других функций, соответствующих потребностям и интересам молодежи и не противоречащих законодательству Республики Казахстан и данному типовому положению.

      Вышеуказанные функции, в рамках каждой из них, осуществляются посредством оценки потребности целевой группы, привлечения молодежи к планированию и оценке, консультационного сопровождения, проведения тренингов, разработке молодежных проектов и программ, поддержку инициатив молодежи.

Глава 3. Организация деятельности Ресурсных центров

      15. Руководители Ресурсных центров организуют и обеспечивает деятельность Ресурсных центров, назначаются и освобождаются от должности приказом руководителя исполнительного органа, входящего в структуру местного исполнительного органа.

      16. Руководители ресурсных центров городов/районов назначаются по согласованию с Ресурсными центрами областей.

      17. Руководители Ресурсных центров непосредственно подчиняются руководителю исполнительного органа, входящего в структуру местного исполнительного органа и несут персональную ответственность за выполнение возложенных на них функций.

      18. Руководители Ресурсных центров действуют на принципах единоначалия и самостоятельно решают вопросы деятельности Ресурсных центров в соответствии с их компетенцией, определяемой законодательством Республики Казахстан и настоящим Типовым положением.

      19. При осуществлении деятельности Ресурсных центров руководитель Ресурсных центров в установленном законодательством порядке:

      1) без доверенности действует от имени Ресурсных центров;

      2) представляет интересы Ресурсных центров во всех организациях;

      3) в случаях и пределах, установленных законодательством, распоряжается имуществом;

      4) заключает договоры;

      5) утверждает порядок и планы Ресурсных центров по командировкам, стажировкам, обучению сотрудников в казахстанских и зарубежных учебных центрах и повышения квалификации сотрудников;

      6) принимает на работу и увольняет с работы сотрудников Ресурсных центров;

      7) определяет функциональные обязанности и утверждает должностные инструкции сотрудников Ресурсных центров;

      8) принимает меры по противодействию коррупции и несут персональную ответственность.

      20. К руководящим должностям Ресурсных центров допускаются лица, имеющие образование: гуманитарные науки, или социальные науки, экономика и бизнес, или право, или образование, или естественные науки, или технические науки и технологии и опыт работы с молодежью.