"Ақмола облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 6С-31-7 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 6С-38-5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 30 қазанда № 7447 болып тіркелді

      "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облыстық мәслихатының "Ақмола облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы" 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 6С-31-7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7128 болып тіркелген, 2019 жылғы 16 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Ақмола облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесінде:

      реттік нөмірі 9-жолы жаңа редакцияда жазылсын:

      "

9

"Өзен - Зеренді"

ауданішілік

  ";

      келесі мазмұндағы "Ерейментау ауданы" бөлімімен толықтырылсын:

      "

Ерейментау ауданы

29

Ерейментау қаласының № 1 маршруты

қалалық

30

Ерейментау қаласының № 2 маршруты

қалалық

  ".

      2. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облыстық
мәслихаты сессиясының
төрағасы
Ғ.Бекмағамбетов
      Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы
Ә.Баймағамбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Ақмола облысының жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары
басқармасы" мемлекеттік мекемесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады