"Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды белгілеу, сондай-ақ Ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидаларын және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 75 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 259 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 қаңтарда № 19839 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды белгілеу, сондай-ақ Ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидаларын және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 75 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16944 болып тіркелген, 2018 жылғы 6 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) сақтандыру резервтерін өтеу үшін өтімділігі жоғары активтердің жеткіліксіз болуы;";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын мақұлдау қағидаларында:

      2-тармақтың екінші бөлігінің алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "іс-шаралар жоспарын орындауға жауапты басшы қызметкерлер тізбесі (іс-шаралар жоспарының әрбір тармағы бойынша орындауға жауапты басшы қызметкерлерді көрсете отырып).";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторларды анықтау әдістемесінде:

      3-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативі мәнінің № 304 қаулымен белгіленген өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативінің ең төмен мәнінен асатын деңгейден төмен 0,2 тармаққа төмендеуі;

      Осы тармақшаның талабы "өмірді сақтандыру" саласында қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды;

      3) 1 (бір) жылға дейінгі орындау мерзімімен қайта сақтандырушының үлесін шегергенде, айналыс мерзімі 1 (бір) жылға дейін болатын өтімділігі жоғары активтердің құнының сақтандыру резервтерінің сомасына қатынасының 1,2 мәнге төмендеуі және (немесе) 1 (бір) жылдан 5 (бес) жылға дейінгі орындау мерзімімен қайта сақтандырушының үлесін шегергенде, айналыс мерзімі 1 (бір) жылдан 5 (бес) жылға дейін болатын өтімділігі жоғары активтердің құнының сақтандыру резервтерінің сомасына қатынасының 1,05 мәнге төмендеуі.

      Осы тармақшаның талабы "жалпы сақтандыру" саласында қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.

      Сақтандыру резервтерін орындау мерзімдері бойынша бөлу Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16256 болып тіркелген, "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокері есептілігінің тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 245 қаулысына 23-қосымшаның талаптарына сәйкес жүзеге асырылады;".

      2. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.А. Біртановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк Төрағасы Е. Досаев

О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 апреля 2018 года № 75 "Об установлении факторов, влияющих на ухудшение финансового положения страховой (перестраховочной) организации и страховой группы, а также утверждении Правил одобрения плана мероприятий, предусматривающего меры раннего реагирования, и Методики определения факторов, влияющих на ухудшение финансового положения страховой (перестраховочной) организации (страховой группы)"

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 декабря 2019 года № 259. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 6 января 2020 года № 19839

      В целях совершенствования нормативных правовых актов Республики Казахстан Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 апреля 2018 года № 75 "Об установлении факторов, влияющих на ухудшение финансового положения страховой (перестраховочной) организации и страховой группы, а также утверждении Правил одобрения плана мероприятий, предусматривающего меры раннего реагирования, и Методики определения факторов, влияющих на ухудшение финансового положения страховой (перестраховочной) организации (страховой группы)" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 16944, опубликовано 6 июня 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующие изменения:

      подпункт 3) пункта 1 изложить в следующей редакции:

      "3) недостаток высоколиквидных активов для покрытия страховых резервов;";

      в Правилах одобрения плана мероприятий, предусматривающего меры раннего реагирования, утвержденных указанным постановлением:

      абзац шестой части второй пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "перечень руководящих работников, ответственных за исполнение плана мероприятий (с указанием руководящих работников, ответственных за исполнение по каждому пункту плана мероприятий).";

      в Методике определения факторов, влияющих на ухудшение финансового положения страховой (перестраховочной) организации (страховой группы), утвержденной указанным постановлением:

      подпункты 2) и 3) пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "2) снижение значение норматива достаточности высоколиквидных активов ниже уровня, превышающего минимальное значение норматива достаточности высоколиквидных активов, установленное постановлением № 304, на 0,2 пункта.

      Требование настоящего подпункта не распространяется на страховые (перестраховочные) организации, осуществляющие деятельность в отрасли "страхование жизни";

      3) снижение отношения стоимости высоколиквидных активов со сроком обращения до 1 (одного) года к сумме страховых резервов за минусом доли перестраховщика со сроком исполнения до 1 (одного) года значения 1,2 и (или) снижение отношения стоимости высоколиквидных активов со сроком обращения от 1 (одного) года до 5 (пяти) лет к сумме страховых резервов за минусом доли перестраховщика со сроком исполнения от 1 (одного) года до 5 (пяти) лет значения 1,05.

      Требование настоящего подпункта не распространяется на страховые (перестраховочные) организации, осуществляющие деятельность в отрасли "общее страхование".

      Распределение страховых резервов по срокам исполнения осуществляется в соответствии с требованиями приложения 23 к постановлению Правления Национального Банка Республики Казахстан от 22 декабря 2017 года № 245 "Об утверждении перечня, форм, сроков отчетности страховой (перестраховочной) организации и страхового брокера и Правил их представления", зарегистрированному в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 16256;".

      2. Департаменту страхового рынка и актуарных расчетов в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Юридическим департаментом государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Национального Банка Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего постановления представление в Юридический департамент сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктом 2) настоящего пункта и пунктом 3 настоящего постановления.

      3. Департаменту внешних коммуникаций - пресс-службе Национального Банка обеспечить в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Биртанова Е.А.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель
Национального Банка
Е. Досаев