"Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 596 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 желтоқсанда № 19729 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      "Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 32 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7445 болып тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінде № 27347 (269-273) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі Ережеде:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік нотариус жұмыстан босатылған немесе ауысқан кезде іс жүргізуді ұйымдастыру және дұрыс жүргізу, нотариаттық мұрағаттық құжаттарды сақтау, есебін жүргізу және пайдалану аумақтық әділет органының бұйрығымен басқа мемлекеттік нотариусқа жүктеледі.

      Жекеше нотариустың лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған жағдайда аумақтық әділет органы мен аумақтық нотариаттық палата осы Ережеде көзделген тәртіппен, нотариустың іс жүргізуіндегі құжаттарды басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қолданады.

      Жекеше нотариустың нотариаттық палатадағы мүшелігі тоқтатыла тұрған жағдайда, аумақтық нотариаттық палата нотариустың іс жүргізуіндегі құжаттарды басқа жекеше нотариусқа беру жөнінде шаралар қабылдайды.

      Жеке практикамен айналысатын нотариустың лицензиясының күші тоқтатылған кезде нотариустың лицензиясының күшін тоқтату туралы бұйрыққа қол қойған күннен бастап он жұмыс күні мерзімде аумақтық әділет органы мен нотариаттық палата құжаттарды басқа нотариусқа немесе жекеше нотариаттық мұрағатқа беру бойынша шаралар қолданады. Аумақтық нотариаттық палата мүшелігінен шыққанда, нотариустың нотариаттық палата мүшелігінен шығу туралы өтініші келіп түскен күннен бастап он жұмыс күн мерзімде, аумақтық әділет органы мен нотариаттық палата аяқталған және ресімделген істерді жекеше нотариаттық мұрағатқа қабылдау-тапсыруды жүзеге асырады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Нотариаттық іс-әрекеттерді БНАЖ электрондық тізілімінде тіркеу мүмкіндігі бұйрық туралы деректерді (бұйрық күні, нөмірі, мерзімі және негіздемесі) енгізу жолымен:

      лицензияның қолданылуы тоқтатылған, тоқтатыла тұрған, еңбек демалысында болған немесе нотариаттық палатаға мүшеліктен шыққан кезде жекеше нотариустар үшін-Республикалық нотариаттық палата;

      мемлекеттік нотариус үшін жұмыстан босатылған немесе еңбек демалысында болған кезде - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бұғатталады.

      Жекеше нотариустың БНАЖ электрондық тізілімін Республикалық нотариаттық палата лицензияның қолданылуын қалпына келтіру не нотариаттық палатаның мүшелігін қалпына келтіру не демалыстан жұмысқа шығу туралы өтініш берген кезде бұғаттан шығарады.

      Мемлекеттік нотариустың БНАЖ электрондық тізілімін жұмыстан шығу туралы өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бұғаттан шығарады.";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Нотариус лицензиясының күші тоқтатылған немесе нотариус нотариаттық палата мүшелігінен шыққан жағдайда нотариаттық куәландырылған өсиеттер, оның ішінде құпия өсиеттер, өсиеттерді есепке алудың алфавиттік кітаптары, мұрагерлік істерді есепке алудың алфавиттік кітаптары, сондай-ақ аяқталмаған мұрагерлік істер он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органы мен нотариаттық палатаның бірлескен шешімі бойынша басқа жекеше нотариусқа беріледі.

      Жекеше нотариус лицензиясының күші тоқтатыла тұрған жағдайда, нотариустың іс жүргізуіндегі құжаттар он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органы мен нотариаттық палатаның бірлескен шешімі бойынша басқа жекеше нотариусқа беріледі.

      Жекеше нотариустың нотариаттық палатадағы мүшелігі тоқтатыла тұрған жағдайда, нотариустың іс жүргізуіндегі құжаттар он жұмыс күні ішінде аумақтық нотариаттық палатаның шешімі бойынша басқа жекеше нотариусқа беріледі.

      Құжаттарды беру туралы осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау-тапсыру актісі жасалады.";

      61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. Куәландыратын жазбаны толтырған кезде:

      жекеше немесе мемлекеттік нотариустың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);

      мемлекеттік нотариаттық кеңсенің атауы;

      лицензияның нөмірі, берген күні мөрдің бедеріне сәйкес толығымен көрсетіледі.

      Нотариаттық іс-әрекеттің жасалынған күні сөздермен жазылады.

      Құжатқа қол қойған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) оның жеке басын куәландыратын құжатындағы кезектілікпен көрсетіледі.";

      66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "66. Жекеше және мемлекеттік нотариустың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) мөрдің мәтінінде оның жеке басын куәландыратын құжаты бойынша жазылады.";

      71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "71. Мөр:

      жекеше нотариус лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы бұйрықпен танысқан кезден бастап оның лицензиясының күші тоқтатыла тұрған кезеңде;

      жекеше нотариус нотариаттық палатаға мүшелікті тоқтата тұрған кезеңде;

      мемлекеттік нотариус демалыста (оның ішінде бала күтіміне байланысты) жүрген кезеңде бұйрықпен танысқан кезден бастап бір жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына сақтауға тапсырады.

      Мемлекеттік немесе жекеше нотариустың мөрі нотариустың қатысуымен конвертке салынады, нотариустың, лауазымды адамның қолдары қойылады және аумақтық әділет органының мөрімен бекітіледі.

      Мөрі бар конвертті ашу нотариустың қатысуымен жүргізіледі.";

      102-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "102. Егер құпия өсиет құпия өсиетті куәландырған нотариуста сақталса, онда нотариус мөрленген конвертте құпия өсиет салынған конверт, құпия өсиетті сақтауға қабылдау туралы куәліктің данасы, құпия өсиетті жою туралы өтініш, өсиет қалдырушы оны жойған жағдайда "құпия өсиетті сақтау конверттері" ісіне орналастырылады.

      Құпия өсиеттің тұтастығын қамтамасыз ету үшін олар (құжаттарды механикалық зақымдалмаған ұстауға мүмкіндік беретін арнайы құралдармен жабдықталған қатты материалдан жасалған қысқыштармен, мөлдір файлдармен және т.б.) папкаларға орналастырылады.

      Бір құпия өсиетке қатысты барлық құжаттар бірге топтастырылады және нөмірленеді, бірақ тігілмейді.

      Сақтау конвертінің өзінен басқа, іске құпия өсиетті сақтауға қабылдау туралы куәліктің данасы орналастырылады.

      Өсиет берушіге немесе өсиетті орындаушыға (өсиет жүктелген өкілге) сақтауға берілген құпия өсиеттің күші жойылған жағдайда, нотариустың істерінде құпия өсиетті сақтауға беру туралы куәлік және оның күшін жою туралы өтініш қалады.";

      104 және 105-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "104. Егер құпия өсиет құпия өсиетті куәландырған нотариуста сақталса, онда құпия өсиет және оған қатысты құпия өсиетті сақтауға қабылдау туралы куәлік құпия өсиеттің конвертін ашқан кезде істен алынады, олардың орнына құжаттарды алып қою себебі мен күні туралы мәліметтерді қамтитын осы Ережеге 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжатты алып қою туралы анықтама орналастырылады.

      105. Құпия өсиеті бар конвертті ашу жөніндегі іс жүргізуді бастау үшін өсиет қалдырушының қайтыс болуы туралы куәлікті, сондай-ақ құпия өсиеті бар конвертті, ол өсиет қалдырушыда немесе өсиетті орындаушыда (өсиет алушы адамда) сақталған жағдайда, құпия өсиетті ашу және жария ету туралы өтінішті оның құпия өсиетін куәландырған немесе ол сақталатын нотариустың алуы негіз болып табылады.".

      Ережеге 5, 11 және 25-қосымша, осы бұйрықтың 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Мәдениет және спорт министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2019 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 596 бұйрығына
1-қосымша
  Нотариаттық іс жүргізу
жөніндегі ережеге
5-қосымша
  "Бекітемін"
(облыстың немесе қаланың атауы)
Әділет департаментінің бастығы
немесе нотариустың аты-жөні,
лицензияны берген күні, нөмірі,
_____________ тегі, аты-жөні
қолы
20__ жылғы "__" ___________
___________ № _____________
(күні) (индексі)

Үлгілік істер номенклатурасы

1. Іс жүргізу, әкімшілік-шаруашылық мәселелер

Істің индексі

Істің (томның, бөліктің) тақырыбы

Істің (томның, бөліктің) саны

Істі (томды, бөлікті) сақтау мерзімі және тізбесі бойынша тармақ нөмірі

Ескертпе

1-1

Статистикалық есептер


үнемі


1-2

Нотариаттық кеңсенің жұмысын тексерудің нәтижелері туралы анықтамалар мен актілер


5 жыл


1-3

Жеке құрамы бойынша бұйрықтар мен басқа да құжаттар


75 жыл


1-4

Әділет органдарымен және нотариаттық палатамен хат алмасу


5 жыл


1-5

Мекемелермен, ұйымдармен және азаматтармен хат алмасу


5 жыл


1-6

Нотариаттық кеңсенің қаржылық және шаруашылық қызметінің құжаттары


5 жыл

Қаржылық шаруашылық қызметті құжаттық тексеру аяқталған жағдайда, даулар, әртүрлі келісулер пайда болған жағдайда, тергеу және сот істері түпкілікті шешім шығарылғанға дейін сақталады.

1-7

Нотариаттық кеңсенің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі өтініштер және ұсыныстар және оларға жауаптар


СТК 5 жыл


1-8

Нотариаттық кеңсенің істер номенклатурасы


үнемі


1-9

Мұрағатқа тапсырылған құжаттамалық материалдардың тізбесі


үнемі


1-10

Кіріс құжаттарын тіркеу журналы


5 жыл


1-11

Шығыс құжаттарын тіркеу журналы


5 жыл


1-12

Нотариаттық іс-әрекеттерді жасау мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен хат алмасу


5 жыл


2. Нотариаттық іс-әрекеттерді жасау

2-1

Жер учаскелерін иеліктен айыру туралы шарттар


75 жыл


2-2

Тұрғын үйлерді, пәтерлерді иеліктен айыру және кепілі туралы шарттар (негізінде олар куәландырылған құжаттар)


75 жыл


2-3

Өзге де шарттар


25 жыл


2-4

Нотариаттық куәландырылған өсиетхаттар


75 жыл


2-5

Құпия өсиетті қабылдау туралы куәлік


75 жыл


2-6

Құпия өсиетті сақтауға беру туралы куәлік


75 жыл


2-7

Құпия өсиетті ашу және жария ету хаттамасы


75 жыл


2-8

Мұрагерлік істер


75 жыл


2-9

Сенімхаттар


олардың ескіру (қолдану) мерзімі өткен күннен бастап 3 жыл


2-10

Келісімдер


25 жыл


2-11

Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлігіндегі үлесіне меншік құқығы туралы куәлік (егер ондай куәлік нотариаттық кеңседе ашылған мұрагерлік іске байланысты тірі зайыбына берілген болса, ол мұрагерлік іске тігіледі)


75 жыл


2-12

Адамның тірі екендігін және белгілі бір жерде болу фактісін куәландыру туралы, құжатты сақтауға қабылдау туралы


3 жыл


2-13

Құжаттардың көрсетілген уақытын куәландыру жөніндегі құжаттар


3 жыл


2-14

Азаматтардың, мекемелердің, кәсіпорындардың және ұйымдардың өтініштерін басқа азаматтарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және ұйымдарға табыстау


3 жыл


2-15

Депозиттік операциялар жасау жөніндегі құжаттар


10 жыл


2-16

Теңіз наразылығы туралы акт


3 жыл


2-17

Дәлелдемелерді қамтамасыз етуге байланысты жасалған құжаттар


5 жыл


2-18

Заңды тұлғалардың істері (жарғының, мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, хаттамалардың, бұйрықтардың көшірмелері)


10 жыл


2-19

Нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тарту туралы қаулылар


5 жыл


2-20

Құжаттарды сараптамаға жіберу туралы қаулы


3 жыл


2-21

Нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеуге арналған тізілімдер


үнемі

Қағаз және электрондық тасығышта

2-22

Мұралық істерді есепке алу кітабы


75 жыл


2-23

Мұралық істерді есепке алу алфавиттік кітабы


75 жыл


2-24

Өсиеттерді есепке алу алфавиттік кітабы


75 жыл


2-25

Атқарушылық жазба


3 жыл


      Ескертпе:

      2-21), 2-22), 2-23) тармақшаларда көрсетілген кітаптар тігілуі тиіс.

      Парақтардың саны аумақтық әділет органының немесе аумақтық нотариаттық палата қызметкерінің қолтаңбасымен куәландырылады.

      Басшы қызметінің

      атауы ________________

      Нотариус қолтаңбасының таратып жазылуы

      күні

Келісілді

Келісілді

(облыс немесе қала атауы) Әділет департаменті СТК (СК) хаттамасымен (хаттаманың күні мен нөмірі)

Жекеше нотариаттық мұрағаттың СКО хаттамасымен (хаттаманың күні мен нөмірі)

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2019 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 596 бұйрығына
2-қосымша
  Нотариаттық іс жүргізу
жөніндегі ережеге
11-қосымша

Құжаттарды қабылдау-тапсыру актілері

      Біз, төменде қол қояғандар, ______________________________ мыналардың

      (әділет органы мен нотариаттық палата қызметкерлерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қызметі)

      қатысуымен, осы жекеше нотариус______________________________________

      (құжаттарын беріп жатқан жекеше нотариустың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      құжаттарын беру туралы актісін,

      жекеше нотариус _____________________________________________________

      (құжаттарды қабылдап жатқан жекеше нотариустың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      құжаттарды қабылдау актісін жасадық.

      1. ____________________________________________________

      2. ____________________________________________________

      Барлығы ________________________________ құжат.

      (саны цифрмен және жазумен)

      Тапсырдым:

      Жекеше нотариустың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      қолы

      Қабылдадым:

      Жекеше нотариустың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      қолы

      Аумақтық әділет органы

      қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда),

      қолы

      Аумақтық нотариаттық палатаның

      қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда),

      қолы

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2019 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 596 бұйрығына
3-қосымша
  Нотариаттық іс жүргізу
жөніндегі ережеге
25-қосымша

Құпия өсиетті ашу туралы хабарлама

      Мен,____________________________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)

      _______________________________________________________________________________
      (жекеше нотариусқа мемлекеттік лицензия берген орган және нөмірі, берілген күні, мемлекеттік нотариаттық кеңсенің немесе жекеше нотариустың нотариаттық округының атауы)
      нотариусы Сізге 20___ жылдың "___"__________________ құпия өсиет жасаған _______________________________________________________________ құпия өсиет жасаған тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі

      қайтыс болу туралы куәлігі ұсынылғанын хабарлаймын.

      Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1051-бабының 4-1-тармағына сәйкес құпия өсиет жасаған адамның қайтыс болу туралы куәлік көрсеткен кезде, нотариус куәлікті ұсынылған күннен бастап он күннен кешіктірмей құпия өсиет конвертін ашады.

      20___ жылы "__" __________ ____сағат____ минутта мына мекенжайда

      __________________________________________________________________________

      құпия өсиетті жариялау және ашу

      __________________________________________________________________________

      құпия өсиет жасаған тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі

      жүргізілетінін Сізге хабарлаймын.

      Сізге заң бойынша мұрагер ретінде құпия өситетті ашуға және жариялауға келуді ұсынамын.

      Нотариусқа Сіз заң бойынша өсиет қалдырушының мұрагері екендігін растайтын және жеке басын анықтайтын құжат ұсыну міндетті болып табылады.

      Күні

      Қолы

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 31 января 2012 года № 32 "Об утверждении Правил по нотариальному делопроизводству"

Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 12 декабря 2019 года № 596. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 декабря 2019 года № 19729

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 31 января 2012 года № 32 "Об утверждении Правил по нотариальному делопроизводству" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан № 7445, опубликован в газете "Казахстанская правда" от 26 мая 2012 года, № 154-156 (26973-26975) следующие дополнение:

      в Правилах по нотариальному делопроизводству, утвержденных указанным приказом:

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. При увольнении или переводе государственного нотариуса организация и правильное ведение делопроизводства, хранение, учет и использование нотариальных архивных документов приказом территориального органа юстиции возлагается на другого государственного нотариуса.

      В случае приостановления действия лицензии частного нотариуса, территориальный орган юстиции и территориальная нотариальная палата принимают меры по передаче документов, находящихся в производстве нотариуса, другому частному нотариусу в порядке, предусмотренном настоящими Правилами.

      В случае приостановления членства в нотариальной палате частного нотариуса, территориальная нотариальная палата принимает меры по передаче документов, находящихся в производстве нотариуса, другому частному нотариусу.

      При прекращении действия лицензии нотариуса, занимающегося частной практикой, территориальный орган юстиции и территориальная нотариальная палата в течение десяти рабочих дней, со дня подписания приказа о прекращении действия лицензии нотариуса, принимают меры по передаче документов другому нотариусу или в частный нотариальный архив.

      При выходе из членов территориальной нотариальной палаты, территориальный орган  юстиции совместно с нотариальной палатой в течение десяти рабочих, со дня поступления заявления нотариуса о выходе из состава членов нотариальной палаты, осуществляет прием-передачу завершенных и оформленных дел в частный нотариальный архив.";

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. Возможность регистрации нотариальных действий в электронном реестре ЕНИС блокируется путем введения данных о приказе (дата, номер приказа, срок и основании):

      для частных нотариусов при прекращении, приостановлении действия лицензии, нахождения в отпуске или приостановлении либо выходе из членства в нотариальной палате - Республиканской нотариальной палатой;

      для государственного нотариуса при увольнении или нахождения в отпуске - Министерством юстиции Республики Казахстан.

      Электронный реестр ЕНИС частного нотариуса разблокируется Республиканской нотариальной палатой при восстановлении действия лицензии либо восстановлении членства нотариальной палаты либо подачи заявление о выходе на работу из отпуска;

      Электронный реестр ЕНИС государственного нотариуса разблокируется Министерством юстиции Республики Казахстан при подаче заявления о выходе на работу из отпуска.";

      пункт 44 изложить в следующей редакции:

      "44. В случае прекращения действия лицензии частного нотариуса или выходе частного нотариуса из членов территориальной нотариальной палаты, нотариально удостоверенные завещания, в том числе секретные завещания, алфавитные книги учета завещаний, алфавитные книги учета наследственных дел, а также неоконченные наследственные дела, в течение десяти рабочих дней, передаются другому частному нотариусу, по совместному решению территориального органа юстиции и территориальной нотариальной палаты.

      В случае приостановления действия лицензии частного нотариуса, документы, находящиеся в производстве нотариуса, в течение десяти рабочих дней передаются другому частному нотариусу, по совместному решению территориального органа юстиции и территориальной нотариальной палаты.

      В случае приостановления членства в нотариальной палате частного нотариуса, документы, находящиеся в производстве нотариуса, в течение десяти рабочих дней передаются другому частному нотариусу, по решению территориальной нотариальной палаты.

      О произведенной передаче документов составляется акт приема-передачи документов по форме согласно приложению 11 к настоящим Правилам.";

      пункт 61 изложить в следующей редакции:

      "61. При заполнении удостоверительной надписи указывается полностью в соответствии с оттиском печати:

      фамилия, имя, отчество (при его наличии) частного или государственного нотариуса;

      наименование государственной нотариальной конторы;

      номер, дата выдачи лицензии.

      Дату совершения нотариального действия прописывается словами.

      Фамилию, имя, отчество (при его наличии) лица, подписавшего документ, указывается в той последовательности, как указано в документе, удостоверяющем его личность.

      пункт 66 изложить в следующей редакции:

      "66. Написание фамилии, имени и отчества (при его наличии) частного и государственного нотариуса в тексте печати производится по документу, удостоверяющему его личность.";

      пункт 71 изложить в следующей редакции:

      "71. Печать сдается на хранение в территориальный орган юстиции:

      частным нотариусом на период приостановления действия лицензии со дня ознакомления с приказом о приостановлении действия его лицензии;

      частным нотариусом на период приостановления членства в нотариальной палате;

      государственным нотариусом на период нахождения в отпуске (в том числе по уходу за ребенком) в течение одного рабочего дня со дня ознакомления с приказом.

      Печать государственного или частного нотариуса в присутствии нотариуса помещается в конверт, который скрепляется подписями нотариуса, должностного лица и печатью территориального органа юстиции.

      Вскрытие конверта с печатью производится в присутствии нотариуса.";

      пункт 102 изложить в следующей редакции:

      102. Если секретное завещание хранится у нотариуса удостоверившего секретное завещание, то конверт с секретным завещанием в запечатанном нотариусом конверте, экземпляр свидетельства о принятии на хранение секретного завещания, заявление об отмене секретного завещания, в случае его отмены завещателем помещаются в дело "Конверты хранения секретного завещания".

      Для обеспечения целостности секретного завещания они помещаются в папки из твердого материала, оснащенные специальными средствами, позволяющими содержать в них документы без механического повреждения (с зажимами, прозрачными файлами).

      Все документы, относящиеся к одному секретному завещанию, группируются вместе и нумеруются, но не прошиваются.

      Помимо самого конверта хранения в дело помещается экземпляр свидетельства о принятии на хранение секретного завещания.

      При отмене секретного завещания переданного на хранение завещателю или исполнителю (душеприказчику) завещания, в делах нотариуса остается свидетельство о передаче на хранение секретного завещания и заявление об его отмене.";

      пункты 104 и 105 изложить в следующей редакции:

      "104. Если секретное завещание хранится у нотариуса удостоверившего секретное завещание, то секретное завещание и относящееся к нему свидетельство о принятии на хранение секретного завещания изымаются из дела при вскрытии конверта секретного завещания, на их место помещается справка об изъятии документа по форме согласно приложению 24 к настоящим Правилам, содержащая сведения о причине и дате изъятия документов.

      105. Основанием для начала производства по вскрытию конверта с секретным завещанием является получение нотариусом, у которого удостоверено либо хранится секретное завещание свидетельства о смерти завещателя, а также конверт с секретным завещанием, в случае хранения его у завещателя или у исполнителя (душеприказчика) завещания, заявления о вскрытии и оглашении секретного завещания.".

      приложение 5, 11 и 25 к Правилам, изложить в новой редакции согласно приложениям 1, 2 и 3 к настоящему приказу.

      2. Департаменту регистрационной службы и организации юридических услуг Министерства юстиции Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего Вице-министра юстиции Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр юстиции
Республики Казахстан
М. Бекетаев

      "Согласован"
Министерство культуры и спорта
Республики Казахстан

  Приложение 1 к приказу
Министра юстиции
Республики Казахстан
от 12 декабря 2019 года № 596
  Приложение 5 к Правилам
по нотариальному делопроизводству
форма
  "Утверждаю"
Руководитель
Департамента юстиции
(наименование области или города)
или фамилия, имя, отчество
(при его наличии) нотариуса,
дата, номер лицензии
____________________________
фамилия, инициалы подпись
_____ "__"______20__год
___________№_____________
(дата)             (индекс)

Примерная номенклатура дел

1. Делопроизводство, административно-хозяйственные вопросы

Индекс дела

Заголовок дела (тома, части)

Количество дел (томов, частей)

Срок хранения дела (тома, части) и номер пункта по перечню

Примечание

1-1

Статистические отчеты


постоянно


1-2

Справки и акты о результатах проверки работы нотариальной конторы


5 лет


1-3

Приказы и другие документы по личному составу


75 лет


1-4

Переписка с органами юстиции и нотариальной палатой


5 лет


1-5

Переписка с учреждениями, организациями и гражданами


5 года


1-6

Документы финансовой и хозяйственной деятельности нотариальной конторы


5 лет

при условии завершения документальной ревизии финансово- хозяйственной деятельности. В случае возникновения споров, разногласий, следственных и судебных дел-сохраняются до вынесения окончательного решения

1-7

Заявления и предложения по организации работы нотариальной конторы и ответы на них


5 лет ЭПК


1-8

Номенклатура дел нотариальной конторы


постоянно


1-9

Описи документальных материалов, сданных в архив


постоянно


1-10

Журнал регистрации входящих документов


5 лет


1-11

Журнал регистрации исходящих документов 


5 лет


1-12

Переписка с физическими и юридическими лицами по вопросам совершения нотариальных действий


5 лет


2. Дело совершивших нотариальных действий

2-1

Договоры об отчуждении земельных участков


75 лет


2-2

Договоры об отчуждении и залоге жилых домов, квартир (документы, на основании которых они удостоверены)


75 лет


2-3

Прочие договоры


25 лет


2-4

Нотариально удостоверенные завещания


75 лет


2-5

Свидетельство о принятии секретного завещания


75 лет


2-6

Свидетельство о передаче на хранение секретного завещания


75 лет


2-7

Протокол вскрытия и оглашения секретного завещания


75 лет


2-8

Наследственные дела


75 лет


2-9

Доверенности


3 года со дня истечения срока их давности (действия)


2-10

Согласий


25 лет


2-11

Свидетельство о праве на собственности на долю в общем имуществе супругов (если такое свидетельство выдано пережившему супругу в связи с заведенным в нотариальной конторе наследственным делом, оно подшивается в наследственное дело)


75 лет


2-12

Свидетельство об удостоверении фактов нахождения лиц в живых и в определенном месте, о принятии на хранение документов


3 года


2-13

Документы по удостоверению времени предъявления документов


3 года


2-14

Документы по передаче заявлений граждан, учреждений, предприятий и организаций другим гражданам, учреждениям, предприятиям и организациям


3 года


2-15

Документы по совершению депозитных операций


10 лет


2-16

Акты о морских протестах


3 года


2-17

Документы, составленные в связи с обеспечением доказательств


5 лет


2-18

Дела юридических лиц (копии устава, свидетельства о государственной регистрации, протокола, приказы)


10 лет


2-19

Постановления об отказе в совершении нотариальных действий


5 лет


2-20

Постановления о направлении документов на экспертизу


3 года


2-21

Реестры для регистрации нотариальных действий


постоянно

на бумажном и электронном носителе

2-22

Книга учета наследственных дел


75 лет


2-23

Алфавитная книга учета наследственных дел


75 лет


2-24

Алфавитная книга учета завещаний


75 лет


2-25

Исполнительная надпись


3 года


      Примечание:

      Книги, указанные в подпунктах 2-21), 2-22), 2-23) и 2-24) прошнуровываются.

      Количество листов заверяется подписью работника органа юстиции или территориальной нотариальной палаты.

      Наименование должности

      руководителя __________________________

      Расшифровка подписи нотариуса

      дата

Согласована

Согласована

протоколом ЦЭК (ЭК) Департамента юстиции (наименование области или города) (дата и номер протокола)

протоколом ЭПК частного нотариального архива (дата и номер протокола)

  Приложение 2 к приказу
Министра юстиции
Республики Казахстан
от 12 декабря 2019 года № 596
  Приложение 11 к Правилам по
нотариальному делопроизводству
  форма     

                                    АКТ
                        приема-передаче документов

      Мы, нижеподписавшиеся, составили настоящий акт о передаче документов частного
нотариуса _____________________________________________________________________
(фамилия, имя, отчество (при его наличии) частного нотариуса, который передает
документы) частному нотариусу __________________________________________________
(фамилия, имя, отчество (при его наличии) частного нотариуса, который принимает
документы) в присутствии _______________________________________________________
(фамилия, имя, отчество (при его наличии) работника юстиции и нотариальной палаты,
должность)
1. ____________________________________________________
2. ____________________________________________________
Итого к ____________________________________ документов.
            (количество цифрами и прописью)

      Передал:
фамилия, имя, отчество (при его наличии) частного нотариуса

      Подпись

      Принял:

      фамилия, имя, отчество (при его наличии) частного нотариуса

      подпись

      В присутствии:

      фамилия, имя, отчество (при его наличии) работника территориального органа юстиции

      подпись

      и работника территориальной нотариальной палаты

      подпись

  Приложение 3 к приказу
Министра юстиции
Республики Казахстан
от 12 декабря 2019 года № 596
  Приложение 25 к Правилам по
нотариальному делопроизводству
  форма     

                  Извещение о вскрытии секретного завещания

      Куда

      Кому

      Я, ___________________________________________________________________
                        (фамилия, имя и отчество (при его наличии)),

      нотариус _____________________________________________________________

      (наименование государственной нотариальной конторы или нотариального округа
________________________________________________________________________________
            частного нотариуса, номер, дата выдачи и орган, выдавший
государственную лицензию частного нотариуса) сообщаю Вам,
что "__ " ___________ 20__ года представлено свидетельство о смерти
________________________________________________________________________________
(указывается фамилия, имя, отчество (при наличии) лица, совершившего секретное завещание)
совершившего секретное завещание.

      В соответствии с пунктом 4-1 статьи 1051 Гражданского Кодекса Республики
Казахстан по представлении свидетельства о смерти лица, совершившего секретное
завещание, нотариус не позднее чем через десять дней со дня представления свидетельства
вскрывает конверт с секретным завещанием.

      Извещаю Вас о том, что в ___ часов ___ минут __________________ 20__ года
по адресу _______________________________________________________________________

      состоится вскрытие и оглашение секретного завещания

      _________________________________________________________________________.

      (указывается фамилия, имя, отчество (при наличии) лица, совершившего секретное завещание)

      Предлагаю Вам прибыть на вскрытие и оглашение секретного завещания в качестве наследника по закону.

      Предъявление нотариусу документов, удостоверяющих личность и подтверждающих
Вашу принадлежность к наследникам завещателя по закону, является обязательным.

      Дата

      Подпись