"Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облыстық мәслихатының "Ақмола облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы" 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 6С-31-7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7128 болып тіркелген, 2019 жылғы 16 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ақмола облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесінде:
реттік нөмірі 9-жолы жаңа редакцияда жазылсын:
"
9 | "Өзен - Зеренді" | ауданішілік |
"; |
келесі мазмұндағы "Ерейментау ауданы" бөлімімен толықтырылсын:
"
Ерейментау ауданы | ||
29 | Ерейментау қаласының № 1 маршруты | қалалық |
30 | Ерейментау қаласының № 2 маршруты | қалалық |
". |
2. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облыстық мәслихаты сессиясының төрағасы |
Ғ.Бекмағамбетов |
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы |
Ә.Баймағамбетов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі |