Ескерту. 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі – осы шешімнің 2-тармағымен.
Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексті, Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңды басшылыққа ала отырып, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Нұр-Сұлтан қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму тарифтері бекітілсін.
2. Қабылданған шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.
Нұр-Сұлтан қалалық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | А. Табулдина |
Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатты | |
хатшысының міндетін атқарушы | М. Шайдаров |
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 476/60-VI шешіміне қосымша |
Нұр-Сұлтан қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму тарифтері
№ | Тариф атауы | Тариф (теңге) |
1. | Абаттандырылған үй шаруашылықтарында тұратын жеке тұлғаға (1 жеке тұлға айына) | 390* |
2. | Абаттандырылмаған үй шаруашылықтарында тұратын жеке тұлғаға (1 жеке тұлға айына) | 414* |
3. | Заңды тұлғалар және заңды тұлғалар болып табылмайтын кәсіпкерлік субъектілеріне арналған тариф (1 текше метр үшін) | 2 144 |
* Ескерту: Келесі жеңілдіктер мөлшері қарастырылған:
100% жеңілдік - Ұлы Отан соғысына қатысушыларға;
50% жеңілдік - Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілгендерге, көп балалы аналарға, I-топтағы мүгедектерге;
25% жеңілдік – II-топтағы мүгедектерге, жасы бойынша зейнеткерлерге