Ақмола облысы Қорғалжын ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № А-12/624 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 6С-40-8 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 23 желтоқсанда № 7587 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, "Қорғалжын ауданының Қызылсай ауылдық округі бойынша әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту жөнінде ұсынысты енгізу туралы" бірліскен Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 21 тамыздағы № А-8/153 қаулысының және Қорғалжын аудандық мәслихатының 2019 жылғы 21 тамыздағы № 10/42 шешімінің, "Қорғалжын ауданының Арықты ауылдық округі бойынша әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту жөнінде ұсынысты енгізу туралы" бірліскен Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 21 тамыздағы № А-8/152 қаулысының және Қорғалжын аудандық мәслихатының 2019 жылғы 21 тамыздағы № 11/42 шешімінің, бірліскен "Қорғалжын ауданының Қорғалжын ауылдық округі бойынша әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту жөнінде ұсынысты енгізу туралы" Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 21 тамыздағы № А-8/154 қаулысының және Қорғалжын аудандық мәслихатының 2019 жылғы 21 тамыздағы № 9/42 шешімінің негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Қызылсай ауылдық округінің Алмас ауылы басқа қоныстар санатына жатқызылсын және есептік деректерден шығарылсын және оны Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Қызылсай ауылдық округі Шалқар ауылының құрамына енгізу.

      2. Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Арықты ауылдық округінің Құлтай ауылы және Сулыкөл ауылы басқа қоныстар санатына жатқызылсын және есептік деректерден шығарылсын және оларды Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Арықты ауылдық округі Арықты ауылының құрамына енгізу.

      3. Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылдық округінің Біртабан ауылы басқа қоныстар санатына жатқызылсын және есептік деректерден шығарылсын және оны Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылдық округі Қорғалжын ауылының құрамына енгізу.

      4. Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының
әкімі
Е.Маржикпаев
      Ақмола облыстық
мәслихаты сессиясының
төрағасы
Г.Бекмагамбетов
      Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы
А.Баймагамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады