2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8) және 9) тармақшаларына, 27-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес, 2020 жылға арналған Көкшетау қаласында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес, 2020 жылға арналған Көкшетау қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
3. Осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес, 2020 жылға арналған Көкшетау қаласында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Көкшетау қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім | А.Смаилов |
Көкшетау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 25 қазандағы № А-10/1932 қаулысына 1 қосымша |
2020 жылға арналған Көкшетау қаласында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№ | Ұйымдар атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны |
Квотаның |
1 | "Тыныс" акционерлік қоғамы | 784 | 0,1 |
2 | "КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 414 | 0,2 |
3 | "Ақсай" нан-тоқаш комбинаты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Ақмола облысы бойынша "Ақсай нан-Көкшетау" филиалы | 151 | 0,6 |
4 | "МПК "Красноярские колбасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 49 | 2,0 |
5 | Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы "Көкшетау Жылу" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 630 | 0,1 |
6 | "Швейная фабрика ДИАС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 55 | 1,8 |
Көкшетау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 25 қазандағы № А-10/1932 қаулысына 2 қосымша |
2020 жылға арналған Көкшетау қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№ | Ұйымдар атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны |
Квотаның мөлшері |
1 | "Тыныс" акционерлік қоғамы | 784 | 0,1 |
2 | "КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 414 | 0,2 |
3 | "Ақсай" нан-тоқаш комбинаты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Ақмола облысы бойынша "Ақсай нан-Көкшетау" филиалы | 151 | 0,6 |
4 | Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы "Көкшетау Жылу" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 630 | 0,1 |
5 | "Швейная фабрика ДИАС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 55 | 1,8 |
6 | Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы шаруашылық жүргізуге құқылы "Көкшетау Су Арнасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын | 308 | 0,3 |
Көкшетау қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 25 қазандағы № А-10/1932 қаулысына 3 қосымша |
2020 жылға арналған Көкшетау қаласында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№ | Ұйымдар атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны |
Квотаның мөлшері |
1 | Көкшетау қаласы әкімдігінің жанындағы "Көкшетау Жылу" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 630 | 0,1 |
2 | "КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 414 | 0,2 |
3 | "Швейная фабрика ДИАС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 55 | 1,8 |
4 | "Ақсай" нан-тоқаш комбинаты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Ақмола облысы бойынша "Ақсай нан-Көкшетау" филиалы | 151 | 0,6 |
5 | "МПК "Красноярские колбасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 49 | 2,0 |