Ескерту. Шешімнің күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 30.06.2020 № 515/68-VI шешімімен.
"Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне Жеңіс күніне орай 350000 (үш жүз елу мың) теңге мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты | |
хатшысының м.а., сессия төрағасы | Г. Қасенов |