"Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғалу аймағын белгілеу туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 23 қаңтардағы № А-2/22 қаулысы. Ақмола облысының әділет департаментінде 2007 жылғы 7 наурызда № 3217 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне, "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтары туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес сыртқы қолайсыз әсерлерден ерекше күзету мен қорғауды қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Ақмола облысы әкімдігінің 2010.04.12 № А-4/113 қаулысымен.

      1. "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғалу аймағының жерлерін шаруашылық аралық жерге орналастыру бойынша бекітілген жобаға сәйкес, жалпы аумағы 377 166 гектар, оның ішінде 152 182 гектар Бурабай ауданындағы, 216 222 гектар Біржан сал ауданында, 8762 гектар Бұланды ауданындағы жер телімдері шекарасында "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің айналасында қорғалу аймағы белгіленсін.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 14.05.2013 № А-4/201 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы әкімдігінің 27.11.2019 № А-11/580 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1-1. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 28-бабына сәйкес, Ақмола облысындағы "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғалу аймағы аумағында шаруашылық қызметті реттейтін режим белгіленсін.

      Ескерту. Қаулы 1-1 тармақпен толықтырылды - Ақмола облысы әкімдігінің 14.05.2013 № А-4/201 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қоса ұсынылып отырған "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғалу аймағы аумағында табиғатты пайдалану қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 2 тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 14.05.2013 № А-4/201 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімінің м.а.

  Ақмола облысы әкімдігінің
2007 ж. 23.01. N A-2/22 қаулысымен
БЕКІТІЛДІ

"Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғалу аймағы аумағында табиғатты пайдалану қағидалары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 14.05.2013 № А-4/201 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында табиғатты пайдаланудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында табиғатты пайдалану тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидалар Ұлттық парктің қорғалу аймағының құрамына енгізілген барлық жерлерге тарайды, атап айтқанда:

      ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге;

      елді мекендердің жерлеріне;

      көлік, байланыс және энергетика жерлеріне;

      сауықтыру және рекреациялық мақсаттағы жерлерге;

      орман қорының жерлеріне;

      су қорының жерлеріне;

      қосалқы жерлерге.

      3. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердің қорғау аймақтарында:

      1) мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер ететін объектілер орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологияларды енгізуге;

      2) ластаушы заттар мен сарқынды суларды атмосфераға шығару және ашық су көздері мен рельефке төгуге;

      3) пайдалы қазбалар өндіруге;

      4) аң аулауға;

      5) радиоактивті материалдар мен өнеркәсіптік қалдықтарды көмуге;

      6) мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелерінің гидрологиялық режимін өзгертуі мүмкін қызметке (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға душар ететін басқа да объектілер салуға);

      7) жабайы жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктердің бөтен түрлерін интродукциялауға;

      8) мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер етуі мүмкін басқа да қызметке тыйым салынады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 16.10.2017 № А-10/469 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің қорғау аймақтарының аумағында ұлттық парктің экологиялық жүйелерінің жай-күйіне теріс әсер етпейтін шаруашылық қызметтің мынадай әртүрлі нысандары жүзеге асырылуы мүмкін:

      1) орман шаруашылығы қызметі;

      2) мал жаю мен шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлі жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық әртүрлілікті ұзақ мерзімді сақтау мен оның беріктігін қамтамасыз ету шеңберіндегі өзге де қызмет;

      3) туристік және рекреациялық қызмет;

      4) минералды суларды, бальнеологиялық және климаттық ресурстарды пайдалану;

      5) кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау;

      6) орман және дала өрттерін сөндіру бойынша жердегі және авиациялық жұмыстарды жүргізу;

      7) бүлінген жерді қалпына келтіру;

      8) орман және өзге де өсімдіктер қауымдастықтарын қалпына келтіру;

      9) жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтіру;

      10) жер учаскелерін туристер болатын жерлерді жайластыру, өсімдіктер мен жануарлардың эндемикалық, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін қолдан көбейтуге, өсіруге, өндіруге арналған питомниктер орналастыру, сондай-ақ мемлекеттік ұлттық табиғи парк жұмыскерлерінің тұруына арналған қызметтік үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызметтік жер телімдерін беру үшін пайдалану.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 16.10.2017 № А-10/469 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Ұлттық парктің қорғалатын аймағында осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде өсiмдiктер мен жануарлар әлемі объектiлерiнiң мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөнiндегi iс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретiнде ерекше құнды учаскелерге, сондай-ақ мемлекеттiк табиғи қорық қорының өзге объектiлерiне қол сұғылмауы қамтамасыз етiлуге рұқсат етіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады