Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерін және оларды есептеу әдістемелерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сақтандыру холдингтері сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының тізбесін, сақтандыру холдингтері сатып алатын облигациялар үшін талап етілетін ең төмен рейтингті және рейтингтік агенттіктердің тізбесін, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын қаржы құралдарының (акциялар мен жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесін белгілеу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 304 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 13 ақпанда № 14794 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 6-т. қараңыз

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 214 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабының 10-тармағына, 48-бабының 3, 4 және 9-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.10.2024 № 83 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндері және оларды есептеу әдістемелері (бұдан әрі - Нормативтер);

      2) алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 214 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3) алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 214 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) қойылатын талаптар;

      5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес сақтандыру холдингтері сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының тізбесі;

      6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес сақтандыру холдингтері сатып алатын облигациялар үшін талап етілетін ең төмен рейтингі және рейтингтік агенттіктердің тізбесі;

      7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын қаржы құралдарының (акциялар мен жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесі белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 214 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің кейбір құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Сақтандыруды қадағалау департаменті (Құрманов Ж.Б.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы Нормативтердің 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 12-тармағының 3) тармақшасын және 23-тармағының екінші бөлігін қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитетінің

      Төрағасы

      ______________ Н. Айдапкелов

      2017 жылғы 11 қаңтар

  Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкі Басқармасының 2016
жылғы 26 желтоқсандағы № 304
қаулысына 1-қосымша

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндері және оларды есептеу әдістемелері

      Ескерту. Әдістеменің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 214 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндері және оларды есептеу әдістемелері (бұдан әрі – Нормативтер) "Сақтандыру қызметі туралы" (бұдан әрі – Заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерін және оларды есептеу әдістемелерін белгiлейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.02.2023 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру тобы үшін нормативтік мәндер Заңның 46-бабына сәйкес белгіленеді және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 190, 231 және 249-баптарына және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 65-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қабылдайтын есептілік негізінде есептеледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.02.2023 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2-1. Нормативтерді есептеу мақсаттары үшін сақтандыру резервтері Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18290 болып тіркелген, "Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 13 қаулысына (бұдан әрі – Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесі және олардың құрылымына қойылатын талаптар) сәйкес есептеледі.

      Ескерту. Әдістеме 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.02.2023 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 31.07.2023 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына пруденциялық нормативтер және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттер:

      жарғылық капиталдың ең төмен мөлшерін;

      төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативін;

      өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативін;

      активтерді әртараптандыру нормативтерін;

      сақтандыру, қайта сақтандыру, ортақ сақтандыру (бірлесіп қайта сақтандыру) шарты (шарттары) бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзіндік ұстап қалуының мөлшерін қамтиды.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін қосымша пруденциялық нормативтер:

      күтілмеген тәуекелдер резервін;

      тұрақтандыру резервін қамтиды.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативін, өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативін, активтерді әртараптандыру нормативтерін күн сайын сақтауды қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.2019 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Сақтандыру топтары үшін пруденциялық норматив сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі болып табылады.

2-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының ең төмен мөлшері

      5. Жаңадан құрылып отырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін сақтандыру қызметін (қайта сақтандыру қызметін) жүзеге асыру құқығына лицензия алған кезде жарғылық капиталының ең төмен мөлшері Нормативтерге 1-қосымшаға сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының ең төмен мөлшеріне сәйкес белгіленеді.

      6. Жарғылық капиталдың ең төмен мөлшерін есептеу мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құру күніндегі, тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептiк көрсеткiш пайдаланылады.

3-тарау. Төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативі

1-параграф. Төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативін есептеу

      7. Төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативі нақты төлем қабілеттілігі маржасының төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшеріне қатынасы ретінде мынадай формула бойынша есептеледі:

      НТҚ

      Нтм = ----------------- > 1, мұнда:

      ТМЕ

      Нтм - төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативі;

      НТҚ - нақты төлем қабілеттілігінің маржасы;

      ТМЕ - төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативі 1 (бірден) кем болмауы тиіс.

      8. Төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері Нормативтердің осы тарауының 2 және 3-параграфтарына сәйкес есептелінеді. Егер төлем қабілеттілігі маржасының есептелген ең төмен мөлшерінің шамасы кепілдік беру қорының Нормативтердің осы тарауының 4-параграфында белгіленген ең төмен мөлшерінен төмен болса, онда төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері кепілдік беру қорының ең төмен мөлшеріне тең шаманы құрайды.

      9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері Нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес Төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерінің қайта сақтандыруға берілетін (берілген) сақтандыру сыйлықақыларынан ұлғаю кестесі бойынша есептелген төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерінің ұлғаю сомасына сәйкес қайта сақтандырушының рейтингтік бағасына немесе өткен есепті күнгі Қазақстан Республикасының резиденті-қайта сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативінің мәніне байланысты жасалған қолданыстағы қайта сақтандыру шарттары бойынша Қазақстан Республикасының резиденттері және бейрезиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қайта сақтандыруға берілетін (берілген) сақтандыру сыйлықақыларының сомасына ұлғаяды.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кіріс (зиян) есебінен құрылған (қалыптастырылған) активтердің ағымдағы құнының 1 (бір) пайызына тең мәнге ұлғайтылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 22.12.2023 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің рейтингтік бағаларынан басқа қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) сондай-ақ, Moody's Investors Service (Мудис Инвесторс Сервис), Fitch (Фич), A.M. Best және Morningstar (Эй. Эм. Бест и (Морнинстар) агенттіктерінің, олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының және Нормативтердің 10-1-тармағында белгіленген талап сақталған жағдайда Нормативтердің 10-2-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін рейтингтік агенттіктердің (бұдан әрі – басқа рейтингтік агенттіктер) рейтингтік бағаларын таниды.

      A.M. Best (Эй.Эм.Бест) агенттігінің рейтингтік бағалары қайта сақтандырушының рейтингтік бағасын тану мақсатында ғана пайдаланылады.

      Morningstar (Морнинстар) рейтингтік агенттігінің рейтингтік бағалары Exchange Traded Funds (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс), Exchange traded commodities (ETC) (Эксчейндж Трэйдэд Коммодитис), Exchange Traded Notes (ETN) (Эксчейндж Трэйдэд Ноутс) пайларын бағалау мақсатында ғана пайдаланылады.

      Нормативтердің мақсаттары үшін Нормативтерге 2-қосымшаға сәйкес ұзақ мерзімді рейтингтердің салыстырмалы кестесіне сәйкес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық орнықтылығының рейтингтері немесе оларға сәйкес келетін рейтингтер пайдаланылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 31.07.2023 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10-1. Нормативтерді есептеу кезінде Нормативтердің 10-2-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін рейтингтік агенттіктер берген ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтер халықаралық рейтингтік шкала бойынша тек рейтингтің шетелдік нысандарына қатысты пайдаланылады.

      Ескерту. 3-тараудың 1-параграфы 10-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.04.2022 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 31.07.2023 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      10-2. Нормативтердің мақсаттары үшін уәкілетті орган мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін рейтингтік агенттіктердің рейтингтік бағаларын таниды:

      1) рейтингтік агенттік шығу елінде реттелуге жатады және рейтингтік агенттіктің бағалауы пруденциялық реттеу шеңберінде танылады;

      2) рейтингтік агенттіктің меншікті капиталының ең аз мөлшері кемінде 600 000 000 (алты жүз миллион) теңгеге баламалы соманы құрайды;

      3) объективтілік, тәуелсіздік және жауапкершілік:

      рейтингтік агенттік қолданатын әдіснама сенімді болып табылады және тарихи және (немесе) дефолт туралы күтілетін деректер негізінде тексеруге жатады, сондай-ақ рейтинг берілетін тұлғаның өзіне қабылдаған қаржылық міндеттемелерін орындау қабілетін айқындайтын барлық негізгі сандық және сапалық факторлардың толық сипаттамасын, сондай-ақ олардың кредиттік рейтингтерге және кредиттік рейтингтер бойынша болжамдарға әсерін сипаттауды қамтиды;

      рейтингтік агенттікті мемлекеттік органдар немесе мемлекеттік органдардағы лауазымды адамдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері немесе рейтингтік агенттіктің қызметіне араласпайтын және рейтингтерді беру процестеріне ықпалы жоқ саяси партиялар бақыламайды;

      рейтингтік агенттіктің акцияларының кемінде 10 (он) пайызын тікелей иеленетін және рейтингтік агенттіктің рейтингтік қызметіне ықпалы жоқ тұлғаларды қоспағанда, рейтингтік агенттік рейтинг беретін, растайтын немесе қайта қарайтын заңды тұлғалар рейтингтік агенттіктің үлестес тұлғалары болып табылмайды;

      рейтингтік агенттіктің рейтингтік әрекеттерге қатысатын рейтингтік талдаушылары рейтингтік әрекеттерді жүзеге асыру күніне дейін соңғы 3 (үш) жыл ішінде рейтинг берілетін тұлғамен еңбек немесе іскерлік қатынастарда тұрмайды және тұрмаған, сондай-ақ рейтинг берілетін тұлғаның немесе рейтинг берілетін тұлғаны бақылауды жүзеге асыратын немесе осындай тұлғаға елеулі ықпал ететін тұлғалардың бағалы қағаздарын, өзге де қаржы құралдарын немесе өзге де мүлкін тікелей немесе жанама, оның ішінде жақын туыстары арқылы иеленбейді;

      рейтингтік агенттіктің ішкі аудит немесе ішкі бақылау, оның ішінде рейтингтік агенттіктің директорлар кеңесіне есеп беретін ішкі аудит функцияларын жүзеге асыратын қызметі болады;

      рейтингтік агенттікте директорлар кеңесінің кемінде үштен бірі, бірақ кемінде екі мүшесі рейтингтік әрекеттерді, рейтингтік агенттіктің қызметтерін жарнамалауды және клиенттерді тарту жөніндегі өзге де іс-қимылдарды жүзеге асырмайтын тәуелсіз мүшелер болып табылады;

      рейтингтік агенттіктің әрбір акционерінің акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) тікелей немесе жанама иелену үлесі осы рейтингтік агенттіктің дауыс беретін акцияларының жалпы санының 50 (елу) пайызынан аспайды, егер акционер қаржы ұйымы болып табылған жағдайда, тікелей иелену үлесі 10 (он) пайыздан аспайды;

      рейтингтік агенттіктің ішкі рәсімдері ақпаратты заңсыз пайдаланудың және жария етудің алдын алу шараларын көздейді және ақпараттың қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз етеді;

      4) ақпараттың ашықтығы және оны жария ету:

      рейтингтік агенттік рейтингтік агенттіктің интернет-ресурсында мына:

      рейтингтік агенттік рейтингті айқындау кезінде қолданатын әдіснама;

      соңғы жыл ішінде берілген кредиттік рейтингтердің, сондай-ақ соңғы аяқталған күнтізбелік жылдың соңындағы жағдай бойынша олардан түскен ақшалай түсімдердің үлесі рейтингтік агенттік түсімінің жылдық көлемінде 5 (бес) және одан да көп пайызды құраған рейтинг берілетін тұлғалардың және өзге де тұлғалардың тізімі туралы ақпаратты жария етуді қамтамасыз етеді;

      5) рейтингтердің сенімділігі:

      рейтингтік агенттік рейтингтік қызметті кемінде соңғы 5 (бес) жыл тұрақты негізде жүзеге асырады;

      рейтингтік агенттік кредиттік рейтингті берген және қайта қараған ұйымдар саны кемінде отыз, оның ішінде соңғы 3 (үш) жылда кемінде жиырма, оның ішінде кемінде бесеуі қаржы ұйымы болды;

      рейтингтік агенттіктің рейтинг беруімен тікелей айналысатын қызметкерлерінің тиісті білімі, дағдылары мен тәжірибесі бар;

      рейтингтік шешім қабылдайтын органның (бұдан әрі – рейтингтік комитет) қатысушысы болып табылатын, рейтингтік шешімдер қабылдау процесіне қатысатын кемінде бір қызметкердің рейтингтік агенттікте не талдамалық агенттікте не зерттеу орталығында не қаржы нарығында қызметті жүзеге асыратын қаржы ұйымында не аудиторлық ұйымда кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесі бар;

      рейтингтік комитеттің құрамында рейтинг берілетін тұлға және (немесе) оның қаржылық міндеттемелері немесе қаржы құралдары (бұдан әрі – рейтинг объектісі) үшін жетекші рейтингтік талдаушыны, рейтингтік комитеттің төрағасын және қаралып отырған рейтинг объектісі жатпайтын, рейтинг объектілері түрінде маманданған бес рейтингтік талдаушыны қоса алғанда, кемінде бес рейтингтік талдаушы болады (егер рейтингтік агенттік рейтинг объектілерінің әр түріне қатысты рейтингтер беру жөніндегі қызметті жүзеге асырған жағдайда);

      рейтингтік агенттік берілген рейтингтерді мониторингтеуді тұрақты негізде жүзеге асырады, сондай-ақ рейтинг берілетін тұлғаның қаржылық жағдайындағы, корпоративтік басқаруындағы немесе қызметінің өзге де аспектілеріндегі өзгерістерге, макроэкономикалық жағдайлардың немесе қаржы нарығы жағдайларының өзгеруіне байланысты өзгеретін факторларға уақтылы ден қоюды қамтамасыз етеді, бұл рейтинг берілген немесе ол соңғы қайта қаралған күннен немесе қолданылатын әдіснама соңғы қайта қаралған күннен бастап 1 (бір) күнтізбелік жылдан кешіктірілмей рейтингтердің нақты жаңартуларымен расталады.

      Рейтингтік агенттік растайтын құжаттарды қоса бере отырып, пруденциялық реттеу мақсаттары үшін рейтингтік агенттіктің рейтингтік бағаларын қабылдау туралы сұрау салуды уәкілетті органға жібереді.

      Рейтингтік агенттік осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген өлшемдерге сәйкес келген кезде уәкілетті орган ресми интернет-ресурсында рейтингтік агенттіктің сұрау салуын алған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде рейтингтік агенттік және рейтингтік агенттіктердің халықаралық рейтингтік шкалаларының салыстырмалылығы туралы мәліметтерді жариялайды.

      Рейтингтік агенттік қолданатын әдіснамаларды уәкілетті орган рейтингтік агенттік уәкілетті органға алғаш рет жүгінген кезде және жылына кемінде 1 (бір) рет валидациялайды.

      Әдіснамаға өзгерістер енгізілген кезде рейтингтік агенттік 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде осындай өзгерістердің себептері мен салдарын көрсете отырып, ақпаратты уәкілетті органға жібереді.

      Ескерту. 3-тараудың 1-параграфы 10-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.04.2022 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 22.12.2023 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

2-параграф. "Жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта) сақтандыру ұйымы және қайта сақтандыруды қызметінің ерекше түрі ретінде жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымы үшін төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерін есептеу

      11. "Жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және қайта сақтандыруды қызметінің ерекше түрі ретінде жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымы үшін төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері Нормативтердің 12 және 13-тармақтарында көрсетілген әдістерді пайдалана отырып есептелген шамалардың бірінің ең жоғары мәніне тең шаманы білдіреді.

      12. Төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерін "сыйлықақылар әдісін" пайдалана отырып есептеу тәртібі:

      1) есептеу өткен қаржы жылында сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған жиынтық сақтандыру сыйлықақыларының немесе өткен қаржы жылындағы жиынтық еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақыларының сомасын негізге алып жүзеге асырылады, олардан есептеу үшін ең жоғары шама алынады;

      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының "көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру" сыныбы бойынша қабылданған жиынтық сақтандыру сыйлықақыларының (жиынтық еңбек сіңірілген сыйлықақыларының) сомасы 50 (елу) пайызға ұлғаюға тиіс;

      3) осы тармақтың 1), 2) тармақшаларына сәйкес есептелген жиынтық сақтандыру сыйлықақыларының (жиынтық еңбек сіңірілген сыйлықақыларының) сомасы сақтандыру қызметі бойынша комиссиялық сыйақы төлемінің шығыстар сомасына, сондай-ақ корпоративтік табыс салығының сомасына азаяды;

      4) осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес есептелген, 3 500 000 000 (үш миллиард бес жүз миллион) теңгеден аспайтын мөлшердегі сақтандыру сыйлықақыларының сомасы 18 (он сегіз) пайызға көбейтіледі, қалған асып кету сомасы 16 (он алты) пайызға көбейтіледі.

      Алынған нәтижелер осы тармақтың 5) тармақшасына сәйкес есептелген түзету коэффициентіне жинақталады және түзетіледі;

      5) түзету коэффициенті өткен 3 (үш) қаржы жылында есептелген жиынтық сақтандыру төлемдерінің сомасының (сақтандыру төлемдеріндегі қайта сақтандырушының үлесін шегергенде) өткен 3 (үш) қаржы жылында есептелген жиынтық сақтандыру төлемдерінің сомасына қатынасы ретінде есептеледі. Егер түзету коэффициентін есептеу нәтижесінде алынған шама 0,5 (нөл бүтін оннан бестен) кем болса, онда есептеу үшін 0,5 (нөл бүтін оннан бес) алынады.

      Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өткен 3 (үш) қаржы жылында сақтандыру төлемдерін жүзеге асырмаса, төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерін есептеу кезінде түзету коэффициенті қолданылмайды.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.10.2024 № 83 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерін "төлемдер әдісін" пайдалана отырып есептеу тәртібі:

      1) есептеу үшін өткен 3 (үш) қаржы жылында есептелген жиынтық сақтандыру төлемдерінің сомасы пайдаланылады.

      Заңның 6-бабы 3-тармағының 13) және 14) тармақшаларында көрсетілген, сақтандыру тәуекелдерімен ғана айналысатын сақтандыру ұйымы есептеу үшін өткен 7 (жеті) қаржы жылындағы жиынтық сақтандыру төлемдерінің сомасын пайдаланады;

      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы "көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру" сыныбы бойынша жүзеге асырған жиынтық сақтандыру төлемдерінің сомасы 50 (елу) пайызға ұлғаюға тиіс;

      3) жиынтық сақтандыру төлемдерінің сомасы өткен қаржы жылының соңында мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар резервінің сомасына ұлғаяды және мыналарға азаяды:

      есепті қаржы жылының алдындағы 3 (үш) жыл үшін қаржы жылының соңында мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар резервінің сомасына;

      осы тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген сақтандыру ұйымдары үшін – есепті қаржы жылының алдындағы 7 (жеті) жыл үшін қаржы жылының соңында мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар резервінің сомасына;

      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерін есептеу үшін мыналар пайдаланылады:

      осы тармақтың 3) тармақшасының екінші абзацына сәйкес алынған соманың үштен бір бөлігі;

      осы тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген сақтандыру ұйымдары үшін – осы тармақтың 3) тармақшасының үшінші абзацына сәйкес алынған соманың жетіден бір бөлігі;

      5) осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес есептелген, 2 500 000 000 (екі миллиард бес жүз миллион) теңгеден аспайтын мөлшердегі сақтандыру төлемдерінің сомасы 26 (жиырма алты) пайызға көбейтіледі, қалған асып кету сомасы 23 (жиырма үш) пайызға көбейтіледі.

      Алынған нәтижелер Нормативтердің 12-тармағының 5) тармақшасына сәйкес есептелген түзету коэффициентіне жинақталады және түзетіледі.

      Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген мерзім ішінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асырмаса, онда төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерін есептеу "төлемдер әдісін" пайдаланбай жүзеге асырылады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.10.2024 № 83 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      14. Төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері мынадай сомаларға:

      Заңның 6-бабы 3-тармағының 13), 14), 15-1) және 16) тармақшаларында көрсетілген сақтандырудың ерікті нысанындағы сыныптар бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша – есепті кезең соңында сақтандырудың осы сыныптары бойынша қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларынан 10 (он) пайызға;

      сақтандыру объектісі сақтанушы, сақтандырылған немесе үшінші тұлға арасында жасалған шарт бойынша сақтанушы (сақтандырылған) өз міндеттемелерін орындамау (тиісінше орындамау) нәтижесінде шығындарды өтеумен байланысты сақтанушының немесе пайда алушының мүліктік мүдделері болып табылатын Заңның 6-бабы 3-тармағының 12) тармақшасында көрсетілген сақтандырудың ерікті нысанындағы сыныбы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша – есепті кезең соңында сақтандырудың осы сыныбы бойынша қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларынан 10 (он) пайызға;

      Заңның 6-бабы 3-тармағының 13), 14) 15-1) және 16) тармақшаларында көрсетілген сақтандырудың ерікті нысанындағы сыныптар шеңберінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалардың қаржы шығындарын өтеуді көздейтін сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша – есепті кезеңнің соңында қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларынан 10 (он) пайызға қосымша ұлғаяды.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.2019 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есепті кезеңдегі төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері өткен қаржы жылынан кем болса, есепті кезеңдегі төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері осы Нормативтердің 16-тармағына сәйкес есептелетін резерв коэффициентіне түзетілген өткен қаржы жылының төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшеріне тең болады.

      Егер өткен қаржы жылындағы төлем қабілеттілігі маржасының резерв коэффициентіне түзетілген ең төмен мөлшері есепті кезеңдегі төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерінен кем болса, есептеу үшін есепті кезеңдегі төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері пайдаланылады.

      16. Резерв коэффициенті өткен қаржы жылының соңындағы мәлімденген, бірақ реттелмеген шығындар (қайта сақтандырушының үлесін шегергенде) резерві сомасының өткен қаржы жылының басындағы мәлімделген, бірақ реттелмеген шығындар (қайта сақтандырушының үлесін шегергенде) резервінің сомасына қатынасы ретінде есептеледі. Егер резерв коэффициентін есептеу нәтижесінде алынған шама 1 (бірден) көп болса, онда есептеу үшін 1 (бір) алынады.

      16-1. "Ауырған жағдайдан сақтандыру" және "туристі міндетті сақтандыру" сыныптары бойынша сақтандыру сыйлықақылары сомасының үлесі есепті күні қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлемінде 80 (сексен) пайыздан астам құрайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері Нормативтердің 12 және 13-тармақтарында көрсетілген әдістерінің бірін пайдалана отырып есептелген шама болып табылса, төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері 30 (отыз) пайызға азаяды.

      Ескерту. 16-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.10.2020 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3-параграф. "Өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерін есептеу

      17. "Өмірді сақтандыру" саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерін есептеу мыналар бойынша жеке-жеке жүзеге асырылады:

      1) "өмірді сақтандыру", "мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберіндегі өмірді сақтандыру", "зейнетақы аннуитеттік сақтандыру", "аннуитеттік сақтандыру" сыныптары бойынша, сондай-ақ "қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру" сыныбы шеңберінде жасалған аннуитеттік сақтандыру және зейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша;

      2) "жазатайым оқиғалардан сақтандыру", "ауырған жағдайдан сақтандыру", "туристі міндетті сақтандыру" және "қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру" сыныптары бойынша.

      Сақтандыру ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерін есептеу үшін Нормативтердің 18 және 23-тармақтарына сәйкес есептелген сомалар алынады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.10.2024 № 83 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      18. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының "өмірді сақтандыру", "мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберіндегі өмірді сақтандыру", "зейнетақы аннуитеттік сақтандыру", "аннуитеттік сақтандыру" сыныптары бойынша, сондай-ақ "қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру" сыныбы шеңберінде жасалған аннуитеттік сақтандыру және зейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерін есептеу Нормативтердің 19 және 21-тармақтарына сәйкес есептелген мәндердің сомасына тең шаманы білдіреді.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.10.2024 № 83 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      19. Тәуекелді капиталы теріс мәнге болып болмайтын, қайтыс болған жағдайдағы өмірді сақтандыру шарттары бойынша төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері мынадай шамалардың сомасына тең:

      1) қайтыс болған жағдайдағы өмірді сақтандыру шарттары бойынша (мерзімі 3 (үш) жылға дейін) – қайтыс болған жағдайдағы өмірді сақтандыру шарттары бойынша (қайта сақтандырушының үлесін шегергенде) тәуекелді капиталдың тәуекелді капиталға қатынасы ретінде есептелген түзету коэффициентіне көбейтілген тәуекелді капитал сомасының 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызы. Егер түзету коэффициентін есептеу нәтижесінде алынған шама 0,5-тен (нөл бүтін оннан бестен) аз болса, онда есептеу үшін 0,5 (нөл бүтін оннан бес) алынады;

      2) қайтыс болған жағдайдағы өмірді сақтандыру шарттары бойынша (3 (үш) жылдан 5 (бес) жылға дейінгі мерзімде) – қайтыс болған жағдайда өмірді сақтандыру шарттары бойынша тәуекелді капиталдың (қайта сақтандырушының үлесін шегергенде) тәуекелді капиталға қатынасы ретінде есептелген түзету коэффициентіне көбейтілген тәуекелді капитал сомасының 0,15 (нөл бүтін жүзден он бес) пайызы. Егер түзету коэффициентін есептеу нәтижесінде алынған шама 0,5-тен (нөл бүтін оннан бестен) аз болса, онда есептеу үшін 0,5 (нөл бүтін оннан бес) алынады;

      3) қайтыс болған жағдайдағы өмірді сақтандырудың басқа шарттары бойынша – қайтыс болған жағдайда өмірді сақтандыру шарттары бойынша тәуекелді капиталдың (қайта сақтандырушының үлесін шегергенде) тәуекелді капиталға қатынасы ретінде есептелген түзету коэффициентіне көбейтілген тәуекелді капитал сомасының 0,3 (нөл бүтін оннан үш) пайызы. Егер түзету коэффициентін есептеу нәтижесінде алынған шама 0,5-тен (нөл бүтін оннан бес) аз болса, онда есептеу үшін 0,5 (нөл бүтін оннан бес) алынады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.02.2023 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20. Тәуекелді капитал өткен қаржы жылының соңындағы ол бойынша есептелген сақтандыру резервтері сомасына азайтылған қайтыс болған жағдайдағы өмірді сақтандырудың қолданыстағы шарттары бойынша жиынтық сақтандыру сомасын білдіреді.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.02.2023 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      21. "Өмірді сақтандыру", "мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберіндегі өмірді сақтандыру", "аннуитеттік сақтандыру" сыныптары бойынша, сондай-ақ "қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру" сыныбы шеңберінде жасалған аннуитеттік сақтандыру және зейнетақы алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша қалған сақтандыру шарттары бойынша төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері өткен қаржы жылының соңындағы сақтандыру резервтеріндегі қайта сақтандырушының үлесін шегергенде қалыптастырылған сақтандыру резервтері сомасының өткен қаржы жылының соңында қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің жалпы сомасына қатынасы ретінде есептелген сақтандыру резервтері мен түзету коэффициенті сомасының 4 (төрт) пайызының көбейтіндісіне тең. Егер түзету коэффициентін есептеу нәтижесінде алынған шама 0,85-тен (нөл бүтін жүзден сексен бестен) аз болса, онда зейнетақы аннуитеті шарттарын қоспағанда, есептеу үшін 0,85 (нөл бүтін жүзден сексен бес) қабылданады.

      Мына:

      1) 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері өткен қаржы жылының соңында сақтандыру резервтеріндегі қайта сақтандырушының үлесін шегергенде қалыптастырылған сақтандыру резервтері сомасының өткен қаржы жылының соңында қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің жалпы сомасына қатынасы ретінде есептелген сақтандыру резервтері мен түзету коэффициенті сомасының 6 (алты) пайызының көбейтіндісіне тең. Егер түзету коэффициентін есептеу нәтижесінде алынған шама 0,85-тен (нөл бүтін жүзден сексен бестен) аз болса, онда есептеу үшін 0,85 (нөл бүтін жүзден сексен бес) қабылданады;

      2) 2023 жылғы 1 қаңтардан кейін дейін жасалған зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері өткен қаржы жылының соңында сақтандыру резервтеріндегі қайта сақтандырушының үлесін шегергенде қалыптастырылған сақтандыру резервтері сомасының өткен қаржы жылының соңында қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің жалпы сомасына қатынасы ретінде есептелген сақтандыру резервтері мен түзету коэффициенті сомасының 8 (сегіз) пайызының көбейтіндісіне тең. Егер түзету коэффициентін есептеу нәтижесінде алынған шама 0,85-тен (нөл бүтін жүзден сексен бестен) аз болса, онда есептеу үшін 0,85 (нөл бүтін жүзден сексен бес) қабылданады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.10.2024 № 83 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      22. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.2019 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      23. "Жазатайым оқиғалардан сақтандыру", "ауырған жағдайдан сақтандыру", "туристі міндетті сақтандыру" және "қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру" сыныптары бойынша төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері Нормативтердің 11, 12, 13-тармақтарына сәйкес есептеледі.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.10.2024 № 83 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4-параграф. Кепілдік беру қорының ең төмен мөлшері

      24. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін кепілдік беру қорының ең аз мөлшері мынадай шамалардан кем болмайды (айлық есептік көрсеткіштермен):

      "жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы үшін – 500 000 (бес жүз мың);

      "өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы үшін – 500 000 (бес жүз мың);

      "жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы және қайта сақтандыру бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы үшін – 700 000 (жеті жүз мың);

      "өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы және қайта сақтандыру бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы үшін – 700 000 (жеті жүз мың).

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.09.2021 № 90 (01.10.2021 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      25. Егер "ауырған жағдайда сақтандыру" және "туристі міндетті сақтандыру" сыныптары бойынша сақтандыру сыйлықақылары сомасының үлесі есепті күні қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлемінде 80 (сексен) пайыздан астам болса, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін кепілдік беру қорының ең төмен мөлшері 30 (отыз) пайызға азаяды.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      26. "Жалпы сақтандыру" саласында "ипотеканы сақтандыру" сыныбы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы үшін кепілдік беру қорының ең төмен мөлшері 700 000 (жеті жүз мың) айлық есептiк көрсеткiш болады.

      Қайта сақтандыруды қызметінің ерекше түрі ретінде жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымы үшін кепілдік беру қорының ең төмен мөлшері 3 500 000 (үш миллион бес жүз мың) айлық есептiк көрсеткiшті құрайды.

      26-1. "Өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы және сақтанушы инвестицияларға қатысқан жағдайда сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандырудың әзірленген түрлері бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін кепілдік беру қорының ең төмен мөлшері:

      сақтанушы инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (зиян) есебінен қалыптастырылған активтерді дербес басқарған кезде 200 000 (екі жүз мың) айлық есептік көрсеткішке;

      сақтанушы инвестицияларға, сақтандыру ұйымы болып табылмайтын инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға қатысу талабы көздейтін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (зиян) есебінен қалыптастырылған активтерді берген кезде 100 000 (бір жүз мың) айлық есептік көрсеткішке ұлғайтылады.

      Ескерту. 26-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 25.05.2020 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      27. Кепілдік беру қорының ең төмен мөлшерін есептеу мақсатында тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген, есепті кезеңнің соңындағы айлық есептiк көрсеткiш пайдаланылады.

5-параграф. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының нақты төлем қабілеттілігі маржасын есептеу

      28. Нақты төлем қабілеттілігінің маржасы Нормативтердің 29 және 33-тармақтарына сәйкес есептелген екі шаманың ең азы болып табылады.

      29. Капиталдың баптарын есепке ала отырып есептелген төлем қабілеттілігінің нақты маржасы мынадай формула бойынша анықталады:

      ТҚНМ = ЖК + БК – МЕА – ӨЖөш – ЕКөш – И – РЗ, мұнда:

      ТҚНМ – капиталдың баптарын есепке ала отырып есептелген төлем қабілеттілігінің нақты маржасы;

      ЖК – артықшылықты акциялар шегерілген төленген жарғылық капитал;

      БК – төлеуге жататын дивидендтер шегерілген, өткен жылдар мен ағымдағы жылдың бөлінбеген кірісі (оның ішінде қорлар, болжанбаған тәуекелдер резерві, тұрақтандыру резерві, өткен жылдар мен ағымдағы жылдың таза кірісі есебінен қалыптастырылған резервтер);

      МЕА – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының негізгі қызметінің мақсаттары үшін сатып алынған бағдарламалық қамтамасыз етуді қоспағанда, материалдық емес активтер;

      ӨЖөш – өткен жылдардың орны толтырылмаған шығыны;

      ЕКөш – есепті кезеңнің орны толтырылмаған шығыны;

      И – басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар;

      РҚ – Заңның 32-бабына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымдары болып табылатын тұлғаларға не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар тұлғаларға берілген реттелген қарыз.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 14.02.2022 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      30. Нақты төлем қабілеттілігі маржасы нақты төлем қабілеттілігі маржасының 50 (елу) пайызынан немесе төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерінен (қандай көрсеткіш төмен болуына байланысты) аспайтын сомадағы артықшылықты акциялардың және реттелген борыштың сомасына ұлғаюы мүмкін. Артықшылықты акциялар және белгіленген өтеу мерзімі бар реттелген борыш сомасында артықшылықты акциялар мен реттелген борыштың жалпы сомасынан 50 (елу) пайыздан аспайды.

      31. Реттелген борыш мынадай талаптарға сәйкес келеді:

      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы нақты алған ақшаның толық төленген сомасы ғана ескеріледі;

      2) белгіленген өтеу мерзімі бар реттелген борышты өтеу мерзімі 5 (бес) жылдан кем болмайды. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы реттелген борышты өтеу күніне дейін 1 (бір) жыл бұрын уәкілетті органға өтеу сәтіндегі нақты төлем қабілеттілігі маржасын қамтамасыз ету жоспарын береді. Егер реттелген борыш нақты төлем қабілеттілігі маржасын есептеуге мынадай тәртіппен енгізілген жағдайда мұндай талап қолданылмайды:

      борышты өтеу мерзімі басталғанға дейінгі 5 (бес) жылдан астам мерзім ішінде - борыштың толық сомасын;

      борышты өтеу мерзімі басталғанға дейінгі 5 (бес) жыл ішінде:

      1-ші жыл - реттелген борыш сомасының 100 (жүз) пайызын;

      2-ші жыл - реттелген борыш сомасының 80 (сексен) пайызын;

      3-ші жыл - реттелген борыш сомасының 60 (алпыс) пайызын;

      4-ші жыл - реттелген борыш сомасының 40 (қырық) пайызын;

      5-ші жыл - реттелген борыш сомасының 20 (жиырма) пайызын;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы белгіленген өтеу мерзімі жоқ реттелген борышты өтеу кезінде болжанып отырған өтеу мерзіміне дейінгі кемінде 5 (бес) жыл бұрын уәкілетті органға нақты төлем қабілеттілігі маржасын қамтамасыз ету жоспарын береді. Осы талап сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы реттелген борышты белгіленген нақты төлем қабілеттілігі маржасының есебіне енгізбеген, сондай-ақ оны мерзімінен бұрын өтеген жағдайда қолданылмайды. Мұндай жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осындай өтеуге дейін және кейін нақты төлем қабілеттілігі маржасын қамтамасыз ету жоспарын алдын-ала бере отырып, болжанып отырған өтеу күніне дейінгі 6 (алты) ай бұрын уәкілетті органның реттелген борышты мерзімінен бұрын өтеуге қорытындысын алады;

      4) реттелген борыш сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын таратуды қоспағанда, уәкілетті органмен келісілгеннен күні өтелуге тиіс;

      5) реттелген борыш талаптарын өзгерту уәкілетті органның келісімі болған кезде ғана жүзеге асырылады.

      32. Облигациялар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының реттелген борышы болып танылады және төлем қабілеттілігінің нақты маржасын есептеуге Заңға және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының заңында айқындалған бағалы қағаздар шығарылымы шарттарына сәйкес, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының актілеріне сәйкес ғана енгізіледі.

      Нормативтердің 30 және 31-тармақтарында көрсетілген талаптардан басқа, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының реттелген борышы болып табылатын облигациялар сондай-ақ мынадай талаптарға сәйкес келеді:

      облигациялардың меншік иесінің бастамасы бойынша немесе уәкілетті органның алдын-ала келісімінсіз өтеуге жатпайды;

      бағалы қағаздар шығарылымы шарттары шығындар болған жағдайда негізгі борыш пен төленбеген сыйақыны түзетуді көздейді және бұл ретте сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына өз қызметін жалғастыруға мүмкіндік береді.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.06.2023 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      33. Сапасы мен өтімділігі бойынша жіктелуін ескере отырып есептелген нақты төлем қабілеттілігі маржасы мынадай формула бойынша анықталады:

      НТМ = СӨА – СР – М , мұнда:

      СӨА – Нормативтердің 34-тармағына сәйкес оларды сапа және өтімділігі бойынша жіктелуін ескергендегі активтер;

      СР - соңғы есепті айдың соңындағы қайта сақтандырушының үлесін шегергендегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерінің сомасы. Сақтандыру резервтерінің сомасы Нормативтердің 2-тармағына сәйкес ай сайынғы есептілікті және өзге есептілікті уәкілетті органға ұсынған күнге дейін пайдаланылады (есепті айдан кейінгі айдың бесіне дейін өткен есепті айдағы сақтандыру резервтерінің сомасы пайдаланылады);

      М – сақтандыру резервтерін қоспағандағы міндеттемелер.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.02.2023 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      34. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері құнының есебіне олардың сапасы мен өтімділігі бойынша жіктелуі ескеріле отырып, мыналар кіреді:

      1) ақша:

      кассадағы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы активтерінің қайта сақтандыру активтері шегерілген сомасынан 1 (бір) пайыздан аспайтын сомадағы ақша – баланстық құнның 100 (бір жүз) пайызы көлемінде;

      Нормативтердің 38-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі жолдағы ақша – баланстық құнның 100 (бір жүз) пайызы көлемінде;

      Нормативтердің 38-тармағы 5) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі ағымдағы шоттардағы ақша – Нормативтерге 4-қосымшаға сәйкес Сапасы мен өтімділігі бойынша жіктелуі ескерілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері кестесіне сәйкес Сапасы мен өтімділігі бойынша жіктелуі ескерілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін есептеуде көрсетілген көлемде;

      бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген ұйымның Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және орталық депозитарийде орналастырылған шоттарындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ақшасы – баланстық құнның 100 (бір жүз) пайызы көлемінде;

      бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген ұйымның Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған шоттарындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ақшасы – баланстық құнның 100 (бір жүз) пайызы көлемінде;

      2) Нормативтердің 38-тармағы 5) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған салымдар – Нормативтерге 4-қосымшаға сәйкес Сапасы мен өтімділігі бойынша жіктелуі ескерілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері кестесінде көрсетілген көлемде;

      3) Нормативтердің 38-тармағы 6) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін халықаралық қаржы ұйымдарында орналастырылған салымдар – Нормативтерге 4-қосымшаға сәйкес Сапасы мен өтімділігі бойынша жіктелуі ескерілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері кестесінде көрсетілген көлемде;

      4) Нормативтердің 38-тармағы 7) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін бейрезидент банктерде орналастырылған салымдар – Нормативтерге 4-қосымшаға сәйкес Сапасы мен өтімділігі бойынша жіктелуі ескерілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері кестесінде көрсетілген көлемде;

      5) Нормативтердің 38-тармағының 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27) және 29) тармақшаларында көрсетілген қаржы құралдары – Нормативтерге 4-қосымшаға сәйкес Сапасы мен өтімділігі бойынша жіктелуі ескерілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері кестесінде көрсетілген көлемде;

      6) "өмірді сақтандыру" саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтанушыларына беретін қарыздар – негізгі борыш сомасының 100 (бір жүз) пайызы көлемінде;

      7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтімділігі жоғары активтері сомасының 5 (бес) пайызынан аспайтын сомадағы жылжымайтын мүлік түріндегі негізгі құрал-жабдықтар – баланстық және нарықтық құндардың ең аз мөлшерінің 100 (бір жүз) пайызы көлемінде.

      Пруденциялық нормативтерді есептеу кезінде ескерілетін негізгі құрал-жабдықтардың нарықтық құнын айқындау мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы олардың құнын бағалаушыда жылына кемінде бір рет есепті жылдан кейінгі жылдың 30 (отызыншы) сәуіріне дейінгі (қоса алғанда) мерзімде бағалау жүргізеді;

      8) қайта сақтандырушылардан алынатын сомалар, осы тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалардан алынатын сақтандыру сыйлықақыларын қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жоғары өтімді активтері сомасынан 10 (он) пайыздан аспайтын сомадағы сақтанушылардан (қайта сақтанушылардан) және делдалдардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары;

      9) бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде көзделген айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты туындаған бағалы қағаздардың номиналды құнын төлеу бойынша бағалы қағаздардың эмитенттеріне қойылатын талаптар (бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінің талаптары бойынша мерзімі өтпеген) - баланстық құнның 100 (бір жүз) пайызы көлемінде;

      10) сақтанушы:

      дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 50 (елу) пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлға;

      Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) рейтинг агенттігінің немесе басқа рейтинг агенттіктерінің "ВВ+" төмен емес рейтингі бар заңды тұлға;

      мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін:

      өнімді сатудан (қызмет көрсетуден) түскен пайда соңғы 2 (екі) жыл үшін жыл сайын кемінде 50 (елу) миллиард теңгені құрайтын;

      салықтық аударымдар соңғы 2 (екі) жыл үшін кемінде 3 (үш) миллиард теңгені құрайтын ірі жүйе құрушы кәсіпорын болып табылған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының өтімділігі жоғары активтері сомасының 15 (он бес) пайызынан аспайтын сомада алуға арналған сақтандыру сыйлықақылары.

      Сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары сақтанушы сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының кемінде он екіден бір бөлігін төлеген жағдайда олардың сапасы мен өтімділігі бойынша жіктелуін ескере отырып, сақтандыру шартына қосымша келісімін (келісімдерін) немесе жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша алғашқы сақтандыру жарнасын ескере отырып, есепті айдан кейінгі бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері құнын есептеуіне енгізіледі.

      Қайта сақтанушылардан алынатын сақтандыру сыйлықақылары қайта сақтанушы қайта сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының кемінде он екіден бір бөлігін төлеген жағдайда олардың сапасы мен өтімділігі бойынша жіктелуін ескере отырып, есепті айдан кейінгі бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері құнын есептеуіне енгізіледі.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері құнының есептеуіне, олардың сапасы мен өтімділігі бойынша олардың жіктелуін ескере отырып, (осы тармақтың бірінші бөлігі 1) тармақшасының алтыншы абзацында көрсетілген ақша) қаржы құралдарымен мәмілелерді жасау кезінде бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген ұйымның шоттарындағы ақшаны орналастырумен байланысты туындаған дебиторлық берешекті қоспағанда):

      шарттың талаптары бойынша 3 (үш) жұмыс күнінен астам мерзімге мерзімі өткен дебиторлық берешек;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін шарттың талаптары бойынша күнтізбелік 30 (отыз) күннен астам мерзімге мерзімі өткен дебиторлық берешек, "ауырған жағдайда сақтандыру" сыныбы бойынша сақтандыру сыйлықақыларының есепті күні қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлемінде 80 (сексен) пайыздан астамын құрайтын үлесі;

      сақтандырып (қайта сақтандырып) қорғаудың қолданылу мерзімі басталмаған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша пайда болған дебиторлық берешек;

      ірі қатысушылардың, еншілес ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысы болып табылатын немесе қомақты қатысуы бар ұйымдардың, сондай-ақ өзге үлестес ұйымдардың дебиторлық берешегі енгізілмейді.

      Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) шартында сақтандыру сыйлықақысын мерзімді сақтандыру жарналары түрінде бөліп төлеу көзделсе, сақтанушы (қайта сақтанушы) кезекті сақтандыру жарнасын есепті күні төлемеген жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері құнын, сапасы мен өтімділігі бойынша олардың жіктелуін ескере отырып дебиторлық берешек сомасының (кейінгі кезеңді сақтандыру жарналары) қалдығы мерзімі өткен болып саналады.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.06.2023 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4-тарау. Өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативі

      35. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қайта сақтандырушының үлесін шегергендегі сақтандыру резервтерінің сомасына өтімділігі жоғары активтер құнының қатынасы ретінде мынадай формула бойынша есептелетін өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілік нормативін сақтайды:

      ӨЖА Нөжа = ------------- > 1, мұнда: СР

      Нөжа – өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативі;

      ӨЖА – Нормативтердің 38-тармағында көрсетілген өтімділігі жоғары активтердің құны (РЕПО операциялары бойынша міндеттемелерді шегергенде);

      СР - қайта сақтандырушының соңғы есепті айдың соңындағы үлесін шегергенде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерінің сомасы. Сақтандыру резервтерінің сомасы Нормативтердің 2-тармағына сәйкес ай сайынғы есептілікті және өзге есептілікті уәкілетті органға ұсынған күнге дейін пайдаланылады (есепті айдан кейінгі айдың бесіне дейін өткен есепті айдағы сақтандыру резервтерінің сомасы пайдаланылады).

      Өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативі 1 (бірден) кем болмауға тиіс.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.02.2023 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      36. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.2019 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      37. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.2019 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      38. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мынадай активтері өтімділігі жоғары активтер ретінде танылады:

      1) қайта сақтандыру активтерін шегергенде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері сомасының 1 (бір) пайызынан аспайтын сомадағы кассадағы ақша;

      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі және орталық депозитарийдегі бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген ұйымның шоттарындағы ақшасы;

      3) Нормативтердің осы тармағының 5) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі ағымдағы шоттардағы ақша;

      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген ұйымның шоттарындағы ақшасы;

      5) Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған, мынадай талаптардың біріне сәйкес келетін салымдар:

      акциялары қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңының "акциялар" секторының "премиум" санатына енгізілген немесе қор биржасы индексінің өкілдік тізіміндегі эмитенттер болып табылады;

      Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-" төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) ұлттық шкаласы бойынша "kzBB-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша ұқсас деңгейдегі рейтингі бар;

      Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "А-" төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының еншілес резидент-банктері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-бас банктері болып табылады;

      6) халықаралық қаржы ұйымдарында орналастырылған, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-" төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар салымдар, Еуразия Даму Банкінде Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында орналастырылған салымдар;

      7) Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкала бойынша "ВВВ-" төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент-банктерде орналастырылған салымдар;

      8) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (оның ішінде басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес эмиссияланған);

      9) Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған, қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген борыштық бағалы қағаздар;

      10) жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлға шығарған борыштық бағалы қағаздар;

      11) "Қазақстанның Даму Банкі", "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі", "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамдары Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарған борыштық бағалы қағаздар;

      12) Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар;

      13) Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасындағы жария сауда-саттыққа жіберілген мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;

      14) Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-" төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) ұлттық шкаласы бойынша "kzBB-" төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкала бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар (эмитентте бар) мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;

      15) Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-" төмен емес халықаралық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар, сондай-ақ Еуразиялық Даму Банкі шығарған және Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында номинирленген борыштық бағалы қағаздар;

      16) Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің борыштық бағалы қағаздары;

      17) шетелдік эмитенттердің Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің рейтингі бар (эмитентінде бар) мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;

      18) негізгі қор индекстерінің құрамына кіретін Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының және шетелдік эмитенттердің акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар;

      19) заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар;

      20) Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғаларының "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасындағы жария сауда-саттыққа жіберілген акциялары;

      21) Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының және шетелдік эмитенттердің акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар;

      22) инвестициялық қорлардың қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген бағалы қағаздары;

      23) активтерінің құрылымы негізгі қор индекстерінің бірінің құрылымын қайталайтын немесе олардың пайлары бойынша баға белгілеу негізгі қор индекстеріне байланыстырылған Exchange Traded Funds (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс) пайлары;

      24) Mornіngstar (Морнинстар) рейтингтік агенттігінің "3 жұлдыздан" төмен емес рейтингтік бағасы бар Exchange Traded Funds (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс), Exchange Traded Commodіtіes (ETC) (Эксчейндж Трэйдэд Коммодитис), Exchange Traded Notes (ETN) (Эксчейндж Трэйдэд Ноутс) пайлары;

      25) Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) ұлттық шкаласы бойынша "kzBB-" төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар исламдық қаржыландыру құралдары;

      26) бас ұйымдарының Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған исламдық қаржыландыру құралдары;

      27) тазартылған бағалы металдар және металл шоттар;

      28) бағалы қағаздардың эмитенттеріне бағалы қағаздардың номиналдық құны бойынша қойылатын, бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде көзделген олардың айналыс мерзімінің (бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінің талаптары бойынша мерзімі өтпеген) аяқталуына байланысты туындаған талаптар;

      29) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын немесе орта кәсіпкерлікке жатқызылған субъектілер шығарған, қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" не "Балама" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген және сомасы осы мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құнының кемінде 50 (елу) пайызын өтейтін, "ДАМУ" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының және (немесе) "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының кепілдігі бар мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар.

      Нормативтердің мақсаттары үшін негізгі қор индекстері ретінде мынадай есептік көрсеткіштер (индекстер) түсініледі:

      САС 40 (Compagnie des Agents de Change 40 Index) (Компани дэ Эжон дэ Шанж 40 Индекс);

      DAX (Deutscher Aktienindex) (Дойтче Акциениндекс);

      DJIA (Dow Jones Industrial Average) (Доу Джонс Индастриал Эвередж);

      EURO STOXX 50 (EURO STOXX 50 Price Index) (Юроп Эс Ти Оу Экс Экс 50 Прайс Индекс);

      FTSE 100 (Financial Times Stock Exchange 100 Index) (Файнэншл Таймс Сток Эксчейндж 100 Индекс);

      HSI (Hang Seng Index) (Ханг Сенг Индекс);

      KASE (Kazakhstan Stock Exchange Index) (Казакстан Сток Эксчейндж Индекс);

      MSCI World Index (Morgan Stanley Capital International World Index) (Морган Стэнли Кэпитал Интернешнл Ворлд Индекс);

      MOEX Russia (Moscow Exchange Russia Index) (Москоу Эксчейндж Раша Индекс);

      NIKKEI 225 (Nikkei-225 Stock Average Index) (Никкэй-225 Сток Эвередж Индекс);

      S&P 500 (Standard and Poor's 500 Index) (Стандард энд Пурс 500 Индекс);

      TOPIX 100 (Tokyo Stock Price 100 Index) (Токио Сток Прайс 100 Индекс);

      NASDAQ-100 (Nasdaq-100 Index) (Насдак-100 Индекс).

      Осы тармақта көрсетілген қаржы құралдары Нормативтерге 5-қосымшаға сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтімділігі жоғары активтерінің кестесінде көрсетілген көлемде өтімділігі жоғары активтердің есебіне енгізіледі.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.06.2023 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      39. Нормативтердің мақсаты үшін халықаралық қаржы ұйымдары ретінде мына ұйымдар түсініледі:

      Азиялық даму банкі (Asian Development Bank);

      Америкааралық даму банкі (Inter-American Development Bank);

      Африкалық даму банкі (African Development Bank);

      Еуразия даму банкі (Eurasian Development Bank);

      Еуропа қайта құру және даму банкі (European Bank for Reconstruction and Development);

      Еуропа инвестициялық банкі (European Investment Bank);

      Еуропа Кеңесінің Даму Банкі (the Council of Europe Development Bank);

      Жеке секторды дамыту жөніндегі исламдық корпоарция (the Islamic Corporation for the Development of the Private Sector);

      Ислам даму банкі (Islamic Development Bank);

      Жан-жақты инвестицияларға кепілдік беру агенттігі (the Multilateral Investment Guarantee Agency);

      Скандинавия инвестициялық банкі (the Nordic Investment Bank);

      Халықаралық валюта қоры (the International Monetary Fund);

      Халықаралық даму қауымдастығы (the International Development Association);

      Халықаралық есеп айырысу банкі (the Bank for International Settlements);

      Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық (the International Centre for Settlement of Investment Disputes);

      Халықаралық қайта құру және даму банкі (International Bank for Reconstruction and Development);

      Халықаралық қаржы корпорациясы (International Finance Corporation).

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      40. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сапасы мен өтімділігі бойынша активтерінің және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтімділігі жоғары активтерінің сомасын есептеу үшін мыналар есепке алынбайды:

      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету болып табылатын және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншік құқығы шектелген активтер (РЕПО операцияларын қоспағанда).

      "Кері РЕПО" операциясының мәні болып табылатын бағалы қағаздар (орталық контрагенттің қатысуымен жасалған "кері РЕПО" операциясының нысанасы болып табылатын бағалы қағаздарды қоспағанда) олардың сапасы мен өтімділігі бойынша жіктелуін ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері құнының есебіне Нормативтерге 4-қосымшаға сәйкес Сапасы мен өтімділігі бойынша жіктелуі ескерілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері кестесінде көрсетілген көлемде енгізіледі.

      "Кері РЕПО" операциясының мәні болып табылатын бағалы қағаздар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтімділігі жоғары активтерінің есебіне Нормативтерге 5-қосымшаға сәйкес Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтімділігі жоғары активтерінің кестесінде көрсетілген көлемде енгізіледі;

      Орталық контрагенттің қатысуымен жасалған "кері РЕПО" операциясының нысанасы болып табылатын бағалы қағаздар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы активтерінің сапасы мен өтімділігі бойынша жіктелуін және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жоғары өтімді активтерін ескере отырып, олардың құнының есебіне толық көлемде енгізіледі.

      2) екінші деңгейдегі банктерде Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингі және Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) ұлттық шкаласы бойынша "kzA+" төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша ұқсас деңгейдегі рейтингі болатын жағдайларды қоспағанда, Заңға сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары немесе сақтандыру холдингтері болып табылатын немесе оларда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі болып табылатын екінші деңгейдегі банктердегі салымдар және ағымдағы шоттар;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар болып табылатын заңды тұлғалар шығарған бағалы қағаздар.

      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.09.2021 № 90 (01.10.2021 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      41. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      41-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының 2022 жылғы 28 ақпан – 1 қыркүйек аралығындағы кезеңде өтімділігі жоғары активтерінің жеткіліктілігі нормативін орындамауы, егер мұндай орындамау мыналардың:

      1) теңгенің шетел валюталарына қатысты биржалық бағамының өзгеруіне байланысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері мен міндеттемелерінің құнын күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде 10%-дан астам қайта бағалау;

      2) базалық мөлшерлеме және (немесе) дисконттау мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бағалы қағаздарының құнын күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде 10%-дан астам қайта бағалау;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы 2022 жылғы 21 ақпанға дейін сатып алған бағалы қағаздар эмитентінің рейтингін Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің немесе басқа рейтингтік агенттіктердің "В-" деңгейіне дейін және одан төмен азайту;

      4) инвестициялары өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативінің есебіне қабылданатын екінші деңгейдегі банктің рейтингін Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің немесе басқа рейтингтік агенттіктердің "В-" деңгейіне дейін және одан төмен азайту салдары болған жағдайда, бұзушылық болып есептелмейді.

      Ескерту. 4-тарау 41-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.04.2022 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      41-2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Нормативтердің 41-1-тармағына сәйкес өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативін орындамау фактісі анықталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілген бұзушылық анықталған күннен бастап 6 (алты) айға дейін мерзімде нормативтерді белгіленген ең төмен мәннен кем емес деңгейге дейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын уәкілетті органға келісуге жібереді.

      Өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативін іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімдерде орындамау бұзушылық болып табылады.

      Ескерту. 4-тарау 41-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.04.2022 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

5-тарау. Активтерді әртараптандыру нормативтері

      42. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы активтерді әртараптандырудың мынадай нормативтерін сақтайды:

      1) Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ-" төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-бас банкінің Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "А-" төмен емес шетел валютасында ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент-еншілес банкі болып табылатын екінші деңгейдегі бір банктегі және осы банктің үлестес тұлғаларындағы, Қазақстанның Даму Банкіндегі және оның үлестес тұлғаларындағы бағалы қағаздарға ("кері репо" операцияларын есептегенде), салымдар мен ақшаға инвестициялардың жиынтық баланстық құны:

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – жалпы сақтандыру резервтері сомасының 30 (отыз) пайызынан аспайды;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – жалпы сақтандыру резервтері сомасының 20 (жиырма) пайызынан аспайды;

      2) Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В" ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар екінші деңгейдегі бір банктегі және осы банктің үлестес тұлғаларындағы бағалы қағаздарға ("кері репо" операцияларын есептегенде), салымдар мен ақшаға инвестициялардың жиынтық баланстық құны:

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – жалпы сақтандыру резервтері сомасының 20 (жиырма) пайызынан аспайды;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – жалпы сақтандыру резервтері сомасының 15 (он бес) пайызынан аспайды;

      3) Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-" ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар екінші деңгейдегі бір банктегі және осы банктің үлестес тұлғалардағы бағалы қағаздарға ("кері репо" операцияларын есептегенде), салымдар мен ақшаға инвестициялардың жиынтық баланстық құны:

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – жалпы сақтандыру резервтері сомасының 20 (жиырма) пайызынан аспайды;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – жалпы сақтандыру резервтері сомасының 10 (он) пайызынан аспайды;

      4) Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, екінші деңгейдегі банк болып табылмайтын бір заңды тұлғадағы және осы заңды тұлғаның үлестес тұлғаларындағы бағалы қағаздарға ("кері репо" операцияларын ескере отырып) және ақшаға инвестициялардың жиынтық баланстық құны:

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – жалпы сақтандыру резервтері сомасының 20 (жиырма) пайызынан аспайды;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – жалпы сақтандыру резервтері сомасының 10 (он) пайызынан аспайды;

      5) "Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 06 сәуірдегі № 376 қаулысымен бекітілген және Standard & Poor'S (стандарт энд Пурс) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "BBB-" төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің және осы заңды тұлғаның үлестес тұлғаларының осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұлттық компаниялар тізбесіне кіретін бір заңды тұлғадағы бағалы қағаздарға ("кері репо" операцияларын ескере отырып) және ақшаға инвестициялардың жиынтық баланстық құны жалпы сақтандыру резервтері сомасының 20 (жиырма) пайызынан аспайтын соманы құрайды;

      6) тазартылған бағалы металдар мен металл шоттарға жиынтық орналастыру жалпы сақтандыру резервтері сомасының 10 (он) пайызынан көп емес;

      7) қызметін "өмірді сақтандыру" саласында жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтанушыларға берілген қарыздарының жиынтық мөлшері жалпы сақтандыру резервтері сомасының 10 (он) пайызынан көп емес соманы құрайды;

      8) шет мемлекеттің орталық үкіметі шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "A-" төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бағалы қағаздарға ("кері репо" операцияларын ескере отырып) инвестициялардың жиынтық баланстық құны жалпы сақтандыру резервтері сомасының 10 (он) пайызынан көп емес;

      9) шет мемлекеттің орталық үкіметі шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "A-" төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бағалы қағаздарға ("кері репо" операцияларын ескере отырып) инвестициялардың жиынтық баланстық құны жалпы сақтандыру резервтері сомасының 5 (бес) пайызынан көп емес;

      10) Нормативтердің 39-тармағында белгіленген тізбеге кіретін халықаралық қаржы ұйымының бағалы қағаздарына ("кері репо" операцияларын ескере отырып) инвестициялардың жиынтық баланстық құны жалпы сақтандыру резервтері сомасының 20 (жиырма) пайызынан аспайтын соманы құрайды;

      11) құнсыздануға арналған резервті шегергенде, Нормативтердің 38-тармағының 23) және 24) тармақшаларының талаптарына сәйкес келетін пайларға инвестициялардың жиынтық баланстық құны жалпы сақтандыру резервтері сомасының 10 (он) пайызынан аспайды;

      12) құнсыздануға арналған резервті шегергенде, ашық және интервалды инвестициялық пай қорларының пайларына инвестициялардың жиынтық баланстық құны жалпы сақтандыру резервтері сомасының 10 (он) пайызынан аспайды;

      13) құнсыздануға арналған резервті шегергенде, негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған борыштық бағалы қағаздарға инвестициялардың жиынтық баланстық құны жалпы сақтандыру резервтері сомасының 10 (он) пайызынан аспайды;

      14) құнсыздануға арналған резервті шегергенде, Нормативтердің 38-тармағының 25) және 26) тармақшаларының талаптарына сәйкес келетін исламдық қаржыландыру құралдарына инвестициялардың жиынтық баланстық құны жалпы сақтандыру резервтері сомасының 10 (он) пайызынан аспайды;

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының борыштық бағалы қағаздарға инвестициялары Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінің бір эмиссиясы облигацияларының жалпы көлемінің 25 (жиырма бес) пайызынан аспайды.

      Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген активтерді әртараптандыру нормативтерін есептеу кезінде екінші деңгейдегі банктің және оның үлестес тұлғаларының активтеріне жиынтық орналастыру үлестес тұлғалардың осы тобына активтерді орналастырудың барынша рұқсат етілген лимитіне байланысты нормативтердің біреуінде көрінеді.

      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 22.12.2023 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      43. Нормативтердің 42-тармағында көрсетілген әртараптандыру нормативтері:

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлғаның, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және ұлттық басқарушы холдингтерінің бағалы қағаздарына;

      орталық контрагенттің қатысуымен жасалған "кері репо" операциясының нысаны болып табылатын бағалы қағаздарға;

      экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдігі бар ұлттық компанияның "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамымен бірлесіп синдикатталған қаржыландыруға жіберілетін, Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В" төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар екінші деңгейдегі бір банктегі салымдары мен ақшасына қолданылмайды.

      Активтердің әртараптандыру нормативтерін есептеу мақсаттары үшін ұлттық басқарушы холдинг арқылы ғана үлестес болып табылатын тұлғалар ұйымның үлестес тұлғалары болып танылмайды.

      Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.06.2023 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      44. Есепті күндегі қайта сақтандыру активтерін шегергенде, сақтандыру сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы активтерінің ұлттық валюта бағамының өзгеруіне байланысты алдыңғы есепті күндегі қайта сақтандыру активтерін шегергенде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы активтерінің құнынан 20 (жиырма) және одан көп пайызға өзгерген кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы активтердің әртараптандыру нормативтерінің артуы күнінен бастап 3 (үш) ай ішінде активтердің әртараптандыру нормативтерін Нормативтердің 42-тармағының талаптарына сәйкес келтіреді.

      Екінші деңгейдегі банктің рейтингі әртараптандырудың тиісті нормативі үшін Нормативтердің 42-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген деңгейден төмен деңгейге төмендеген кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы активтердің әртараптандыру нормативтерінің артуы күнінен бастап 1 (бір) ай ішінде активтердің әртараптандыру нормативтерін Нормативтердің 42-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларының талаптарына сәйкес келтіреді.

      Екінші деңгейдегі банктердің және (немесе) екінші деңгейдегі банктер болып табылмайтын заңды тұлғалардың арасында үлектілік туындаған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы активтердің әртараптандыру нормативтерінің артуы күнінен бастап 1 (бір) ай ішінде активтердің әртараптандыру нормативтерін Нормативтердің 42-тармағы 1), 2), 3) және 4) тармақшаларының талаптарына сәйкес келтіреді.

      Қайта сақтандырушыдан екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы шотқа Нормативтердің 34-тармағына сәйкес есептелген активтер сомасынан 10 (он) пайыз асатын өтемақы түске кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы активтердің әртараптандыру нормативтерінің артуы күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде активтердің әртараптандыру нормативтерін Нормативтердің 42-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларының талаптарына сәйкес келтіреді.

      Осы тармақтың бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде белгіленген мерзім ішінде активтердің әртараптандыру нормативтерінің артуы активтердің әртараптандыру нормативтерінің бұзушылығы болып саналмайды.

      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.2019 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      44-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының 2022 жылғы 28 ақпан – 1 қыркүйек аралығындағы кезеңде активтерді әртараптандыру нормативтерін орындамауы, егер мұндай орындамау мыналардың:

      1) теңгенің шетел валюталарына қатысты биржалық бағамының өзгеруіне байланысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері мен міндеттемелерінің құнын күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде 10%-дан астам қайта бағалау;

      2) базалық мөлшерлеменің және (немесе) дисконттау мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бағалы қағаздарының құнын күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде 10%-дан астам қайта бағалау;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы 2022 жылғы 21 ақпанға дейін сатып алған бағалы қағаздар эмитентінің рейтингін Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің немесе басқа рейтингтік агенттіктердің "В-" деңгейіне дейін және одан төмен азайту;

      4) инвестициялары активтерді әртараптандыру есебіне қабылданатын екінші деңгейдегі банктің рейтингін Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің немесе басқа рейтингтік агенттіктердің "В-" деңгейіне дейін және одан төмен азайту салдары болған жағдайда, бұзушылық болып есептелмейді.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы активтерді әртараптандыру нормативін бұзушылықты анықтаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде әртараптандыру нормативтерін Нормативтердің 42-тармағының талаптарына сәйкес келтіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын активтерді әртараптандырудың осы нормативтерінен асып кеткен күннен бастап 6 (алты) ай ішінде уәкілетті органға келісуге жібереді.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерді әртараптандыру нормативтерін іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімдерде орындамауы бұзушылық болып табылады.

      Ескерту. 5-тарау 44-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.04.2022 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

6-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін өзге сақталуға мiндеттi нормалары мен лимиттері

1-параграф. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін өзге сақталуға мiндеттi нормалары

      45. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақталуға міндетті мынадай өзге нормаларды сақтайды:

      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары Қазақстан Республикасының резиденттері-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына олар төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативін сақтаған жағдайда ғана қайта сақтандыруға сақтандыру тәуекелдерін береді;

      2) РЕПО мәмілелері автоматты тәсілмен "кері РЕПО" операциялары түрінде орындалады және күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге (қор биржасының сауда жүйесінде) жасалады.

      Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.2019 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.10.2020 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      45-1. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес қаржы құралдары немесе қаржы активтері болып табылмайтын және кімнен болмасын талап ету құқығы жоқ криптография және (немесе) компьютерлік есептеу құралдарын қолдана отырып орталықтандырылмаған ақпараттық жүйеде құрылатын және есепке алынатын шамалармен байланысты тәуекелдерді сақтандыру жүзеге асырылмайды.

      Ескерту. Әдістеме 45-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-параграф. Сақтандыру, қайта сақтандыру, ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шарты (шарттары) бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзіндік ұстап қалуының мөлшері

      Ескерту. 2-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.2019 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      46. Сақтандыру, қайта сақтандыру, ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шарты (шарттары) бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзіндік ұстап қалуының мөлшерін актуарий сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесі бекіткен қайта сақтандыру саясатына сәйкес есептейді.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасау және оған (міндеттемелер көлемі бөлігінде) өзгерістер енгізу күні жеке сақтандыру шарты бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзіндік ұстап қалуының ең жоғары мөлшері сақтандыру (қайта сақтандыруға кіретін) шарттары бойынша:

      төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативінің мәні Нормативтерде белгіленген төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативінің ең төмен мәнінен 0,2 тармаққа асқан деңгейден төмен емес болған кезде Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің немесе басқа рейтингтік агенттіктердің "ВВВ"-дан төмен емес рейтингі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының нақты төлем қабілеттілігі маржасының мөлшеріне қатысты 100 (жүз) пайыздан аспайды, бірақ 16, 5 миллион АЕК-дан (16 500 000 АЕК) көп емес;

      төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативінің мәні Нормативтерде белгіленген төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативінің ең төмен мәнінен 0,2 тармаққа асқан деңгейден төмен емес болған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының нақты төлем қабілеттілігі маржасының мөлшеріне қатысты 100 (жүз) пайыздан аспайды, бірақ 8, 2 миллион АЕК-дан (8 200 000 АЕК) көп емес;

      төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативінің мәні Нормативтерде белгіленген төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативінің ең төмен мәнінен 0,2 тармаққа асқан деңгейден төмен болған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының нақты төлем қабілеттілігі маржасының мөлшеріне қатысты 80 (сексен) пайыздан аспайды, бірақ 8, 2 миллион АЕК-дан (8 200 000 АЕК) көп емес.

      Топтық сақтандыру кезінде, сондай-ақ қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру, туристі міндетті сақтандыру шарттары бойынша осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген есептеу әрбір сақтандырылушы бойынша жеке жүргізіледі.

      Ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) кезінде осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген есептеу әрбір сақтандырушының (қайта сақтандырушының) сақтандыру сомасы үлесіне қарай жүзеге асырылады.

      Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 05.04.2022 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

7-тарау. Қосымша пруденциялық нормативтер

1-параграф. Күтілмеген тәуекелдер резерві

      47. Күтілмеген тәуекелдер резерві (бұдан әрі - КТР) - сақтандыру төлемдерінің және сақтандыру шығындарын реттеу бойынша шығыстардың орнын толтыру үшін Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдiстемесiне және олардың құрылымына қойылатын талаптарға сәйкес есептелетін еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резерві (бұдан әрі - ЕСР) жеткіліксіз болған кезде ықтимал болашақ тәуекелдер бойынша қалыптастырылатын резерв.

      Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.2019 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      48. КТР есептеу сақтандырудың әрбір сыныбы бойынша жеке жүргізіледі. КТР жалпы шамасы сақтандырудың барлық сыныбы бойынша есептелген КТР қосу арқылы анықталады.

      49. КТР бір мезгілде мынадай талаптар сақталған жағдайда ай сайын есептеледі:

      таза сақтандыру төлемдерінің, сақтандыру зияндарын реттеу бойынша шығыстардың және зияндар резервінің (қайта сақтандырушының үлесін есепке алмағанда) өзгеруі сомасының таза сақтандыру сыйлықақыларының және ЕСР (қайта сақтандырушының үлесін есепке алмағанда) өзгеруінің айырмасына қатынасы сақтандыру сыныбы бойынша 105 (бір жүз бес) пайыздан артық болса;

      сақтандыру сыныбы бойынша қолданыстағы сақтандыру шарттары бойынша таза сақтандыру сыйлықақыларының көлемі есепті кезеңдегі қолданыстағы сақтандыру шарттары бойынша таза сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлемінен 5 (бес) пайыздан асатын болса.

      КТР төмендегідей есептеледі:



      КТР – күтілмеген тәуекелдер резерві;

      Т – таза сақтандыру төлемдері;

      Ш – сақтандыру шығындарын реттеу бойынша шығыстар;

      ШР – шығындар резервінің (қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген) өзгеруі;

      ТҚ – қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларын шегергенде, алуға есептелген сақтандыру сыйлықақылары;

      ЕСР – қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген ЕСР өзгеруі;

      ЕСР – есептеу күніне қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген ЕСР.

      Т, Ш, ∆ШР, ТҚ, ∆ЕСР өлшемдері есепті күннің алдындағы соңғы 12 (он екі) айға есептеледі.

      Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.02.2023 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-параграф. Тұрақтандыру резерві

      50. Тұрақтандыру резерві сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының болашақ сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға байланысты міндеттемелерін бағалау болып табылады.

      Тұрақтандыру резерві есептеу аяқталған қаржы жылының нәтижесі бойынша сақтандырудың әрбір сыныбы бойынша жеке жүргізіледі.

      51.Тұрақтандыру резерві есептілік кезеңі үшін қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген шығындылық коэффициенттің орташа квадраттық ауытқуы (Sk) есептілік кезеңі үшін қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген шығындылық коэффиценттің орташа мәнінен (K) 10 (он) пайыздан артық болған жағдайда сақтандыру сыныбы бойынша есептеледі:




, мұнда:

      Sk - есептілік кезеңі үшін қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген шығындылық коэффициенттің орташа квадраттық ауытқуы;


- М қаржы жылдары саны үшін есептілік кезеңі үшін қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген шығындылық коэффициенттің орташа мәні;

      M - қаржы жылдарының саны;

      K(i) - i-ші қаржы жылына есептілік кезеңі үшін қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген шығындылық коэффициенттің шамасы.

      52. Қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген сақтандыру ұйымының шығындылық коэффициенті Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13056 болып тіркелген "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының шығындылықты (шығындылық коэффициенті, шығындар коэффициенті, аралас коэффициент) сипаттайтын коэффициенттерін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 240 қаулысына сәйкес айқындалады.

      Егер қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген есепті кезеңдегі шығындылық коэффициентінің орташа мәні М қаржы жылдары үшін

      70 (жетпіс) пайыздан кем болғанда тұрақтандыру резерві есептелмейді.

      Сақтандыру сыныбы бойынша қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген есепті кезеңдегі шығындылық коэффициентінің орташа мәні және қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген есепті кезеңдегі шығындылық коэффициентінің орташа квадраттық ауытқуы алдыңғы 5 (бес) қаржы жылдарындағы деректердің негізінде анықталады.

      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.09.2021 № 90 (01.10.2021 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      53. Сақтандыру сыныбы бойынша тұрақтандыру резерві есепті кезең үшін еңбек сіңірілген таза сақтандыру сыйлықақысының сомасы шегерілгенде есепті күн үшін қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген шығындылық коэффициентінің (

):

      Есепті күндегі тұрақтандыру резерві = ТР1 – ТЕСС х (K -

, мұнда:

      ТР1 – алдыңғы есепті күнгі тұрақтандыру резерві;

      ТЕСС – есепті кезеңдегі таза еңбек сіңірілген сақтандыру сыйақыларының сомасы.

      Таза еңбек сіңірілген сақтандыру сыйақыларының сомасы - есепті кезеңнің басында қайта сақтандырушының үлесі есепке алынбай еңбек сіңірілмеген сыйлықақының резерві шамасына көбейтілген және есепті кезеңнің соңына қайта сақтандырушының үлесі есепке алынбай еңбек сіңірілмеген сыйлықақының резерві шамасына азайтылған қайта сақтандырушының есепті кезеңдегі үлесі есепке алынбаған сақтандыру сыйлықақыларының сомасы;

      K – есепті күнге қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген шығындылық коэффициенті;


- М қаржы жылдары үшін қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген есепті кезең үшін шығындылық коэффициентінің орташа мәні.

      Тұрақтандыру резервін есептеу үшін есепті кезең бір қаржы жылына тең.

      Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.02.2023 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      54. Сақтандыру сыныбы бойынша тұрақтандыру резерві есепті күндегі сақтандыру бойынша қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген сақтандыру резервінің сомасынан 10 (он) пайыздан аспайды:

      Есепті күндегі тұрақтандыру резерві <10% x ТЕЕС, мұнда:

      ТЕСС - есепті күндегі сақтандыру сыныбы бойынша қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген сақтандыру резервінің сомасы.

      55. Егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы 2 (екі) жыл ішінде сақтандыру сыныбы бойынша сақтандыру шартын жасамаса, мұндай сақтандыру сыныбы бойынша тұрақтандыру резервінің шамасы 0 (нөлге) тең болып алынады.

      56. "Жазатайым оқиғалардан сақтандыру", "ауырған жағдайда сақтандыру", "туристі міндетті сақтандыру", "өмірді сақтандыру", "аннуитеттік сақтандыру" сыныптары бойынша тұрақтандыру резерві 0 (нөлге) тең болады.

      Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      57. Тұрақтандыру резервінің жалпы шамасы сақтандырудың барлық сыныптары бойынша тұрақтандыру резервін қосу арқылы анықталады.

      58. Ағымдағы қаржы жылының басында қалыптастырылған тұрақтандыру резерві ағымдағы қаржы жылы аяқталғанға дейін өзгермейді.

8-тарау. Сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі

      59. Сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативін есептеу мақсаттары үшін сақтандыру тобының қатысушылары деп Заңның 3-бабының 23-2) тармақшасына сәйкес сақтандыру тобына жататын заңды тұлғалар танылады.

      60. Сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының нормативін есептеу мақсаттары үшін сақтандыру тобының қатысушысы тұрған елінің уәкілетті органы пруденциялық реттеу мақсатында пайдаланатын қаржылық және (немесе) реттеушілік есептілігінің стандарттарына сәйкес жасалған сақтандыру тобы қатысушыларының шоғырландырылмаған қаржылық есептілігі пайдаланылады.

      61. Сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі мынадай формула бойынша есептеледі:

      НТҚ

      Нтм = ----------------- > 1, мұнда:

      ТМЕ

      Нтм - сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі;

      НТҚ - сақтандыру тобының нақты төлем қабілеттілігі маржасы;

      ТМЕ - сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері.

      Сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі 1 (бірден) кем болмауы тиіс.

      62. Сақтандыру тобының нақты төлем қабілеттілігі маржасы сақтандыру тобы бас ұйымының нақты төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталының) және сақтандыру тобының басқа қатысушыларының нақты төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталының) сомасын білдіреді.

      Сақтандыру тобының нақты төлем қабілеттілігінің маржасын есептеу мақсаттары үшін сақтандыру тобы қатысушысының нақты төлем қабілеттілігі маржасынан (меншікті капиталынан) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына инвестициялар, заңды тұлғалардың реттелген борышы, сондай-ақ заңды тұлғалардың меншікті капиталына өзге салымдар алып тасталады.

      63. Сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшері сақтандыру тобы бас ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталының) ең төмен мөлшерінің және сақтандыру тобының басқа қатысушыларының төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталының) ең төмен мөлшерлерінің сомасын білдіреді.

      64. Қаржы ұйымы болып табылатын, бірақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылмайтын сақтандыру тобы қатысушысының нақты төлем қабілеттілігі маржасын және төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталының) ең төмен мөлшерлерін есептеу сақтандыру тобының мұндай қатысушысының пруденциялық нормативтерін есептеуге сәйкес анықталады.

      Егер қаржы ұйымы болып табылатын сақтандыру тобы қатысушысы үшін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде салымдардың кредиттік тәуекелінің дәрежесі бойынша мөлшерленген активтерді және (немесе) шартты және ықтимал міндеттемелерді есептеу тәртібі белгіленбесе, онда төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталының) ең төмен мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталының) жеткіліктілігі нормативін (коэффициентін) орындау үшін қажетті төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталының) ең төмен мөлшерінің мәніне тең болады.

      Қаржы ұйымы болып табылмайтын сақтандыру тобына қатысушылардың төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталының) ең төмен мөлшері сақтандыру тобының осы қатысушысына қатысты пруденциялық нормативтерді есептеуге сәйкес белгіленген меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентіне көбейтілген салымдардың кредиттік тәуекелдің дәрежесі бойынша мөлшерленген сақтандыру тобы қатысушысының активтері және (немесе) шартты және ықтимал міндеттемелерінің сомасына тең болады.

      Егер сақтандыру тобының қатысушысына қатысты уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталының) жеткіліктілігі нормативін (коэффициентін) есептеу тәртібі белгіленбесе, онда осы қатысушы бойынша:

      нақты төлем қабілеттілігі маржасы (меншікті капитал) Нормативтердің 2-тармағына сәйкес ұсынылатын есептіліктің негізінде активтер мен міндеттемелердің арасындағы айырма ретінде айқындалады;

      төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталының) ең төмен мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:

      МК = А х 0,14, мұнда:

      МК – сақтандыру тобы қатысушысының төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталының) ең төмен мөлшері;

      А – Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15886 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысымен бекітілген Банктің нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелеріне, капиталының мөлшеріне сәйкес салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген сақтандыру тобына қатысушы активтерінің, шартты және ықтимал міндеттемелерінің сомасы.

      Салымдардың кредиттік тәуекелінің дәрежесі бойынша активтер, шартты және ықтимал міндеттемелерді мөлшерлеу мақсаттары үшін активтер, шартты және ықтимал міндеттемелер олар бойынша құрылған резервтер (провизиялар) сомасына азаяды.

      Салымдардың кредиттік тәуекелінің дәрежесі бойынша мөлшерленетін сақтандыру тобына қатысушылардың активтері, шартты және ықтимал міндеттемелері сомасын есептеуге сақтандыру тобына қатысушылардың бір-біріне қоятын талаптары енгізілмейді.

      Ескерту. 64-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.02.2023 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      65. Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын сақтандыру тобы қатысушысының нақты төлем қабілеттілігі маржасының мөлшерлері және төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталының) ең төмен мөлшері ол орналасқан елде оның қызметін реттейтін тиісті мемлекеттің уәкілетті органының нормативтік құқықтық актісінде анықталады.

      Егер Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын сақтандыру тобының қатысушысына қатысты нақты төлем қабілеттілігі маржасының мөлшерлерін және төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталының) ең төмен мөлшерлерін есептеу тәртібі ол орналасқан елде белгіленбесе, онда нақты төлем қабілеттілігі маржасының мөлшерлері және төлем қабілеттілігі маржасының (меншікті капиталының) ең төмен мөлшерлері Нормативтердің 64-тармағының төртінші бөлігіне сәйкес анықталады.

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының және сақтандыру
тобының пруденциялық
нормативтерінің және сақталуға
міндетті өзге де нормалар мен
лимиттердің нормативтік
мәндері және оларды есептеу
әдістемесіне 1-қосымша

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының ең төмен мөлшері

Сақтандыру (қайта сақтандыру) салалары бойынша лицензиялар түрі

Жарғылық капиталының ең төмен мөлшері (айлық есептік көрсеткішпен)

1

"жалпы сақтандыру" саласы бойынша

1 500 000

2

"өмірді сақтандыру" саласы бойынша

1 500 000

3

"жалпы сақтандыру" саласы бойынша және қайта сақтандыру бойынша

2 100 000

4

"өмірді сақтандыру" саласы бойынша және қайта сақтандыру бойынша

2 100 000

5

"жалпы сақтандыру" саласы бойынша және "ипотеканы сақтандыру" сыныбы бойынша

2 100 000

6

қайта сақтандыруды қызметінің ерекше түрі ретінде жүзеге асырумен қайта сақтандыру бойынша

10 500 000

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының және сақтандыру
тобының пруденциялық
нормативтерінің және сақталуға
міндетті өзге де нормалар мен
лимиттердің нормативтік
мәндері және оларды есептеу
әдістемесіне 2-қосымша

Ұзақ мерзімді рейтингтердің салыстырмалы кестесі

Standard & Poor's

Moody's Investors
Service

Fitch

A.M. Best

1

ААА

Ааа

ААА

ааа

2

АА+

Aa1

АА+

аа+

3

АА

Аа2

АА

аа

4

АА-

Аа3

АА-

аа-

5

А+

A1

А+

а+

6

А

А2

А

а

7

А-

A3

А-

а-

8

ВВВ+

Baa1

ВВВ+

ввв+

9

ВВВ

Ваа2

ВВВ

ввв

10

ВВВ-

Ваа3

ВВВ-

ввв-

11

ВВ+

Ba1

ВВ+

вв+

12

ВВ

Ва2

BB

вв

13

ВВ-

Ва3

ВВ-

вв-

14

B+

B1

B+

в+

15

B

B2

B

в

16

B-

В3

B-

в-

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының және сақтандыру
тобының пруденциялық
нормативтерінің және сақталуға
міндетті өзге де нормалар мен
лимиттердің нормативтік
мәндеріне және оларды
есептеу әдістемелеріне
3-қосымша

Төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерінің қайта сақтандыруға берілетін (берілген) сақтандыру сыйлықақыларынан ұлғаю кестесі

      Ескерту. Әдістеме 3-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 214 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.10.2024 № 83 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қайта сақтандыру ұйымының атауы

Қайта сақтандырушының халықаралық немесе ұлттық шкала бойынша рейтингтік бағасы (төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативі)

Қолданыстағы қайта сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандыруға берілетін (берілген) сақтандыру сыйлықақыларының сомасы, барлығы

Қолданыстағы қайта сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандыруға берілетін (берілген) сақтандыру сыйлықақылары сомасынан пайызы

Төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерін ұлғайту сомасы (мың теңгемен) (3-баған х 4-баған)

1

2

3

4

5

"Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (бұдан әрі – ЕАЭО туралы шарт) қатысушы елдердің қайта сақтандырушыларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының бейрезидент-қайта сақтандырушыларымен жасалған қайта сақтандыру шарттары

1-топ

"АА-" немесе жоғары


0%


2-топ

"А+" – "А-" аралығы


0%


3-топ

"ВВВ+" – "ВВВ-" аралығы


0,2%


4-топ

"ВВ+" – "ВВ-" аралығы


0,75%


5-топ

"В+" – "В-" аралығы


3,8%


6-топ

"В-"-тен төмен немесе жоқ


22%


Қазақстан Республикасының бейрезидент - қайта сақтандырушыларымен, "Астана" Халықаралық қаржы орталығының қайтар сақтандырушы-қатысушыларымен жасалған қайта сақтандыру шарттары

7-топ

"В" немесе "kzBB" төмен емес


0%


8-топ

"В-", "kzBB-", "kzB+"


0,2%


9-топ

> 1,75


0,05%


10-топ

> 1,5


0,1%


11-топ

> 1,25


0,2%


12-топ

> 1,1


0,5%


13-топ

>= 1,0


3,8%


14-топ

< 1,0


5%


ЕАЭО туралы шартқа қатысушы елдер - қайта сақтандырушылармен жасалған қайта сақтандыру шарттары

15-топ

"ВВВ+" – "ВВВ-" аралығы


0%


16-топ

"ВВ+" – "ВВ-" аралығы


0,2%


17-топ

"В+" – "В-" аралығы


0,5%


18-топ

"В-"-тен төмен немесе жоқ


22%


Жиынтығы:





Әр түрлі мемлекеттерде (елдерде) тіркелген Қазақстан Республикасының резиденті емес кемінде үш сақтандыру ұйымы құрған сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысу шеңберінде жасалған қайта сақтандыру шарттары

19-топ

"ВВВ+" – "ВВВ-" аралығы


0%


20-топ

"ВВ+" – "ВВ-" аралығы


0,2%


21-топ

"В+" – "В-" аралығы


0,5%


22-топ

"В-"-тен төмен немесе жоқ


22%


Жиынтығы:





"Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушы-қайта сақтандырушыларымен жасалған қайта сақтандыру шарттары

23-топ

"В" немесе "kzBB" төмен емес


0%


24-топ

"В-", "kzBB-", "kzB+"


0,2%


25-топ

"В-", "kzBB-", "kzB+"-тен т-мен немесе жоқ


5%


  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының және сақтандыру
тобының пруденциялық
нормативтерінің және
сақталуға міндетті өзге де
нормалар мен лимиттердің
нормативтік мәндеріне және
оларды есептеу әдістемесіне
3-1-қосымша

Төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерінің қайта сақтандыруға берілетін (берілген) міндеттемелер көлемінен ұлғаю кестесі

      Ескерту. 3-1-қосымша алып тасталды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 22.12.2023 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының және сақтандыру
тобының пруденциялық
нормативтерінің және
сақталуға міндетті өзге де
нормалар мен лимиттердің
нормативтік мәндеріне және
оларды есептеу әдістемесіне
4-қосымша

Сапасы мен өтімділігі бойынша жіктелуі ескерілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері кестесі

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.06.2023 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Көрсеткіш атауы

Есепке алынатын көлемі

1

2

3

1

Ақша - барлығы, оның ішінде:


1.1

кассадағы, қайта сақтандыру активтерін шегергенде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы активтерінің сомасынан 1 (бір) пайыздан аспайтын сомадағы ақша

100%

1.2

жолдағы ақша, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі ақша

100%

1.3

осы қосымшаның 2.1 және 2.2-жолдарында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі ағымдағы шоттардағы ақша

100%

1.4

осы қосымшаның 2.3-жолында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі ағымдағы шоттардағы ақша

90%

1.5

бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген ұйымның шоттарындағы, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі және орталық депозитарийдегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ақшасы

100%

1.6

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген ұйымның шоттарындағы ақшасы

100%

2

Салымдар - барлығы, оның ішінде:


2.1

бұл банктер акциялары қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңының "акциялар" секторы "премиум" санатына енгізілген немесе қор биржасы индексінің өкілдік тізімінде тұрған эмитенттер болып табылған жағдайда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар

100%

2.2

мынадай талаптардың біріне сәйкес келетін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар: Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В"-дан төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBB+"-тен төмен емес рейтингтік бағасы, немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар; Қазақстан Республикасының бейрезидент бас банктері Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "А-"-тен төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент еншілес банктері болып табылады

100%

2.3

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-" ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBB"-дан "kzBB-"-ке дейінгі рейтингі, немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар

90%

2.4

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар, Еуразиялық Даму Банкіндегі Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы салымдар

100%

2.5

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент банктердегі салымдар

100%

3

борыштық бағалы қағаздар (орталық контрагенттің қатысуымен жасалған "кері РЕПО" операциясының мәні болып табылатын борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда) - барлығы, оның ішінде:


3.1

басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айналысқа шығарылғандарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары

100%

3.2

Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған, Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген борыштық бағалы қағаздар

100%

3.3

акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлға шығарған борыштық бағалы қағаздар

100%

3.4

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес "Қазақстанның Даму Банкі", "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі", "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамдары шығарған борыштық бағалы қағаздар

100%

3.5

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес бағалы қағаздары немесе қор биржасының "Негізгі" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізу үшін қор биржасының талаптарын қанағаттандыратын "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында ашық сауда-саттыққа жіберілген Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

90%

3.6

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын немесе орта кәсіпкерлікке жатқызылған субъектілер шығарған, қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" не "Балама" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген және сомасы осы мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құнының кемінде 50 (елу) пайызын өтейтін "ДАМУ" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының және (немесе) "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының кепілдігі бар мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар

95%

3.7

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізімінің "Балама" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары немесе қор биржасының "Балама" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізу үшін қор биржасының талаптарын қанағаттандыратын "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында ашық сауда-саттыққа жіберілген Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

60%

3.8

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, (эмитентінің) Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВB-"төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар, немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzА" төмен емес рейтингі, немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

100%

3.9

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, (эмитентінің) Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "B+"-дан "B-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар, немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBBB+"-тен "kzBB-"-ке дейінгі рейтингі, немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

90%

3.10

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-"-тен төмен емес халықаралық рейтингтің бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар, сондай-ақ Еуразиялық Даму Банкі шығарған және Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында номинирленген борыштық бағалы қағаздар

100%

3.11

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің борыштық бағалы қағаздары

100%

3.12

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ+"-тен "ВВ-"-қа дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің борыштық бағалы қағаздары

90%

3.13

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В+"-тен "В-"-қа дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің борыштық бағалы қағаздары

80%

3.14

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар (эмитентте) шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

100%

3.15

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ+"-тен "ВВ-"-қа дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шетелдік эмитенттердің (эмитентте) мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

85%

3.16

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В+"-тен "В-"-қа дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шетелдік эмитенттердің (эмитентте) мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

70%

4

акциялар және депозитарлық қолхаттар (орталық контрагенттің қатысуымен жасалған "кері РЕПО" операциясының мәні болып табылатын акциялар мен депозитарлық қолхаттарды есепке алмағанда) – барлығы, оның ішінде:


4.1

негізгі қор индекстерінің құрамына кіретін Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және шетелдік эмитенттердің акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар

100%

4.2

қор биржасының ресми тізіміне "Негізгі" алаңының "акциялар" секторы "премиум" санатының талаптарына сәйкес келетін, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген заңды тұлғалардың акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар

100%

4.3

қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңы "акциялар" секторының "стандарт" санатына енгізілген Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының акциялары немесе осы қосымшаның 4.4-жолында көрсетілген акциялар және базалық активтері осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттарды қоспағанда, "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, ашық сауда-саттыққа жіберілген Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының акциялары және базалық активтері осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар

80%

4.4

қор биржасының ресми тізімінің "Балама" алаңының "акциялар" секторына енгізілген Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының акциялары немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының "Аймақтық акциялар нарығының сегменті" ресми тізімінің кіші бөліміне енгізілген Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының жария сауда-саттыққа жіберілген акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар

60%

4.5

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және шетелдік эмитенттердің акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар

100%

4.6

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ+"-тен "ВВ-"-қа дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және шетелдік эмитенттердің акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар

85%

4.7

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В+"-тен "В-"-қа дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және шетелдік эмитенттердің акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар

60%

5

Өзге бағалы қағаздар, оның ішінде:


5.1

Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары

70%

5.2

активтерінің құрылымы негізгі қор индекстерінің бірінің құрылымын қайталайтын немесе олардың пайлар бойынша баға белгілеулері негізгі қор индексіне байланысты болатын Exchange Traded Funds (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс) пайлары

90%

5.3

Mornіngstar (Морнинстар) рейтингтік агенттігінің "3 жұлдыздан" төмен емес рейтингтік бағасы бар Exchange Traded Funds (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс), Exchange Traded Commodіtіes (ETC) (Эксчейндж Трэйдэд Коммодитис), Exchange Traded Notes (ETN) (Эксчейндж Трэйдэд Ноутс) пайлары

80%

5.4

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингті немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzAAA"-дан төмен емес рейтингті немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының исламдық қаржыландыру құралдары

100%

5.5

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "BB+"-тен "ВВ-"-ке дейін рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzAA+"-тан "kzA-"-ке дейін рейтингті немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының исламдық қаржыландыру құралдары

90%

5.6

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "B+"-тен "В-"-ке дейін рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBBB+"-тен "kzВВ-"-ке дейін рейтингті немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар (эмитентте), Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының исламдық қаржыландыру құралдары

80%

5.7

бас ұйымдарының Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "BВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының исламдық қаржыландыру құралдары

90%

5.8

орталық контрагенттің қатысуымен жасалған "кері Репо" операциясының мәні болып табылатын бағалы қағаздар

100%

6

өзге активтер – барлығы, оның ішінде:


6.1

тазартылған бағалы металдар және металл шоттар

100%

6.2

"өмірді сақтандыру" саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтанушыларын негізгі борыш сомасының 100 (жүз) пайызы көлеміндегі қарыздар

100%

6.3

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтімділігі жоғары активтерінің сомасынан 5 (бес) пайыздан аспайтын сомадағы жылжымайтын мүлік түріндегі негізгі құрал-жабдықтар

100%

6.4

Нормативтердің 34-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалардан алынуға тиіс сақтандыру сыйлықақыларын қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтімділігі жоғары активтерінің сомасынан 10 (он) пайыздан аспайтын сомадағы қайта сақтандырушылардан алынуға тиіс сома, сақтанушылардан (қайта сақтанушылардан) және делдалдардан алынуға тиіс сақтандыру сыйлықақылары

100%

6.5

бағалы қағаздар эмитенттеріне бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінде көзделген бағалы қағаздардың айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты туындайтын бағалы қағаздардың номиналды құнын төлеуге қойылатын талаптар (бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінің талаптары бойынша мерзімі өтпеген)

100%

6.6

сақтанушы: дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 50 (елу) пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлға, немесе;
Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) рейтингтік агенттігінің немесе басқа рейтингтік агенттіктердің "ВВ+"-тен төмен емес рейтингі бар заңды тұлға, немесе мынадай: өнімді сатудан (қызмет көрсетуден) түскен түсім соңғы 2 (екі) жылда жыл сайын кемінде 50 (елу) миллиард теңгені құрауы;
салық аударымдары соңғы 2 (екі) жылда жыл сайын кемінде 3 (үш) миллиард теңгені құрауы сияқты өлшемдерге сәйкес келетін ірі жүйе құраушы кәсіпорын болып табылатын уақытта сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтімділігі активтері сомасының 15 (он бес) пайызынан аспайтын сомада алынуға тиіс сақтандыру сыйлықақылары.

100%

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының және сақтандыру
тобының пруденциялық
нормативтерінің және сақталуға
міндетті өзге де нормалар мен
лимиттердің нормативтік
мәндеріне және оларды
есептеу әдістемесіне
5-қосымша

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтімділігі жоғары активтерінің кестесі

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.06.2023 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Көрсеткіштің атауы

Ескерілетін көлем

1

2

3

1

Ақша - барлығы, оның ішінде:


1.1

кассадағы қайта сақтандыру активтерін шегергенде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы активтерінің сомасынан 1 (бір) пайыздан аспайтын сомадағы ақша

100%

1.2

бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген ұйымның Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі және орталық депозитарийдегі шоттарындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ақшасы

100%

1.3

осы қосымшаның 2.1 және 2.2-жолдарында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі ағымдағы шоттардағы ақша

100%

1.4

осы қосымшаның 2.3-жолында көрсетілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі ағымдағы шоттардағы ақша

90%

1.5

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген ұйымның шоттарындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ақшасы

100%

2

Салымдар - барлығы, оның ішінде:


2.1

бұл банктер акциялары қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңының "акциялар" секторы "премиум" санатына енгізілген немесе қор биржасы индексінің өкілдік тізімінде тұрған эмитенттер болып табылған жағдайда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар

100%

2.2

мынадай талаптардың біріне сәйкес келетін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар: Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В"-дан төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBB+"-тен төмен емес рейтингтік бағасы, немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар; Қазақстан Республикасының бейрезидент бас банктері Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "А-"-тен төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент еншілес банктері болып табылады

100%

2.3

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-" ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBB"-дан "kzBB-"-ке дейінгі рейтингі, немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар

90%

2.4

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар, Еуразиялық Даму Банкіндегі Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы салымдар

100%

2.5

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент банктердегі салымдар

100%

3

борыштық бағалы қағаздар (орталық контрагенттің қатысуымен жасалған "кері РЕПО" операциясының мәні болып табылатын борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда) - барлығы, оның ішінде:


3.1

басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айналысқа шығарылғандарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары

100%

3.2

Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған, Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген борыштық бағалы қағаздар

100%

3.3

акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, кәсіпкерлік қызметке байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлға шығарған борыштық бағалы қағаздар

100%

3.4

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес "Қазақстанның Даму Банкі", "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры", "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі", "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамдары шығарған борыштық бағалы қағаздар

100%

3.5

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес бағалы қағаздары немесе қор биржасының "Негізгі" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізу үшін қор биржасының талаптарын қанағаттандыратын "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында ашық сауда-саттыққа жіберілген Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

90%

3.6

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шағын немесе орта кәсіпкерлікке жатқызылған субъектілер шығарған, қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" не "Балама" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген және сомасы осы мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздардың номиналды құнының кемінде 50 (елу) пайызын жабатын "ДАМУ" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамының және (немесе) "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының кепілдігі бар мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

95%

3.7

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізімінің "Балама" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізілген Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары немесе қор биржасының "Балама" алаңының "борыштық бағалы қағаздар" секторына енгізу үшін қор биржасының талаптарын қанағаттандыратын "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында ашық сауда-саттыққа жіберілген Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

60%

3.8

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, (эмитентінің) Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВB-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар, немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBBB" төмен емес рейтингі, немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

100%

3.9

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, (эмитентінің) Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "B+"-дан "B-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар, немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBBB+"-тен "kzBB-"-ке дейінгі рейтингі, немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

90%

3.10

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-" төмен емес халықаралық рейтингтің бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздар, сондай-ақ Еуразиялық Даму Банкі шығарған және Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында номинирленген борыштық бағалы қағаздар

100%

3.11

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің борыштық бағалы қағаздары

100%

3.12

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ+"-тен "ВВ-"-қа дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің борыштық бағалы қағаздары

90%

3.13

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В+"-тен "В-"-қа дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің борыштық бағалы қағаздары

80%

3.14

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар (эмитентте) шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

100%

3.15

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ+"-тен "ВВ-"-қа дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шетелдік эмитенттердің (эмитентте) мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

85%

3.16

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В+"-тен "В-"-қа дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шетелдік эмитенттердің (эмитентте) мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары

70%

4

акциялар және депозитарлық қолхаттар (орталық контрагенттің қатысуымен жасалған "кері РЕПО" операциясының мәні болып табылатын акциялар мен депозитарлық қолхаттарды есепке алмағанда – барлығы, оның ішінде:


4.1

негізгі қор индекстерінің құрамына кіретін Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және шетелдік эмитенттердің акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар

100%

4.2

қор биржасының ресми тізіміне "Негізгі" алаңының "акциялар" секторы "премиум" санатының талаптарына сәйкес келетін, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген заңды тұлғалардың акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар

100%

4.3

қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңы "акциялар" секторының "стандарт" санатына енгізілген Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының акциялары немесе осы Қосымшаның 4.4-жолында көрсетілген акциялар және базалық активтері осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттарды қоспағанда, "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, ашық сауда-саттыққа жіберілген Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының акциялары және базалық активтері осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар

80%

4.4

қор биржасының ресми тізімінің "Балама" алаңының "акциялар" секторына енгізілген Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының акциялары немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының "аймақтық акциялар нарығының сегменті" ресми тізімінің кіші бөліміне енгізілген Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының жария активтерге жіберілген акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар

60%

4.5

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және шетелдік эмитенттердің акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар

100%

4.6

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВ+"-тен "ВВ-"-қа дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және шетелдік эмитенттердің акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар

85%

4.7

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В+"-тен "В-"-қа дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және шетелдік эмитенттердің акциялары және базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттар

60%

5

Өзге бағалы қағаздар, оның ішінде:


5.1

Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары

70%

5.2

активтерінің құрылымы негізгі қор индекстерінің бірінің құрылымын қайталайтын немесе олардың пайлар бойынша баға белгілеулері негізгі қор индексіне байланысты болатын Exchange Traded Funds (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс) пайлары

90%

5.3

Mornіngstar (Морнинстар) рейтингтік агенттігінің "3 жұлдыздан" төмен емес рейтингтік бағасы бар Exchange Traded Funds (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс), Exchange Traded Commodіtіes (ETC) (Эксчейндж Трэйдэд Коммодитис), Exchange Traded Notes (ETN) (Эксчейндж Трэйдэд Ноутс) пайлары

80%

5.4

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингті немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzAAA"-дан төмен емес рейтингті немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының исламдық қаржыландыру құралдары

100%

5.5

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "BB+"-тен "ВВ-"-ке дейін рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzAA+"-тан "kzA-"-ке дейін рейтингті немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының исламдық қаржыландыру құралдары

90%

5.6

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "B+"-тен "В-"-ке дейін рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBBB+"-тен "kzВВ-"-ке дейін рейтингті немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының исламдық қаржыландыру құралдары

80%

5.7

бас ұйымдарының Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "BВВ-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының исламдық қаржыландыру құралдары

90%

5.8

орталық контрагенттің қатысуымен жасалған "кері Репо" операциясының мәні болып табылатын бағалы қағаздар

100%

6

Өзге активтер – барлығы, оның ішінде:


6.1

тазартылған бағалы металдар және металды шоттар

100%

6.2

бағалы қағаздар эмитенттеріне бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінде көзделген бағалы қағаздардың айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты туындайтын бағалы қағаздардың номиналды құнын төлеуге қойылатын талаптар (бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінің талаптары бойынша мерзімі өтпеген)

100%

  Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкі Басқармасының 2016
жылғы 26 желтоқсандағы № 304
қаулысына 2-қосымша

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру топтарының пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігінің тізбесі, нысандары, табыс ету мерзімдері

      Ескерту. 2-қосымша алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 214 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкі Басқармасының 2016
жылғы 26 желтоқсандағы № 304
қаулысына 3-қосымша

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру топтарының пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігін табыс ету қағидалары

      Ескерту. 3-қосымша алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 214 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкі Басқармасының 2016
жылғы 26 желтоқсандағы № 304
қаулысына 4-қосымша

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) қойылатын талаптар

      1. Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.10.2024 № 83 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары заңды тұлғалардың сатып алатын акциялары (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) мынадай талаптарға сәйкес келген кезде заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) сатып алады:

      1) әділ құнын бағалау үшін қажет белсенді нарықтың баға белгілеуі бар Қазақстан Республикасының бейрезиденттері заңды тұлғалардың акциялары және осы акциялар базалық активтерi болып табылатын депозитарлық қолхаттары;

      2) Қазақстан Республикасының резиденттері заңды тұлғалардың қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген акциялары және осы акциялар базалық активi болып табылатын депозитарлық қолхаттар;

      3) Қазақстан Республикасының резиденттері заңды тұлғалардың "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында жария сауда-саттыққа жіберілген акциялары және осы акциялар базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар;

      4) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының және шетелдік эмитенттердің негізі қор индекстерінің құрамына енгізілген акциялары және осы акциялар базалық активi болып табылатын депозитарлық қолхаттар;

      5) "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының акциялары.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2020 № 113 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 304 қаулысына
5-қосымша

Сақтандыру холдингтері сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 21.10.2024 № 83 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес сақтандыру холдингтеріне мынадай халықаралық қаржы ұйымдары шығарған облигацияларды сатып алуға рұқсат етіледі:

      Азия даму банкi (Asian Development Bank);

      Америкааралық даму банкi (Inter-American Development Bank);

      Африка даму банкi (African Development Bank);

      Еуразия даму банкi (Eurasian Development Bank);

      Еуропа инвестициялық банкi (European Investment Bank);

      Еуропа қайта құру және даму банкi (European Bank for Reconstruction and Development);

      Ислам даму банкi (Islamic Development Bank);

      Халықаралық есеп айырысу банкi (Bank for International Settlements);

      Халықаралық қайта құру және даму банкi (International Bank for Reconstruction and Development);

      Халықаралық қаржы корпорациясы (International Finance Corporation).

  Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкі Басқармасының 2016
жылғы 26 желтоқсандағы № 304
қаулысына 6-қосымша

Сақтандыру холдингтері сатып алатын облигациялар үшін талап етілетін ең төмен рейтингі және рейтингтік агенттіктердің тізбесі

      1. Сақтандыру холдингтері талап етілетін мынадай ең төменгі рейтингі бар облигация облигацияларды сатып алады:

      1) мемлекеттік мәртебесі бар, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері немесе Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған облигациялар бойынша Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Investors Service, Fitch рейтингтік агенттіктерінің, сондай-ақ олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының халықаралық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы;

      2) шетелдік ұйымдар шығарған облигациялар бойынша Standard & Poor's рейтингтік агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Investors Service, Fitch рейтингтік агенттіктерінің, сондай-ақ олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының халықаралық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы;

      3) Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған облигациялар бойынша Standard & Poor's рейтингтік агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-" төмен емес немесе ұлттық шкаласы бойынша "kzBВ-" рейтингтік бағасы немесе Moody's Investors Service, Fitch рейтингтік агенттіктерінің, сондай-ақ олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы.

      Сақтандыру холдингтері тәекелдерді хеджирлеу мақсатында осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талап етілетін ең төменгі рейтингі бар облигациялар базалық активі болып табылатын туынды қаржы құралдарын да сатып алады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 10.09.2019 № 151 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Сақтандыру холдингтері сатып алатын облигацияларда талап етілетін ең төменгі рейтингі бар мынадай рейтингтік агенттігтердің тізбесі белгіленсін:

      1) Standard & Poor’s;

      2) Moody's Investors Service;

      3) Fitch;

      4) осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген рейтингтік агенттіктердің еншілес рейтингтік ұйымдары.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 304 қаулысына
7-қосымша

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын қаржы құралдарының (акциялар мен жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 20.09.2021 № 90 (01.10.2021 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      1. "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына мынадай қаржы құралдарын (акцияларды және жарғылық капиталға қатысу үлестерін қоспағанда) сатып алуға рұқсат етіледі:

      1) мынадай талаптардың біріне сәйкес келетін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар:

      банктер акциялары қор биржасының ресми тізімінің "Негізгі" алаңының "акциялары" секторының "премиум" санатына енгізілген немесе қор биржасы индексінің өкілдік тізімінде тұрған эмитенттер болып табылады;

      банктердің Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-" төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) ұлттық шкаласы бойынша "kzBВ-" төмен емес рейтингтік бағасы немесе Moody's Іnvestors Servіce (Мудис Инвесторс Сервис), Fіtch (Фич) агенттіктерінің, олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының және Нормативтердің 10-1-тармағында белгіленген талап сақталған жағдайда, Нормативтердің 10-2-тармағында белгіленген өлшемшартарға сәйкес келетін рейтингтік агенттіктердің (бұдан әрі – басқа рейтингтік агенттіктер) осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар;

      банктер Қазақстан Республикасының бейрезиденті-бас банкінде Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "А-" төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденттері-еншілес банктер болып табылады;

      2) халықаралық қаржы ұйымдарында орналастырылған, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-" төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар салымдар, Еуразия Даму Банкінде Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен орналастырылған салымдар;

      3) бейрезиденттер-банктерде орналастырылған, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВВ-" төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар салымдар;

      4) басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес эмиссияланғандарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;

      5) Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған, қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген борыштық бағалы қағаздар;

      6) кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес жеке тұлғалардың ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі заңды тұлға шығарған борыштық бағалы қағаздар;

      7) "Қазақстанның Даму Банкі", "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі, "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамдары Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарған борыштық бағалы қағаздар;

      8) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдігі бар борыштық бағалы қағаздар;

      9) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;

      10) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін қор биржасындағы жария сауда-саттыққа жіберілген мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;

      11) мынадай халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар:

      Азиялық даму банкі;

      Америкааралық даму банкі;

      Африкалық даму банкі;

      Еуразия даму банкі;

      Еуропа қайта құру және даму банкі;

      Еуропа инвестициялық банкі;

      Еуропа Кеңесінің Даму Банкі;

      Жеке секторды дамыту жөніндегі исламдық корпорация;

      Ислам даму банкі;

      Жан-жақты инвестицияларға кепілдік беру агенттігі;

      Скандинавия инвестициялық банкі;

      Халықаралық валюта қоры;

      Халықаралық даму қауымдастығы;

      Халықаралық есеп айырысу банкі;

      Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық;

      Халықаралық қайта құру және даму банкі;

      Халықаралық қаржы корпорациясы;

      12) Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар борыштық бағалы қағаздар;

      13) Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "В-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шетелдік эмитенттер шығарған мемлекеттік емес борыштық қағаздар;

      14) тазартылған бағалы қағаздар мен металл шоттар;

      15) қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын жүзеге асыратын немесе "Астана" Халықаралық қаржы орталығының аумағында жұмыс істейтін, қор биржасының ресми тізіміне енген инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары;

      16) активтерінің құрылымы негізгі қор индекстерінің бірінің құрылымын қайталайтын немесе пайлары бойынша баға белгілеу негізгі қор индекстеріне байланысты, Exchange Traded Funds (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс) пайлары;

      17) Morningstar (Морнинстар) рейтингтік агенттігінің "3 жұлдыздан" төмен емес рейтингтік бағасы бар Exchange Traded Funds (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс), Exchange Traded Commodities (ETC) (Эксчейндж Трэйдэд Коммодитис), Exchange Traded Notes (ETN) (Эксчейндж Трэйдэд Ноутс) пайлары;

      18) Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша бағалы қағаздың және (немесе) эмитенттің "В-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар исламдық қаржыландыру құралдары;

      19) бас ұйымдарының Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын исламдық қаржыландыру құралдары.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 31.07.2023 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары тәуекелдерді хеджирлеу мақсатында осы Тізбеге және осы қаулыда белгіленген заңды тұлғалардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының еншілес ұйымдары немесе сақтандыру холдингтері сатып алатын акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарға сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сатып алуына рұқсат етілген қаржы құралдары, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "АА-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің валютасы және "евро" валютасы базалық активі болып табылатын туынды қаржы құралдарын сатып алады.

      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары уәкілетті орган немесе бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларды тіркеген елдің уәкілетті органы берген брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті немесе инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыруға лицензиялары бар бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметтерін пайдалана отырып, осы Тізбеде және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарда көрсетілген заңды тұлғалардың қаржы құралдарын (Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдарды қоспағанда) сатып алады.

  Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкі Басқармасының 2016
жылғы 26 желтоқсандағы № 304
қаулысына 8-қосымша

Күші жойылады деп танылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Жарғылық капиталдың, кепілдік беру қорының, төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерiн қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру тобы үшiн пруденциалдық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi белгiлеу және пруденциалдық нормативтерді орындау туралы есептерді ұсыну мерзімдері жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5331 тіркелген, 2008 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 11 жарияланған).

      2. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқарамасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 250 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5536 тіркелген).

      3. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 28 тамыздағы № 198 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5812 тіркелген).

      4. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 30 қарашадағы № 238 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5990 тіркелген).

      5. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзара сақтандыру қоғамдары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 22 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6158 тіркелген).

      6. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 146 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6560 тіркелген).

      7. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 29 қарашадағы № 174 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6717 тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырған нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 6-тармағы.

      8. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебiнiң нормативтiк мәнi мен әдiстемесi, сақтандыру тобының төлем қабiлеттiлiгi маржасының жеткiлiктiлiгi нормативi, пруденциалдық нормативтердiң орындалғандығы жөнiндегi есептi беру нысандары мен мерзiмi туралы Нұсқаулықты бекiту туралы" 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 19 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7462 тіркелген, 2012 жылғы 12 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінде № 231-235 (27309) жарияланған).

      9. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын акцияларға (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сондай-ақ сақтандыру холдингтері мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының және қаржы құралдарының (акцияларды және жарғылық капиталға қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 98 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7550 тіркелген, 2012 жылғы 4 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде № 464-470 (27543) жарияланған).

      10. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 374 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8271 тіркелген, 2013 жылғы 4 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінде № 121 (28060) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 2-тармағы.

      11. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 6 мамырдағы № 77 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9607 тіркелген, 2014 жылғы 6 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      12. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қор биржасы бағалы қағаздарының ресми тізімі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 244 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10339 тіркелген, 2015 жылғы 18 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қор биржасы бағалы қағаздарының ресми тізімі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 3 және 11-тармақтары.

      13. "Қазақстан Республикасының қаржы нарығы және қаржы ұйымдары мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 12 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13308 тіркелген, 2016 жылғы 14 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаржы нарығы және қаржы ұйымдары мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 7-тармағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады