Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көкшетау қалалық мәслихатының "2019 жылға арналған ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы" 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № С-26/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6965 тіркелген, 2018 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
"1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;".
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алтыншы шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының 35-ші кезектен тыс сессиясының төрайымы |
Ә.Шәрімова |
Алтыншы шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы |
Ж.Абишев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Көкшетау қаласының әкімдігі |