Нұр-Сұлтан қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерін бекіту туралы

Жаңа

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 476/60-VI шешімі. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде 2019 жылғы 30 желтоқсанда № 1256 болып тіркелді

      Ескерту. 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі – осы шешімнің 2-тармағымен.

      Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексті, Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңды басшылыққа ала отырып, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Нұр-Сұлтан қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму тарифтері бекітілсін.

      2. Қабылданған шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.

      Нұр-Сұлтан қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы А. Табулдина
      Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатты
      хатшысының міндетін атқарушы М. Шайдаров

  Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихатының 2019 жылғы
25 желтоқсандағы № 476/60-VI
шешіміне қосымша

Нұр-Сұлтан қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму тарифтері


п/п

Тариф атауы

Тариф (теңге)

1.

Абаттандырылған үй шаруашылықтарында тұратын жеке тұлғаға (1 жеке тұлға айына)

390*

2.

Абаттандырылмаған үй шаруашылықтарында тұратын жеке тұлғаға (1 жеке тұлға айына)

414*

3.

Заңды тұлғалар және заңды тұлғалар болып табылмайтын кәсіпкерлік субъектілеріне арналған тариф (1 текше метр үшін)

2 144

      * Ескерту: Келесі жеңілдіктер мөлшері қарастырылған:

      100% жеңілдік - Ұлы Отан соғысына қатысушыларға;

      50% жеңілдік - Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілгендерге, көп балалы аналарға, I-топтағы мүгедектерге;

      25% жеңілдік – II-топтағы мүгедектерге, жасы бойынша зейнеткерлерге

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады