Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 15.02.2023 № 1-304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға үгіттеу баспа материалдарын орналастыруға орындар белгілеу және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жай беру туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 06-346 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 888 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 наурыздағы "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулыға 1, 2-қосымшалар осы қаулыға 1, 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;
4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Е.Е. Каналимовке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгiзiледi.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі | Б. Сұлтанов |
КЕЛІСІЛДІ
Нұр-Сұлтан қаласы қалалық
сайлау комиссиясының төрағасы
__________________В. Редкокашин
2019 жылғы "__"______________
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 1-525 қаулысына 1-қосымша |
|
Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 06-346 қаулысына 1-қосымша |
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың үгіттеу баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар
Р/с | Орналастыру орны |
Нұр-Сұлтан қаласы "Алматы" ауданы бойынша | |
1. | Қ. Сәтбаев және А. Петров көшелерінің қиылысы ("Евразия" сауда орталығының ауданы) |
2. | Қажымұқан және А. Петров көшелерінің қиылысы ("Орбита" сауда үйі ауданы) |
3. | Абылай хан даңғылы мен Манас көшесінің қиылысы ("Встреча" сауда үйі ауданы) |
4. | Б. Момышұлы және Тәуелсіздік даңғылдарының қиылысы (Оқушылар сарайының ауданы) |
5. | Ш. Құдайбердіұлы даңғылы мен Ғ. Мүсірепов көшелерінің қиылысы (Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ "№ 7 қалалық емхана" МКК ауданы) |
6. | Промышленный тұрғын алабы, Шалкөде көшесі, № 3 және 2/1 үйлердің аумағы |
7. | Интернациональный тұрғын алабы, Мереке көшесі, № 1а үйдің ауданы |
8. | Мичурино тұрғын алабы, Бастау көшесі (алаң аумағы) |
9. | Күйгенжар тұрғын алабы, Жаңатұрмыс көшесі, № 1/1 үйдің аумағы |
10. | Железнодорожный тұрғын алабы, Ж. Жабаев көшесі, № 20 үйдің аумағы |
11. | Тәуелсіздік даңғылы, № 32 ("Алматы" ауданының ХҚКО ауданы) |
12. | Б. Момышұлы даңғылы ("Жерұйық" саябағының негізгі кіреберісі) |
13. | Еділ көшесі, № 26 ("Magnum Cash & Carry" гипермаркетінің ауданы) |
14. | К. Әзірбаев көшесі, № 6/5 үйдің ауданы (М. Жұмабаев даңғылы бойындағы аялдама ауданында) |
15. | № 82 (жобалық атауы) көше, № 8 ("Нұрлы жол" теміржол вокзалы ауданында) |
Нұр-Сұлтан қаласы "Байқоңыр" ауданы бойынша | |
16. | Ж. Тәшенов көшесі, "Алатау" спорт сарайы көлік тұрағының ауданы |
17. | Ш. Уәлиханов және С. Сейфуллин көшелерінің қиылысы |
18. | Республика даңғылы, № 2 (Қазақстан Республикасы Қарулы күштері ұлттық әскери-патриоттық орталығының аумағы) |
19. | Кенесары көшесі мен Республика даңғылының қиылысы |
20. | Республика даңғылы, "Есіл" сауда үйінің ауданы |
21. | Республика даңғылы, № 34 ("Жастар" сарайы ауданы) |
22. | Ш. Уәлиханов және А. Кравцов көшелерінің қиылысы ("Жастар" сауда үйі ауданы) |
23. | Ш. Уәлиханов көшесі мен Абай даңғылының қиылысы ("Жаннұр" сауда үйінің ауданы) |
24. | Абай даңғылы, № 80 ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы – "Байқоңыр" ауданының № 5 бөлімінің ауданы) |
25. | Ш. Уәлиханов көшесі мен Бөгенбай батыр даңғылының қиылысы ("Әлем" сауда үйі ауданы) |
26. | Ақжол көшесі ("Астықжан" сауда үйі ауданы) |
27. | Алаш тасжолы (Орталық базар ауданы) |
28. | Алаш тасжолы ("Көк базар" базары ауданы) |
29. | Өндіріс тұрғын алабы, Қамысты көшесі, № 7 үйдің ауданы |
30. | Өндіріс тұрғын алабы, Сарыадыр орамы, № 3 үйдің ауданы |
Нұр-Сұлтан қаласы "Есіл" ауданы бойынша | |
31. | Қабанбай батыр даңғылы, № 21 үйдің ауданы |
32. | Тұран даңғылы, № 37 үйдің ауданы |
33. | Қорғалжын тасжолы, № 1 үйдің ауданы |
34. | Мәңгілік Ел даңғылы мен Д. Қонаев көшесінің қиылысы |
35. | Пригородный тұрғын алабы, Новый аэропорт көшесі, № 114 үйдің ауданы |
36. | Заречное тұрғын алабы, Аққұм көшесі, № 17 үйдің ауданы |
37. | Ильинка тұрғын алабы, Исатай батыр көшесі, № 141/1 үйдің ауданы |
38. | Тельман тұрғын алабы, Мұғалжар көшесі, № 65 үйдің ауданы |
39. | Тұран даңғылы, № 24 үйдің ауданы |
40. | Сауран көшесі, № 7 үйдің ауданы |
41. | Е-11 көше (жобалық атауы), № 8 үйдің ауданы |
1 | 2 |
42. | "Жағалау-3" шағын ауданы, I. Омарова көшесі, № 4 үйдің ауданы |
43. | Қабанбай батыр даңғылы, № 62 үйдің ауданы |
44. | Достық көшесі, № 9 үйдің ауданы |
45. | Мәңгілік Ел даңғылы, № 19 үйдің ауданы |
Нұр-Сұлтан қаласы "Сарыарқа" ауданы бойынша | |
46. | Бейбітшілік көшесі, № 9 үйдің ауданы ("Sine Tempore" сауда үйі ауданы) |
47. | Бөгенбай батыр даңғылы, № 71 үйдің ауданы ("Джафар" сауда үйі ауданы) |
48. | Көктал-1 тұрғын алабы, Алмалық көшесі, № 1 үйдің ауданы ("Наз" би театрының ауданы) |
49. | Көктал-2 тұрғын алабы, Ақмола көшесі, № 24 үйдің ауданы ("Көктал-2" сауда үйінің ауданы) |
50. | Ақан сері көшесі, № 20 үйдің ауданы (Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ "№ 5 қалалық емхана" МКК ауданы) |
51. | Н. Тілендиев даңғылы, № 15 үйдің ауданы ("Рахмет" сауда орталығының ауданы) |
52. | Ш. Қосшығұлұлы көшесі, № 9 үйдің ауданы ("Северный" сауда үйі ауданы) |
53. | Бейбітшілік көшесі, № 25 үйдің ауданы ("Өркен" іскерлік үйі ауданы) |
54. | В. Гете көшесі, № 1 үйдің ауданы ("Нұр-Сұлтан" теміржол вокзалының ауданы) |
55. | Самал шағын ауданы, № 11 үйдің ауданы ("Рамстор" сауда үйі ауданы) |
56. | Республика даңғылы, № 58 үйдің ауданы (Технопарк ауданы) |
57. | Бейбітшілік көшесі, № 37 үйдің ауданы ("Казпошта" АҚ ауданы) |
58. | Желтоқсан көшесі, № 1 үйдің ауданы ("Серуен" жаяу жүргінші көпірінің ауданы) |
59. | Бөгенбай батыр даңғылы, № 29 үйдің ауданы ("Қағанат" асханалар желісінің ауданы) |
60. | Республика даңғылы, № 33а үйдің ауданы ("Субұрқақтар каскады" саябағы ауданында) |
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 1-525 қаулысына 2-қосымша |
|
Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 06-346 қаулысына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін берілетін орын-жайлар
Р/с | Орын-жайдың орналасқан жері |
Нұр-Сұлтан қаласы "Алматы" ауданы бойынша | |
1. | Тәуелсіздік даңғылы, № 34, "Астана Молл" сауда орталығы, "Coworking Multispace" кеңсе кеңістігі, бас конференц-залы |
2. | Қ. Сәтбаев көшесі, № 2, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, акт залы |
3. | Аманат көшесі, № 3, Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ "№ 6 қалалық емхана" МКК, акт залы |
4. | Тәуелсізідік даңғылы, № 50, Қазақ ұлттық университеті, акт залы |
5. | Тәуелсізідік даңғылы, № 38, "iBis" қонақ үй кешені, конференц- зал |
Нұр-Сұлтан қаласы "Байқоңыр" ауданы бойынша | |
6. | А. Бараев көшесі, № 9/2, "Тұран Астана" колледжі, акт залы |
7. | А. Иманов көшесі, № 11, "Нұрсәулет" іскерлік орталығы, конференц-зал |
8. | Ш. Уәлиханов көшесі, № 7, "King Hotel Astana" қонақ үй кешені, конференц-зал |
9. | Абай даңғылы, № 38, "Қазақстан Республикасының кәсіподақтар федерациясы" республикалық кәсіподақтар бірлестігі, конференц- зал |
10. | Өндіріс тұрғын алабы, Тайбурыл көшесі, № 7/2, "Ақмола вагон-жөндеу зауыты" АО, акт залы |
Нұр-Сұлтан қаласы "Есіл" ауданы бойынша | |
11. | Д. Қонаев көшесі, № 29/1, "Дипломат" қонақ үй кешені, конференц-зал |
12. | Сығанақ көшесі, № 27, "Пекин Палас" қонақ үй кешені, конференц-зал |
1 | 2 |
13. | Қарасақал Ерімбет көшесі, № 65, "Jumbaktas" қонақ үй кешені, конференц-зал |
14. | Достық көшесі, № 2, "Marriott Hotel Astana" қонақ үй кешені, конферен-зал |
15. | Қорғалжын тасжолы, № 2а, "Думан" қонақ үйі, конферен-зал |
Нұр-Сұлтан қаласы "Сарыарқа" ауданы бойынша | |
16. | М. Әуезов көшесі, № 36, "Парасат" Астаналық гуманитарлық-құрылыс колледжі, акт залы |
17. | Қарасай батыр көшесі, № 19, Көпбейінді колледж, акт залы |
18. | І. Есенберлин көшесі, № 27, Қазақ гуманитарлық заң университетінің Қазақ гуманитарлық заң колледжі, акт залы |
19. | Сарыарқа данғылы, № 13/1, "Астана" университеті, акт залы |
20. | Жеңіс даңғылы, № 68, Басқару колледжі, акт залы |