РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ақмола облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № А-7/316 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5480 болып тіркелген, 2016 жылғы 09 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген, Ақмола облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларында:
"Зеренді ауданы" бөлімі келесі мазмұндағы реттік нөмірі 18-1-жолымен толықтырылсын:
"
18-1 | "Вторая Зерендинская теплораспределительная компания" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Азат ауылы | 0,03607 | жоқ | жоқ |
".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аталған мәселеге жетекшілік ететін Ақмола облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі | Е.Маржықпаев |