"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, "Қорғалжын ауданының Қызылсай ауылдық округі бойынша әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту жөнінде ұсынысты енгізу туралы" бірліскен Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 21 тамыздағы № А-8/153 қаулысының және Қорғалжын аудандық мәслихатының 2019 жылғы 21 тамыздағы № 10/42 шешімінің, "Қорғалжын ауданының Арықты ауылдық округі бойынша әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту жөнінде ұсынысты енгізу туралы" бірліскен Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 21 тамыздағы № А-8/152 қаулысының және Қорғалжын аудандық мәслихатының 2019 жылғы 21 тамыздағы № 11/42 шешімінің, бірліскен "Қорғалжын ауданының Қорғалжын ауылдық округі бойынша әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту жөнінде ұсынысты енгізу туралы" Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 21 тамыздағы № А-8/154 қаулысының және Қорғалжын аудандық мәслихатының 2019 жылғы 21 тамыздағы № 9/42 шешімінің негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Қызылсай ауылдық округінің Алмас ауылы басқа қоныстар санатына жатқызылсын және есептік деректерден шығарылсын және оны Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Қызылсай ауылдық округі Шалқар ауылының құрамына енгізу.
2. Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Арықты ауылдық округінің Құлтай ауылы және Сулыкөл ауылы басқа қоныстар санатына жатқызылсын және есептік деректерден шығарылсын және оларды Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Арықты ауылдық округі Арықты ауылының құрамына енгізу.
3. Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылдық округінің Біртабан ауылы басқа қоныстар санатына жатқызылсын және есептік деректерден шығарылсын және оны Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылдық округі Қорғалжын ауылының құрамына енгізу.
4. Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі |
Е.Маржикпаев |
Ақмола облыстық мәслихаты сессиясының төрағасы |
Г.Бекмагамбетов |
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы |
А.Баймагамбетов |