2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, Станционный кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану үшін Станционный кенті елді мекенінің жерлерінде "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына жалпы алаңы 2,0136 гектар жер учаскелерін алып қоймастан үш (3) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану мақсатында жер учаскесін пайдаланған кезде "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім | А.Тасқынбай |