ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың күшін жою көзделген - ҚР Қаржы министрінің 16.08.2024 № 552 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары -Қаржы министрі |
А. Смаилов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 28 қарашадағы № 1296 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-тармақтың күшін жою көзделген - ҚР Қаржы министрінің 09.10.2024 № 687 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12590 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
қағидаларға 4-1-қосымша Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесіне қосу шарттары Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтары тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 521 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18768 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 15 маусымда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі жаңа редакцияда жазылсын.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!3-тармақтың күшін жою көзделген - ҚР Қаржы министрінің 15.08.2024 № 546 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 798 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізімінде № 19121 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 6 тамызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
осы тізбеге 3-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі жаңа редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 1-қосымша |
|
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына 4-1-қосымша |
Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесіне қосу шарттары
№ | Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауы | Тізбеге қосу шарттары | Ескерту |
1 | Құрылыс-монтаждау жұмыстары | Қаржылық орнықты болу | Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген талапқа сәйкестігі Қағидаларда айқындалған тәртіппен веб-порталда автоматты түрде айқындалады |
2 | Жиһаз өнімдері | "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жиһаз өнімдерінің тауарларын өндірушілеріне беретін тиісті индустриалдық сертификатының бар болуы | Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген талапқа сәйкестігі "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының деректерінің негізінде веб-порталда автоматты түрде айқындалады |
3 | Жеңіл өнеркәсіп тауарлары | "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жеңіл өнеркәсіп тауарларының өндірушілеріне беретін тиісті индустриалдық сертификатының бар болуы | Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген талапқа сәйкестігі "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының деректерінің негізінде веб-порталда автоматты түрде айқындалады |
4 | Сенім білдірілген бағдарламалық қамтамасыз етудің және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізілген, бағдарламалық қамтамасыз етуге және электрондық өнеркәсіп өнімінің санатына (ақпараттандыру объектілерінің сыныптауыштарына сәйкес) жататын тауарлар | Әлеуетті өнім берушінің тауары ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган қалыптастыратын сенім білдірілген бағдарламалық қамтамасыз етудің және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімінде болуы | Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген талапқа сәйкестігі сенім білдірілген бағдарламалық қамтамасыз етудің және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізілімін қалыптастыратын, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның деректерінің негізінде веб-порталда автоматты түрде айқындалады |
5 | Ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту жөніндегі қызметтер | "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы берген тиісті индустриалдық сертификатының бар болуы | Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген талапқа сәйкестігі "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының деректерінің негізінде веб-порталда автоматты түрде айқындалады |
6 | Жеңiл автомобильдер және жүк-жолаушы автомобильдер-фургондарды және жарыс автомобильдерін қоса алғанда, негiзiнен адамдарды тасымалдауға арналған өзге де моторлы көлiк құралдары (8702 тауар позициясының моторлы көлік құралдарынан басқа) | "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен берілген тиісті индустриалдық сертификатының бар болуы | Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген талапқа сәйкестігі "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының деректерінің негізінде веб-порталда автоматты түрде айқындалады |
7 | Электр трансформаторлары, статикалық электр өзгерткіштері, түзеткіштер, индуктивтілік орауыштар және дроссельдер | "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен берілген тиісті индустриалдық сертификатының бар болуы | Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген талапқа сәйкестігі "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының деректерінің негізінде веб-порталда автоматты түрде айқындалады |
8 | Оқшауланған сымдар (эмальданғандарын немесе анодталғандарын қоса алғанда), кабельдер (коаксиальды кабельдерді қоса алғанда) мен басқа да жалғағыш тетіктері бар немесе жоқ оқшауланған электр өткізгіштер; олардың электр өткізгіштермен немесе жалғағыш тетіктермен бірге болғанына немесе болмағанына қарамастан, жеке қабыршағы бар талшықтардан құралған талшықты-оптикалық кабельдер | "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен берілген тиісті индустриалдық сертификатының бар болуы | Әлеуетті өнім берушінің көрсетілген талапқа сәйкестігі "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының деректерінің негізінде веб-порталда автоматты түрде айқындалады |
Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі
№ | Атауы |
1. | Құрылыс-монтаждау жұмыстары |
2. | ЖиҺаз өнімі |
3. | Жеңіл өнеркәсіп тауарлары |
4. | Сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімі тізіліміне енгізілген бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдері санаттарына жататын тауарлар (ақпараттандыру объектілерінің сыныптауышына сәйкес) |
5. | Ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту жөніндегі қызметтер |
6. | Жеңiл автомобильдер және жүк-жолаушы автомобильдер-фургондарды және жарыс автомобильдерін қоса алғанда, негiзiнен адамдарды тасымалдауға арналған өзге де моторлы көлiк құралдары (8702 тауар позициясының моторлы көлік құралдарынан басқа) |
7. | Электр трансформаторлары, статикалық электр өзгерткіштері, түзеткіштер, индуктивтілік орауыштар және дроссельдер |
8. | Оқшауланған сымдар (эмальданғандарын немесе анодталғандарын қоса алғанда), кабельдер (коаксиальды кабельдерді қоса алғанда) мен басқа да жалғағыш тетіктері бар немесе жоқ оқшауланған электр өткізгіштер; олардың электр өткізгіштермен немесе жалғағыш тетіктермен бірге болғанына немесе болмағанына қарамастан, жеке қабыршағы бар талшықтардан құралған талшықты-оптикалық кабельдер |
Ескерту:
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 31-бабының 1-тармағына сәйкес олар бойынша мемлекеттік сатып алу алдын ала біліктілікті іріктей отырып конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу Заңның 39-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі
№ | Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы | Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі |
1. | Құрылыс-монтаждау жұмыстары | Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс |
2. | ЖиҺаз өнімі | Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс |
3. | Жеңіл өнеркәсіп тауарлары | Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс |
4. | Сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімі тізіліміне енгізілген бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдері санаттарына жататын тауарлар (ақпараттандыру объектілерінің сыныптауышына сәйкес) | Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс |
5. | Ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту жөніндегі қызметтер | Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс |
6. | Жеңiл автомобильдер және жүк-жолаушы автомобильдер-фургондарды және жарыс автомобильдерін қоса алғанда, негiзiнен адамдарды тасымалдауға арналған өзге де моторлы көлiк құралдары (8702 тауар позициясының моторлы көлік құралдарынан басқа) | Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс |
7. | Электр трансформаторлары, статикалық электр өзгерткіштері, түзеткіштер, индуктивтілік орауыштар және дроссельдер | Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс |
8. | Оқшауланған сымдар (эмальданғандарын немесе анодталғандарын қоса алғанда), кабельдер (коаксиальды кабельдерді қоса алғанда) мен басқа да жалғағыш тетіктері бар немесе жоқ оқшауланған электр өткізгіштер; олардың электр өткізгіштермен немесе жалғағыш тетіктермен бірге болғанына немесе болмағанына қарамастан, жеке қабыршағы бар талшықтардан құралған талшықты-оптикалық кабельдер | Алдын ала біліктілік іріктеумен жүргізілетін конкурс |
Ескерту:
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 31-бабының 1-тармағына сәйкес олар бойынша мемлекеттік сатып алу алдын ала біліктілікті іріктей отырып конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу Заңның 39-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.