Нұр-Сұлтан қаласында жерлеудің және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 459/58-VI шешімі. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде 2019 жылғы 30 желтоқсанда № 1254 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 76/9-VIII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 29.09.2023 № 76/9-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 48 бұйрығына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қосымшаға сәйкес Нұр-Сұлтан қаласында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидалары бекітілсін.

      2. Аталған шешім оның бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткесін әрекетке енгізіледі.

      Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы А. Аюпов
      Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты
      хатшысының міндетін атқарушы М. Шайдаров

  Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихатының
2019 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 459/58-VI шешіміне
қосымша

Нұр-Сұлтан қаласында жерлеу және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұр-Сұлтан қаласында жерлеу және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 48 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 18771 болып тіркелген) бекітілген Жерлеу және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленген және жерлеу және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастыру тәртібін анықтайды.

      Зираттарды күтіп-ұстауға және пайдалануға, мәйіттерді жерлеуді және қайта жерлеуді ұйымдастыруға, сондай-ақ жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 138 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10646 болып тіркелген) бекітілген "Зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларымен айқындалады.

      2. Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) жерлеу – санитарлық, табиғатты қорғау, қала құрылысы және өзге де қағидалар мен нормаларға қайшы келмейтін, марқұмның тілегіне, діни сеніміне, әдет-ғұрыптарға және салт-дәстүрлерге сәйкес қайтыс болған адамның денесін (сүйегін, мүрдесін) жерге (қабірге, табытқа) жерлеу немесе сүйегі (күлі) бар жәшікті қабірге, лақатқа жерлеу арқылы отқа жағу (кремациялау) бойынша әдет-ғұрып әрекеттері;

      2) зират – қайтыс болған адамды немесе оның сүйегін жерлеу орны;

      3) зират қорымы – қайтыс болған адамдарды немесе олардың сүйектерін жерлеу үшін арнайы бөлінген аумақ;

      4) зират қорымының әкімшілігі – зират қорымын ұстау және пайдалану жөніндегі ұйымдастырушылық-өкімдік және әкімшілік-шаруашылық функцияларын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      5) қайтыс болу фактісін тіркейтін органдар – азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган.

2-тарау. Жерлеу үшін орын бөлу тәртібі

      3. Жергілікті атқарушы органдар зират қорымы орналасқан және оларға арналған ортақ пайдаланудағы жерден елдi мекеннiң қайтыс болған әрбiр тұрғынын немесе осы елдi мекенде қайтыс болған тұрғылықты жерi белгiсiз адамды жерлеу үшiн кемiнде алты шаршы метр жер учаскесiн тегiн бөледi.

      4. Зират қорымының аумағы қабірлерге арналған қатарларға бөлінетін учаскелерден тұрады және автомобиль көлігіне арналған өтпе жолдармен және зират учаскелеріне өтетін жолдармен жайластырылады.

3-тарау. Қайтыс болғандарды жерлеу тәртібі

      5. Жерлеу зират қорымының әкімшілігіне қайтыс болу фактісін тіркейтін орган берген қайтыс болу туралы куәлік ұсынылғаннан кейін зират қорымының аумағында жүргізіледі.

      6. Әрбір жерлеу зират қорымының әкімшілігі жүргізетін, мынадай мәліметтерді:

      жерлеу жылын, айын, күнін;

      қабірдің нөмірін;

      қайтыс болған адамның тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда);

      туған және қайтыс болған күнін;

      қайтыс болу себебін;

      қайтыс болу туралы куәліктің нөмірін, күнін және кім бергенін;

      марқұмның жақын туыстарының тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірін (бар болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күнін және нөмірін, мекенжайын, туыстары болмаған жағдайда – жерлеуді жүргізген адамның мекенжайын не жерлеуді жүргізген ұйымның атауын, бизнес-сәйкестендіру нөмірін, мекенжайын қамтитын есепке алу кітабына тіркеледі.

      7. Жақын туыстарының тілегі бойынша қайтыс болған адамды (мүрдесін) бұрын қайтыс болған жақын туысының жанында жерлеу көрсетілген жерде бос жер учаскесі немесе бұрын қайтыс болған жақын туысының зираты болған кезде қамтамасыз етіледі.

      8. Табылған қайтыс болғандар денелерін (қайтыс болғандар денелерінің жеке бөліктерін), суға кеткендерді, үйлерінен тыс жерлерде кенеттен қайтыс болғандарды, сот-медициналық зерттеуден кейін мәйітханада тұрғандарды жерлеу оны ұйымдастыруды өзіне ала алатын туыстары немесе адамдар мен мекемелер болмаған жағдайда қайтыс болу фактісі тіркелгеннен кейін жергілікті атқарушы органға жүктеледі.

      Жерлеу туыссыз адамдарды жерлеуге арналған бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

      9. Қолданыстағы және жабық зираттарда, мынадай жағдайлардан басқа:

      зираттың немесе оның учаскесін уақытынан бұрын жою;

      Қазақстан Республикасының басқа жерлерінде немесе одан тыс жерлерде қайта жерлеу үшін жекелеген қорымдардан мүрделерді тасымалдау кезінде мүрделерді қайта жерлеуге жол берілмейді.

      10. Эксгумация 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген тәртіппен жүргізіледі.

4-тарау. Қабірлерді жобалау және салу

      11. Қабірлердің учаскелері арасындағы қашықтық ұзын жақтары бойынша кемінде 1 метрді, ал қысқа жақтары бойынша кемінде 0,5 метрді құрайды.

      12. Қабірдің тереңдігі топырақтың сипатына және топырақ асты суларының деңгейіне байланысты белгіленеді және жер бетінен табыттың қақпағына (бар болған жағдайда) дейін кемінде 1,5 метрді құрайды. Барлық жағдайларда қабірге арналған белгі жер асты суларының деңгейінен 0,5 метрге жоғары болады.

      Аса қауіпті инфекциялардан қайтыс болғандар үшін қабірдің тереңдігі 2 метр деңгейінде белгіленеді, бұл ретте түбіне кемінде 10 см қабатпен хлорлы әк салынады.

      13. Әрбір қабірдің жер бетінен 0,5 метрге биік үймесі (бұдан әрі – қабір үсті төмпешігі) болады. Қабір үсті төмпешігі қабірді атмосфера суларынан қорғау үшін оның шеттерін жауып тұруы тиіс.

5-тарау. Жерлеу орындарын абаттандыру және оларды күтіп-ұстау

      17. Жерлеуге бөлінген учаске шекарасында:

      табиғи тастан немесе бетоннан жасалған қабір үсті ескерткіштері мен құрылыстарды, гүлзарлар мен орындықтарды орнатуға;

      қабір басында гүл, кейіннен қырқылып отырылатын сәндік бұтадан жасыл қоршау отырғызуға рұқсат етіледі.

      18. Зираттарды одан әрі күтіп-ұстауды жақын туыстары тиісті тәртіппен қамтамасыз етеді.

      19. Жерлеу учаскесінен тыс жерлерде ескерткіштер мен құрылыстарды орналастыруға, үстелдерді, орындықтарды және құрылыстарды орнатуға жол берілмейді.

      20. Зират қорымдарының аумағын (өтпе жолдарды, соқпақтарды, гүлбақтарды, көгалдарды, кәріз, электр және су құбыры желілерін және құрылыстарды) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті тәртіппен жергілікті атқарушы орган күтіп ұстайды.

Об утвеждении Правил погребения и организации дела по уходу за могилами в городе Нур-Султан

Решение маслихата города Нур-Султана от 12 декабря 2019 года № 459/58-VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Нур-Султана 30 декабря 2019 года № 1254. Утратило силу решением маслихата города Астаны от 29 сентября 2023 года № 76/9-VIII.

      Сноска. Утратило силу решением маслихата города Астаны от 29.09.2023 № 76/9-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 31 мая 2019 года № 48 "Об утверждении Типовых правил погребения и организации дела по уходу за могилами", маслихат города Нур-Султан РЕШИЛ:

      1. Утвердить Правила погребения и организации дела по уходу за могилами в городе Нур-Султан согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
маслихата города Нур-Султан
А. Аюпов
      Исполняющий обязанности
cекретаря маслихата города Нур-Султан
М. Шайдаров

  Приложение
к решению маслихата
города Нур-Султана
от 12 декабря 2019 года № 459/58- VI

Правила погребения и организации дела по уходу за могилами в городе Нур-Султан

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила погребения и организации дела по уходу за могилами в городе Нур-Султан (далее – Правила) разработаны в соответствии с Земельным кодексом Республики Казахстан, Типовыми правилами погребения и организации дела по уходу за могилами, утвержденными приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 31 мая 2019 года № 48 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 18771), и определяют порядок погребения и организации дела по уходу за могилами.

      Санитарно-эпидемиологические требования к содержанию и эксплуатации кладбищ, организации захоронения и перезахоронения трупов, а также объектам похоронного назначения определяются Санитарными правилами "Санитарно-эпидемиологические требования к кладбищам и объектам похоронного назначения", утвержденными приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 26 февраля 2015 года № 138 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10646).

      2. Основные понятия, используемые в Правилах:

      1) погребение (похороны) – обрядовые действия по захоронению тела (останков) умершего в землю (могилу, склеп) или преданию огню (кремации) с захоронением урны с прахом (пеплом) в могилу, склеп в соответствии с волеизъявлением покойного, вероисповеданием, обычаями и традициями, не противоречащими санитарным, природоохранным, градостроительным и иным правилам и нормам;

      2) могила – место захоронения умершего или его останков;

      3) кладбище – территория, специально выделенная для захоронения умерших или их останков;

      4) администрация кладбища – физическое или юридическое лицо, осуществляющее организационно-распорядительные и административно-хозяйственные функции по содержанию и эксплуатации кладбища;

      5) органы, регистрирующие факт смерти – местный исполнительный орган, осуществляющий государственную регистрацию актов гражданского состояния.

Глава 2. Порядок отведения места для захоронения

      3. Местными исполнительными органами из земель общего пользования, занятых и предназначенных под кладбища, на каждого умершего жителя поселения или лица без определенного места жительства, умершего в данном поселении, для захоронения бесплатно выделяется земельный участок не менее шести квадратных метров.

      4. Территория кладбища состоит из участков, которые разделяются на ряды могил и обустраиваются проездами для автомобильного транспорта и проходами к участкам могил.

Глава 3. Порядок захоронения умерших

      5. Захоронение производится на территории кладбища после предъявления свидетельства о смерти администрации кладбища, выданного органом, регистрирующим факт смерти.

      6. Каждое захоронение регистрируется в книге учета, которая ведется администрацией кладбища, содержащей следующие сведения:

      год, месяц, число погребения;

      номер могилы;

      фамилия, имя, отчество (при наличии) умершего;

      дата рождения и смерти;

      причина смерти;

      номер, дата и кем выдано свидетельство о смерти;

      фамилия, имя, отчество (при наличии), индивидуальный идентификационный номер (при наличии), дата выдачи и номер документа, удостоверяющего личность, адрес близких родственников покойного, в случае отсутствия родственников – адрес лица, производящего захоронение либо наименование, бизнес-идентификационный номер, адрес организации, производящей захоронение.

      7. По желанию близких родственников погребение умершего (останков) рядом с ранее умершим близким родственником обеспечивается при наличии на указанном месте погребения свободного участка земли или могилы ранее умершего близкого родственника.

      8. Захоронение найденных тел умерших (отдельных частей тел умерших), утопленников, скоропостижно умерших вне дома, находящихся в морге после судебно-медицинского исследования, при отсутствии родственников или лиц и учреждений, которые могут взять на себя организацию похорон, возлагается на местные исполнительные органы после регистрации факта смерти.

      Захоронение производится за счет бюджетных средств на захоронение безродных.

      9. Перезахоронение останков на действующих и закрытых кладбищах не допускается, кроме случаев:

      преждевременной ликвидации кладбища или его участка;

      при перевозке останков из отдельных могил для перезахоронения в других местах Республики Казахстан или за ее пределами.

      10. Эксгумация производится в порядке, предусмотренном Уголовно-процессуальным кодексом Республики Казахстан от 4 июля 2014 года.

Глава 4. Проектирование и устройство могил

      11. Расстояние между участками могил составляет по длинным сторонам не менее 1 метра, а коротким – не менее 0,5 метров;

      12. Глубина могилы устанавливается в зависимости от характера грунта и уровня подпочвенных вод и составляет не менее чем 1,5 метра от поверхности земли до крышки гроба (при наличии). Во всех случаях отметка для могилы составляет на 0,5 метра выше уровня грунтовых вод;

      Для умерших от особо опасных инфекций глубина могилы устанавливается на уровне 2-х метров, при этом на дно размещается хлорная известь слоем не менее 10 см;

      13. Каждая могила имеет насыпь высотой 0,5 метра (далее – надмогильный холмик) от поверхности земли. Надмогильный холмик выступает за края могилы для защиты ее от атмосферных вод.

Глава 5. Благоустройство мест захоронения и их содержание

      17. В границах участка, отведенного под захоронение, разрешается:

      устанавливать надмогильные памятники и сооружения из естественного камня или бетона, цветники и скамейки;

      производить посадку цветов на могиле, зеленой изгороди из декоративного кустарника с последующей ее подстрижкой.

      18. Дальнейшее содержание могил в надлежащем порядке обеспечивается близким родственником.

      19. Не допускается размещение памятников и сооружений, устройство столиков, скамеек и сооружений за пределами участка захоронения.

      20. Территория кладбища (проезды, дорожки, клумбы, газоны, канализационная, электрическая и водопроводная сеть и сооружения) содержится местным исполнительным органом в надлежащем порядке в соответствии с законодательством Республики Казахстан.