"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, "Ақмола облысы Біржан сал ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту жөнінде ұсыныстар енгізу туралы" бірлескен Біржан сал ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 9 қыркүйектегі № а-9/227 қаулысының және Біржан сал аудандық мәслихатының 2019 жылғы 9 қыркүйектегі № С-42/4 шешімінің негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облысы Біржан сал ауданы Уәлиханов ауылдық округінің Құдабас ауылы басқа қоныстар санатына жатқызылсын және есептік деректерден шығарылсын және оны Ақмола облысы Біржан сал ауданы Уәлиханов ауылдық округі Уәлихан ауылының құрамына енгізу.
2. Ақмола облысы Біржан сал ауданы Ақсу ауылдық округінің Сапақ ауылы басқа қоныстар санатына жатқызылсын және есептік деректерден шығарылсын және оны Ақмола облысы Біржан сал ауданы Ақсу ауылдық округі Ақсу ауылының құрамына енгізу.
3. Ақмола облысы Біржан сал ауданының Ақсу ауылдық округі дербес әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде Ақмола облысы Біржан сал ауданының Ақсу ауылы болып қайта құрылсын.
4. Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі |
Е.Маржикпаев |
Ақмола облыстық мәслихаты сессиясының төрағасы |
Г.Бекмагамбетов |
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы |
А.Баймагамбетов |