Астана қаласының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 06-346 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2015 жылы 11 наурызда № 888 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 15 ақпандағы № 1-304 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 15.02.2023 № 1-304 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 17.10.2022 № 01-2903 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Астана қаласының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 17.10.2022 № 01-2903 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Алып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 17.10.2022 № 01-2903 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Ә. Жақсыбеков

      Келісілді:
Қалалық сайлау комиссиясының төрағасы
__________________ И. Жалбиров
2015 жылғы 10 наурызда

  Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 10 наурыздағы
№ 06-346 қаулысына
1-қосымша

Астана қаласының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 17.10.2022 № 01-2903 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары

Астана қаласының "Алматы" ауданы бойынша

1.

Қаныш Сәтбаев пен Алексей Петров көшелерінің қиылысында, "Евразия- 1" сауда орталығы ғимаратына орталық кіреберістің оң жағында

2.

Қажымұқан мен Алексей Петров көшелерінің қиылысында, "Орбита" сауда үйі ғимаратының алдында

3.

Абылай хан даңғылы мен Манас көшесінің қиылысында, "Встреча" сауда үйі ғимаратының алдында

4.

Бауыржан Момышұлы даңғылы, № 5, Астана қаласы әкімдігінің "Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ғимаратының алдында

5.

Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылы, № 25, Астана қаласы әкімдігінің "№ 7 қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ғимаратының алдында

6.

Промышленный тұрғын үй алабы, Шалкөде көшесі, "iStop" аялдама павильонының оң жағында

7.

Интернациональный тұрғын үй алабы, Мереке көшесі, № 1а, Астана қаласы әкімдігінің "Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында

8.

Мичурино тұрғын үй алабы, Бастау көшесі, орталық скверге кіреберістің алдында

9.

Күйгенжар тұрғын үй алабы, Жаңатұрмыс көшесі, № 1/1, аялдама павильонының оң жағында

10.

Железнодорожный тұрғын үй алабы, Владимир Маяковский көшесі, орталық сквердің сол жағында

11.

Железнодорожный тұрғын үй алабы, Максим Горький көшесі, № 22, Астана қаласы әкімдігінің "№ 29 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында

12.

Тәуелсіздік даңғылы, № 32, Астана қаласы "Алматы" ауданының "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының халыққа қызмет көрсету бөлімі ғимаратының алдында

13.

Бауыржан Момышұлы даңғылы, "Жерұйық" саябағына орталық кіреберіс алдында

14.

Іле көшесі, № 30, аялдама павильонының сол жағында

15.

Кенен Әзірбаев көшесі, № 6/5, аялдама павильонының оң жағында

16.

Мұхамеджан Тынышбайұлы көшесі, № 8, А-62 көшесіндегі "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы - "Нұрлы жол" теміржол вокзал кешені филиалы ғимаратының алдында

17.

Рақымжан Қошқарбаев даңғылы, № 64, Астана қаласы әкімдігінің "№ 2 қалалық балалар ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ғимаратының алдында

18.

Абылай хан даңғылы, № 5, аялдама павильонының сол жағында және "Әділ" сауда үйі ғимаратының алдында

19.

Қажымұқан мен Қаныш Сәтбаев көшелерінің қиылысында, Қаныш Сәтбаев ескерткішінің алдында

20.

Бауыржан Момышұлы даңғылы, № 10, "Рахмет" сауда үйі ғимаратының алдында

Астана қаласының "Байқоңыр" ауданы бойынша

21.

Жұмабек Тәшенев көшесіндегі орынтұрақ аумағында, "CTR Chicken" жылдам тамақтану кафесіне қарама-қарсы

22.

Сәкен Сейфуллин және Шоқан Уәлиханов көшелерінің қиылысында, Сәкен Сейфуллин көшесіндегі "Астаналық" сауда үйі ғимаратына кіреберіс сол жағында

23.

Республика даңғылы, № 2, "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарама-қарсы

24.

Кенесары көшесі мен Республика даңғылының қиылысында, Республика даңғылындағы "Сұңқар" сауда үйіне қарама-қарсы

25.

Республика даңғылы, № 8, "Есіл" сауда үйі ғимаратына қарама-қарсы

26.

Республика даңғылы, № 34, "Астана жастары" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында

27.

Александр Кравцов және Шоқан Уәлиханов көшелерінің қиылысында, Александр Кравцов көшесіндегі "Жастар" сауда үйі ғимаратына қарама-қарсы

28.

Шоқан Уәлиханов көшесі мен Абай даңғылының қиылысында, "Жаннұр" сауда үйі ғимаратының оң жағында

29.

Амангелді Иманов көшесі, № 20, Астана қаласы "Байқоңыр" ауданының "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының халыққа қызмет көрсету жөніндегі № 5 бөлім ғимаратының сол жағында

30.

Кенесары көшесі, № 78, "Kaspi bank" акционерлік қоғамының бөлімшесі ғимаратының оң жағында

31.

Шоқан Уәлиханов және Амангелді Иманов көшелерінің қиылысында, "Алма - Ата" іскерлік үйі ғимаратына қарама-қарсы

32.

Александр Пушкин көшесі, № 10/1, "Burger King" жылдам тамақтану мейрамханасы ғимаратының оң жағында

33.

Сәкен Сейфуллин көшесі, № 63/5, "Вкус Март" супермаркеті ғимаратының оң жағында

34.

Әл-Фараби даңғылы мен Жаһанша Досмұхамедұлы көшесінің қиылысында, "Ақжол" аялдама павильонының оң жағында

35.

Шоқан Уәлиханов көшесі мен Бөгенбай батыр даңғылының қиылысында, "Әлем" сауда орталығы ғимаратына орталық кіреберістің сол жағында

Астана қаласының "Есіл" ауданы бойынша

36.

Қабанбай батыр даңғылы, № 21 "Азия парк" сауда-ойын-сауық орталығы ғимаратына орталық кіреберістің алдында

37.

Тұран даңғылы, № 37 "Хан Шатыр" сауда-ойын-сауық орталығы ғимаратына орталық кіреберістің алдында

38.

Қорғалжын тас жолы № 1, Тұран даңғылы мен Қорғалжын тас жолының қиылысында, "KeruenCity" сауда ойын-сауық орталығы ғимаратына орталық кіреберістің оң жағында

39.

Мәңгілік Ел даңғылы мен Дінмұхамед Қонаев көшесінің қиылысында, №14 г үйдің бұрышында

40.

Пригородный тұрғын үй алабы, Жаңадария көшесіндегі, "Хозяюшка" дүкені ғимаратының алдында

41.

Заречный тұрғын үй алабы, Аққұм көшесі, № 17/1, "Мерей" дүкені ғимаратының алдында

42.

Үркер тұрғын үй алабы, Исатай батыр көшесі, № 141/1, Астана қаласы әкімдігінің "Кемел Ақышев атындағы № 69 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында

43.

Тельман үй тұрғын алабы, Мұғалжар көшесі, № 65а, азық-түлік дүкені ғимаратының сол жағында

44.

Тұран даңғылы, № 24, "Сарыарқа" сауда ойын-сауық орталығының орынтұрақ аумағында

45.

Сауран көшесі, № 5 және № 5д үйлердің бұрышында, "Гиппократ" дәріханасының сол жағында

46.

Әзілхан Нұршайықов көшесі, № 8, Астана қаласы әкімдігінің "Смағұл Сәдуақасұлы атындағы № 78 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында

47.

Ілияс Омаров көшесі, № 4, Астана қаласы әкімдігінің "№ 71 мектеп-лицей" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ғимаратының алдында

48.

Қабанбай батыр даңғылы, № 62, "MEGA Silk Way" сауда ойын-сауық орталығы ғимаратына орталық кіреберістің алдында

49.

Достық және Сауран көшелерінің қиылысында, "Керуен" сауда ойын-сауық орталығы ғимаратының алдында

50.

Мәңгілік Ел даңғылы мен Алматы көшесінің қиылысында, "Айсанам" тұрғын үй кешенінің бұрышында

51.

Қорғалжын тас жолы, № 8, "М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті" акционерлік қоғамы ғимаратының алдында

52.

Мақсұт Нәрікбаев көшесі, № 3, Астана қаласы әкімдігінің "№ 79 мектеп-лицей" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ғимаратының алдында

53.

Түркістан көшесіндегі Ботаникалық баққа орталық кіреберістің алдында

54.

Ұлы Дала даңғылы мен № 38 көшенің қиылысында, № 36 үйдің бұрышында, "Тәп-тәтті" кондитерлік фабрикасының оң жағында

55.

орталық саябаққа кірер алдында Тұран даңғылының бойындағы басты сағаттарға қарама-қарсы

Астана қаласы "Сарыарқа" ауданы бойынша

56.

Самал шағын ауданы, № 11, "Astana Tower" бизнес орталығы ғимаратының оң жағында

57.

Бөгенбай батыр даңғылы, № 71, Шоқан Уәлиханов көшесінде "Джафар" сауда орталығы ғимаратының оң жағында

58.

Республика даңғылы бойынша театр бульварына кірер алдында

59.

Республика даңғылы, № 58, аялдама павильонының сол жағында

60.

Иоганн Гете көшесі, № 1, "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы – "Астана" теміржол вокзал кешені" филиалы ғимаратының алдында

61.

Бейбітшілік көшесі, № 25, "Өркен" бизнес орталығы ғимаратының алдында

62.

Бейбітшілік көшесі, № 37, "Қазпошта" акционерлік қоғамы ғимаратының сол жағында

63.

Бейбітшілік көшесі, № 9 ғимаратына орталық кіреберістің оң жағында

64.

Желтоқсан көшесінде, "Серуен" жаяу жүргіншілер көпірінің алдында

65.

Бөгенбай батыр даңғылы, № 29, "GulMarket" гүлдер дүкенінің сол жағында

66.

Шаймерден Қосшығұлұлы көшесі, № 9, "Солтүстік" сауда үйі ғимаратының алдында

67.

Нұрғиса Тілендиев даңғылы, № 15, "Рахмет" сауда орталығы ғимаратының орталық кіреберісінің оң жағында

68.

Ақан сері көшесі, № 20, Астана қаласы әкімдігінің "№ 5 қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ғимаратының алдында

69.

Көктал-1 тұрғын үй алабы, Алмалық көшесі, № 1, Астана қаласы әкімдігінің "Наз" мемлекеттік би театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдында

70.

Көктал-2 тұрғын үй алабы, Ақмола көшесі, № 24, "Көктал-2" сауда үйі ғимаратының алдында

  Астана қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 10 наурыздағы
№ 06-346 қаулысына
2-қосымша

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін берілетін орын-жайлар

      Ескерту. 2-қосымша алып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 17.10.2022 № 01-2903 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады