БҰЙЫРАМЫН:
1. "Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 646 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12615 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 2 ақпанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Этил спирті мен шарап материалдарын өндірушілер мен импорттаушылар (бұдан әрі – өтініш берушілер) "Есепке алу-бақылау таңбаларды, акциздік таңбаларды және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы республикалық мемлекеттік кәсіпорынының басқа баспа өнімдерін бақылау, есептеу және беру" ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ақпараттық жүйе), сондай-ақ "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы, астанада, республикалық маңызы бар қалаларда және облыс бойынша мемлекеттік кірістер органдарында (бұдан әрі – мемлекеттік кірістер органы) 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша этил спиртіне және/немесе шарап материалына дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру үшін өтініш береді.
Дербес сәйкестендіру нөмір-коды болмаған жағдайда алкоголь өнімінің өтініш беруші ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік кірістер органдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 144 бұйрығымен бекітілген (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде № 16437 болып тіркелген) Акциздік және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін, есебін ұсыну қағидаларына 4 немесе 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке алу-бақылау маркаларын алуға өтініш береді.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі |
А. Смаилов |