Нұр-Сұлтан қаласы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне Жеңіс күніне орай қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 3 мамырдағы № 380/49-VI шешімі. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде 2019 жылғы 6 мамырда № 1226 болып тіркелді. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 маусымдағы № 515/68-VI шешімімен

      Ескерту. Шешімнің күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 30.06.2020 № 515/68-VI шешімімен.

      "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне Жеңіс күніне орай 350000 (үш жүз елу мың) теңге мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін.

      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты
      хатшысының м.а., сессия төрағасы Г. Қасенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады