Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Көкшетау қаласы Станционный кенті әкімінің 2019 жылғы 15 қазандағы № 12 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 15 қазанда № 7422 болып тіркелді

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, Станционный кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану үшін Станционный кенті елді мекенінің жерлерінде "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына жалпы алаңы 2,0136 гектар жер учаскелерін алып қоймастан үш (3) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Талшықты-оптикалық байланыс желісін жобалау, жүргізу және пайдалану мақсатында жер учаскесін пайдаланған кезде "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А.Тасқынбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады