Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңдарына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғалу аймағын белгілеу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 23 қаңтардағы № А-2/22 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3217 болып тіркелген, 2007 жылғы 20 наурызда "Арқа ажары" газетінде, 2007 жылғы 10 сәуірде "Акмолинская правда" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақта "Еңбекшілдер ауданындағы" сөздері "Біржан сал ауданында" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі | Е.Маржикпаев |